Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/37
|
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қаржы–экономикалық факультеті
Қаржы кафедрасы
5B050900 «Қаржы» мамандығының студенттеріне арналған
«Банк ісі»
ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(Syllabus)
Павлодар
Пәні бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus)
бекіту парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/38
|
БЕКІТЕМІН
ҚЭФ деканы
_____________Т.Я. Эрназаров
«____»______________20 ж
Қ±растырушы: аға оқытушы Амерханова А.Х. _____________
Ќаржы кафедрасы
5B050900 «Қаржы» мамандығының күндізгі оқу нысанындағы
студенттеріне арналған «Банк ісі»
пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама «___» _________20__ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.
200_ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған №_____ хаттама.
Кафедра меңгерушісі ______________ Н.С. Кафтункина 20__ ж. «____» _______
Факультет оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған_____________________________ 20_ ж. «_____»____________№____ хаттама
ОӘК төрағасы ________________ А.Б. Темиргалиева 20_ ж. «_____»___________
1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары
Амерханова Айгерим Хайруллақызы – «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы.
2 Пән туралы мәліметтер
«Банк ісі» міндетті компонент пәндеріне кіреді. Сабақ түрі бойынша жіктелген аудиторлық сағаттың жіктелуі күнтізбелік жоспарда көрсетілген.
3 Пәннің еңбек сыйымдылығы
Семестр
|
Кредиттар саны
|
Аудиториялық сабақ түрлері бойынша қарым-қатынас сағаттарының саны
|
Студенттің өздік жұмысының сағат саны
|
Бақылау нысаны
|
барлы-ғы
|
Дәріс
|
практи-ка
|
Зертха-налық
|
студия-лық
|
жеке
|
барлығы
|
СОӨЖ
|
3
|
3
|
45
|
30
|
15
|
-
|
-
|
-
|
90
|
-
|
емтихан
|
Барлығы
|
3
|
45
|
30
|
15
|
-
|
-
|
-
|
90
|
-
|
емтихан
|
4 Пәннің мақсаты және тапсырмасы
«Банк ісі» курсының мақсаты тыңдаушылардың терең білім алу және Қазақстандағы шетел мемлекет банктердің жұмыс істеу үлгісіне көшу шартында республикамыздың экономикасында шет мемлекеттегі технологияларын қолдану негіздерін білу.
Пәннің оқыту міндеті:
- студенттердің дәстүрлі және дәстүрлі емес операциалардың оқытылуы;
- банк жүйесіндегі барлық деңгейлердің байланыс жасау қызметін оқуы;
- банктің қаржылық жағдайын бағалап білу.
5 Білімге, икемділікке және машықтарға қойылатын талаптар
Пәнді зерттеу нәтижесінде сіз білуге тиіссіздер:
- Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қаржылық нарығын және қаржылық кәсіпорындардың қызмет етуін реттеу және бақылау. Қазақстан Республикасы Агенттігінің негізгі нормативтік құжаттарын білу;
- банк операцияларының түрлерін білу;
- банк жұмысының негізгі ұстанымдарын білу;
- банк ісін ұйымдастыру.
Тәжірибелік сабақтарға қатысып және СӨЖ тапсырмаларын орындап сіз істей білуіңіз қажет:
- банк жұмысының әртүрлі облысы бойынша талдау;
- ұзақ мерзімде орындалатын жоспарларды дәлелдеу;
- банк қызметін анықтайтын экономикалық көрсеткіштерді бақылау болып саналады.
6 Пререквизиттер
Ізашар пәндердің тізімі: «Экономикалық теорияларының негіздері», «Ақша, несие, банктер», «Макроэкономика», «Қаржы» сияқты пәндерді зерттеу нәтижесінде алған білімдерге негізделген.
7 Постреквизиттер
Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет: «ҚР-ның қаржылық жүйесі дамуының актуалды мәселері», «Қаржылық-банктік статистика».
8 Пәннің тақырыптық жоспары
8.1 5B050900 «Қаржы» мамандығы күндізгі оқу формасы
№ р/р
|
Тақырыптардың атауы
|
Сағат көлемі
|
Дәріс
|
Тәжірибе
|
СӨЖ
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
1 Бөлім. Коммерциялық банктерді макро және микро дәрежеде басқару
|
6
|
3
|
18
|
1
|
Коммерциялық банктер және олардың бүгінгі таңдағы экономикалық жағдайы
|
1
|
0,5
|
3
|
2
|
Қазақстан Республикасында саудалық банкті құру, оның қызметтерін ұйымдастыру және басқару құрылымы
|
1
|
0,5
|
3
|
3
|
Қаржылық қадағалау агенттігінің банкті ашуға рұқсат беру және банктік операциялрды лицензиялау тәртібі. Банктерді тарату
|
1
|
0,5
|
3
|
4
|
Қазақстан Республикасында банк қызметінің құқықтық негіздері
|
1
|
0,5
|
3
|
5
|
Коммерциялық банктер қызметтерін макроэкономикалық деңгейде реттеудің мәні және мазмұны
|
1
|
0,5
|
3
|
6
|
Коммерциялық банктердін қызметтерін реттеу үшін қолданылатын экономикалық (пруденциалды) нормативтер
|
1
|
0,5
|
3
|
|
2 Бөлім Банктік ресурстарды басқару
|
5
|
3
|
16
|
7
|
Банктік ресурстарды құрау көздері. Пассивтік операциялар
|
1
|
0,5
|
4
|
8
|
Банктің меншік капиталын басқару
|
1
|
1
|
3
|
9
|
Коммерциялық банктердің депозиттік портфелі, оны қалыптастыру және басқару
|
1
|
0,5
|
3
|
10
|
Қазақстанда депозиттерді сақтандыру жүйесі. Оның құрылуы мен дамуы
|
1
|
0,5
|
3
|
11
|
Банктік ресурстардың депозитке жатпайтын көздері және банкаралық несие ресурстары нарығы
|
1
|
0,5
|
3
|
|
3 Бөлім Банк активтерін басқару
|
15
|
7
|
42
|
12
|
Активтер және коммерциялық банктің актив операциялары мен активтер портфелі
|
1
|
0,5
|
4
|
13
|
Банктің несиелеу жүйесі және оның элементтері
|
1
|
0,5
|
4
|
14
|
Заңды тұлғаларға несие беруді ұйымдастыру
|
2
|
1
|
3
|
15
|
Кепіл - несиенің қайтарулын материалдық қамсыздарудың негізгі формасы. Кепіл болушылық, кепілдік
|
1
|
0,5
|
3
|
16
|
Шағын және орта бизнесті несиелеудің ерекшеліктері
|
1
|
0,5
|
3
|
17
|
Тұтыну несиесі және ипотекалық несие
|
1
|
0,5
|
3
|
18
|
Сыртқы экономикалық қатынастар саласында несиелеуді ұйымдастыру
|
1
|
0,5
|
3
|
19
|
Несиелік портфельді және несиелік тәуекелдерді басқару
|
1
|
0,5
|
4
|
20
|
Коммерциялық банктердің бағалы қағаздар нарығындағы операциялары
|
1
|
0,5
|
3
|
21
|
Банктің лизинг, траст, факторинг және форфейтинг операциялары
|
2
|
0,5
|
3
|
22
|
Банктің есеп айырысу операциялары, кассалық және комиссиялық қызметтері
|
1
|
0,5
|
3
|
23
|
Валюталық операциялар және валюталық тәуекелдерді басқару
|
1
|
0,5
|
3
|
24
|
Банктердің баланстан тыс операциялары
|
1
|
0,5
|
3
|
|
4 бөлім Банк қызметтерін тиімді ұйымдастыру және басқару
|
4
|
2
|
14
|
25
|
Банктік менеджмент және банктік маркетинг
|
1
|
0,5
|
4
|
26
|
Банк өтімділігін және төлем қабілеттілігін басқару
|
1
|
0,5
|
3
|
27
|
Банктің қаржылық нәтижелерін талдау. Банктің шығысы мен кірісін талдау
|
1
|
0,5
|
4
|
28
|
Банктік қадағалау
|
1
|
0,5
|
3
|
БАРЛЫҒЫ:
|
30
|
15
|
90
|
9 Пәннің қысқаша сипаттамасы
Қазақстан Республикасының банктер жүйесі ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстарғанда нарық талабына сай өзгерістерді жедел қабылдайтын және экономикалық базистегі өндірістік қатынастар мен өндіргіш күштердің даму заңдылықтарына тез сыңай танытатын, салыстырмалы дербестігі бар ақша секторы. Қазақстан банк секторы қаржы нарығының ең жақсы дамыған сегменті. Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банктер жүйесінің дамуының жаңа кезеңі басталды. Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандартқа сәйкес қызмет етуі Қазақстан Республикасы қаржылық қадағалау Агентгігінің коммерциялық банктердің сапасына талапты күшейтгі. Бұған бір жағынан банкаралық бәсекенің ықпалы өсер етсе, ал екінші жағынан шет ел капиталының банк секторына енуі қозғауды. Қазақстан экономикасына шет ел инвестицияларын тартумен қатар еліміздегі сыртқы экономикалық қатынастар да дамуда. Ал бұл процесс ез кезегінде банк менеджменттің сапасын халықаралық деңгейге көтеруді талап етеді. Міне осыған байланысты банктер жүйесіне теориялық әзірлігі терең және практикалық қабілет мол мамандар дайындау мәселесі де жаңа белеске көтерілді. Банктер жүйесінің инфляцияны тежеуде, нақты секгорды инвестициялауда, ақша айналымын үйымдастыруда және экономиканы макродеңгейде реттеуде атқаратын рөлі арта түсті.
Қазіргі кездегі коммерциялық банктер клиенттерге эр түрлі қызметтер яғни, несие беретін, валюталық және депозиттік операциялармен айналысатын, кассалық есеп айырысу қызметі жүргізетін шаруашылық субъектілермен үзеңгілес, әрі серіктес ерекше кэсіпорын. Сондықтан экономиканы басқаруда маманда үшін банк ісін уйымдастырудың ғылыми және практикалық негізін оқып үйрснудің маңызы зор. Жоғарыда аталғандай Қазақстан Республикасы банктерінің халықаралық стандартқа көшуіне байланысты қойылатын талаптар күшейген сайын кәсіпкерлік деңгей жоғары болашақ банкирлер дайындау жауапкершілігі де арта түспек.
Бұл жауапкершілік «Банк ісі» пәнін жан-жақты, терең орі сапалы оқытумен тікелей байланысты.
10 Курс компоненттері
10.1 Дәріс сабақтарының мазмұны
І БӨЛІМ. Банктiк қызметтi ұйымдастыру негiздерi
1-тақырып. Қазақстан Республикасында банктер қызметтерiнiң құқықтық негiздерi
Коммерциялық банктердiң олардың тарихи даму көзқарасына байланысты мәнi. Банктiң мәнi жайлы қазіргi кездегi түсiнiктер. Банктiң ерекше кәсiпорын ретiндегi сипаттамасы. Банк банктiк жүйенiң элементi ретiнде.
Коммерциялық банктердің негiзгi функциялары: депозиттiк, несиелiк, төлемдер мен есеп айырысуларды жүргiзу, несие берудегi делдалдық. Коммерциялық банк қызметiнiң қағидалары.
Банктердiң типтерi: әмбебап және мамандандырылған. Әмбебап банк және оның даму тенденциялары. Банктердiң меншiк формасына, қызмет көлемi мен саласына, филиалдар саясатына, қызмет көрсету саласына байданысты типтерi.
Коммерциялык банктiң басқару аппаратын құрудың ұйымдастыру негiздерi. Банк ұйымдастырудың қағидалары. Банктiң басқару аппаратының құрылымы. Коммерциялық банктердiң ұйымдастырушылық құрылымы: географиялық, функционалдық, пирамидалық, ходдинг.
Банк жүйесi. Қазақстан Республикасының банк жүйесiнiң құрылымы.
Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң жалпы сипаттамасы.
2-тақырып. Банктер қызметтерінің құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасында банк кызметтерiн реттейтiн заңдар мен нормативтiк құжаттар. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы» және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы», «Акционерлiк қоғамдар туралы», «Мемлекеттiк тiркеу туралы», «Лицензиялау туралы», «Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының заңдары.
ІІ БӨЛIМ. Банктiк операцияларды қорландыру және қорларды басқару.
3-тақырып. Банк ресурстарын қалыптастыру және басқару. Пассивтi операциялар. Банктiң меншiктi капиталы. Банктердi пруденциалдық реттеу
Банктiк ресурстар қалыптасуының мәнi мен ерекшелiктерi. Ресурстардың көздерi. Коммерциялық банктердiң меншiктi, тартылған және қарыз құралдары. Банк пассивтерiнiң жiктелуi. Қазiргi кезеңдегi банк ресурстарының қалыптасу бағыттары, капитализациялану жолдары.
Банктiң меншiктi капиталы — банк ресурстарының тұрақты құрамдас бөлiгi. Банктiң меншіктi капиталының құралу көздерi және оның банктің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудегi ролi. Меншiктi капиталдың құрамдас бөлiктерi. Жарғы капиталы және акционерлiк капитал. Қосымша капитал. Резервтiк капитал және банктi қайта бағалау резервтерi. Банктiң үлестiрiлмеген таза табысы.
Меншiктi капиталды басқару және жоспарлау. Банк капиталын қалыптастыру тәсiлдерi. Меншiктi капиталдың көбею көздерi. Капитал өсiмінiң iшкi көздерi: пайданың жиналуы, дивидендтiк саясат, негізгi құралдарды қайта бағалау. Капитал өсiмінiң сыртқы көздерi: акцияларды эмиссиялау және сату. Субординациялық мiндеттемелер шығару, активтердi сату және жылжымайтын мүліктi жалға беру, бонустық эмиссия, акцияларды қарыз бағалы қағаздарға ауыстыру.
Коммерциялық банктiң меншiктi капиталының функциялары: шұғылдық, қорғаныс-кепiлдiк, реттеушi, айналым, резервтi.
Банктiң меншiктi капиталын халықаралық стандарттарға байланысты реттеу.
Банк капиталының жеткiлiктiгi. Капитал жеткiлiктiгiне қазiргi кездегi талаптар.
Базель келiсiмi және банк қызметiн пруденциалдық реттеп ұйымдастырудың қағидалары.
Прудеациалдық реттеудiң қажеттiлiгi, мәнi және негiзгi қағидалары. Қазақстан Республикасындағы пруденциалдық нормативтер жүйесi. Банктiң жарғы капиталының ең төменгi мөлшерi. Банктің меншiктi капиталы. І, II және ІІІ деңгейдегi капитал. Банктiң меншiктi капитал жеткiлiктiгiнiң коэффициенттерi. Банктi секьюритизациялау кезiндегi меншiктi капитал жеткiлiктiгiнiң коэффициентi. Бiр қарыз алушыға келетiн тәуекелдiң шектi мөлшерi. Өтiмдiлiк коэффициенттерi. Ашық валюталық позиция және нетто-валюталық позиция лимиттерi. Банктiң негiзгi құралдары және басқа қаржылық емес активтерге инвестицияларының шекті мөлшерiнiң коэффициентi. Банктердiң Қазақстан Респубдикасының резиденттерi емес тұлғалардың алдындағы міндеттемелерiне капитализациялау коэффициенттерi.
4-тақырып. Коммерциялық банктердiң депозиттiк портфелi және депозиттiк саясаты. Салымдарды қорғау жүйелерi, ұйымдастыру: халықаралық және ұлттық тәжiрибе
Депозиттiк операциялардың мәнi және түрлерi. Депозиттердiң жiктелуi. Басқа шоттарды трансакциялау түсiнiгi. Талап етуге дейiнгi салымдар, олардың негiзгi сипаттамалары. NOW-шоттар. Супер NOW-шоттар. Куәландырылған чектер шоттары. Мерзiмді депозиттi шоттарға аударуға болатын талап етуге дейiнгi шоттарда сақталатын құралдар үлесiн есептеу.
Жинақ және мерзiмдi салымдар. Ақша нарығының депозитті шоттары. Құралдарды автоматты аудару шоттары. Жинақ сертификаттары. Аударылатын және аударылмайтын депозиттiк сертификаттар.
Коммерциялық банктiң депозиттiк портфелi және оны қалыптастыру және басқару ерекшелiктерi.
Коммерциялық банктiң депозиттiк саясаты. Қазақстанда депозиттер нарығының дамуы: проблемалары және шешу жолдары.
Қазақстан Республикасындағы депозиттiк нарықтың ерекшелiктерi.
Салымдарды сақтандыру жүйесін ұйымдастырудың мәнi мен қажеттiлiгi. Салымдарды сақтандыру жүйесiнiң түрлерi. Депозиттiк сақтандыру жүйелерiнiң жiктелуi: коммерциялык банктердiң қатысуына, талаптардың сипатына, құқықтық реттеуге, сақтандыру объектiн қамтуға, функционалдық органдарға меншік формасына, төлемдер ставкаларын белгiлеу қағидаларына, сақтандыру төлемдерiн қаржылық қамтамасыз етудегi мемлекеттiң қатысу дәрежесiне байланысты. Банк банкроттығына рұқсат беру процедурасына байланысты депозиттiк сақтандыру жүйесiнiң мүмкiндiктерi.
Салымдарды сақтандырудың шетелдік тәжiрибесi. Еуропалық Кеңес және Америка елдерiнiң депозиттiк сақтандыру жүйелерiнiң салыстырмалы сипаттамасы.
Жеке тұлғалардың салымдарын кепiлдендiрудiң Қазақстандық қоры және оның қазiргi кезеңдегi қызмет ету ерекшелiктерi. Жеке тұлғалардың салымдарын міндетті ұжымдық кепiлдендiру жүйелерiнiң қызмет ету ережелерi. және оған ҚР екiнші деңгейдегi банктерiнiң қатысуы. Жеке тұлғалардың салымдарын мiндетті ұжымдық кепiлдендiрудің ережелерi. Жеке тұлғалардың салымдарын мiндеттi ұжымдық кепiлдендiрудiң Қазақстандық қор резервiнiң қалыптасу ерекшелiктерi. Қорға жасалатын аударымдар нормалары. Қор талаптарын орындамаған банктерге арналған шаралар. Төлемдер бойынша шектеулер түрлерi. Сақтандырылған депозиттер бойынша сыйақылардың жоғарғы ставкалары. Таратылған банктердiң салымшыларының төлемдерiнiң жағдайлары мен ерекшелiктерi.
Достарыңызбен бөлісу: |