Лекция (дәрісбаян)
Дәріс (лат. «lection» оқу) оқу процесінің өзіндік арнайы құрылымымен танылған тәлім-тәрбие формасы.
Дәрістің басынан ақырына дейін оқытушы жаңа оқу материалын баяндап, ұсынады, ал оқушылар сол материалды белсенділікпен қабылдайды. Дәрісбаян оқу ақпаратын ұсынудың ең тиімді тәсіл жолы, себебі оку материалы қисыны нақтыланған формада шоғырландырылып беріледі.
Құрылымдық жағынан дәрісбаян үш: кіріспе, негізгі және қорытынды - бөлімнен тұрады.
. Кіріспе бөлімде тақырып нақтыланады, жоспар мен міндеттер таныстырылады.
Негізгі бөлімде проблема мазмұны ашылып, өзекті идеялар мен ұстанымдар нақтыланады.
Қорытынды бөлім негізгі теориялық көзқарастар қысқаша қайталанып, жалпыланады, сұрақтарға жауаптар беріледі.
Өткізу әдіс-тәсілдеріне орай дәрісбаян түрлері:
- ақпараттық дәрісбаян;
- проблемалық дәрісбаян;
- көрнекілі (визуалды) дәрісбаян;
- бинарлы дәрісбаян;
- шатастыру дәрісбаяны;
- дәрісбаян-конференция;
- Кеңес дәрісбаяндар;
Жұптық дәрісбаяны
Семинар
көбінесе жоғары сыныптарда, өтілген лекциялардағы өзекті мәселені талқылау үшін ұйымдастырылады. Семинардың тақырыбы, сұрақтары мен әдебиеттер тізімі оқушыларға ерте беріледі. Тақырыпқа байланысты баяндама, реферат дайындауға болады. Семинарда сұрақтар ретімен талқыланады, оқушылар өз пікірлерін айтады, тыңдайды, сұрақ кояды, пікір алмастырады.
Факультатив оқушылардың қызығушылығы мен сұранысы негізінде әр түрлі пәндерге сәйкес ұйымдастырылады. Онда оқушылардың пәнге бейімділігін ескере отырып, ғылым негіздерімен кеңірек таныстырады, кәсіби бағдар береді, кітаппен, анықтамалық әдебиеттермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады.
Пәндік үйірме жұмыстары
сабаққа қарағанда бағыты, мазмұны, ұйымдастыру тәсілі мен уақыт өлшемі тұрғысынан өзіндік ерекшеліктері бар. Олар оқушылардың қызығушылығы мен пәндерге бейімділігін Дамытуда және тапсырылған жұмыстарды нәтижелі орындауға қолайлы жағдайлар туғызып отырады. Сонымен қатар оқытудың өмірмен байланысын қамтамасыз ету, пәнаралық байланысты нығайтуға ықпалын тигізеді. Оқушылардың пәндік үйірме жұмыстары оқыту процесін жандандырып, оның сапасын көтеруге әсер етеді.
Оқушылардың үйдегі оқу жұмысы сыныптағы сабақтың жалғасы болып саналады. Үй жұмысының тәрбиелік мәні зор. Себебі, үй жұмысын күнделікті орындау барысында оқушы ұқыптылыққа, тәртіпке үйренеді, дербестігі артады, жауапкершілігі дамиды. Үй тапсырмасын дұрыс ұйымдастыру үшін мұғалім белгілі шарттарды ескеруі керек. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай үй жұмысының көлемі де әр түрлі болады. Оқушының үйдегі оқу жұмысын сыныптағы оқу жұмысымен жалғастырып, толықтырып отырса, онда олардың алған білімдері терең және берік болады. Оның маңызы оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтың басқа түрлеріне қарағанда ерекше. Бұл жұмыстың танымдық қызметімен бірге оның тәрбиелік мәні де зор. Себебі, үй жұмысын күнделікті орындау барысында оқушылардың дербестігі, ойлау қабілеті артып, өздігінен білім алуға жүйелі түрде дағдыланадысырттай көрініс, қандай да нәрсенің құрылымы дегенді білдіреді.
Оқушылар санына, оқу уақыты мен орынына, іске асыру тәртібіне орай оқу формасы әрқилы болып келеді. Қазіргі мектеп тәжірибесінде келесідей оқу формалары қалыптасқан: жеке-дара, топтық, толық сыныптық, ұжымдық, жұптастық, дәрісханалық және дәрісханадан тыс, сыныптық және сыныптан тыс, мектептік және мектептен тыс.
Жеке-дара оқу формасы мұғалімнің бір оқушымен педагогикалық қатынасқа келуінен құралады.
Оқудың топтық формасында оқушылар әрқилы мүдде-мақсатқа орайласқан топтарда оқиды, тәрбиеленеді.
Толық сыныппен жұмыс (фронталдық) формасы оқуда мұғалім бір мезетте барша оқушылармен, біркелкі тапсырма, міндет белгілеп, сынып қатысушыларының бәріне ортақ іс- әрекеттер төңірегінде бірқалыпты оқу жұмыстарын алып барады.
Оқудың ұжымдық формасы.
Бұл оқу түрінің фронталь оқу формасынан өзгешелігі: сынып оқушылары өздеріне тән ара қатынас, өзара ықпал жасау ерекшеліктерін сақтаумен біртұтас, мақсат-мүддесі ортақ, біртекті жұмыс бағытында бірігіп, бекіген ұжым ретінде қарастырылады.
Жұптасып оқуда негізгі өзара байланысты оқу әрекеттері екі оқушының қатысуымен орындалады.
Дәрісханалық және дәрісханадан тыс, сыныптық және сыныптан тыс, мектеп ішілік және мектептен тыс оқу жұмыстары өздерінің өткізілетін орындарымен белгіленеді.
Репетиторлық, әдетте, оқушыны емтихан және сынақ тапсыруға дайындаумен байланысты.
Соңғы кездерде отбасылық оқу- тәрбие формасы - гувернерлық қайта жаңғыруда.
Достарыңызбен бөлісу: |