5В050504 «Журналистика» мамандығына арналған «Кітаптану негіздері



бет3/5
Дата29.06.2016
өлшемі0.73 Mb.
#165355
1   2   3   4   5

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:

1. Н.М.Лисовский Книговедение, его предмет и задачи. П., 1922

2. А.М.Ловягин Основы книговедения. М., 1926

3. Ш.Р.Елеукенов, Ж.Шалғымбаева Қазақ кітабының тарихы, А, Санат. 1999



Қосымша:

  1. Сикорский Н.М. Исследования и материалы, 1981

  2. Барсуков А.И. Вопросы общей теории книговедения, 1971

  3. Новосадский И.В. Теория книговедения, 1986

  4. Галактионов И.Д. Технические правила набора и их изменения 1929

  5. Книга Исследования и материалы. - ., 1994


9 -Дәріс. Кітап баспагерлік білімі жүйесі.

Кітаптың адам мен коғам өміріндегі маңызын жете түсінген елде оны әкімшілік саясаттың өктемдігіне құрбан етпейді. Тілі кісендеулі кітап, сайып келгенде, ғылым өрісін тарылтады, елді рухани мешеулікке, мәңгүрггікке әкеліп соқтырады. Идеялық-саяси, ғылыми өрісі кең, ерікті әдебиет жасау — әлеуметтік-экономикалық прогрестің басты шарттарының бірі.

Ерікті баспасөздің және бір артықшылығы — жеке адамды мемлекетпен, тұтас әлеммен байланыстырады, дейді Маркс. Бұл да жаны бар сөз. Өзіңмен өзің болсаң, пікіріңді елге естіртіп ашық айта алмасаң, — нағыз мола-сындай бақсының жалғыз калдымға ұшырауың ғажап емес. Сонымен бірге ел мұң-мұқтажын еркін білдіруге пұрсат берген мемлекеттің айтам деген сөзі үшін әр үйдің кұлағы түрік, жүрегі ашық.

Соңғы жетпіс жыл бойы Коммунистік партия өз косемінің нұсқауларын мүлтіксіз басшылыкка алып келді. Ленин газет, журнал т.б. партия ұйымдарының органына айналуы керек десе, бұл талап асыра орындалды. Тек партиялык баспасөз ғана емес, бүкіл бұкаралық ақпарат күралдары, кітап — баршасы партиялық катаң басшы-лық, бақылауда болды. Баспалар, қағаз, дүкен, кітапхана атаулы қарамағына алынды. Жазу-сызумен айналысатын каламгерлер, әдебиетшілер партияға өтуі тиіс десе, тек бұлар ғана емес, суретшілер, сазгерлер, киношылар, — өнер иелерінің бәр-бәрі Коммунистік партияға мүше болуга тырысты, мүшелікке алынбағандары да партия-ның дегенінен сыртқары шыққан жоқ.

Ресейдегі баспасөздің бір елі аузына екі елі кақпақ қойылғаны рас. Бірак сол кесапат патшаның тактан түсуімен тиылды ма?

Сүрақтың жауабын өмірдің өзі кайтарды. 1917 жылғы Ақпан мен Қазан төңкерістері аралығындағы бостандық ауасын енді жұтам деген баспасөз Кеңестің алғашкы кезінен-ақ тұншыға бастады. Самодержавие түсында

коммунистік идеология қуғынға ұшыраса, енді буржуа-зиялык идеология дейтінге ымырасыз күрес жариялан-ды. Партиялык принцип күллі ойлау, сезіну жүйесінің казығына, бұлжымас принципіне айналды.

Баспа академиясы жанында Оқу-методологиялық бірлестік (УМО) құрылған. Ол салалас оқу орындарын оқу багдарламасымен, оқу-методикалық қүралдармен кам-тамасыз етеді. Қазіргі кезде Баспа академиясы оқулық-тардың жаңартылган нұскаларын әзірлеу үстінде.

Маман кадрлар даярлауда Мәскеу, Санкт-Петербург, Саратов, Новосибирск калаларындағы кітап саудасы тех-никумдары айтарлыктай жұмыс атқаруда. Мәскеу техни-кумы жуықта колледж статусына көтерілді. Мұнда эко-номикалык және бухгалтерлік пәндердің сағаты көбей-тілді. Мақсат — товаровед-бухгалтер мамандарын даяр-лау. Енді менеджмент, өндіріс басшыларын өзірлемек.

Кітап ісіне ғылыми басшылық жасау дегеніміз маман кадрлар даярлау жөніндегі алдынғы қатарлы елдердің тәжірибесін іске асыру жолдарын іздестіру деген сөз. Ресейдегідей көлемде болмаса да, Қазакстанның кітап және кітап ісін болашакта ғылыми негізде, биік профес-сионалдык дәрежеде жүргізетін білгірлер даярлау «әлі көрерміз» деген сиякты арқаны кеңге салушылыкты көтермейді.



Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:

1. Н.М.Лисовский Книговедение, его предмет и задачи. П., 1922

2. А.М.Ловягин Основы книговедения. М., 1926

3. Ш.Р.Елеукенов, Ж.Шалғымбаева Қазақ кітабының тарихы, А, Санат. 1999



Қосымша:

  1. Сикорский Н.М. Исследования и материалы, 1981

  2. Барсуков А.И. Вопросы общей теории книговедения, 1971

  3. Новосадский И.В. Теория книговедения, 1986

  4. Галактионов И.Д. Технические правила набора и их изменения 1929

  5. Книга Исследования и материалы. - ., 1994


10 -Дәріс. Кітапханатану білімі жүйесі.

Кітаптануға шектес, жапсарлас ғылымдар дегенде тексеру объектісі мен пәні жөнінен ішінара ұқсас, бірінің зерттеу нәтижелерін екіншілері іске жарата беретін ғылымдарды бөліп атаймыз. Кітаптанумен мұндай шек-тес, туыстас ғылымдар аз емес. Мысалы, кітап өнері, окырмантану т. б. салалар. Осының алдындағы тарауда бұларды біз кітап ісі білімі жүйесіне косқанымыз жоқ. Қоспауымыздың себебі кітап өнері ғылымының теория-лык моделі екі ұдай. Ол кітаптану ғылымынын да, өнер-тану ғылымының да зертгеу объектісі, яки оны екі ғылым-ның екеуі де зерттейді.

Кітіп өнері хақында ғылыми еңбек көп жазылды. Олардан ауызға жиі алынатындары — А. А. Сидоровтың «Исторйя оформления русской книги» (1946), «Русская графика начала XX века», В. Н. Ляховтың «Очерки тео-рии искусства книги» (1.971) атгы еңбектері. Ал осы екі ғалымның екеуінің аталған кітаптары кітаптану мен өнертануға артық-кемі жоқ бірдей қатысты. В. Н. Ляхов — өнертану ғылымының докторы. Солай бола түрса да, оның кітаптың теориялык моделі туралы анықтамасы кітаптану ғылымы талаптарына да сай келеді

Жалпы кітаптанудың теориялык моделі бойынша, «кітап дегеніміз кітап ісіндегі кітап». Кітаптын теория-лык моделін көрсету үшін әрдайым бұл қағиданы толық айтып шығу мүмкін емес. Ляхов «кітап — адамдар каты-насының құралы бүқаралық информация каруы.> деген-де, бұл анықтамасын жалпы кгаптану денгейілен жасап отыр. Мүнда кітап белгілі бірөндіріс нәтижесі есебінде көрсетілген. Ал нотижеге бар процестің бөріи, кітаптың қандай саты-салалардан өтетіндігін кіргізудің еш қажеті жоқ.


Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:

1. Н.М.Лисовский Книговедение, его предмет и задачи. П., 1922

2. А.М.Ловягин Основы книговедения. М., 1926

3. Ш.Р.Елеукенов, Ж.Шалғымбаева Қазақ кітабының тарихы, А, Санат. 1999



Қосымша:

  1. Сикорский Н.М. Исследования и материалы, 1981

  2. Барсуков А.И. Вопросы общей теории книговедения, 1971

  3. Новосадский И.В. Теория книговедения, 1986

  4. Галактионов И.Д. Технические правила набора и их изменения 1929

  5. Книга Исследования и материалы. - ., 1994


11 -Дәріс. Кітаптану білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орны және басқа ғылымдармен байланысы.

Ғылым атаулы шартты түрде үш топқа бөлінеді. Біршші тобына жаратылыстану гылымдары, екіншісіне коғамдық ғылымдар, үшіншісіне техникалық ғылымдар жатады. Кітап осылардың бәріне ортақ. Объективтік, субъективтік дүниеде кітапта жазылмайтын тақырып іс жүзінде жок.

Кітап — коғамдык. күбылыс. Ол коғам дамуының белгілі сатысында дамып, өркендеді. Кітаптану гылымы сол рухани дүние жемісінін қоғамда алатын орны мен рөлін көбірек тексереді, солардың заңдылықтарын ашып отырады. Сондыктан ол қоғамдык ғылымдар тобына жа-тады.

Бұдан кітаптану жаратылыстану ғылымдарынан окшауланады деген үғым тумайды. Жаратылыстану мен коғамтану ғылымдарының ортак белгілері көп. Қазір ғылым атаулы тікелей өндіргіш күшке айналып отыр. Ол өндіріспен қоян-қолтык ынтымак жасап, оған жаңа идеялармен дем салғандай, үнемі алға жетектеп отыра-тын құралға айналған. Ендігі прогрестің карқыны ғылым, техника, өндірістің өзара ықпалына байланысты. Қолжазба және баспа кітабының туу, қалыптасу, өркендеу процестерін зерттегенде кітаптану тарих ғылы-мының деректерін кең пайдаланады. Кітап тарихы — сол кітапты туғызған және соны оқып үйренетін бүкіл адам-заттың және әр ел халкының тарихы. Демек, кітап тари-хын жаһан және ел тарихынан бөліп алып қарауға бол-майды. Бүл — бір. Екіншіден, тарих ғылымының мағлұматтарын кітаптану пайдаланса, кітаптану салала-рыньң тапқан жаңалықтарына тарих ғылымы молығып отырады. Кітаптану өз ізденістерінде археология мағлұматтарына көз жібереді. Айталык, шрифтология деп аталатын кітап өнерісаласынын бірі өзі шыккан тегін таска ойылып жазылған не пергаментте калған таңбалардан іздестіреді. Оның есесіне шрифтологияның табыстарына археология ғылымы ортактасады.

Кітаптану, әсіресе оның редакциялық-баспагерлік саласы логика ғылыммен үштасып отырады. Сондпй-ақ тіл білімімен тығыз байланысты. Логика — ойлау злндары мен нысандары турялы ғылым. Ал ойлау тіл арқылы жарыққа шығады. Тіл мен ойлаудың өзара катынасы тіл білімі мен логиканы дәнекерлеп байланыстырады. Кітаптану осы кос ғыльшның жетісетістіктерін практикалык стилистика, жалпы тіл ұстарту, кітапты тіл жағынан мәдениетті, сауатгы шыгаруға пайдаланады. Автордың бәрі бірдей айтайын деген ойын дәлме-дәл етігі кагаз бетіне түсіре бермейді. Кейбіреуі ойын шашыратып алады, бірді айтып бірге кетеді. Кайсыбірі тілге олақ. Редакциялау ісінің теориясы мен практшсасы атты курс тілдік катего-риялар ерекшелігі мен бірлік түтастығьш жетік білуге баулиды.

Ктаптану ғылымы тіл білімінің және бір жүйесі — семиотикамен байланысты. Бұл жерде ол тілмен оның коммуникативті рөлі жағьшан жанасады, танбалардын жалпы теориясы туралы ғылым — семиотикамен байланыска түседі.

Жалпы кітаптану ғылымы философиямен іштей байлаысты. Философия дегеніміз табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдары туралы ғылым.

Одан кітаптану үнемі нәр алып отырады. Барша құбылысты өзара байланыста, қозғалу, өзгеру, даму тұрғысынан зерттейтін диалектийка заңдылықтарын мүлтіксіз басшылықка алады. Жоғарыдағы тексерулерден көзіміз жеткеніндей, кітап құбылысынын сыртқы байланыстарын есептемегенде, оның сала-саласынын өзі де бір-біріне байланысты, шарттас. Міне, осы кітап пен кітап ісін іштей өзара тығыз байланыста саралағанда, кітап салаларын бір-біріне тәуелді, бірінен бірі туындайтын құбылыстардың жиынтық жүйесі есебінде қарағанда ғана кітап табиғатын толық танып білуге болады.

Кітаптану негіздері — университетіің журналистика факультетінде өтілетін теориялык жөне методологиялык пән. Бұл пәннің алдына қоятын максаты мен міндеггері қандай? Оны игеруді неден бастауымыз керек? Кай мөселеден бастаған дұрыс сабақты? Сауалдың жауабы сол — алдымен кітаптану ғылымының негізгі объектісі — кітаптың адам мен қоғам өміріндегі орны мен рөлі тұра-ды мөселенін басын ашып алуымыз қажет. Мұның өзі түсінікті де. Кітап жайында гасырлар бойы түзілген сан қилы қашдаларды, байламдарды екшеп қорыту арқылы рана кітаптану ғылымы үгымдары мен терминдерін, оның басты-басты теориялык һәм методологиялык мөселелерін талдап тарактауга кең мүмкіндік, нақтылы жол ашыла-ды.

Кітап туралы, оның қоғамдық, әлеуметгік кұбылыс болып табылатындығы, коғам мен адам өміріндегі кызметі жөнінде бұрын-соңды айтылған пікірлерді теріп, жинак-гаған басылымдар баршылык. Солардан студенттер «Хрес-гоматия по истории русской книги. 1564—1917». М., «Кни-томатияда. 1965), «Учись работать с книгой» («Молодая гвардия», 1961) деген кітаптарды парақтап шығуларына болады.

Енді бір есте болатын мәселе — біз кітаптану ғылымынан басқа ілімдерді жат деп аластап шықтық. Мыса-лы, діни көзқарас мүлде есепке алынбады. Бір ғана дүниетаныммен шектелген адам ойлаудан калды, жаттап алған бірнеше кдғидаларға тұсалып, карилікке, догмат-шылыкка ұрынды. Ал діннің де кітап жөнінде айтары мол.

Кітап дегешміз не? Бұл сұраккқа толыққанды жауап қайтаратын анықтама түзу қиын. Кітаптың бұрын-соңды жасалған анықтамаларын талдау бұған айқын дәлел. Кітаптанудың өзі және оның салалары тұрғысынан жасалған анықтамалар негізінен дұрыс, шындыққа қайшы келмейді десек те, бұл кұбылыстың барша кадыр-қасиетін, белгі-сипатарын толық, жан-жакты, жеріне жеткізе кам-титындай қағида жасау мүмкін емес. Кітаптың мөні жөне оның әлеуметтік кызметі жөнінде талдап шешілген пікірлерді, қағидаларды бір тұжырымның не анықтама-ның кауызына сыйғызбай-ак, ретін тауып жүйелеу әбден мүмкін. Жүйелегенде, мұның мәнісі — тексеріліп отырған объектінін, яғни кітаптын бар қасиетін, белгі-бедерлерін жіпке тізе беру дегендік емес. Одан пәлендей нөтиже шықпайды.


Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:

1. Н.М.Лисовский Книговедение, его предмет и задачи. П., 1922

2. А.М.Ловягин Основы книговедения. М., 1926

3. Ш.Р.Елеукенов, Ж.Шалғымбаева Қазақ кітабының тарихы, А, Санат. 1999



Қосымша:

  1. Сикорский Н.М. Исследования и материалы, 1981

  2. Барсуков А.И. Вопросы общей теории книговедения, 1971

  3. Новосадский И.В. Теория книговедения, 1986

  4. Галактионов И.Д. Технические правила набора и их изменения 1929

  5. Книга Исследования и материалы. - ., 1994


12 -Дәріс. Кітап және кітап ісінің материалдық, экономикалық негізін нығайтып, байытып отыру.

Кітаптану ғылымы үлкен тарихи жолдан өтті. Кітап және кітап ісі тарихын, теориясы мен методологиясын зерттеу барысында ол қыруар материал, фактілер жинақтады, теориялық ізденістерін тереңдетті, ғылыми әдістерін жетілдірді. Тамшыдан бұлақ, бүлақтан өзен құралатыны секілді, ой-пікірлер жалғаса, ғылыми айтыс-тартыс дүкенінде шыңдала, қордалана келе, кітап тура-лы мол ғылым бас қүрады. Кітаптану тарихы дегеніміз кітап туралы білімнің, міне, осы туу, қалыптасып өсу, өркендеу жолдарын тексереді. Пәні кітаптану білімінің жасалу процесіне үңілуді, жетекші заңдылықтары мен бағыттарын айкындап түйіндеуді көздейді. Кітаптану тарихы ғылымының міндеті зор. Ол ең ал-дымен кітап білімінің тарихы, теориясы мен методологи-ясы арасындағы диалектикалық байланыстарға тереңдеп үңілуге тиіс. Қандайда ғылым қараңғыда қармалап қалғысы келмесе, өз теориясы мен методологиясын жа-сап алуы керек. Теориясыз — практика, практикасыз — теория тұл. Ал теория мен өдіс сан ғасырлар бойғы ізденістер тәжірибесінен кұралатыны мәлім. Қазіргі кітаптану осы орасан төжірибеге сүйене отырып, өз саласындағы білім қорын жүйелеу ісін жетілдіруде, тео-риялық кағидаларын бүгінгі талаптар деңгейінен қайта карап дамытуда, кітап туралы ғылымның ерекшеліктерін, кітаптың адам мен коғам өміріндегі рөлі мен қызметін айқындай түсуде.

Кітаптану тарихы — кітап туралы ғылымның күрам-ды және маңызды бөлімдерінің бірі. Ол басқа ғылымдар сияқты қоғамдык практикаға қызмет етеді, нақты айтқанда кітап және кітап ісін ғылыми басқару, кітаптану ғылымын жаңа белеске шығару мақсатына жегіледі.

Кітап әлемдік экономикалық және мәдени дамудың ішкі қажеттілігінен туды. Кітап өндірісі өнеркөсіптің үлкен тармағына айналды. Кітап саны көбейген сайын оны реттеу, жүйелеу қажетгігі күшейе түсті. Оны адам-дардың рухани талаптарын неғұрлым тиімді өтеу міндеттеріне жұмылдыру жолдары зерттелді. Сөйтіп кітаптану ғылымының табантасы қаланды. 1778 жылы Австрия библиографы Михаэль Денис (1729—1800) «Кітаптануға кіріспе» деген еңбек жазды. Тақырыбынан көрініп тұрғанындай, ол жаңа ғылымға, оның мазмұнына сәйкес терминді дәл тапты. Ол «библиография» ұғымын кең мағынада қолданады. Бүл пәнге қосымша диплома-тика, типографика, ісітаптану пәндерін енгізеді. Яғни әуел бастан-ақ кітаптанудың қүрама сипатты, кешенді (комплексті) ғылым екендігі дүрыс анықталады. Фран-цуз ғалымы Рошель «Библиография ғылымы туралы ой-лар» деген еңбегінде (1782), жаңағы түсінікке ұқсас пікір айтады. Ол библиографияны екі тармаққа бөледі де, біріншісіне «тарихи-әдеби», екіншісіне баспахана өнері са-лаларын жатқызады.

Ендігі бір француз ғалымы Пеньо (1767—1849) кітаптану ғылымы орнына қолданылып жүрген библиог-рафия терминіне қосымша «библиология» терминін ғылы-ми айналымға енгізді. Өзінің «Библиология жөніндегі түсіндірме сөздік» (1804) кітабында библиография ғылы-мының теориясы болуға керек, мұны зерттейтін саланы «библиология» деп атаймыз,бүл пән «бір жүйеге түсірілген адамзат білімдеріне талдау жасайды... адамзат ойы та-быстарының әр қадамын қадағалап, жазба әлемі

шежіресін»деген.

ХVШ ғасырдың аяғы, XIX ғасырдың бірінші жарты-сына дейін кітаптану ғылымы библиографиялық сипат алып келді. Кітаптану жүйесіне библиография, типогра-фика, кітапханатану, жазу тарихы ғылымдарын қосып зерттеген. В. Г. Анастасевич библиология мен библиогра-фия теориясының арасына теңдік белгісін қойып, оның жүйесіне кітап тарихы, баспагерлік іс, кітап саудасы, кітапханатану, палеография (жазба ісі), архивтану секілді пәндерді енгізді.

Кітаптану философиясы дегеніміз міне, осы кітап ту-ралы ғылым, оның теориясы мен методологиясы. Ол кітап хақындағы біліміміздің жүйесін қүрайды. Кітаптың та-рихи фактор есебіндегі орны мен рөлін анықтайды. Ку-фаев кітаптану ғылымы жүйесіне кітап философиясын, библиологияны, кітап ісі, библиопсихология мен библио-социологияны енгізген.



Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:

1. Н.М.Лисовский Книговедение, его предмет и задачи. П., 1922

2. А.М.Ловягин Основы книговедения. М., 1926

3. Ш.Р.Елеукенов, Ж.Шалғымбаева Қазақ кітабының тарихы, А, Санат. 1999



Қосымша:

  1. Сикорский Н.М. Исследования и материалы, 1981

  2. Барсуков А.И. Вопросы общей теории книговедения, 1971

  3. Новосадский И.В. Теория книговедения, 1986

  4. Галактионов И.Д. Технические правила набора и их изменения 1929

  5. Книга Исследования и материалы. - ., 1994


13 -Дәріс. Кітап және кітап ісінің маман кадрларын даярлау.

Кітап және кітап ісі өркендеген сайын оның заңдыльқтарын, тәжірибесін, қоғам дамуында атқаратын рөлін зерттеу кажетгігі күшейе түседі.

Бастапқы кезде жаңа шықкан кітаптар тізімі беріліп жүрді. Одан соң қай кітап нені жазғаны хабарланатын болды. Библиография деген сала туып, кітаптарға түсінік, сипаттама жасала бастады. Сипаггама зерттеуге ауысты. Бара-бара кітаптың өсу, өркендеу заңдылықтары ашы-лып айқындалды. Осының нәтижесінде білім ғылымға айналды.

Кітаптану — жас ғылым. Калыптаса бастағанына ары кетсе екі-үш ғасыр ғана. Ресейде XVII — XVIII ғасырлар-дан бері бас кұрай бастады. Ал қазакта бұл ғыльмның іргетасы енді-енді қалана батағандай. Ізденіс жұмыстары жаңа-жаңа колға алынуда. Сол ізденістерімізде біз де ал-дымен Ресей кітаптану ғылымының даму тарихына зер саламыз. Оның себептері тусінікті. Біріншіден, кай елмен де тәжірбие алмасу артықтық етпейді. Екіншіден, Ресей менҚазақстантағдырлас.

Отандас, замандас авторлардың кітаптары мазмұн, про-блема жағынан орайлас, пікірлес келетіндігі заңды нәрсе. Сндыктан Ресей кітабы мен кітап ісінің теориясы және практикасы, тарихы қазақ кітабына тікелей қатысты. Оны білу, зерттеу казақ кітабының өркен жаюына септік ететіндігісөзсіз.

Кітап ғылымының үлкен орталықтарының бірінен са-налатын Мәскеу кітап палатасы 1920 жылдан бері істейді. 1930 жылы Кітап, кұжат және жазбанама мұражайы кұрылды. Кейін ол аттас институтка айналды. 1935 жылы КСРО ҒА Тарих институтына косылды

Кітапқа катысты барлық оқу орындарында «Кітап білміне кіріспе» (немесе «Кітаптану негіздері», «Жалпы кітаптану») пәндері оку жоспарларына енгізілді. Кітаптану ғылымы бойынша аспирантуралар ашылып, 05.25.04 шифрлы мамандығы бойынша ғылым кандидаттары мен докторларын даярлау жолға қойылды.

Республикамызда ғылыми-зерттеу жұмыстары әсіресе кітап саласында кенже калып отыр. Нарык кыспағы салдарынан кітап өндірісінің өзі күрт төмендеп барады. Кітаптану ғылымы қалыптасқан жағдайдың, атап айтканда, кітап дағдарысының себептерін ашып, киын-дыктан шығудың, орын алған кемшіліктерді мүмкін кадарынша жоюдың тиімді амалдарын қарастыруы.

1994 жылы мемлекеттік баспа орындары тарапынан 686 аталым кітап және кітапша шығарылды. Жалпы та-ралымы 14,4 миллион дана болды. Оның да басым бөлігі (400 аталым) оқу-педагогикалык әдебиет. Қазақ кітабының революцияға дейнгі және Кеңес дәуіріндегі тарихын жазып шығу; соңғы жыл-дардағы кітап хақындағы кұжаттарды құрастырып, кітап не кітапша етіп басып шығару; қазақ кітабы кай-раткерлері туралы жинак құрастырып жариялау.

Кітаптану саласында істелетін жұмыстың бірінші ке-зекте тұрғандары, біздіңше, төмендегідей: бұрын қалыптаскан теориялық мұраны өзгерген жағдайға сәйкес қайта карап, жаңаша қорыту; жалпы теорияны және баспагерлік іс пен кітап саудасының теориясын, тарихы мен методикасын (өдістемесін) талдап шешу; кітаптанумен шектес ғылымдардын бір-біріне әсер ету сипатын анықтау; орыс кітаптану ғылымынан ауыскан терминология тәржімесіне байланысты зерттеу жұмыстарын жүргізу, сөйтіп казак тілінде кітап жүйесі туралы ғылымның ка-тегориялық-үғымдық жүйсін жасау; республикамыздағы қолжазба қорын тексеріп бағалау; кітаптану ғылымының шет елдік тұжырымдамаларын шолып бағалау; оқыр-мантану ғылымын негіздеу; кітап және ғыльми-техника-лық революция проблемасын талқылау.



Баспагерлік іс саласында — казіргі электрондық тех-ника негізінде редакциялык-баспагерлік процесті қайта құру жолдарын ғылыми негіздеу; баспагерлік репертуар мөселесін бүгінгі талаптарға сөйкес шешу ісін ғылыми жағынан саралау; баспа, кітап саудасы және полиграфия салаларын нарык жағдайында тиімді жүргізу шарттарын қарастыру; баспа статистикасын жетілдіру.

Кітап саудасы саласьнда — ассортимент жүмысы мен еңбек ұйымдастырудың экономикалык тиімді ғылыми негіздерін жасау; нарық экономикасы жағдайында кітап таратудың және таралымың белгілеудің әлеуметтік-эко-номикалық өлшемдерін белгілеу; ең жаңа коммуникаци-ялық техника негізінде кітап тарату ісін кайта күру жол-дарын ғылыми негіздеу; жұртшылықтың сатып алу қабілетін тексеру мен калыптастырудың ғылыми негіздерін жасау.

Библиография саласында - ең жаңа техника негізінде құлақтандыру және іздестіру процесін жетілдіру; библиографияның терминологиялык-ұғымдық аппаратын жолға кою; қазак кітабының барлық кезеңдегі репертуа-рын жасау; «Қазакстандағы кітап және кітап ісі» деген тақырыпта жылнама күрастыру.

Кітап тарихы саласында - кітап және кітап ісі тари-хының теориялық һәм методологиялык принциптерін

тұжырымдау; Қазақ кітабының революцияға дейнгі және Кеңес дәуіріндегі тарихын жазып шығу; соңғы жыл-дардағы кітап хақындағы кұжаттарды құрастырып, кітап не кітапша етіп басып шығару; қазақ кітабы кай-раткерлері туралы жинак құрастырып жариялау.



Кітапкұмарлар қозғалысы саласында — бұл коз-ғалыстың әлеуметтік негіздерін тексеру; кітапқұмар қоғамдарының тарихын зерттеу; жеке меншік кітап-ханалардың қоғамдық маңызын ашып, олардың кұнды-кұнсыздығын аныктайтын тәртіп-ережелерді белгілеу.
Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:

1. Н.М.Лисовский Книговедение, его предмет и задачи. П., 1922

2. А.М.Ловягин Основы книговедения. М., 1926

3. Ш.Р.Елеукенов, Ж.Шалғымбаева Қазақ кітабының тарихы, А, Санат. 1999



Қосымша:

  1. Сикорский Н.М. Исследования и материалы, 1981

  2. Барсуков А.И. Вопросы общей теории книговедения, 1971

  3. Новосадский И.В. Теория книговедения, 1986

  4. Галактионов И.Д. Технические правила набора и их изменения 1929

  5. Книга Исследования и материалы. - ., 1994


14 -Дәріс. Кітап және кітап ісін ғылыми басқаруда ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің маңызы.

Қазыр біздің еліміз жоспарлы социалистік экономика-дан стихиялы нарық экономикасына көшуді аяқтап келеді. Социализм жағдайында коғамды тұтастай алғанда және оның буын-буындарын, сала-салаларын ғылыми баскдру саналы түрде, алға белгілі бір мақсат койып жасалатын. Жоспардың орындалуы бірде сәтті, бірде сәтсіз шығатын. Енді казіргі көшерін жел, қонарын сай біледі дейтіндей экономиканы, рухани өндірісті объективтілікпен зерттеп, қоғам, мемлекет тарапынан ғылыми тұрғыдан баскару мүмкін бе?

Бұл сұракка берілер. жауап кыска122 әбден мүмкін. Олай деуге екі себеп бар. Біріншісі, Қазакстан жағдайында әлі де мемлекеттік баспа орындары бұрынғы қалпында сакталуы үстіне, екі есе көбейді де. Мемлекет халыктың, бүкіл қоғамның рухани кажетін өтеу барысында өз баспа орындарына белгілі бір бағыт беріп, ісінің оңға басуына камқорлық жасайтыны сөзсіз. Кенес кезіндегідей басшы-лық, бақылауын тым катайтьп ұстамаса да, іс жүзінде жүмысын кадағаламай, шаруа-жабдығына көмектесіп, қолғабыс етпей отырған жоқ.

Жеке меншік баспалардың ішкі жүмысына жалпы ешкім араласпайды. Дегенмен, мемлекет олардың ойдағыдай қызмет етуі үшін тиісі заңдық, құкылык тәртіп жасап беруге міндетгі. Оның бер жағында жеке меншік баспа орындарының иелері баспа, полиграфия және кітап саудасы салаларынын ішкі заңдарымен санаспай отыра алмайды. Мемлекет, қоғам баспаларға маман кадрлар да-ялау жағынан да көмектесуі тиіс.

Өркендеуінің қажет алғышарттары қандай? Бұларды бас-басына атағанда төмендегідей боп келеді: 1) Баспасөз бостандығы. Жалпы баспа ісін жүргізудің заңдылык, қүқылық негіздері. 2. Баспа ісін замана талаптарына сай көтеретін маман кадрлар даярлау. 3. Ғылыми-техника-лық революция жетістіктерін баспа, полиграфия және кітап саудасы саласына енгізуге ат салысу. 4. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жолға қою.

Енді осы аталған принциптердін, жетекші шарттар-дың әркайсысына жеке токталып көрелік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет