«5В060100-Математика» мамандығы «5В060100- математика»



Дата01.07.2016
өлшемі15.86 Kb.
#169685
Хаттама

Математика, механика, информатика, математика және компьютерлік пішіндеу бойынша VІ пәндік студенттер олимпиадасының сарапшылар мәжілісі
Алматы қ. 27 наурыз 2014
«5В060100-Математика» мамандығы

«5В060100- Математика» мамандығы бойынша сарапшылар құрамы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорының бұйрығымен 9 адамнан тұратыны бекітілді: комиссия төрағасы – дифференциалдық теңдеулер және басқару теориясы кафедрасы меңгерушісі ф.-м.ғ.д., профессор- Мухамбетжанов С.Т.; комиссия мүшелері: ф.-м.ғ.д., профессор- Кангужин Б.Е., ф.-м.ғ.к., доцент- Досанбай П.Т., аға оқытушы- Уаисов А.Б., ф.-м.ғ.к., доцент- Айтжанов С.Е., ф.-м.ғ.к., доцент- Хомпыш Х., ф.-м.ғ.к., доцент- Шерниязов Қ., Phd- Шаймерденова А., оқытушы- Токмагамбетов Н., М.В.Ломоносов атындағы МГУ ҚФ оқытушысы- Баев А.Ж., Л. Гумилев атындағы ЕҰУ оқытушысы- Абдыхалыков А.

«5В060100-Математика» мамандығы бойынша 2014 жылдың 27 наурызында өткен студенттік пән олимпиадасына Қазақстан Республикасының 5 жоғарғы оқу орындарынан 33 студент қатысты:


  1. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің – 23 студент;

  2. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті – 3 студент;

  3. М.В.Ломоносов атындағы МГУ ҚФ – 2 студент;

  4. Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті– 2 студент;

  5. Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті – 3 студент;

2014 жылдың 27 наурызында өткен олимпиадада «5В060100-Математика» мамандығы бойынша ұсынылған жұмыстарды қарастыра отырып, 2014 жылдың 28 наурызында өткен апелляциядан кейін сарапшылар орындарды төмендегідей тізімге бөліп тағайындады:



1 орын – М.В.Ломоносов атындағы МГУ ҚФ 1 курс студенті Шокетаева Надира Рамазановна;

2 орын – М.В.Ломоносов атындағы МГУ ҚФ 2 курс студенті Тубалыков Қайрат Ержановичке; Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 2 курс студенті Кенжебаева Фариза Сембайқызына;

3 орын – Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті Тыныштықбай Абылай Қанағатұлына; Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2 курс студенті Қабақ Мұхтар Төлеуұлына; Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1 курс студенті Тилеуова Жаннатқа.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет