5В070400 –Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының
студенттеріне арналған біртұтас практика бағдарламасы. – Шымкент: Шымкент
университеті, 2016 ж. 9 бет.
Ұсынылған практика бағдарламасы 5В011300 –
Биология мамандығының
студенттеріне практикалық іс-тәжірибелерді өткізу үшін қажетті оқу-әдістемелік құрал
болып табылады.
Практика бағдарламасы Шымкент университетінің
оқу-әдістемелік кеңесінде
талқыланып құпталды.
Шымкент университеті, 2016 ж.
Алғы сөз
5В070400 –Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының
студенттері университетте оқу кезінде,
оқу жоспарына сәйкес, оқу және - өндірістік
практика түрлерінен өтеді. Сөйтіп, әр теориялық курстан
кейін практикалық курс
өткізіледі. Оқу практикалары базалық пәндерден бастап кәсіби пәндерді де қамтиды.
Оқу практикасы 2 және 3 курста өтеді. Сонымен,
оқу практикасының мақсаты
базалық және кәсіби пәндер бойынша теориялық білімдерін іс-тәжірибелер арқылы
нақтылау саналады. Оқу жоспары бойынша келесі пәндер
бойынша оқу практикасы
жүргізіледі:
1. Практика бойынша жалпы ережелер
1.1 Оқу практикасының мақсаты мен міндеттері.
Оқу практикасының мақсаты болып теориялық курстан
алынған материалды іс-
тәжірибелік жұмыстар арқылы бекіту болып саналады.
Оқу практикасы кезінде студенттер келесідей жұмыстар атқарады:
- теориялық материаладарды практика жүзінде жұмыс жасауға дағдыланады;
- жаңа әдістемелеремен танысады;
- оқытудың жаңа инновациялық түрлерімен танысады;
- зертханалық жұмыстарға қажетті құрал-жабдықтармен жұмыс істеу дағдыларын
меңгереді;
- зертханалық жұмыстардағы техника қауіпсіздігін
сақтау ережелерінің маңызыды
шара екенін меңгереді;
- сабаққа қажетті көрнекіліктермен жұмыс атқару және оларды сабақ үстінде орында
және тиімді пайдалануды меңгереді;
- практика кезінде студенттер өздігінен белгілі практикалық сабақты меңгеруге
үйренеді;
- зерттеу жұмыстарымен шұғылданады.