6 дəріс Кредиттік технологияға өту кезеңінде бейорганикалық химияны оқыту ерекшеліктері



Pdf көрінісі
Дата19.10.2023
өлшемі124.6 Kb.
#481151
6 лекция



6 дəріс 
Кредиттік технологияға өту кезеңінде бейорганикалық химияны оқыту 
ерекшеліктері 
Дəріс жоспары: 
1.Кредиттік оқыту жүйесінің кемшіліктері 
2.Кредиттік оқыту жүйесінің қалыптасу тарихынан: шетелдік жəне 
Қазақстандық тəжірибе 
Кредиттік оқыту технологиясы шын мəнінде көзделген мақсаттарына жетсе, 
оқу процесі мен білім беру процесі өте жоғары деңгейде жүзеге асырылатын 
еді. Себебі, кредиттік оқыту технологиясының студенттер мен оқытушыларға 
берер артықшылықтары өте көп. Дегенмен, тəжірибе көрсетіп отырғандай, 
кредиттік оқыту технологиясы əлі де толық ендірілмеген, кредиттік оқыту 
жүйесін енгізу барысында оның кейбір механизмдерінің іске аспай 
қалғандығын байқауға болады. Оған дəлел ретінде бірнеше мысал айтуға 
болады. Ең алдымен еліміздегі білім беру процесіне тікелей қатысатын 
оқытушылар мен білім алушылардың үлкен екі топқа бөлінгенін аңғаруға 
болады: кредиттік оқыту технологиясын жақтаушылар жəне оған қарсы 
шығушылар. Көптеген оқытушылар өздерінің теріс пікірлерін дəріс 
сабақтарының ұзақтығына сəйкес білдіріп жатады.
Кредиттік оқу жүйесі бойынша жоғары оқу орындарында қызмет атқаратын 
оқытушы-профессордың атқаратын қызметтері- ассистент,доцент,профессор 
деп аталады. Жоғары жəне жоғары кəсіптік білім беру білімдік кəсіптік 
бағдарламаның негізгі мазмұны Мемлекеттік білім стандарты жəне оқу 
жоспарлары негізінде іске асады. Оқу жоспары үш түрлі формада қамтылады: 
типтік оқу жоспары; жұмыс оқу жоспары; жекелей оқу жоспары-əрбір жеке 
студентің білім траекториясын анықтайды. Типтік оқу жоспарын Қазақстан 
республикасы Білім жəне Ғылым министрлігіне қарасты оқу-əдістемелік 
бірлестіктер жасайды. Жұмыс оқу жоспары - Қазақстан Республикасы Білім 
стандартты жəне типтік оқу жоспары негізінде жасалады. 
Кредиттік оқу жоспары білім бағдарламасының мазмұнын меңгеруге 
байланысты пəндердің үш тобын қамтиды: 
А тобына – міндетті жəне жүйелі түрде енетін пəндер жатады; 
В тобына – міндетті түрде оқылатын пəндер кіреді, бірақ жүйелілік 
сақталмайды; 
С тобына - кез-келген академиялық кезең барысында студенттің қалауы 
бойынша өтілетін пəндер кіреді. 
Жұмыс оқу жоспарына: жалпы білім беретін циклға кредиттің 25 пайызы 
беріледі. Жұмыс оқу жоспарына енетін міндетті негізгі пəндер: Қазақстан 
тарихы, философия, қазақ (орыс) тілі, шет тілі, математика (мəдениет жəне 
гуманитарлық мамандықтардан басқа), информатика, өмірқауіпсіздігі негіздері, 
экология, дене тəрбиесі. Дене тəрбиесі пəні оқытудың қосымша түрі негізінде 
іске асады, оған типтік оқу жоспарында кредит берілмейді. 


Кредиттік оқыту жүйесінің негізі – студенттің өз бетімен дамуына мүмкіндік 
туғызу. Студенттің іс-əрекетін ұйымдастыра алуы жəне білімін жетілдіруге 
қабілетін дамыту мақсатын іске асыру үшін оқытушы мен студент арасында 
типтік цикл іске асады. Ол: оқытушының студентпен жұмысы; студенттің 
оқытушы басшылығымен атқаратын өз бетінше жұмысы; студенттің өз бетінше 
жұмысы. 
Оқытушының студентпен жұмысының негізгі атқаратын функциялары: 
- тұрақты (тақырып, тақырыпқа кіріспе, мақсат пен міндет, практикалық 
маңыздылығы, материалдың негізгі бөлімдерімен өзара байланысы, оқу-
əдістемелік құралдармен жұмыс істеуге ұсыныстар қамтылады); 
- бақылау (жекелей кеңес беру арқылы студенттің өз бетінше жұмыс істеудегі 
оқу іс-əрекетін іске асыруды қамтамасыз ету); 
- бағалау (студенттің білімі мен біліктілігін бағалау, сабақ процесінде кездескен 
қиындықтан шығу жолдары, ақыл-кеңес беру). 
Студенттің оқытушы басшылығымен жүргізілетін өз бетімен жұмысы (СОӨЖ): 
материалды қосымша оқуға бағытталған; СОӨЖ оқу кестесіне жəне студенттің 
апталық жүктемесіне енеді; СОӨЖ студенттермен кеңес беру, интерактивті 
формадағы сабақтар өткізу, үй тапсырмасын, бақылау жұмыстарын тексеру, 
қосымша кеңес алу, рейтинг көрсеткіші төмен жəне берілген тапсырманы 
орындауға қиналатын студенттер үшін ақыл-кеңес беру, курстық, бақылау 
жұмыстарын орындау кіреді. СОӨЖ оқытушының оқу жүктемесіне енеді. 
Жұмыс оқу жоспарында қамтылған пəндердің 70 пайызы студенттің өз бетінше 
жұмысына беріледі, оның 50 пайызы СОӨЖ-ге берілсе, ал, 20 пайызы 
студенттердің өз бетінше жұмысына беріледі. 
Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың 
ережесін бекіту туралы ҚР Білім жəне ғылым министрінің бұйрығының 3-тарау, 
23-тармағына сəйкес бір академиялық сағат дəрісханалық сағаттың 50 
минутына тең. Осыған байланысты аталған жаңашылдыққа қарсы шығып 
жатқан педагогтардың саны да аз емес. Кез келген педагогқа қатысты туындаған 
мəселе – ол уақыттың жетіспеуі, яғни бұрынғы сызықтық жүйе бойынша сабақ 
ұзақтығы 1,5 сағат болса, ал қазір небəрі 50 минутты құрайды. Ал пəндердің 
мемлекеттік стандарттары ешбір өзгеріссіз қалған, сол себепті педагог оқу 
материалын дəл сол қалпында, бірақ екі есе аз уақытта жеткізуі тиіс [7]. 
Жоғарыда аталған бұйрықтың 31-тармағына сəйкес оқу сабақтары басым түрде 
белсенді шығармашылық нысандарда жүргізілуі тиіс (кейс-стади, іскерлік 
ойындар, тренингтер,диспуттар, дөңгелек үстелдер, семинарлар) [4]. Демек, 
сызықтық жүйедегі қалыптасып қойған бір сарынды дəрістер бұдан былай 
жүргізілмеуі тиіс болатын еді. Білім беру барысында студенттердің өзіндік 
шығармашылық жұмыстарына, ғылыми-зерттеу жұмыстарына баса назар 
аударылуы тиіс еді. Кредиттік оқыту жүйесі бойынша сабақ үстінде дəстүрлі 
дəрістердің орнына оқытушы студенттерге тек қана бағыттар көрсетіп, оқу 


материалында аса көңіл бөлінуі тиісті сұрақтарға ғана назар аудартуы қажет. 
Яғни, бұл жүйе бойынша студенттер силлабустарда көрсетілген тақырыптарға 
сəйкес дəрістерге алдын ала дайындалып келіп, дəріс уақытында оны талқылап, 
қосымша сұрақтар қою арқылы өз білімдерін бекітуі тиіс. Дегенмен, қазіргі 
кездегі жоғары оқу орындарындағы нақты жағдайға келетін болсақ, 
студенттердің дəрістерге дайындалмай келетінін, ал оқытушының дəрісті 
монотонды оқып беруін анық көруге əбден болады. 
Кредиттік оқыту бойынша жоғары оқу орындары білім берудің инновациялық 
тəсілдерін қолдануы тиіс. Яғни, кез келген жоғары оқу орны тиісті материалды-
техникалық құралдармен толық қамтамасыз етілуі тиіс. Компьютерлік 
сыныптар, мультимедиялық құралдар, спутниктік телекөрсетілім, электронды 
кітапхана қоры, Интернет желісі – бұның бəрі жаңа оқыту жүйесінің негізгі 
техникалық құралдары. Дегенмен, еліміздегі ең үздік деп танылған ұлттық 
университеттерінде де бұл жаңашылдықтардың өте аз болуы тиісті деңгейде 
білім беруге кедергі келтіреді. Қазір компьютер, интерактивті тақта, 
мультимедиялық проекторы бар, кез келген жерде жоғары жылдамдықты 
желісіз интернет Wi-fi бар, яғни сабақ өткізуге материалдық-техникалық базасы 
толық қамтылған аудитория саны өте аз. 
Кредиттік оқыту бойынша білімді бақылаудың негізгі əдісі ретінде 
компьютерлік тестілеу қарастырылады. Семестр барысында екі рет аралық 
бақылау жүргізіледі. Дегенмен, кейбір оқытушылардың пікірінше тестілеу білім 
алушылардың білімін тексеруге толық мүмкіндік бермейді. Себебі, студенттер 
қорытынды бақылауға өз бетінше ізденіп дайындалудың орнына дайын тұрған 
тест сұрақтары мен жауаптарын жаттап алып жатады [8]. 
Сонымен бірге кредиттік оқыту технологиясының жағымды жағы ретінде 
таңдау еркіндігін айта аламыз. Кез келген студент өзіне қызықты элективті 
пəнді таңдауға, сонымен бірге сабақ беру əдісі мен əдістемесі ұнайтын 
оқытушыны таңдауына еркіндік берілген [11]. Яғни, студент оқытушыны өзі 
тандауы қажет. Сонда ғана оқытушының бəсекелестікке қабілеттілігі артады, 
сұранысты қанағаттандыра алатындай жағдайда болуы жəне үнемі білімін 
қазіргі талапқа сай жетілдіріп отырады. Ол оқытушының өз жұмысына деген 
жауапкершілігі мен қатар материалдық жағынан қамтамасыз етілуіне де 
мүмкіндік береді [12]. Мəселен, АҚШ университеттерінде студенттер сабақ 
кестесін өздері белгілеп, арнайы профессорларымен жеке, кей жағдайларда онға 
жуық студенттер болып қалаған уақыттарында оқиды. Шетелдік Болон 
жүйесінде топтық оқу мүлде жоқ, яғни, еркіндік басым. Кредиттік жүйенің 
тиімділігі кез-келген студенттің өзінің бейіміне қарай қалаған пəнін таңдай 
алады . 


Негізі, ең алғаш рет кредиттік-сағаттық жүйе немесе оны кейде «кредиттік 
сағаттар» деп аталатын жүйе АҚШ-та туындаған болатын. Атап айтқанда, 1869 
жылы Гарвард университетінің Президенті, атақты америкалық білім беру 
қызметкері Чарльз Элиот «кредиттік-сағаттық» түсінігін енгізді. Нəтижесінде 
1870-1880 жылдары кредит-сағаттар арқылы өлшеуге болатын пəндердің 
көлемін шешетін жүйе енгізілген еді. 1892 жылы «кредиттік-сағаттық» жүйе 
дамуының екінші кезеңі басталды. АҚШ ұлттық білім беру комитеті орта 
мектептерде оқыту бағдарламасын стандарттауда, «колледж-мектеп» сатысын 
жақсарту мақсатында, колледждерде ғана емес, мектептерде де «кредит» 
түсінігін енгізді. Сондай-ақ, бакалавр бағдарламасы мазмұны көлемін кредиттік 
бағалау жүйесін магистрлік жəне докторлық білім беру сатыларына енгізді. 
Бакалавр деңгейін алу (Bachelor of Arts, BA немесе Bachelor of Science, BSc) 
төрт жылдық оқытуды көздейді. Осы уақытта студент шамамен 40 пəнді, 
орташа алғанда əрбіреуінде 3 кредитті игеруі қажет. Бірінші жəне екінші жыл 
базалық білім алуға арналады (шамамен 60-68 кредит) жəне ассоциацияланған 
(Associates) деңгеймен аяқталады, үшінші жəне төртінші жылдары арнайы 
пəндерді қарқынды оқытуға арналады. Барлық оқыту біліктілік емтиханымен 
аяқталады. 
Ұлыбританияда оқыту жүйесі Біріккен Корольдіктің СATS (Credit Accumulation 
and Transfer Scheme/System – Схема/ Кредиттерді жинақтау жəне беру жүйесі) 
кредиттік жүйесіне негізделген, оның мақсаты əрқайсысы үшін белгілі бір 
кредит санын белгілеу арқылы əртүрлі біліктілік куəліктер жүйесін реттеу жəне 
бір ізге келтіру болып табылады. Кредиттерді жинақтау жəне тапсыру жүйесі 
Біріккен Корольдікте, Оңтүстік Африкада жəне Жаңа Зеландияда таратылған. 
СATS-та академиялық жыл 1200 шартты оқу сағаттарынан немесе 120 
кредиттен тұрады, бір британ кредиті 10 шартты оқу сағатына тең. Шартты оқу 
уақыты деп оқушы оқу нəтижелеріне қол жеткізу үшін орташа алғанда 
шығындауы қажет сағат саны деп түсініледі. Шартты уақытқа аудиториялық 
сабақтар, негізгі практикалық жұмыс, жобамен жұмыс, жеке сабақтар, 
емтихандарға дайындық жəне тапсыру, басқаша айтқанда, аталған деңгейде 
нəтижелерге қол жеткізуге қатысы бар барлық оқыту жатады. 
Британ университетінде бакалавр дəрежесін алу үшін 3 жыл оқу керек. 
Сонымен қатар 360 британ кредитін жинау қажет. Төртінші жылы студенттерге 
бакалавр ӛте жақсы белгісімен» (Bachelor with Honours) дəрежесін алу 
мүмкіндігі беріледі. Бүкіл университеттердің медицина, стоматология жəне 
сəулет факультеттерінде оқу жеті жылдан артық созылады. 
Шотландияда СATS-ке негізделген Шотландияның САТ жүйесі қолданылады, 
онда Біріккен Корольдіктің барлық қалған бөліктері бакалавр деңгейінде оқыту 
3 жылға емес, 4 жылға созылады. Бұл Біріккен Корольдіктегі Шотландия 
жоғары оқу орындарымен пайдаланылатын алғашқы ұлттық жүйе. 
Германияның білім беру жүйесі бастауыш, орта жəне жоғары мектептен 
тұратын классикалық құрылымды болып келеді. Осы құрылымның барлық 


деңгейінде мемлекеттік, сондай-ақ, жеке білім беру мекемелері ұсынылған, 
соңғысының саны біршама аз. 
Германияда жоғары білім берудің басты қағидасы академиялық еркіндік – кез 
келген студентке оның дипломына енетін пəндер тізімін дербес анықтауға 
мүмкіндік беретін жүйе болып табылады. ГФР білім беру жүйесі оқу үрдісін 
ғылыми зерттеулермен қиыстыруды мақсат етеді. Бұл ерекшеліктер 
университеттердегі оқу үрдісі кестесін анықтайды: əрбір семестр дəрістік 
кезеңдерден (14-20 апта) жəне дəрістік емес кезеңдерден тұрады, соңғы кезеңде 
студент жеке ғылыми жұмыспен айналысады. 
ГФР жоғары білім беру мекемелерінде оқытудың орташа ұзақтығы бес жылды 
құрайды, сонымен қатар, төрт жылдық курстармен жоғары оқу орындары да 
кездеседі. Конкурстық жүйе бойынша қабылданатын жоғары оқу орындарына 
түсер алдында талапкерлер ақылы дайындық курстарында оқытудан өтуі 
мүмкін. Семестр ішіндегі оқыту 
қорытындылары есептеу ұпайларында көрінеді, ол студентке əрбір сессиядан 
кейін беріледі. Университеттік курс екі кезеңге бөлінген: базалық (3-4 семестр), 
оның қорытындысы бойынша лицензиат дəрежесі беріледі жəне негізгі (4-6 
семестр), оның қорытындысы бойынша магистр дəрежесі беріледі. 
Базалық оқыту деңгейін аяқтағаннан кейін дипломалды емтиханы өткізіледі. 
Дипломдық емтихан жаратылыстану, техникалық, əлеуметтік жəне 
экономикалық ғылымдар курстарын аяқтағаннан кейін жүргізіледі. Басты 
дипломдық емтихан үшін дипломдық жұмыс жазу керек, ол 1 жəне 2 семестрді 
қамтуы мүмкін. Университеттермен жəне оған теңестірілген жоғары оқу 
орындарымен берілетін мемлекеттік диплом жоғары білімді талап ететін 
кəсіптер бойынша жұмыс істеуге құқық береді. 
Магистр ғылыми дəрежесін алу – гуманитарлық ғылымдар оқуының 
академиялық аяқталуы. Ол кемінде 6 семестрді қамтиды. Магистр ғылыми 
дəрежесін алуға алғышарт магистрлік емтихандарды табысты тапсыру болып 
табылады. Мемлекеттік диплом мен магистр дəрежесін алғаннан кейін герман 
жоғары оқу орындарының бітірушілері доктор дəрежесіне (Doctorate) емтихан 
тапсыра алады немесе диссертация қорғай алады. Бұл дəрежені оқытушылық 
тəжірибесі жəне алдын-ала біліктілік емтихандарын тапсырған студенттер ала 
алады [2]. 
Қазақстанда кредиттік оқыту жүйесі 1990-жылдардың ортасынан бастап 
қалыптасты. Республикалық ЖОО-лар арасында ең алғашқы болып бакалавриат 
(1994) пен магистратура (1996) бөлімдерін ашқан əл-Фараби атындағы Қазақ 
ұлттық университеті болды. Қазіргі уақытта Қазақстанда екі кезеңді (3 сатылы) 
орташа білім беру жүйесін енгізу белсенді жүзеге асырылуда. 
Ұлттық білім беру бағдарламаларын халықаралық деңгейге сəйкестендіру 
мақсатында, оқушылардың білім беруді ұйымдастырудың профессорлық-
оқытушы құрамының мобильдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ, жоғары жəне 
жоғары оқу орнынан кейінгі кəсіби білім берудің барлық деңгейлері мен 
сатыларының бірізділігін қамтамасыз ету жəне білім сапасын арттыру 
мақсатында, «бакалавр-магистр-доктор» мамандарын дайындаудың үш сатылы 
құрылымы екі деңгей бойынша енгізіледі: жоғары білім (бакалавр- магистр) 


жəне бірыңғай кредиттік оқыту жүйесі бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі 
білім (доктор).


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет