5В071800 «Электроэнергетика»



Дата03.07.2016
өлшемі248.88 Kb.
#174015



Д.СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ф1 Н ШҚМТУ 701.01

Сапа менеджменті жүйесі

Силлабус

Жалпы энергетика


бет




Қазақстан Республикасының Министерство

Білім және ғылым образования и науки

министрлігі Республики Казахстан
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ВКГТУ им.Д.Серикбаева

БЕКІТЕМІН

АТжЭФ деканы

_____________Ғ.Мұхамедиев

«___» ______________ 2014ж.
ЖАЛПЫ ЭНЕРГЕТИКА

Силлабус
ОБЩАЯ ЭНЕРГЕТИКА

Силлабус

Мамандық: 5В071700 «Жылуэнергетика»

5В071800 «Электроэнергетика»


Оқу түрі: күндізгі

Курс: 1


Семестр: 1

Кредит саны: 3

Сағат саны:

Дәрістер: 30

Тәжірибелік сабақтар: 15

Зертханалық сабақтар: -

СОӨЖ: 15

СӨЖ: 45


Емтихан: 1 семестр

Өскемен


Усть-Каменогорск

2014


Силлабус «Өндірістік энергетика» кафедрасында 5В071700 Жылуэнергетика, 5В071800 Электроэнергетика мамандығындағы студенттерге арналған.

Бағдарлама ӨЭ кафедрасының отырысында талқыланды.

Өндірістік энергетика кафедрасының меңгерушісі Т.Сегеда

№ ___ хаттама 2015ж.


Ақпараттық технологиялар және энергетика факультетінің әдістемелік кеңесінде мақұлданған.


Төрағасы Т. Абдрахманова


№___ хаттама 2015ж.


Дайындаған

аға оқутышы: М.Т.Туменбаева

Норма бақылаушы Т.Тютюнькова

ОҚЫТУШЫ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТ ЖӘНЕ ОҒАН БАЙЛАНЫСТЫ АҚПАРАТ

«Өндірістік энергетика» кафедрасы, Ақпараттық технологиялар және энергетика факультеті (Г-1-312 дәрісхана)

Пән жүргізетін оқытушы: Туменбаева Маржан Танаткановна, аға оқутышы

Жұмыс телефоны: 540-429

Дәрісханалық сағатқа және консультацияға арналған уақыт: сабақ кестесі мен оқытушының жұмыс кестесі бойынша.

1 ПӘННІҢ СИПАТТАМАСЫ, ОНЫҢ ОҚУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ

1.1 Оқылатын пәнге сипаттама
Жүйелік және пән аралық кең ұғымдағы энергетиктерді дайындау экологиялық проблемаларды шешудің бір жолы.

Энергия қорларын үнемдеу бүгінгі күннің аса маңызды міндеттерінің біріне айналды. Өнеркәсібі дамыған әлемнің барлық мемлекеттерінде энергия үнемдеу шаралары дұрыс жолға қойылған. Өйткені көмірмен және көмірсутегімен жұмыс істейтін жылу электр станциялары түбі бір экологиялық проблемалардың асқынуына әкеп соқтыратыны белгілі жайт. Сондықтан әлем қайта қалпына келетін жергілікті энергия көздерін энергия үнемдеудің басты қайнар көзі ретінде қабылдап отыр.

Алған білімдері студенттердің шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейтуі және ынталандыруы, алдағы мамандықтың пәндерін оқуына дайындау керек.
1.2 Пәнді оқытудағы мақсат
Пәнді оқыту мақсаты –


  • Энергетикалық ойлаудың орталығын қалыптастыру, студенттердің энергетикалық әлеуметтік тәрбиесін, жауапкершілігін, шығармашылық қабілеттілігін дамыту.

  • Әр түрлі энергетикалық білім саласындағы қазіргі заманғы интегративті курстарды пайдалану және жасау.

  • Проблеманы өз бетінше шешіп талдай білу қабілетін дамыту, нақты жүйені дамыту, жүйелік әдістегі оңтайлы экологиялық шешімдер қабылдай білу.

Қалпына келетін энергия көздерін пайдаланудың экономикалық тиімділігі де бар. Атап айтсақ, оны электр қуатын өндіру және жеткізу үшін қолдану арқылы Қазақстанның энергияға тапшы өңірлерінде үнемділікке қол жеткізуге болады. Сонымен қатар қайта қалпына келетін энергетика елдің шалғай өңірлерін дамытудың маңызды факторына айналмақ.

1.3 Пәнді оқытудың міндеттері
Пәнді оқып меңгергеннен кейін студенттер алдағы мамандығына қатысты білім деңгейін алуы, практикалық қызметіне икемделуі және әреккеттенуі қажет.

Пәнді оқып үйрену нәтижесінде студенттің білуі шарт:



Жасай алуы шарт:

Энергетика туралы жалпы түсініктер.

Қазақстан республикасының отын-энергетикалық ресурстарымен танысу.

Электр энергиясы мен жылуды өндірудің технологиялық сүлбелерін меңгеру.

Әдеттенуі шарт:


    • энергетикадағы жұмысын бақылауды ұйымдастыру.



    1. Пререквизиттер

Пәннің қолданған материалдары төмендегі курстарда алған білім негізінде жинақталады:



    • физика



1.5 Постреквизиттер
Курсты білу 5В071700 Жылуэнергетика, 5В071800 Электроэнергетика мамандықтары қызмет ету және төмендегі пәндерді оқу үшін қажет:

    • қалпына келетін энергетика;

    • жылу электр станциялары;

    • патентоведение;

    • су электр станциялар;

2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ


2.1 Тақырыптық жоспар


Тақырыптың атауы, оның мазмұны

Еңбек сыйымдылығы, сағаты

Ұсынылған әдебиеттер

1

2

3

Дәрістік сабақтар

Тақырып 1. Энергетика туралы жалпы түсініктер (кіріспе). Қазақстан республикасының отын-энергетикалық ресурстары. Электр энергиясы мен жылуды өндірудің технологиялық сүлбелері.

2(1)

1,2,3

Тақырып 2. Конденсациялық электр станциясы КЭС, оның жылулық сұлбасы, жылулық балансы және техника-экономикалық көрсеткіштері. Жылу электр станциясының жылулық сұлбасы.

2(1)

1,2,3

Тақырып 3. Энергетикалық отын және оны жағу тәсілдері. Органикалық отын түрлері. Қатты отын және оның түрлері. Элементтік құрамы және маңызды жылутехникалық сипаттамалары. Газдық отын және оның элементтік құрамы, сипаттамалары. Табиғи және жасанды газдар. Газдық отынды қолдану және газбен жабдықтау.

2(1)

1,2,3

Тақырып 4. Сұйық отын, элементтік құрамы, сипаттамалары. Сұйық отынды мұнайдан алу әдістемесі. Мазут және дизелдік отындар. Органикалық отынды электр станциясында жағуға дайындау ерекшеліктері.

2(1)

1,2,3

Тақырып 5. Жану процесін есептеу негіздері. Жанудың заттық және жылулық балансы. Қатты, сұйық және газдық отын жануына қажет ауа мөлшерін есептеу.

2(1)

1,2,3

Тақырып 6. Ауаның артықтық еселеуіші. Жану өнімдері және оның құрамы. Жану өнімдерінің көлемін анықтау.

2(1)

1,2,3

Тақырып 7. Қазандық қондырғының құрылысы. Қазандық қондырғы топтары. Қазандық қондырғыға қойылатын техникалық талаптар, үйлесімдері және оның маркалары.

2(1)

1,2,3

Тақырып 8. Көмір тозаңын жағатын П- үйлесімді қазан қондырғысының құрылысы және қызметі. Табиғи ерікті, еріксіз су айналымы бар және тура ағынды бу қазандары.

2(1)

1,2,3

Тақырып 9. Қазандық қондырғының жылулық балансы. Қазандағы жылу шығындары. Қазанның пайдалы әсер коэффициенттері.

2(1)

1,2,3

Тақырып 10. Қазанның брутто пәгін тура және кері баланстан анықтау. Қазанның нақты отын шығынын анықтау.

2(1)

1,2,3

Тақырып 11. Бу турбинасының құрылысы. Турбинаның ағынды бөлігі және оның жұмыс ережелері. Бу турбиналарын топтарға бөлу және маркалау. Бу турбинасының жұмыс көрсеткіштері: пәктері, турбинаның бу шығыны. Бу турбиналық қондырғы. Ренкин айналымы.

2(1)

1,2,3

Тақырып 12. Су дайындаудың физика-химиялық тәсілдері жүйелері. Суды дайындау. Жылулық жүктемелер.

2(1)

1,2,3

Тақырып 13. Су электр станциясы. Оның қондырғылары.

2(1)

1,2,3

Тақырып 14. Жылулық жүктемелер: маусымдық және жыл бойлық. Жылытуға, ғимаратты желдетуге, ыстық сумен жабдықтауға және технологияларға арналған жылулық жүктемелерді есептеу.

2(1)

1,2,3

Тақырып 15. Жылуды қолданудың жыл бойлық графигі. Ірі қалаларды жылуландыру. Электр энергиясы мен жылуды жекелей және қиыстырып өндіру. ЖЭО-ның құрылысы және онда ыстық жүйелік су дайындаушы технологиялық процесті түсіндіру.

2(1)

1,2,3

Семинарлық (Тәжірибелік сабақтар)

Тақырып 1. Биогаздың энергиясы.

2

1,2,3,4

Тақырып 2. Жалпы биогаз жайлы мәліметтер.

2

1,2,3,4

Тақырып 3. Конденсациялық электр станциясы КЭС

2

1,2,3,4

Тақырып 4. Желэнергетикасының әсері.

2

1,2,3,4

Тақырып 5. Су энергетикасының экологияға әсері.

2

1,2,3,4

Тақырып 6. Мұхиттар энергетикасының экологияға әсері.

3

1,2,3,4

Тақырып 7. Органикалық отын түрлері.

2

1,2,3,4

Тақырып 8. Су электр станциялары.

2

1,2,3,4

Тақырып 9. СЭС қондырғылары.

2

1,2,3,4

Тақырып 10. Қазандық қондырғының құрылысы.

2

1,2,3,4

Тақырып 11. КЭС қондырғылары

3

1,2,3,4

Тақырып 12. Табиғи ерікті, еріксіз су айналымы бар және тура ағынды бу қазандары.

3

1,2,3,4

Тақырып 13. ЖЭС қондырғылары

3

1,2,3,4

Студенттің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өздік жұмысы

Тақырып 1. Бу турбинасының құрылысы.

5

1,2,3,4

Тақырып 2. Жылулық жүктемелер.

5

1,2,3,4

Тақырып 3. Сулық жылу тораптары және жылуды қолданушылар.

5

1,2,3,4

Тақырып 4. Ренкин айналымы.

5

4,5

Тақырып 5. Жылытуға, ғимаратты желдетуге, ыстық сумен жабдықтауға және технологияларға арналған жылулық жүктемелерді есептеу.

5

4,5

Тақырып 6. Жылуды қолданудың жыл бойлық графигі

5

4,5,6



2.2 Курстық жобаның (жұмыстың) орындалуына қойылатын талаптар және мазмұны 2.3 Өздік жұмыс тапсырмалары (СӨЖ)



Тақырып

Тапсырманың мазмұны және мақсаты

Ұсынылатын әдебиеттер

Дайындау мерзімі

Бақылау түрі

Тапсыру уақыты

1

2

3

4

5

6

Органикалық отындардың сипаттамалары


Отын түрлері мен оның құрамы. Отын жану жылулығы және келтірілген сипаттамалар. Қатты, сұйық және газдық отындардың техникалық сипаттамалары мен негізгі қасиеттері.

1,2,3,4

2 жұма

Ауызша жауап

Семестрдың басынын 2 жұма

Жану теориясының негізгі сұрақтары

Отынның жануы. Қышқылдатқыш. Жанудың заттық және жылулық теңестігі. Ауаның және жану өнімдерінің көлемдері. Ауа артықтығын анықтау. Ауаның және жану өнімдерінің энтальпиясы.

1,2,3,4

2 жұма

Ауызша жауап

4 жұма

Қазандық қондырғының жылулық теңестігі.

Отынды тиімді пайдалану. Қазандықта жылу шығындарының сипаттамалары. Қазандық қондырғының пайдалы әрекет коэффиңиенті.

1,2,3,4

2 жұма

Ауызша жауап

6 жұма

Жанудың химиялық тектесу кинетикасы.


Отынның гомогендік және гетерогендік жануы. Химиялық тектесуінің жылдамдығы және жану жылдамдығының әртүрлі физика-химиялық факторларға тәуелділігі. Аррениус заңы. Тізбекті тектесулер.

1,2,3,4

3 жұма

Ауызша жауап

10 жұма

Газды және сұйық отынды жағу


Біртекті газды қоспаның жануы. Ретті және ретсіз диффузиялық жануы. Жануды тұрақтандыру. Сұйық отындардың жануы. Отын тамшысының жануы.

Газды және сұйық отынды жағуға арналған ошақ және оттық құрылғылар. Жануды қарқындандыру жолдары.



1,2,3,4

2 жұма

Ауызша жауап

12 жұма




    1. Пән тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі*




Бақылау түрі

Оқудың академиялық кезеңі, апта

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Сабаққа қатысу

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

Дәріс конспектісі






















*



















*

Ауызша сұрау




*

*

*

*

*

*







*

*

*

*

*




Коллоквиум










*






















*










Тестілеу






















*



















*

Баяндама жасау

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

Эссе






















*



















*

Аралық тестілеу




*

*

*

*

*

*







*

*

*

*

*




Барлығы














































*Ескерту: тапсырма түрлері мен ағымдағы бақылау мезгілділігі берілетін пәннің өзгешелігіне байланысты дайындалады.



  1. ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


3.1 Негізгі


  1. Соколов Е.Я. Теплофикация и тепловые сети. –М.:МЭИ,2001.- 472с.

  2. Дукенбаев К.Д. Нурекен Е. Энергетика Казахстана (технический аспект). - Алматы:, 2001.-312с.

  3. Дүкенбаев К. Қазақстан энергетикасы. Нарықтық қатынастар.- Алматы:

  4. Гылым,1988.-584с.

  5. Тютебаева Г.М. Энергетические установки электростанций. – Алматы: АИЭС, 2004. – 22с.




    1. Қосымша




  1. Дукенбаев К.Д. Энергетика Казахстана. Условия и механизмы ее устойчивого развития. -Алматы:, 2004.-604с.

  2. Усенбеков С. Жылуландыру және жылулық жүйелері. - Алматы,2003.

  3. Темірбаев Д.Ж. Жылу электр станцаларының жұмысы. - Алматы, 2001.

  4. Сериков Э.А., Абильдинова С.К. Жылуэнергетиканың теориялық негіздері. Дәрістер конспектісі. -А.,2005 ж.

  5. Сибикин Ю.Д. Отопление, вентиляция и кондиционирование воздуха.-М.: «Академия», 2004, 2008, 2009г.

  6. Отын жануының арнаулы сұрақтары. Дәрістер жинағы. С.Абильдинова.- А., АЭЖБИ, 2008 ж.

  7. Немцев З.Ф., Арсеньев Т.В. Теплоэнергетические установки и теплоснабжение. -М.: Энергоиздат, 1982. -400 с.

  8. Белинский С.Я., Липов Ю.М. Энергетические установки электростанций. - М.: Энергия, 1978. -301 с.

  9. Хазен М.М:, Матвеев Г.А., Грицевский М.Е. Теплотехника. -М.: Высшая школа, 1984. -479 с.

  10. Рыжкин В.Я. Тепловые электрические станции. М.: Энергоатомиздат, 1987.- 328с.

  11. Волков Э.П. и др. Энергетические установки электростанций. – М.: Энергоатомиздат,1983. – 280с.

  12. Ривкин С.Л., Александров А.А. Термодинамические свойства воды и водяного пара.-М.: Энергия 1975.

  13. Панкратов Г.П. Сборник задач по теплотехнике. М. Энергия, 1982 г.

  14. Сафонов А.П. Сборник задач по теплофикации и тепловым сетям. -М.: Энергоатомиздат, 1985. -232с.

  15. Абильдинова С.К., Бергенжанова Г.Р. Су дайындаудың физика-химиялық тәсілдері негіздері. Зертханалық жұмыстарға әдістемелік нұсқаулар. А Э ЖБИ, 2008ж.

4 БІЛІМДІ БАҒАЛАУ


4.1 Оқытушы талаптары
Оқытушының қоятын талаптары:

  • студенттер сабақ кестесіндегі дәрістік және іс-тәжірибелік сабақтарға қатысуға міндетті;

  • студенттердің сабаққа қатысуы сабақтың басында тексеріледі. Студент сабаққа кешіккен жағдайда, дәрісханаға ақырын кіріп, жұмысқа кірісуі керек, ал үзіліс кезінде оқытушыға кешігу себебін түсіндіру қажет;

  • сабаққа екі рет кешігу сабақтан бір рет қалумен тең;

  • балл көрсеткіші арқылы есептелетін жұмыстарды бекітілген мерзімде тапсыру керек. Жұмыс уақытылы тапсырылмаса, қойылатын балл төмендейді. Барлық жұмыстарды тапсырмаған студенттерге емтиханға кіруге рұқсат берілмейді;

  • қанағаттанарлық бағасын алған студентке аралық бақылауды қайтадан өтуге рұқсат берілмейді;

  • Рср = (Р1 + Р2)/2 орташа рейтингісі 50%-дан кем болған студенттерге емтиханға кіруге рұқсат берілмейді;

  • сабақ барысында ұялы телефондарды ажырату қажет;

  • студент сабаққа іскерлік киім киіп келуі керек.



4.2 Баға критериі
Барлық тапсырмалардың түрлері 100 балдық жүйемен бағаланады.

Ағымдағы бақылау апта сайын өткізіледі және оған дәрістерге, іс-тәжірибелік сабақтарға қатысу мен өздік жұмыстарды орындау кіреді.

Білімге ағымдағы бақылау жасау семестрдің 7 және 15 апталарында тест түрінде өткізіледі. Рейтинг келесі бақылау түрлерінен жиналады*:


Аттестаттау кезеңі

Бақылау түрі, меншікті салмақ, %

Лекция

Бақылау

Ауызша жауаптар

Реферат

Өзіндік жұмысы

Коллоквиум

Эссе

Ағымдағы тестілеу

Барлығы

Рейтинг 1

10

20

15

10

10

-

15

20

100

Рейтинг 2

10

20

15

10

10

-

15

20

100

Әр пәннен өткізілетін емтихан емтихандық сессия кезеңінде тест түрінде жүргізіледі.

Пән бойынша студент білімінің қорытынды бағасын құрайтын көрсеткіштер:

- 40% қорытындысы, емтиханда алған баға;

- 60% қорытындысы ағымдағы үлгерім көрсеткіші.

Қорытынды баға есебінің формуласы:


, (1)
мұндағы Р1, Р2 – бірінші, екінші рейтингтердің бағасына сәйкесінше қойылатын цифрлік эквивалент;

Э – емтиханда алған бағаның цифрлік эквиваленті.


Қорытынды әріп түріндегі баға және балл көрсеткішінің цифрлік эквиваленті:

Әріп жүйесіндегі баға

Балл көрсеткішінің цифрлік эквиваленті

Пайыздық түрі, %

Дәстүрлі жүйедегі баға

А

4,0

95–100

өте жақсы

А–

3,67

90–94

В+

3,33

85–89

жақсы

В

3,0

80–84

В–

2,67

75–79

С+

2,33

70–74

қанағаттанарлық

С

2,0

65–69

С–

1,67

60–64

D+

1,33

55–59

D

1,0

50–54

F

0

0–49

қанағаттанарлықсыз


4.3 Қорытынды бақылау жасауға арналған мәліметтер
Қорытынды бақылау жасауға арналған мәліметтер дәрістер курсының сұрақтарынан турады

  1. Жану теориясының арнайы сұрақтары.

  2. Органикалық отынды жағу құбылысының кинетикасы және механизмдері.

  3. Газ, сұйық және қатты отынды жағудың технологиясы.

  4. Отын жағудың қазіргі жүйелері.

  5. Жану телоиясының есебін шешудің сандық әдісі және математикалық үлгілеу.

  6. Жылауалмастырғыштың кеңейтілген беттері.

  7. Жылу және массаалмасуды интенсификациялау әдістері.

  8. Жылу және массаалмасу есептерін шешудің сандық әдістері және математикалық үлгілеу.

  9. Белгілі берілген техникалық жүйелерде өтетін жылу, аэро, гидродинамикалық процестерді моделеу.

  10. Энергетикалық технологиялар мен структуралардың болжамдық сараптамасы.

  11. Болджамдық сараптамадағы математикалық моделдеу.

  12. ЖЭС жобалаудағы жаңа талаптар.

  13. Жаңа ЖЭС жобалау және ескі ЖЭС қайта жаңғарту перспективалары.

  14. ЖЭО – да электр энергиясы мен жылу энергиясын бірлестіре өндіру.

  15. Жылуландырудың артықшылықтары мен кемшіліктері.

  16. Өнеркәсіптік кәсіпорындары жылумен қамтамасыз ету жүйелерінде қазандықтардың, ЖЭО – ның және жылу қолданатын қондырғылардың бірлесе жұмыс істеуі.

  17. Тұтынушыға жылу жіберуді реттеу әдістері.

  18. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың жылуэнергетикалық жүйелері және олардың отын – энергетикалық кешенмен байланысы.

  19. Өнеркәсіптік және жылутехникалық өндірісте энергияның қолданылуы.

  20. Жоғарғы, орта және төменгі темпиратуралы деңгейдегі жылутехникалық өндірістердің энергетикалық сипаттамалары.

  21. Орталандырылған жылумен қамтамасыз ету жүйелерінің классификациясы.

  22. Жылу желілері, классификациясы, сұлбалары, элементтерінің құрылымдары.

  23. Жылумен қамтамасыз ету жүйелерін жобалау және қазіргі заманғы Жылуэнергетикалық нысана жабдығын және жылуэнергетиканы құрылыстауды қайта құру және жаңарту мәселелері.

  24. Энергетикалық жабдықтардың жұмыс сенімділігін қамтамасыз ету.

  25. Қазіргі заманғы құрылымдық және жылуоқшаулағыш материалдар.

  26. Жылумен қамтамасыз ету жүйелерін жобалау және эксплуатациялаудағы қазіргі заманғы компьютерлік технологиялар.

  27. Жылуэнергетика объектілеріндегі энергоаудит негіздері.

  28. Қазіргі заманғы жылу электр станцияларының барлық түрлерінің структурасы мен жұмбіс істеу функциясы.

  29. ЖЭО – да электр энергиясы мен жылу эенргиясын бірлестіре өндіру.

  30. Микро, мини, кіші ЖЭС – тарда жұмыс істеп тұрған орталық (ауданды) қазандықтарды қайта жаңғарту.

  31. Бугазды, газтурбиналы және МГД қондырғыларда энергия өндірудің перспективалы әдістері.

  32. Бутурбиналы және газтурбиналы қондығылардың схемасы және жұмыс көрсеткіштері.

  33. ГТҚ – ң маневрліліг және экономикалық тиімділігі.

  34. ПӘК – н көтеру жолдары.

  35. Екінші реттік энергетикалық ресурстарды (ЕЭР) түрлері; электр және жылу энергиясын өндіруде ЕЭР қолдану.

  36. ЕЭР қолдану және түрлендіру тәсілдері.

  37. Өндіріс қалдықтары және ауыл шаруашылығы қалдықтары; оларды электр және жылу энергиясын өндіруде алғашқы энергия көзі ретінде қолдану тәсілдері мен мүмкіндіктері.

  38. Энергияның қайта жаңғырытатын көздерін қолдану саласындағы ғылыми зеттеулердің негізгі тенденциялары және қазіргі күйі.

  39. Энергияның дәстүрлі және дәстүрлі емес көздері

  40. Энергия көздерінің қоры мен ресурстары

  41. Энергорусурстарды тұтынудинамикасы және энергетикалық шаруашылықтың дамуы

  42. Энергетиканың экологиялық мәселелері; адамның энергетикалық мұқтаждықтарын қанағаттандырудағы дәстүрлі емес энергия көздерінін орны.

  43. Күн эенргиясын қолдану

  44. Күн энергиясын түрлендіру процесстерінін физикалық негіздері

  45. Коллекторлар түрлері; олардың жұмыс істеу принципі және есептелу әдістері

  46. Концентраторлары бар Күн коллекторлары

  47. Жылуды жинақтау

  48. Аккумулятордың түрлері және оларды есептеудің әдістері

  49. Күн электростанциялары.

  50. Геометмиялық энергия

  51. Жер қыртысының жылулық режимі,геометмиялық жылу көздері

  52. Гиометмиялық жылуды электр энергиясын өндіруде және жылумен қамтамасыз ету жүйелерінде қолдану әдістері мен тәсілдері

  53. ГеоЖЭС – ның экологиялық көрсеткіштері.

  54. Энергетикалық кауіпсіздік түсінігі және оны қамтамасыз ету.

  55. Энергетикалық қауіпсіздікке тенетін қатер.

  56. Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

  57. Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының бағдарламасындағы энергетикалық қауіпсіздік аспектілер.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет