6 сынып. 4-тоқсанның жиынтық бағалауы тыңдалым Зергерлік бұйымдар



бет1/5
Дата16.05.2024
өлшемі60.35 Kb.
#501273
  1   2   3   4   5
6-сынып тжб 4-тоқсан




6 сынып. 4-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУЫ
Тыңдалым
Зергерлік бұйымдар
Қазақтардың зергерлік бұйымдары — қазақтардың ұлттық зергерлік бұйымдары, яғни асыл металдарды әшекейлеп өңдеп, көп жағдайда қымбат тастармен безендіріп алынатын бұйымдар.
Тұмарша - ырымдық зат. Оған кез-келген бұйым арнайы жасалған қымбат заттар да алынған, оларға жазу жазылып, бедер суреттер түсірілген. Бойтұмарды алқаға, кішкене қорапшаға салатын болған.
Жүзік сақина әйелдердің саусақтарына тағылатын зергерлік бұйымдардың бір түрі – жүзік немесе сақина деп аталады. Зергерлер алтыннан, күмістен құйып, қақтап, соғып, шекімелеп, қара ала жүргізіп шиыршық темірден торлап, небір тамаша өрнектер салып, асыл тас қондырып алуан түрлі жүзіктер жасаған.
Шолпы шаш теңге. Бұл бұйымдарды қыз-келіншектер шаштарының ұшына тағады. Шаш теңгелер мен шолпылар әсем шиыршықталған күміс үзбе бауларға бекітілген тоғыз теңгеден тұрады.
Шашбау бір-біріне сым үзбелер арқылы бекітіледі. Орталарына асыл тастардан көз қондырылған теңгелер тізбегінен құралады
Білезік сыңар қолға да, қос қолға да тағыла береді. Бірнеше бөлшектен құралған. Соған орай оларды сом білезік, жұмыр білезік, бес білезік деп атайды.
1. Мәтінде кездесетін сөздерді белгілеңіз.
А) Қазақ, ақыл, білім
В) Бұйымдар, жүзік, шашбау
С) Адамдар, білім, еңбек
Д) Зерттеу, адамдар, күш
1 балл
2. Мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз.
А) Ұлттық өнер
В) қазақтың тарихы
С) отбасы
Д) білім
1 балл
3. Тыңдалым мәтіні мазмұны бойынша 1 «шын» ақпаратты белгілеңіз.

Мәтіндегі ақпараттар

Шын

Жалған

А Адамдардың өмірін суреттейді







В Қыс мезгілін суреттейді







C Ұлттық бұйымдарды суреттейді









Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет