5В072300 – Техникалық физика мамандығына арналған


Дәріс 2. Тоңазытқыщ қондырғыларын эксплуатациялау



бет5/18
Дата09.06.2016
өлшемі3.45 Mb.
#124727
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Дәріс 2. Тоңазытқыщ қондырғыларын эксплуатациялау
Дәріс мазмұны
2.1. Эксплуатацияны уйымдастыру

2.2. Тоңазытқыш қондырғыларды қосуға дайындау

2.3 тоңазытқыш қондырғылардың жұмысын ретке келтіру және оптималды режимі

2.4. Тоңазытқыш қондырғылардың техникалық қызмет көрсетуі

2.4.1. Тоңазытқыш компрессорлары мен агрегаттарының техникалық қызмет көрсетуі

2.4.2. Тоңазытқыш компрессорлары үшін жаққыш материалдар

2.4.3. Тоңазытқыш қондырғылары аппараттарының техникалық қызмет көрсетуі

2.4.3.1. Конденсаторлардың қызмет көрсетуі

2.4.3.2. буландырғыштар мен ауалысалқындатқыштардың қызмет көрсетуі

2.4.3.3. Сызықты және циркуляциондық ресиверлердің, аралық ыдысының қызмет көрсетуі

2.4.4. Градирен, шашыратқыш басейндердің, вентиляторлардың, сораптардың қызмет көрсетуі

2.4.5. Техникалық қызмет көрсетудің негізгі операциялары

2.4.5.1. Тоңазытқыш қондырғылары жүйесінен майды жою

2.4.5.2. Тоңазытқыш қондырғылары жүйесінен ауаны жою

2.4.5.3. Ылғалдылықты жою және жүйе герметизациясы

2.4.5.4. Жүйенің хладогенмен және хладотасығышпен толтырылуы

2.4.5.5. Тоңазытқыш қондырғы элементтерінің коррозиядан қорғануы

2.4.5.6. Аппараттардың жылубергіш бетін тазарту әдістері

2.4.5.7. Шағын тоңазытқыш қондырғыларының техникалық қызмет көрсетуі
2. Тоңазытқыш қондырғыларын эксплуатациялау.

2.1. Эксплуатацияны ұйымдастыру.

Тоңазытқыш қондырғыларды эксплкатациялаудың басты мақсаты қондырғының қауыпсіз және берік жұмыс істеуін қамтамасыз ету және тоңазытқыштардың суытқыш камераларында берілген температуралық және ылғалды режимді немесе суық алу үшін минимальді шығындар кезінде технологиялық процессте берілген температуралық режимді ұстап тұру, яғни жұмысты оптималды режимде қамтамасыз ету.

Тоңазытқыш қондырғыларды эксплуатациялау процессі кезінде олардың қосылуын, тоқтатылуын, күйіне бақылау және машиналар мен аппараттардың қауіпсіз функционирленуін, температуралық режимін түзету, техникалық қызмет көрсету, өз уақытындағы тексеріс және жоспарлы-алдын ала ескерту жұмыстарын жүргізуді жүзеге асырады. Бақылау, басқару және қорғау құралдарының жұмысы тұрақты бақылауға алынады, олардың оз уақытында тексерілуі және түзетілуі, хадогентті, жаққыш майды толтыру сұрақтары, рассолдың қажетті концентрациясын ұстап тұру, аппараттардың жылубергіш бетін тазарту, аппараттан өз уақытында майды және ауаны шығару және т.б. Эксплуатация эффективтілігі көбінесе тоңазытқыш қондырғының автоматизациялау дәрежесіне, тәуліктік журналды жүргізу сапасына, техникалық есеп беруге, техникалық және экономикалық анализге байланысты.

Техникалық қызмет көрсету түсінігіне эксплуатациялау процессі кезінде қондырғыға бақылау жұмыстарын жүргізу жиынтығын құрайды.

Тоңазытқыш және хладокомбинатта эксплуатациялау қызметін жалпы басқаруды басты инженер жүргізеді. Оған компрессорлық цех бағынады. Тоңазытқыш цех немесе қондырғы қосалқы обьект болып табылатын үлкен өндірістік кәсіпорындарда олар басты энергетик немесе басты механиктің қызмет құрамына кіреді. Тоңазытқыш қондырғыларды эксплуатациялауды машинист жүзеге асырады. Амиакты тоңазытқыш қондырғыларын эксплуатациялау кезінде техникалық қауіпсіздік міндеттері бойынша компрессорлы цех ғимаратында екіден көп адам болмауы керек.

Тоңазытқыш қондырғыларының жұмысын есептеу және бақылау документінің негізіне ауыспалы тәуліктік журнал жатады. Оны жүргізуші жүргізеді. Тәуліктік журналға тоңазытқыш қондырғылардың режимін сипаттайтын барлық негізгі параметрлер, сонымен қатар режимді түзетудің барлық істері, термоөндеу және сақтау камераларының жұмысы, қондырғы жұмысына ескертулер жазылады. Ауысытруда қондырғының жұмыс уақытын сағатпен, судың, электрэнергиясының және майдың шығынын есептейді. Тоңазықтыш қондырғыны басқаратын адам тәулікті журналды күнделікті тексереді, ауысымдарға жұмыстар береді. Тәуліктік журналдағы мәндер және тіркелетін құралдардың көрсетулері айлық техникалық есеп беруді құрудың негізгі көздері болып табылады. Тәуліктік журналдың жазбалары және айлық есеп берудің нәтижелері бойынша қондырғы жұмысына талдау жүргізіледі.

Тоңазытқыш қондырғылар жұмысын талдау кезінде қарастырылатын кезеңдегі барлық шығындар суықөндіргіштіктің бірлігіне немесе алынған соңғы өнімнің бірлігіне жатады. Көрсеткіштердің нашарлауы кезінде тоңазытқыш қондырғылардың жұмысына талдау жүргізіледі және онын себебін анықтайды.

Энергоресурстарды үнемдеу мақсатында тоңазытқыш қондырғыларын оптималды режимде ғана эксплуатирлеу керек. Тоңазытқыш қондырғыларының жұмысын бағалаудың негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері болып, 1 кВт өндірілген суықтың немесе1 т өнімнің электроэнергия және судың меншікті шығындары жатады.



2.2. Тоңазытқыш қондырғыларын қосу және қосуға дайындау

Тоңазытқыш қондырғыларын қосудың реті оның технологиялық сұлбасына немесе компрессор типіне байланысты. Қосуды технологиялық регламенттің міндеттеріне немесе тоңазытқыш қондырғыларын эксплуатациялау инструкциясына сай жүргізеді.

Жұмысқа тоңазытқыш қондырғыларын қосу ауысым бастығының келісімімен бастайды. Қосу алдында алдыңғы тоқтатудың себептеріне,аппарат күйне байланысты журналдағы ескертпелерге мән бере отырып, ауысым журналының жазбаларымен танысады. Егер тоқтатудың себебі түзетілмеушілік болса, жүргізуші оны жоюы керек. Жүргізуші барлық бақылау, басқару және сигнал беру құралдарының, сақтандырғыш клапандардың және жыртылған мемраналардың дұрыстығын тексеруі керек. Жүйе бітеулігі, май, хладогент, рассол, қосымша бөлшектердің қорлары тексерілуі керек. Егер қондырғыда электроберіліс бар болса анықталған параметрлерді бақылай отырып қорғаушы бөгеттің, жерге орнатылған берілістрің, фундаментті болттардың бекітілу беріктігі тексеріледі.

Үш режимдердің біреуінде агрегатты басқару және автоматты сигнализацияға арналған жасау және пультты зауыттарда копмпрессорлы агрегаттарды жинақтайды: автоматты, жартылай автоматты және аймақтық.

Поршенді компрессорлық агрегатты (2А110-7, 2А 220-7) қосуда былайша дайындайды: тәуләктік журналдан агрегаттың тоқталу себебеін анықтайды. Мысалы, техникалық тексеруден кейінгі агрегаттың қосылуы, жөндеу жұмыстары және авариялық өшіру адменистрацияның жазбаша рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.

Бақылап-өлшегіш құралдардың сырқы түрі мен көрсеткіштеріне қарай және импульсті түтіктердің тығынды вентильдерінің ашықтығына байланысты жұмысқа қабілеттілігін тексере отырып, түзетілген агрегатты қайта тексереді. Фундаментті болттардың тартылысын, тығынды вентильдердің қалыпын (сорғыш вентильдер жабық күйде болуы керек және май бөлгіштен компрессор картеріне майды қайта қосу сызығындағы вентиль), картердағы майдың деңгейін тексереді. Сорғыш және күш түсіргіш коллекторларды дренаждайды. Магистральді құбырдан салқын судың берілу сызығындағы вентильді ашады. Сәйкес келетін жарық сигнализациясына байланысты агрегатты басқару пультінің жұмысқа қабілеттілігін тексереді. Ауыстырғыштың көмегімен жартылай автоматты режим қосылады және Пуск батырмасын басады.

Нәтижесінде электрқозғалтықыш, өндіріс сағатының счетчиктері, компрессордың салқындатылатын рубашкасына судың берілу сызығында соленоидты вентиль ашылады, ал 15 -20 с кейін сорғыш клапандардың пластиналарының жұмысы тоқтайды, яғни бос жүріс. Бастапқы кезең компрессордың картеріндегі және сальнигіндегі майдың әр түрлі қысымдағы майлы сораптың жұмыс істеу қабілеттілігі бақыланады (рұқсат етілген қысымдар айырымы 0,2-0,3 МПа). Картерда қысымның төмендеуі кезінде, қысымды бірқалыпты тұрақты сақтай отырып, ақырындап сорғыш вентильді аша бастайды. Сорғыш вентильді ашу кезінде компрессорға сорғыш құбырдан сұйықтың біраз мөлшері түсуі мүмкін.

Сұйықтың түсуі қысу температурасының кенеттен түсуіне, сонымен қатар сору температурасының төмендеуіне, сорғыш будың қызып кетуіне және шу деңгейінің өзгерісіне байланысты. Көрсетілген құбылыстар кезінде сорғыш вентильді біраз уақытқа жауып қояды да кейін қайта ашады. Сұйықтың үздіксіз түсуі кезінде, сонымен қоса берілген мәннен басқа да бақыланатын параметрлердің ауытқуы болғанда, агрегатқа тән шу және діріл дірежесінің өзгеруі, хладогент және майдың ағып кетуі анықталғанда, ақаулардың мәнін анықтап болдырмау мақсатында басқату пультындағы Стоп батырмасын басу арқылы агрегат тоқтатылады.

Егер ауытқулар болмаған жағдайда, қысым температурасын реттегеннен кейін май бөлгіштен картерге майдың берілу сызығындағы вентильді ашады. Сосын агрегаттың жұмыс режимін бақылайды және алынған мәліметтерді тәуліктік журналға еңгізеді.

Агрегатты тоқтату кезінде моновакуумметр бойынша картердегі қысымның төмендеуін бақылау арқылы алдымен сорғыш вентильді жабады, қысымның берілген мәніне дейін төмендеген кезді Стоп батырмасын басады. Нәтижесінде электрқозғалтықыш, өндіріс сағатының счетчиктері, компрессордың салқындатылатын рубашкасына судың берілу сызығында соленоидты вентиль ашылады, сорғыш клапандардың пластиналарының жұмысы тоқтайды. Айналып тұратын біліктер тоқтағаннан кейін күш түсіретін вентильдер жабылады.

Винттік компрессорлы агрегаттар (21А280-7, 21АН300-7) поршенділер сияқты қосуға дайындайды. Оларды қосу алгоритмы былайша болады. Электрқозғалтқыштың тетігі қосылады, басқару пултінің жұмысқа қабілеттілігі тексеріледі. Жартылай автоматты режим беріледі және Пуск батырмасын басады. Нәтижесінде майлы сорап қосылады, сосын 15 с кейін егер жаққыш жүйе жұмысқа қабілетті боса компрессор қосылады.

Қосу кезінде бақылап-өлшегіш құралдардың көрсеткіштерін бақылап отырады. Агрегат мынандай кезекпен қосылады: сорғыш вентильді жабады және сорғыш қасамның төмендеуі кезінде басқару пультіндегі Стоп батырмасын басады. Ары қарай компрессор, майлы сорап автоматты түрде өшеді, судың берілу сызығы кезінде соленоидты вентиль жабылады және агрегатты келесу қосуларғы дайындай отырып золотник ашылады. Коипрессор роторлары тоқатағаннан кейін күш түсіргіш вентиль жабылады.

Екі сатылы компрессорлық агрегатты қосуға дайындау жоғарғы және төменгі қысымды сатылы компрессорларды дайындау операциясын қосады. Төменгі қысымды сатылы компрессордың электрқозғалтқышын аралық ыдыста қысымын буландырғыш жүйесіндегі қысымға дейін төмендету жолымен тиейді. Бұл үшін аралық ыдыстың булық кеңістігін церкуляциялық ресивермен байланыстырытын түзеткіш сызық қарастырылған. Сонымен қатар аралық ыдыстағы төменгі қысым агрегатты қосу кезінде сұйық хладогенттің қайнап кету мүмкіндігі төмендетеді.

Осылайша компрессорлардың бір уақытта қосылуы кезінде аралық ыдыстағы қысым экпоненциалдық заң арқылы жоғарылайды, бұл аралық ыдыста сұйық хладогенттің қайнап кеуіне жол бермейді. Компрессорлардың бір уақыттық емес қосылуы кезінде аралық ыдыстағы қысым төмендейді, сол себепті хладогенттің қайнап кетуі мүмкін. Бірінші нұсқасы өнімділігі жоғары компрессорлық агрегаттарды (21АД300-7-5, F2MS3-2500) қосуда жүзеге асырылады.

2.3. Тоңазытқыш қондырғыларының жұмысын түзету және оптималды режимі

Барлық машиналар мен аппараттарды қосқаннан кейін толығымен тоңазытқыш қондырғылардың жұмысын түзетуге кіріседі. Түзету қосудың жауапты кезеңі болып табылады, себебі тоңазытқыш қондырғылардың жұмысының негізгі көрсеткіштері аппараттардың температуралық режиміне байланысты: суықөндіргіштігі, судың және электрэнергиясының шығындары, яғни қондырғының үнемділігі. Орнатылған режимге жеткеннен кейін компрессор және буландырғыш арқылы өтетін хладогенттің массалық шығыны, түзеткіш вентиль арқылы өтетін хладогенттің массалық шығынына тең болуы керек. Осыған байланысты түзетудің бітуі – оптималды параметрлер кезінде белгіленген режимге жету.

Тоңазытқыш қондырғының техникалық режимін оптималды деп атайды, су және элекртэнергиясының минимлады шығыны кезінде суықтың максималды өндірілуін айтады. Тоңазытқыш қондырғыларын түзету жұмысының негізгі параметрлеріне: қайнау температурасы, оның конденсациясы, түзеткіш вентиль алдындағы салқындатылуы, сору және күш түсіру жатады.

Қайнау температурасы тоңазытқыш қондырғының үнемділігіне әсер етеді. Салқындатылатын бөлмелердегі немесе хладотасығыштың ауа температурасы және хладогенттің қайнау температурасы арасындағы айырмашылық 7-10 К деп қабылданады. Бірақ жекелеген жағдайларда үнемдіоік басқа да мәнедерге негізделген (К-мен):

Салқындату батареялары және ауасалқындатқыштар 8-10

Жемістерді салқындату камералары 5

Тұрмыстық қондырғылар 15-20

Хладотасығыш салқындатылатын буландырғыштар үшін хладотасығыш пен қайнаудың орташа температурасы арысындағы оптималды айырмашылық аммиак үшін 3-4 К, хладон үшңн 4-5 К. Қайнау температурасының мәніне қондырғының суықөндіргіштігі, қолданылатын қуаты және соған сай меншікті электроэнергия шығыны байланысты. Қайнау температурасы төмендеген кезде суықөндіргіштік төмендейді, ал жоғарылаған кезде қайта жоғарылайды. Осылайша қайнау температурасы 1 К өзгергенде орта есепппен қондырғының суықөндіргіштігі 2-3%, компрессордың пайдаланылатын қуаты - 2% және электрэнергиясының меншікті шығыны 2-3%, өзгереді. Қайнау темпертатурасы өзбетімен орнатылатын параметрлер болып табылады және оның мәні мынандай факторларға байланысты: суытылатын обьектіден жылулық ағынның мөлшері, буландырғыштың жылубергіш бетінің жиілігі, компрессорлар мен буландырғыштар өндіргіштігі арасындағы ұқсастық. Қайнау температурасының мөлшері төмендегенде будың меншікті көлемі жоғарылайды, бұл компрессордың өнімділігінің төмендеуіне әкеп соғады, түзеткіш вентиль алдындағы хладогент және қайнау температурасы арасындағы айырмашылық жоғарылайды, ол өз кезегінде дроссельді жоғалтулардың жоғарлауына әкеледі. Қайнау температурасы төмендеуіне байланысты компрессорда буды қысу дәрежесі, қысу жұмысы, электрэнергиясының меншікті шығыны жоғарылайды. Қайнау температурасының төмендеуіне мынандай себептерден болады: буландырғыш жүйенің хладогенмен дұрыс толтырылмауы, ондағы майдың болуы, буландырғыш камералар батареяларындағы ауа церкуляциясының дұрыс түзетілмеуі, буландырғыштардың сыртқы бетінің коррозия онімімен ластануы және т.б.

Конденсацияның қысымы және температурасы тоңазытқыш қондырғылары жұмысын жөндеудің басты параметрлерінің бірі болып табылады және жылубергіш бетінің күйіне, компрессорлар өндіргіштігіне және ең бастысы суытылатын ортаның мөлшері мен температурасына байланысты. Конденсаторлардағы судың қыздырылуы 4-8 К құрайды. Ауалы салқындату конденсаторлары үшін бұл көрсеткіштер 5-6 К және 6-9 К құрайды. 1 К конденсация температурасының жоғарылауы суық өндіргіштіктің 1-2% төмендеуіне, пайдаланылатын қуаттың 1-1,5% және меншікті электрэнергия шығынының 2-2,5% жоғарлауына әкеп соғады.

Конденсация температурасының жоғарылау себебі болып жылубергіш бетінің бөлігі жүйенің сұйық хладогенмен толтырылуына, оның жүйеде бірқалыпты таралмауына, конденсаторлардағы су циркуляциясының бұзылуына байланысты болады. Бақада себептерге – шаңмен немесе тұздармен конденсаторлардың сыртқы бетінің ластануы жылуберілісінің төмендеуі (жылуберілу коэффициентінің төмендеуі), ал ішкі беті – жағу қалдықтарымен ластануы жатады.

Конденсатордан кейін сұйық хладогенттің салқындату температурасы тоңазытқыш қондырғылары жұмысының эффективтілігін анықтайтын негізгі параметрлердің біріне жатады. Бұл салқындату түрлі салқындатқыштарда, регенеративті жылуалмастырғыштарда, аралық ыдыстарда жүзеге асырылады. Сұйық хладогенттің салқындатылуы тоңазытқыш коэффициентінің жоғарылауына әкеп соғады. Түзеткіш вентиль алдында сұйық аммиакты салқындатудың әрбір градусытоңазытқыш коэффициентін 0,4 % жоғарылатады.

Сору және күш түсіру температуралары тоңазытқыш қондырғыларының жұмысын түзетудің де негізгі параметрлері болып табылады. Бір сатылы және жоғары сатылы компрессорлардың аммиакты машиналарында Сорылатын бу қозуының оптималды мәні 5-10 К, ал төменгі сатылары үшін 10-20 К және хладондықтарды – 10 К аз емес.

Термореттегіш вентилі бар шағын тоңазытқыш машиналарда (ТРВ) ТРВ жұмыс істеуіне қажетті будың минималды қызуы буландырғыштарды 3-4 К температураға дейін рұқсат етілген. Қызудың жоғарылауы буландыру жүйесіне хладогенттің дұрыс берілмеуін көрсетеді. Ал қызудың төмендеуі буландырғышқа хладогенттің артық мөлшерінің берілуімен сипатталады. Бұл компрессордың ылғалды жүрісін туғызады.

Қысым түсіру температурасы конденсация, қызу және қайнау температурасынан соруға және компрессордың техникалық күйіне байланысты. Қысым түсіру температурасы завод қойған талаптардан аспауы керек – аммиакты поршенді үшін - 1300С,хладонды поршенді - 1000С, рациондық - 1100С, аммиакты винттік - 1050С, хладонды винттік - 900С.



2.4 Тоңазытқыш қондырғыларының техникалық қызмет көрсетуі

2.4.1.Тоңазытқыш компрессорлары және агрегаттарының техникалық қызмет көрсетуі

Тоңазытқыш компрессорлары және агрегаттарының техникалық қызмет көрсетуінің мақсаты – күнделікті бақылау жолымен бақылап-өлшегіш құралдарының көрсеткіштерін, олардың жұмыс істеуінің экономикалық және қауіпсіз режимдерін қамтамасыз ету. Есептік режимнен ауытқуы бар компрессорлы қондырғыларды даярлау заводының рұқсатынсыз эксплуатацияға жіберілмейді. Қондырғының жұмысына бақылау басқару пультында орналасқан тіркелген бақылап-өлшегіш құралдардың көмегімен жүзеге асырылады. Жұмыс параметрлерін күнделікті тәуліктік журналға жазылып отырылады.

Тәулік ішінде жүргізуші құралдардың параметрлерін тексере отырып, қызмет көрсететін компрессорлар мен аппараттарды пероидты айналады. Негізгі түйіндердің қызуын құралдар немесе ұстап көру бойынша, майдың және суытылатын судың температурасын, жүйенің жағылу бітеулігін және хладогенттермен коммуникациясын, құралдардың түзетілгіштігін тексереді. Компрессорларды соруға қыздырылған бу ғана беріледі, осыған орай әрбір сатының қысу дәрежесі есептіктен аспауы керек.

Күш түсіру температурасы қайнау, сору және конденсация температурасына байланысты болады. Күш тісіру температурасының жоғарылауы технологиялық себептерге немесе компрессордың дұрыс істемеуіне байланысты болуы мүмкін. Күш түсіру температурасының жоғарылауының технологиялық себептеріне сорылған будың қызуының жоғарылауы және конденсаторда конденсирленбейтін газдардың жиналуынан болуы мүмкін. Сорылған бу қысымының жоғарылауы хладогент жетіспеушілігінен немесе жылу изоляциясының төмен күйінен болуы мүмкін.

Күш тісіру температурасының жоғарылауына себеп болатын компрессордың дұрыс істемеуінің негізгі ақауларына жатады: поршендік тығыздалулар арқылы өтулер (цилиндрдің немесе поршендық сақиналардың тозуы, поршендық сақинанаһың бұзылуы), сорғыш немесе күш түсіргіш клапандарыдың тығыздалмауы (пружиналар серпімділігінің жоғалуы, пластинаның бұзылуы, жаққыш майдың қызуы), цилиндр суытылуының нашарлау және цилиндр жаққыштығының бұзылуы жатады. Цилиндр және поршенді сақиналардың тозуы сияқты ақаулар біртіндеп жүреді және бір тәулік ішінде білінбиді.

Сорғыш клапандардың бұзылғанын күш түсіргіш құбырдың және блоккартерлі компрессор цилиндрлері блогының бас қақпақтағындағы шықтың еруінен байқауға болады.

Күш түсіру температурасының төмендеуі компрессордың ылғалды жүрісін көрсетеді, сол себепті сорғыш будың температурасын тексереді. Шу сипаттамасының, соғу күшінің және ырғағының өзгеруі, жағымсық дыбыстардың пайда болуы компрессорды бөлшекті тексерудің сигналы болып табылады. Белгілі бір дағдыларда стетоскопты қолдану ақаудың орныны және себебеін, поршенді сақиналардың немесе пластина клапанының бұзылуын, мойын тіректердегі саңылаулардың үлкеюін анықтауға көмектеседі.

Хладогенттің ағып кетуін индекаторлардың көмегімен анықтайды. Сақтандырғыш клапанның бітеулігін түтік температурасы бойынша бағалайды. Жылы түтік ағып кетудің барын білдіреді. Салниктің бітеулігін уақыт бірлінде ағатын май тамшыларының саны бойынша анықтайды. Мысалы, компрессорлы агрегаттар 2А110-7, 21А280-7, 2А350-7 үшін 1 мин 6 тамшыдан кем емес (жылдық қтілім кезінде 5000 сағ майлардың ағуы 12 дм3). Сальник бітеулігінің бұзылу себебі: тығыздалған сақиналардың тозуы ( графитті, болатты, фторпластты, резеңкелі), пружиналардың босансуы.

Ротациялық компрессорлардың қызмет көрсетуі кезінде сору және күш көрсету температураларына бақылау жүргізіледі. Цилиндрдің төменгі бөлігінде майдың жинақталуынан соққылар пайда болуы мүмкін. Аммиақ буларымен майды жою үшін сорғыш вентильді ашады және сұйық аммиактың цилиндрге түспуін бақылап отырады. Тоқтатылған компрессорда асботексолит саңылаулары сұйық аммиакпен толтырылуына байланысты пластиналар толып кетуі мүмкін. Толудың жылдамдығы қысымға тура пропорционал ал температураға кері пропорционал.

Винтті компрессорлардың қызмет көрсетуі кезінде майдың қысымына және сапасына, фультирленетін элементтердің жиілігіне хладогент буының температурасы және қысымына бақылау жүргізіледі. Май компрессордың қысу қуысына жылу берілу үшін қажетті мөлшерде беріледі. Қысылған бумен бірге май майбөлгішке келіп түседі. Одан майбөлгіш және сүзгі арқылы насоспен қысу қуысына шашыратылады және сальниктың тығыздалуына беріледі. Тұтқырлықтың жоғарлауы болмас үшін майдың температурасы 250С төмен болмауы керек. Сол себепті винтті компрессорды қосар алдында май сорапты және май қыздырғышты қосады да майдын циркуляциясы майбөлгіш – майсуытқыш – майбөлгіш сақинасы бойынша май қызғанға дейін жүреді. Майды 30-350С дейін қыздырғанда реле іске қосылады және компрессорды қосу блокировкасынан шешеді, пультта лампочка жанады. Сосын компрессорға майды беру вентилдері ашылады және компрессор іске қосылады.

Суықөндіргіштік автматты түрде реттеледі. Буландырғыштың шығысындағы хладотасығыштың берілген температурасына байланысты золотниктің реверсивті қозғалтқышына нұсқау беріледі. Компрессор тоқтағанда золотник автоматты түрде ашылады, бұл оның келесі қосуларын жеңілдетеді.

2.4.2. Тоңазытқыш компрессорлары үшін жаққыш материалдар

Компрессорларды жағуға қолданылатын жаққыш материалдар минералды және синтетикалық болуы мүмкін. Ең көп таралғандары мұнай негізді минералды майлар. Синтетикалық жаққыш материалдардың негізгісі мысалы, этиленді көмірсутегі, алкил, бензол, полигликолдар және басқа да заттар.

Тоңазытқыш компрессорлары үшін жаққыш материалдардың халықаралық классификациясы қолдану шартына байланысты олардың мынандай бөлінулерін қарастырады: егер материал қолдану температурасына байланысты универсал болса DRA t0>-400C кезінде; DRB t0<-400C кезінде; DRC t0>00С кезінде және DRD. Тоңазытқыш майларын белгілену мысалдары: ИСО - L - DRA немесе L - DRA немесе L - DRA - 46, мұнда L – өнімдер классы, D – өнімдер тобы, R – тоңазытқыш материал, 46 - ИСО 3448 бойынша тұтқырлық классы.

Майлар мынадай негізгі міндеттерді қанағаттандыру керек: хладогені бар ерітіндідегі химиялық және термиялық тұрақтылық, конструкциялық материалдарға байланысты инерттілік, улы емес және үнемді.

Жаққыш майлардың қасиетін әр түрлі функционалдық белгіленуі бар легирленген присадколарды еңгізу жолымен жақсартады: антитотықтандырғыш, антифрикциондық, тозуға қарсы, тұтқырлықты, көпіршікке қарсы және т.б. Майларды араластыру арқылы қажетті қасиеті бар жаққыш майларды алуға болады. Жалпы жағдайда мұндай жаққыш материал минералды және синтетикалық майдың аз мөлшерінен тұрады. Компаудтық майлардың мысалы ретінде Zephron 150, SD Refrigerater oil, қосымша құрамы алкилбензол. Негізгі майдың тұтқырлығын жоғарылату үшін жоғары тұтқырлықты салқын емес майларды қосады (мысалы ХА30 майына И50 және МС20) немесе 10-20% синтетикалық майлар (ХС40, КМН). Арине араластырылатын майлар бір бірімен химиялық сәйкес келуі керек және қажетті термиялық және химиялық тұрақтылыққа ие болуы керек. Мысалы мынадай майларды араластырмау ұсынылады: ХФ22с-16 және ХФ22- 24, ПФГОС-4 және ХС-40, Arctic SHC 226 басқа майлармен.

Жаққыш материалдардың таңдалуы хладогентпен қолданылатын компрессор типіне байланысты. Аммиакты компрессорларға арналған майлардың негізгі міндеттеріне жатады: 400С температурадағы тұтұырлығы 45-50 мм2/с көп емес, шоқтың температурасы 180-1900С.

Аммиактын маймен нашар еруіне байланысты аппараттарда және буландыру жүйелерінде жинақталуынан көп мөлшері жоғалады. Сол себептен аммиакты компрессорларға арзан минералды майлар қолданылады (ХА30, Clavus 46). Аммиакта еритін және компрессорларда, шағын сауда тоңазытқыш қондырғыларында пайдаланылатын полигликоль негізді синтетикалық майлар пайда болды.

Хладонды тоңазытқыш компрессорларда 400С температурада тұтқырлығы 25 тен 100 мм2/с дейін болатын синтетикалық және минералды майлардың көп мөлшері қолданылады. Синтетикалық көмірсутегілі майларды (ХС40, Arctic SHC 230) негізінен винтті компрессорларда қолданады. Себебі олардың тұтқырлығы жоғары болғандықтан саңылаулар арқылы ағып кетуді, сонымен қоса хладогент буының балласты мөлшерін төмендетеді, осылайша компрессордың ПӘК жоғарылатады.

Кожухотүтікті буландырғыштары бар хладонды қондырғылар үшін қыздырылған будың жоғары ерігіштігі бар маларды таңдайды. Төменгі температуралық қондырғыларда сұйық хладогентте жоғары ерітімділігі бар майлар қолданылады мысалы, ПФГОС4 R22 бар, ХФ22с-16 R22 бар, ХФ12-16 R12 бар, ХК57 R22 бар, КМН R13, 132-244 R13 баржәне т.б.

Озонды қауіпміз хлодондар (R134a, R32, R125), олардың бинарлы (R507, R410A) және үштік ерітінділері (R404A, R407C) минералды және синтетикалық майлармен шекті еруге ие. Полиолевті негіздегі майлар тоңазытқыш қондырғыларының компрессорлары үшін қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет