«Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» ММ «Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізілген аудандық семинардың
Анықтамасы
«Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 08 ақпан күні бастауыш сынып ұстаздарына арналған «Заманауи сабақ кезеңдерінің байланысын ойын арқылы түрлендірудің ерекшелігі» тақырыбында аудандық семинар өткізілді.
Семинар мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру. Бүгінгі таңда елімізде оқыту мазмұны күннен күнге жаңартылып, сабақтарда озық технологиялар қолданылуда. Сондай технологиялардың бір түрі – «Ойын арқылы оқыту» технологиясы.
«Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ» десек, білімнің негізі бастауышта қаланатыны белгілі. Бастауыш сыныптағы әртүрлі пәндер оқушы білімін дамытып, танымдық қабілеттерін сомдауға үлкен үлес қосады. Балаларды оқытуда және тәрбиелеуде ойынның ролі педагогикада бұрын да, қазір де қарастырылып келеді.
Семинарды мектеп директоры Б.Куанышева ашып беріп, қонақтарға жылы лебізін білдіріп, өз мұғалімдерімізге сәттілік тіледі. 2Ғ сыныбы А.Хасенова қазақ тілі пәнінен «Жұрнақ пен жалғау», 2Ә сыныбы Л.Оспанова математика пәнінен «Монеталар мен қағаз ақшалар», 3Ә сыныбы Э.Сейтжанова математика пәнінен «Екі таңбалы санға жазбаша көбейту», 3Е сыныбы М.Нахишманова қазақ тілінен «Етістік», 4В сыныбы әдебиеттік оқу пәнінен Ж.Казахбаева «Ит – адамның досы», 4Д сыныбы қазақ тілінен «Зат есімнің жіктелуі» тақырыптарында үлгілік сабақтар өткізілді.
Жоғарыда аталған мұғалімдердің жоспарланған сабақтары өз мақсаттарына жетіп, жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы ұлттық құндылықтарды оқушы бойына сіңіру мақсаттары орындалды. Ашық сабақтарға қатысқан ұстаздар әр сабаққа кері байланыс жасап, іс-тәжірибемен алмасты.
Мектеп тренері Г.Маханова апайымыз бен оның ізбасарлары А.Нусупова, А.Мухамбетованың ұйымдастыруымен қорытынды «Ойын алаңы» бастауыш сынып оқушыларына арналған танымдық ойын түрлерінің жинағы, баланың білім алуына, ақыл- ой, логика, ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдері ойын арқылы көрсетілді.
Семинарға қатысқан әріптестер мектебіміздің ұстаздары мен оқушыларының өнерлерін тамашалап, өздерінің алған әсерлерін, пікірлерін айтып, кері байланыс жасады, ризашылықтарын білдірді.
ДОІЖО: Г.Ж.Жанузакова
Достарыңызбен бөлісу: |