64-шығарылым «Мал шаруашылығындағы жұмыс» бөлімі Астана 2010 Кіріспе



бет1/5
Дата17.06.2016
өлшемі465 Kb.
#142165
  1   2   3   4   5
Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрінің

2010 жылғы 1 қыркүйектегі

№ 306-ө бұйрығына

қосымша


Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің

біріңғай тарифтік-біліктілік

анықтамалығы
64-шығарылым
«Мал шаруашылығындағы жұмыс» бөлімі

Астана 2010

Кіріспе
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің біріңғай анықтамалығының (БТБА) 64-шығарылымы «Мал шаруашылығындағы жұмыс» бөлімі.

Осы БТБА шығарылымы КСРО МЕМеңбеккомитетінің және КОБОК-нің 1983 жылғы 19 шілдедегі № 156/15-28 қаулысымен бекітілген, бұрын қолданылып келген БТБА-ның 70-шығарылымы алынды. Негізіне техникалық прогресті, техникалық-ұйымдық жағдайлардың өзгеруін, өнімнің сапасына, жұмысшылардың біліміне, жалпы білім және кәсіптік даярлығына; өнімнің ішкі және сыртқы нарықтағы сапасы мен бәсекеге қабілеттілігіне қойылатын өскелең талаптарды, еңбек мазмұнының өзгеруін ескерілді.

«Мал шаруашылығындағы жұмыс» бөлімі мал шаруашылығында және ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы, орман шаруашылығының басқа да ұйымдарында істейтін жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын қамтиды.

Тарифтік-біліктілік сипаттамалар ерекше айтылған жағдайлардан басқа, осы бөлімде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдарда, меншік және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, ерекше белгіленген жағдайларды қоспағанда, жұмыстарды тарифтеу және жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру кезінде міндетті болып табылады.

Жекелеген кәсіптердің төмен разрядтағы жұмыс сипаттамасында өндіріс жағдайларына немесе орындалатын жұмыстың сипатына қарай, жекелеген жұмыстарды орындау біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшының басшылығымен жүргізіледі деп жазылған. Мұндай жағдайларда, біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшы біліктілігі анағұрлым төмен жұмысшыларға басшылық ете білуі және осы басшылықты жүзеге асыру білуге тиіс.

Тарифтік-біліктілік сипаттамаларда көзделген жұмыстардан басқа, жұмысшылар ауысымды қабылдаумен және тапсырумен, өзінің жұмыс орнын, жабдықты, құралдарды, айлабұйымдарды жұмысқа уақытылы дайындаумен және оларды тиісінше ұстаумен, белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізумен, байланысты жұмыстарды орындауға тиіс, сондай-ақ брак түрлерін, олардың себептері мен алдын алу тәсілдерін білуге тиіс.

Тарифтік-біліктілік сипаттамаларын пайдаланудың, разрядтарды берудің және арттырудың, өзгерістер мен толықтырулар енгізудің тәртібі БТБА І шығарылымында орналастырылған Жұмыстар мен кәсіптердің бірыңғай тарифтік-біліктілік сипаттамаларының «Жалпы ережелерінде» берілген.


Жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары
1. Сауыншы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Өнімділігі 3,5 мың.кг сүтке дейінгі сиырларды қолмен сауу. Биелерді, саулықтар мен ешкілерді қолмен сау. Малдың желінін уқалау, жуу және сүт алудың жылдамдығы мен толықтығы мен сүттің тазалығына әсер ететін басқа да операцияларды орындау. Малдың желінін күту жөніндегі ветеринарлық-санитарлық жұмыстарды жүргізу. Жемазықты дайындау және таратып беру. Малды, тұратын орны мен оттықтарын тазалау. Сүт ыдыстарын жуу және тазалау.

Мал бағуды жақсарту, сүт өнімділігін арттыру мақсатында малды теңгермелі қоректік заттармен азықтандыру, жоғары сапалы сүт алу және бұзау басын көбейту жөніндегі іс-шараларды орындау. Жануарларды жасанды ұрықтандыруға немесе шағылыстыруға дайындау. Бұзаулайтын күні таяған сиырлар мен қашарларды белгілі бір мерзімде бұзаулау бөлімшесіне ауыстыру. Жануарларды алдын ала емдеумен, жасанды ұрықтандырумен байланысты іс-шараларды жүргізу кезінде мал дәрігері қызметкерлеріне көмек көрсету. Мал ауруының болдырмау жөніндегі алдын алу шараларын мал дәрігері қызметкерлерімен бірлесе отырып жүргізу. Сүтті алғашқы өңдеу.



Білуге тиіс: малды сауу, азықтандыру, суару және күту ережесін; малдың сүт өнімділігін арттыру әдістерін; таза сүт алудың кешенді шараларын; малдың күйлеуі белгілерін; азықтандыру рационын, нормасын және азық берудің тәртібін; сиырлардың ақуызға, дәрумендер мен минеральдік заттарға деген мұқтаждығын; мал желінін күту ережесін және жиі кездесметін желін ауруларын; бруцеллездің, аусылдың және басқа да ауру белгілерін; малдың буаз болуы мен бұзаулау мерзімінің жақындауы белгілерін; малды бұзаулауға, құлындауға және сақманға жіберудің мерзімі мен әдістерін; ауырған малға алғашқы көмек көрсету ережесін; кейбір емдік және зарасыздандырушы заттар туралы деректерді және оларды қолдануды; қолдан ұрықтандыру техникасын және аналық малды дайындау ережесін; сүттің өзіндік құнын түзетін шығындарды және оны төмендету жолдарын; сүтті алғашқы өңдеу ережесін.

Өнімділігі жылына 3,5 мың кг. жоғары сиырларды изоляторда сауу кезінде - 5-разряд.


§ 2. Сауыншы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сиырларды бұзаулау бөлімшесінде қолмен сауу. Маоды азықтандыру және оларды күту жөніндегі басқа да жұмыстарды орындау. Қашарларды жатықтырып сауу. Жас қашарлардың сүт өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретін әдістерді қолдану. Жаңа туған бұзауларды малдәрігерлік өңдеу. Малдарға бұзаулаған кезде көмек көрсету. Бұзаулайтын жердегі тазалықты қамтамасыз ету жұмыстарын орындау.

Білуге тиіс: жануарлар анатомиясы мен физиологиясы негіздерін; желіннің құрылымын; сүт түзу және сүт беру физиологиясын; бұзаулау мерзімінің таянғаны белгілері мен жаңа туған бұзауды қабылдау ережесін; бұзауларды малдәрігерлік өңдеу ережесін; малды бұзаулағаннан кейін азықтандыру, күту ережесін; қашарларды жатықтырып сауу және олардың сүт өнімділігін арттыру әдістерін.
§ 3. Малшы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сауу алаңдарында сиырлар мен биелерді күту жөніндегі қосалқы жұмыстар. Малды сауатын жерге апару. Малды жайылымға шығару және әкелу. Сүт флягалары мен басқа да ыдыстарды механикаландырылған немесе қолмен жуу, орынжайды жинау және зарарсыздандыру, халаттар мен қап тарасын жуу. Малды фермада ұстаудың зоогигиеналық нормаларын сақтау. Малдың сүт өнімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды және мал ауруларын болдырмау жөніндегі алдын алу іс-шараларын жүргізуге қатысу. Малды өлшеу, қабылдау және айдап бару. Малдың ұрықтандыруға бөлу, қадағалау, бұзаулатып алу және кезекшілік кезіндегі басқа да жұмыстарды орындау.

Білуге тиіс: зоогигиена мен ветеринарияның негізгі талаптарын; зарасыздандыру және ертінді жасау тәсілдерін; мал ауруларын болдырмау жөніндегі алдын алу іс-шараларын жүргізу ережесін;
§ 4. Малшы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ірі қара малды байлап және бос ұстау кезінде семіртетін және жайылатын мал басын күту жөніндегі қол және ішінара механикаландырылған жұмыстар. Малды интенсивті семірту, жоғары салмақ кондициясындағы төлді өсіру. Малды азықтандыру, суару және бағу. Қиды шығару және төсемді ауыстыру. Орынжайды жинау, малды, орныдары мен өтпе жолды тазарту. Жемді жеткізу, дайындау және беру. Жем торларын ауыстырып қою. Жемазық қалдықтарын жинау және шөмелені түзету. Мал аурулары мен мал шығынын болдырмау жөніндегі алдын алу іс-шараларын жүргізуге қатысу. Бордақылаудан алынған малды өлшеу, көлікке тиеу және ет қомбинатына жөнелту.

Білуге тиіс: малды күту ережесін; кең таралған мал ауруы түрлерін және ауырған малға алғашқы жәрдем көрсету жолдарын; малды жаюдың жолдары мен ережесін; жем беру мен жайылымды пайдалану ережесін; негізгі жемді және олардың жемдік құндылығын; сиырлардың ақуызға, дәрумендер мен минеральдік заттарға деген мұқтаждығын; бордақылауға жем дайындау тәсілдерін; малды интенсивті семірту, жоғары салмақ кондициясындағы төлді өсіру әдістерін.
§ 5. Малшы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сауылатын малды, аналық мал басын мамандандырылған ет бағытындағы мал шаруашылығында, бұзаулармен бірге, профилакторлық және сүт кезеңіндегі ірі қара бұзауларын күту жөніндегі қол және ішінара механикаландырылған жұмыстар. Сиырлардың сүт өнімділігін арттыру, бұзау басын көбейту және олардың сақталуын жақсарту жөніндегі іс-шараларды орындау. Малды азықтандыру, суару және бағу. Қиды шығару және төсемді ауыстыру. Орынжайды жинау, малды, орныдары мен өтпе жолды тазарту. Жемді жеткізу, дайындау және беру. Бұзаулаған сиырларды қадағалау. Бұзауды қабылдау және сиыр бұзаулаған кезде, малшыларға саууға көмектесу. Сиырларды ұрықтандыруға әкелу. Мал моционы мен серуендетуді жүргізу.

Білуге тиіс: сауын табынды мамандандырылған ет бағытындағы мал шаруашылығында, бұзаулармен бірге, профилакторлық және сүт кезеңіндегі ірі қара бұзауларын еметін бұзауларды, аналық сиырларды, бұзаулы сиырларды күтудің, ұстаудың, технологиясы мен прогрессивті әдістерін; қызмет көрсететін мал басының өнімділігін арттыру әдістерін; жоғары сапалы сүт алу ережесін; бұзаудың жыныстық жетілу мерзімін; шағылыстыру және ұрықтандыру мерзімін; буаз сиырлар мен қашарларды күту ережесін; бұзауды туғызып алу ережесін; жас төлді түрлі типтегі орынжайларда күту және өсіру ерекшеліктерін; малдың ауруын болдырмау жөніндегі алдын алу шараларын; бұзауларды топқа жинау кезіндегі негізгі зоотехниялық талаптарды антибиотиктер мен микроэлементтерді қолдану ережесін; қызмет көрсететін механизмдер мен жабдықтың құрылымы мен пайдалану ережесін.
§ 6. Малшы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бұқаларды күтіп бағу жөніндегі қол және ішінара механикаландырылған жұмыстар. Малды азықтандыру, суару және тазалау. Мал аурулары мен мал шығынын болдырмау жөніндегі алдын алу іс-шараларын жүргізу. Ветөңдеуге қатысу. Малды байлау және босату, серуендеуге шығару. Бұқадан тұқым алу кезінде операторға көмек көрсету.

Білуге тиіс: бұқалардың анатомиясы мен физиологиясын, оларды бағу және азықтандыру технологиюсын; азықтандырудың нормасы мен тәртібін; жыныстық жетілу белгілерін; сапалы тұқым алуға ықпал етуші жағдайларды.
§ 7. Жұмыс малын күту жөніндегі малшы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жұмыс өгіздерін, түйелерді, есектерді, және олардың төлін бағу, суару және азықтандыру. Жұмыс малының төлін жұмысқа үйрету. Төсемді, ауыстыру, малдарды, оларды ұсату алаңдарын тазарту және басқа да жұмыстар. Зооветеринарлық іс-шараларға қатысу. Шұбат дайындау.

Білуге тиіс: жұмыс малын күтіп бағудың зоотехникалық және ветеринарлық ережелерін; азықтандыру нормасы мен тәртібін; көлік жабдығын пайдалану ережесін; шұбат дайындау технологиясын.
§ 8. Жұмыс малын күту жөніндегі малшы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ботасы еметін аруаналар мен боталарды бағу, суару және азықтандыру. Боталайтын аруаналарға көмектесу. Ботаны туғызып алу және алғашқы алдын ала өңдеу. Ботаны емуге, минеральды азыққа және жайылымға үйрету. Аруанының желінін өңдеу. Артық сүтті сауып алу. Түйені қолмен және механикаландырылған сауу. Төл орнын тазалау және жинау. Түйені қолмен және механикаландырылған қырқу. Мал басының жалпы физиологиялық жай-күйін қадағалау. Мал ауырған жағдайда, ветеринар маманға айту және емдеуге көмек көрсету. Түйелерді зарасыздандыру камераларынан өткізу.

Білуге тиіс: Ботасы еметін аруаналарды бағу, суару және азықтандырудың зоотехниялық және ветеринарлық ережесін мен аруаналдарды боталағаннан кейін күту ерекшеліктерін; азықтандыру нормаларын; малдың ақуызға, дәрумендер мен минеральдік заттарға деген мұқтаждығын; мал ауырған немесе боталаған кезде көмек көрсету, жаңа туған ботаны күту ережесін; сауу ережесін және сауу аппараттарын пайдалану ережесін; қолданылатын қырқу машиналарының құрылымын; түйелерді зарасыздандыру камераларынан өткізу ережесін; түйелермен жұмыс кезінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережесін.
§ 9. Шабандоз

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Аттарды біліктілігі анағұрлым жоғары шабандоздың басшылығымен салт мініп үйрету. Аттарды шеңбер және түйіспе жол бойында шылбырмен, ауыздықпен басқаруға жаттықтыру. Аттарды сынауға қатысу. Атбегілердің жаттықтыратын жылқыны күту, баптау жұмыстарын бақылау. Ат әбзелдерін техникалық күтіп ұстау және оны жұмысқа дайындау. Жылқының бұлшық еттері мен сіңірлі байлам аппаратын массаждау, жақпа жағу, компресс қою және басқа да жұмыстар. Жемді және ветеринар дәрігер мен зоотехниктің арнаулы рецепті бойынша қосымша жемазық дайындау. Қызмет көрсететін персонал жұмысының табелін, тағалау және фураж ведомостарын жүргізу.

Білуге тиіс: анатомия, физиология және зоогигиена негіздерін; аттарды азықтандыру, күту және оларды тренинг жағдайында ұстау ережесін; алғашқы ветеринарлық көмек көрсету ережесін; аттарды жаттықтыру және сынау кезінде қолданылатын құралдарды, арнаулы жабдықтарды пайдалану ережесін; аттарды жаттықтыру және сынау жөніндегі ережені, нұсқаулықты және кеңестерді; жылқының дене температурасын, демалысын, қан соғуы пульса мен физиологиялық жай-күйін бақылаудың негізгі тәсілдерін; жаттықтыратын аттың мускулатурасын; жылқыны мініп үйрету ережесін.
§ 10. Шабандоз

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Аттарды салт мініп үйрету. Жас жылқыны жаттықтыруға жәене сынауға тікелей қатысу. Аттарды сынау мен жарыстарға жаттықтырушының басшылығымен дайындау. Жылқы жарысын, сынауларды және алып шығуды ұйымдастыру. Аттарды дайындау және аукционда көрсету. Аттарды ветөңдеуге, бонитировкаға,сату кезінде бағалауға алып шығу. сынауға қатысу. Атқораның, жаттықтыру құралдарының жай-күйі мен жарамдылығын, бекітілген орынжай мен аумақтың санитарлық жағдайын қадағалау. Жаттығу нәтижелері бойынша бақылау жұмыстарын жүргізу. Қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы іс-шаралар ережелерінің сақталуын бақылау. Жылқыны бағу, азықтандыру, күту және тағалауды бақылау.

Білуге тиіс: жылқыны тағалау, жаттықтыру және сынау ережесін; жүктеме режимі мен дозасын; зауыттағы сынаулардығ жарыстар мен алып шығуларды дайындау, ұйымдастыру және өткізу ережесін.
§ 11. Аң өсіруші

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Пайдалану фермаларында аңдарды күтіп бағу. Оларды азықтандыру және суару. Орынжайды, кілеттерді, үйшіктерді, жабдықтар мен құралдарды тазалау, жуу және зарарсыздандыру, төсемді ауыстыру. Аңдарды ұсатуды жақсарту, терінің сапасын жақсарту мақсатында жемазық сапасы бойынша теңгермелі азықтандыру жөніндегі іс-шараларды орындау. Аңдардың денсаулық жағдайын қадағалау және оларға алғашқы көмек көрсету. Ұрғашы аңды еркектеріне жағыстыру және шағылыстыру жөніндегі басқа да жұмыстар. Күшіктеу кезінде көмек көрсету. Төлдерін аналықтан бөлу, өлшеу, таңбалау және күту. Зооветеринарлық іс-шараларға қатысу.

Білуге тиіс: аңдарды күтіп бағу, азықтандыру ережесін; азықтандырудың сапасы мен нормасын; қызмет көрсететін аңдардың қоректік заттарға мұқтаждығын; өз бөлімшесіндегі аңдардың жеке ерекшеліктерін; фермадағы өндірістік циклдарды; шағылыстыруды дайындау және өткізу техникасын; негізгі топ аналықтары мен аталықтарын ұстаудың, азықтандыру және күтудің ерекшеліктерін; төлді алу және сақтау шарттарын; жас төлді азықтандыру және күтудің ерекшеліктерін.
§ 12. Аң өсіруші

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Асыл тұқымды аң фермаларында аңдарды күтіп бағу. Аңдардың тұқымын асылдандыру сапасын жақсарту мақсатында жемазық сапасы бойынша теңгермелің азықтандыру жөніндегі іс-шараларды орындау. Аңдарды асыл тұқымға іріктеуге, бонитировкалауға, аңдарды жұптауға іріктеуге, асыл тұқымды аң өсіру ісі жөніндегі құжаттамаға жазба жазуға қатысу. Аң терісінің іріктеп союға жетілгенін анықтау. Басқа шаруашылықтарға сату үшін аң топтарын (селекциялық топтарды) жиынтықтау.

Білуге тиіс: қымбат терілі, ұстауда өсірілетін аңдардың анатомиялық-физиологиялық және биологиялық ерекшеліктерін; асыл тұқымды аң фермаларында жылдың әртүрлі кезеңінде аңдарды күтіп бағу және азықтандыру жүйесін; аңдарды қамауда өсіру техникасын; асыл тұқымды саңдарды іріктеу техникасын; аң ауруларын, олардың алдын алу және олармен күресу шараларын; ауырған аңға көмек көрсетудің негізгі жолдарын; аң терісінің тауарлы сапасын, тері ақауларын, олардың болу себептері мен алдын алу шараларын; асыл тұқымды аң төлін өсіру ерекшеліктерін.
§ 13. Жүн мен мамықты сыныптаушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жуылмаған жүн мен мамықты стандарт бойынша сыныптау (сұрыптау); жүннің түрін, тонинасын (сапасын), ұзындығын, оның жай-күйін (қалыпты, кірлі, ақаулы және т.б.) және мамықтың түрін анықтау (таралған 1-ші және 11-ші таралған, донебаждық); рунаны стандарт бойынша сыныптау кезінде сыныпқа немесе кіші сыныпқа жатқызу; руналық жүнді түсі мен жай-күйіне қарай сұрыптау; жүннің ластану деңгейін біліктілігі анағұрлым жоғары сыныптаушының басшылығымен анықтау.

Білуге тиіс: жүн мен мамықтың ассортименті мен техникалық жағдайын; жүннің түрін, тонинасын, ұзындығын, оның жай-күйін және мамықтың түрін, рунаны стандарт бойынша анықтау, руналық жүнді түсі мен жай-күйіне қарай анықтау тәсілдерін.
§ 14. Жүн мен мамықты сыныптаушы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жуылмаған жүн мен мамықты стандарт бойынша сыныптау (сұрыптау). Жүннің түрін, тонинасын (сапасын), ұзындығын, оның жай-күйін (қалыпты, кірлі, ақаулы және т.б.) және мамықтың түрін анықтау (таралған 1-ші және 11-ші таралған, донебаждық). Рунаны стандарт бойынша сыныптау кезінде сыныпқа немесе кіші сыныпқа жатқызу. Руналық жүнді түсі мен жай-күйіне қарай сұрыптау. Жүннің ластану деңгейін анықтау.

Білуге тиіс: жүн мен мамықты дайындау стандарты мен техникалық шарттарын; жүннің түрін, тонинасын (сапасына), ұзындығын, оның жай-күйін және мамықтың түрін анықтау белгілерін; сынытама бойынша алғашқы есепті жүргізу тәртібін; киптарды буып-түю және таңбалау ережесін.
§ 15. Жылқышы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жылқыны түнгі уақытта бағу жұмыстарын орындау. Жылқыны азықтандыру және суару. Құлындаған кезде биелерге алғашқы көмек көрсету. Жылқы ауруының алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүргізу. Атқоралардағы түнгі уақытта белгіленген тәртіпті сақтау.

Білуге тиіс: зоогигиена мен ветеринарияның негізгі талаптарын; жылқыны азықтандыру және суару тәсілдерін; мал ауруының алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүргізу ережесін; биелердің күйін анықтау және шағылыстыруды жүргізу ережесін.
§ 16. Жылқышы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жұмыс жылқысын, бордақылаудағы малды, сауылатын биелерді, құлындар мен төлдерді жұмысшы-пайдалану фермасында бағу жұмыстарын орындау. Шөп шабу, жемазық дайындау және оны жеткізу. Жылқыны азықтандыру, суару және тазалау. Жұмыс және өнім беретін жылқы табынын бағу. Малды шағылыстыруға, жасанды ұрықтандыруға және құлындатуға дайындау. Биелерді шағылыстыруға дайындау. Жылқының тұяқтарын тазалау және жуу, құйрығы мен жалын күзеу. Құлындаған кезде биелерге алғашқы көмек көрсету. Жас төлді өсіру, орынжайды тазалау, төсемді ауыстыру және шығару. Зооветеринарлық және алдын алу шараларын, атқораны, қосалқы орынжайларды, суаратын орынды, ат әбзелдерін ұсақ жөндеу. Аттар мен әбзелдерді жұмысқа беру және жұмыстан кейін қабылдап алу.

Білуге тиіс: жылқының анатомиясын, физиологиясы мен зоогигиенасы негіздерін; жылқыны азықтандыру және суару ережесін; жемазықтың негізгі түрлерін және олардың қоректік құндылығын; автосуарғыштың, көлік инвентарының, әбзелдердің құрылымы мен пайдалану ережесін; құлындаған кезде биелерге алғашқы көмек көрсету ережесін; жыныстың жетілу мерзімін; шағылыстыруға жасанды ұрықтандыруға және құлындатуға дайындауды жүргізу ережесін; жас төлді өсіру ережесін.
§ 17. Жылқышы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жылқы зауыттарында, мемлекеттік атқораларда, мемлекеттік асыл тұқымды жылқы өсіру стансаларында, ипподромдар мен асыл тұқымды жылқы өсіру фермаларында асыл тұқымды биелер мен құлындарды, пайдалану фермаларында жаттықтырылатын аттар мен аталық жылқыларды бағу жұмыстарын орындау. Жылқыны азықтандыру, суару және тазалау. Жас малды жем жеуге, ауыздықтауға және әбзелге үйрету. Жылқыларды жаттығулардан кейін жетектеп жүру. Ауырған кезде малға алғашқы көмек көрсету және бонитировкалау, таңбалау, өлшем алу, емдеу және алдын алу мен басқа да іс-шаралар кезінде мамандарға көмек көрсету. Жорға және мініс аттарын жегу және ерттеу.

Білуге тиіс: асыл тұқымды жылқы төлін өсіру және бағы негіздерін; қысыр, құлынды және емізетін биелерді ұстау технологиясын; жылқыны жаттықтыру жөніндегі нұқсаулықтар мен кеңестерді; жаттығу және көлік әбзелдері мен жылқыны тазалауға арналған пневматикалық құрылдардың құрылымы мен пайдалану ережесін; табын және үйірді іріктеу ережесін; асыл тұқымды өсіру мен зоотехникалық алғашқы есепті жүргізу ережесін.
§ 18. Жылқышы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Асыл тұқымды айғырларды бағу жұмыстарын орындау. Жылқыны азықтандыру, суару және тазалау, ертоқыммен, жегулі және механикалық жетекпен жүргізу моционын. Жылқыны жеңіл жұмысқа пайдалану. Жас малды жем жеуге, ауыздықтауға және әбзелге үйрету. Жылқыларды жаттығулардан кейін жетектеп жүру. Ауырған кезде малға алғашқы көмек көрсету және бонитировкалау, таңбалау, өлшем алу, емдеу және алдын алу мен басқа да іс-шаралар кезінде мамандарға көмек көрсету.

Білуге тиіс: азықтандыру ережесін; асыл тұқымды айғырларды өсіру және бағу технологиясын; анатомия мен физиология негіздерін; механикалық жетек құрылымы мен пайдалану негіздерін; жылқыны жаттықтыру жөніндегі нұқсаулықтар мен кеңестерді; жаттығу және көлік әбзелдері мен жылқыны тазалауға арналған пневматикалық құрылдардың құрылымы мен пайдалану ережесін; атты ертоқыммен және экипажда басқару ережесін.
§ 19. Пантыларды консервілеуші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Пантыларды қабылдап алу және чандарда, автоклавтарда ыстық суға бірнеше рет батыру және желмен кептіруге ілу жолымен консервілеу. Пантыларды бірнеше мәрте қайнату және желмен кептіруге жұмыстарын жүргізу. Қосалқы өнімді өңдеу және консервілеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың құрылымын; пантылар мен қосалқы өнімді дайындау, сұрыптау және консервілеу технологиясын; пантыларды қайнату ережесін және кептіру тәсілдерін.
§ 20. Қоян өсіруші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Өндірістік табындағы және бордақыдағы қояндарды күтіп бағу. Суару, азықтандыру, кілеттерді тазадау және қиды шығару. Орынжайды, кілеттер мен құралдарды зарасыздандыру, түбітін тарау. Ұрғашы қояндарды аталықтарына жіберу. Шағылыстыру, аналықтарды, аталықтарды және төлді трафареттеу жөніндегі алғашқы нысандарды толтыру. Төлдерді таңбалау. Жануарлардың денсаулық жағдайын қадағалау және оларға емдеуде көмек көрсету. Қояндардың ауруы мен шығын болуының алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүргізу. Қояндарды өлшеу, сою пунктіне тапсыру.

Білуге тиіс: қояндарды күтіп бағу, суару, азықтандыру ережесін; азықтандыру нормаларын, олардың қоректік заттарға мұқтаждығын; негізгі табын мен бордақылау топтарын жиынтықтау ережесін; шағылыстырудың мерзімі мен өткізу ережесін; қояндар ауырған кезде алғашқы көмек көрсету ережесін; қояндарды сою пунктіне тапсыру мен құжаттаманы толтыру ережесін.
§ 21. Қоян өсіруші

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Асыл тұқымды қоян өсіру фермалары мен қоян өсіру кешендерінде қояндарды күтіп бағу. Суару, азықтандыру, кілеттерді тазалау және қиды шығару. Қояндардың тұқымын асылдандыру жөніндегі іс-шараларды орындау. Жасы, жынысы және дамуына қарай топтарды іріктеу. Негізгі табынды бракқа шығару және бордақылау топтарын жиынтықтау. Аналықтарды шағылыстыру, ұя дайындау және аналықтарды тууға дайындау, көжектерді қабылдап алу, төлді бөлу және өсіру. Асыл тұқымды Асыл тұқымды топты (селекциялық топты) және басқа шаруашылықтарға сату үшін қоян топтарын жиынтықтау.

Білуге тиіс: қояндардың анатомиясы, физиологиясы, зоогигиенасы негіздерін; оларды азықтандыру және өсіру ережесін; жұптарды іріктеу техникасын; аналықтарды шағылыстыру, ұя дайындау және тууға дайындау ережесін; аналық және асыл тұқымды қоян басы мен жас төлдерді күту және ұстау техникасын, есебін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет