Орындаған: Казиева Диляра Ісіну синдромы



Дата19.05.2022
өлшемі47.75 Kb.
#457539
Казиева Диляра пдб


Орындаған: Казиева Диляра
Ісіну синдромы
Ісіну синдромы — бүйректік ісінулердің өзіне тән белгілері болады. Олар көбінесе — қабақтың асты мен үстінде, бет аймағында пайда болады. Бүйректік ісінулер тез басталып, ұлғайып, тез жоғалады. Тері асты шелдерімен қатар ішкі мүшелер де ісінеді. Кейін сұйықтық өкпе, жүрек қаптары, құрсақ қуыстарында жиналады.
Ісікті пальпация әдісімен анықтайды. Ісінуді Мак-Оддриджтің күлдіреуік сынамасымен де дөлелдеуге болады: ол үшін білектің ішкі беткейлік аймағына тері ішіне 0,2 мл изотоникалық хлорлы натрий ерітіндісін енгізгеннен кейін теріден күлдіреп шығып тұрады. Ол тіннің ісінуге бейімділігі неғұрлым көп болса, соғұрлым тез пайда болады. Қалыпты жағдайда сау адамда күлдіреуік бір сағат бойына тұрады.
Айқын ісіну синдромының динамикасын бақылау үшін оқтын-оқтын қайталап жүргізілетін мынадай шаралар керек: науқастың дене салмағын, аяқ-қол жөне құрсақ қуысының шеңберін өлшеу, ішкі ағзалардағы судың балансын (тәулік бойына ішкен және бөлінген сұйықтың көлемдік қатынасы) анықтау бұл зерттеу емдеу кезінде көп жәрдемін тигізеді.
Бүйрек ауруларындағы ісіктердің пайда болу себептері әр түрлі болады:
1. Капиллярлар қабырғаларының өткізгіштігінің жоғарылауы (қан сарысуының гиалуронидазаның белсендігінің артуы, кальций мөлшерінің азаюы, қанның РН-ның өзгеруі) үлкен рөл атқарады, бұл жағдайда қан тамырларынан тіндерге сумен белоктардың өтуі күшейе түседі. Капиллярлар өткізгіштігінің жоғарылауына байланысты пайда болған ісік тері асты шелінде, әсіресе қан тамырларына бай тіндерде жиі жиналады.
2. Коллоидты-осмотикалық (гипопротеинемиалық) ісіктер бүйректердің нефротикалық синдромы мен амилоидозы кезінде байқалады. Бұл жағдай протеинурияның күшеюіне байланысты туатын қан плазмасының онкотикалық қысымының төмендеуімен және өткізгіштігі күшейген капиллярлар қабырғалары арқылы белоктың тінге өтуіне байланысты болады. Әдетте гипопротеинемиялық ісінулер қан құрамындағы белоктың мөлшері 3,5—4,0 %-ке тең болғанда, ал альбуминдер 1—1,5 %-тен азайғаңда пайда болады. Гипопротеинемиялық ісінулер тек нефротикалық синдроммен бүйрек амилоидоздарыңда ғана емес, олар ұзақ ашығудан ащы ішек қызметінің бұзылуынан, катерлі ісік кезінде және т. б. плазма белогының құрамын төмеңдететін ауруларда пайда болады.
3. Натриемиялық ісіктер — қанда және тіндерде натрий иондарының жиналуына байланысты өрбиді. Натрий иондарының организмде артық мөлшерінің жиналуы ісінулер туғызады (осмотикалық тепе-тендік бұзылады). Гипернатриемия бүйрек ауруларында жоғарылаған капиллярлар өткізгіштігінің қызметін және гипопротеинемияны күшейтетін қосымша фактор болып табылады. Гипернатриемия механизмінде гормондық факторларға, әсіресе қанға бүйрек үсті безінің гормоны альдостеронның жөне гипофиздың артқы бөлігінің — антидиуретикалық гормонның артық мөлшерде бөлінуіне үлкен маңыз беріледі. Альдостерон натрий иондарының реабсорбциясын күшейтіп, оның қандағы концентрациясын және тіндерде жиналуын көбейтеді. Қанда натрий иондарының концентрациясының жоғарылауы осморецепторларды тітіркендіреді және гипофиздың антидиуретикалық гормонының көп мөлшерде бөлінуіне әсерін тигізеді, ол шеткі түтікшелерде судың қайтадан сіңірілуін одан әрі күшейе түседі. Егер ісіктің алғашқы себептері сақталатын болса сұйықтық қан арнасында кідірмей, оның тіндерге өтуі ары қарай жалғаса береді, яғни ісік үлкейе түседі.
4. Жедел түрде уланған науқастарда зәрдің бүйректермен түзілуінің кенеттен азаюынан немесе тоқтап қалуынан (анурия) және бүйректердің созылмалы ауруларының ең соңғы сатысында ісінулер пайда болады. Натрий мен судың жиналуы созылмалы гломерулонефритте бүйрек шумақтарының зақымдануынан және оның сүзгіснің азаюынан, сонымен қатар бүйректік қан айналымының гиповолемиялық төмендеуі кезінде де (қатты қансырау, шок) болады. Бірақ ісінудің дамуында бүйректегі шумақтық сүзгінің төмендеуі негізгі себеп-шарттар болып есептелмейді. Оның маңызы басқа қосымша жағдайлардың туындауында ғана артады.



"Бозғылт" ісіну негізінен бет, қабақ аймағында, таңертең пайда болады, ауыр жағдайларда анасарка, гидроторакс, гидроперикард, асцит болуы мүмкін. Қысқа уақыт ішінде дене салмағының өсуі 15-20 кг немесе одан да көп болуы мүмкін, бірақ 2-3 аптадан кейін ісіну тез жоғалады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет