68. БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ
ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Қазақ халқының тарихында өшпес ерлігімен қазақ халқының абыройын асқақтатар ұлт батыры атанған, қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар майдангер - жазушы Б.Момышұлы шығармашылығы төңірегінде сөз өрбітпекпіз.
Бауыржан шығармалары майдан шебіңде жүріп, көзі көрген өмір тәрбисінен алынған отты жүректің, ыстық қанмен жазылған шығармалар болмақ.
Осыған өзі айтып өткен мына сөздері толық дәлел: «Менің шығармаларым тұтастай және толығымен менің өз басымның естеліктеріне, ерекше делінген эпизоидтар естеліктерінің жиынтығынан іріктеп, екшеп алылған елеулі көріністерге негізделген. Оларда ойдан шығарылған оқиғалар да, ойдан жасалған адамдар да жоқ».
Демек, Бауыржанның шығармалары бастан кешкең, көзбен керген оқиғаларға толы, әрі әлеуметтік қоғамдық мағынасы басым туындылар болмақ.
Бауыржанның тұңғыш туындысы болтан, қазақ әдебиетіндегі шаттығы биік шығармалардың бірі - «Ұшкан ұя».
«Ұшкан ұя» повесі мемуралық жанрдағы шығарма ретінде жазылғанмен, ол проза денгейіне көтерілген ұлттық сипатта жазылған нағыз көркем туынды.
Баукеңнің ұғымында өз ұлтының тәрбиесінен жұрдай адамнан, баршаға бауырмалдық шықпайды, өйткені ол ұлтты сүюдің не екенін білмейді - дей келіп, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді күшейту үшін, ұлттық тәрбиені қалпына келтіру керектігін атап көрсетеді.
Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» еңбегін ұлттық салт - дәстүрімізді, көркем шығармаға мазмұндап берген этнографиялық еңбек деп айтуға толық негіз бар. Шығармадағы негізгі мәселе -Адам, оның кемелдену жолдары болса, шығарма сюжеті осы адамдардын өзара әңгімелесуі, кеңесуі арқылы дамиды.
Ұлттық тоғылымның түп төркінін шығарманың бас кейіпкері
бала Бауыржанның іс - әрекеті, отбасындағы болмысы, өскен ортасына деген қарым - қатынасы арқылы байқаймыз. Шығармадағы әр жолдың айтар ойы айқын: адалдық, мейірімділік, жомарттық, ұстамдылық, ұят - намысшылдық, ел камыл ойлау.
Шығарманың негізіне айналған осы қасиеттерді автор өз кейіпкерлері арқылы көрсетіп отырады. Автор «Ұшқан ұядағы» оқиғаның түп өзегін әже бейнесі арқылы өрбітеді. Туындының өн бойында әже образы тектіліктің, кемеңгерліктің діңгегі ретінде суреттелген. Отбасының ғана емес, ауылдың ақылшысына айналған әже бейнесін автор аса сүйіспеншілікпен бейнелеген. Әуезді әуенімен әлпештеп, әлдилеп айтқан бесік жыры да, қалагердің жүрегінде сақталған. Жазушы өз өмірінің темірқазығына айналған тәлім - тәрбиенің негізі ертегі мен көне әңгімелерден қалғанын жас ұрпаққа өнеге етеді.
«Ертексіз өскен бала - рухани мүгедек адам. Біздің қазіргі балаларымызға әжелері, не шешелері ертек айта бермейді. Содан қорқамын» Менің қазіргі келіндерім немелеріне бесік жырын айта білмейді. Бесікте жатқанда құлағына анасының әлди әні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең боп қалмаса деп корқамыл» - деп қамығуында терең психологиялық астар бар.
Дала философиясында, ер баланы тәрбиелеуде әкенің рөлі ерекше болған. Әкесінің баласын үлкенді сыйлау, сәлем беру дағдысына қалай тәрбиелегені шығармада шынайы көрініс тапқан. Әкесінің бала Бауыржанға шежіре жаттатқызуы да - тамыры терең тәрбие тиегінің ағытылуы. Профессор М.Мырзахметұлының Баукең туралы естелігіндегі:
«Жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі» деген мақалға ерекше мән беріп, өзінің бала -немерелеріне тіпті бізге дейін Дулатқа дейінгі бабаларымыздың тізімін жазып беріп, жаттап алуды ескертіп отырамын. Еңді ойланып қарасам, орыстар арасында айтылатын «Иван безродный» дегені сияқты кейбір тексіз
қазақ бала бастағандарды көріп, рухани мәңгүрттіктең сақтандырған ескертуі ме деп шамалаймын» деген пікірі де осы ойымызды куаттайтыны ақиқат. Повесьтте ғасырдан ғасырға, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт- дәстүріміздің көрінісін Үрбианның ұзатылу тойынан аңғарамыз.
Шығармада «Ұрын келу салты» анық баяндалған. Жазушы қазақ дәстүріндегі құлалық, күда күтудегі кәде - жоралғылардың жасалу ерекшеліктері, калықмші салты, калындық киімі, ұзату тойы, сыңсу, беташар, сүйінші т.б. ерекше мән беріле суреттейді.
Осы негізде: З.Қабдолов: «Әр жазушының каламынан туған шығармада алдымен идеялық бірлік болғанын байқаймыз. Өйткені әр жазушы өзінің әр шығармасында әр түрлі проблема қояды да, оны шешуді бір ғана тұрғыдан - өзің тұрақты дүниетанымы тұрғысынан келеді» - деп, әр жазушының өз дүниетанымы бойынша берілетін шығармадағы авторлық көзқараста тоқиды. Осы пікір дәлелденгендей, жазутяы қандай шығармада болсын өмірдегі көрген - білгендерін қай тақырыпта жазсын ұлттық салт - дәстүрдің негізінде қарастырып, ой түйіндейді.
Қазақ әдебиеті тарихында хатты өлеңмен жазу үрдісінде болған. Хат - өлең қазақ эпистолярлық жанрының өзіндік бір ерекшілігі. Эпситолярлық әдебиет - эпистолография сан алуан хат түрінде жазылған шығармалар Эпистолярлық жанрдың әдебиет тарихқа тигізер әсері туралы профессор Қ.Ергөбек «Әдебиетілілер тіпті жазушы шығарма қызығу сырын, автор өмірбаяны төңірегінен іздейтін жағдайда табан тірейтін деректердің бірі - жазушы хаттар» - деп баға береді.
Б. Момышұлы майдан даласында жазған хаттарының мәні ерекше. Оның өмір мен өлім, оқ пен оттың арасында жазған хаттары сол жылдардағы көкейтесті мәселелерге арнапған. «Қазақ халқының ұлттық салт - дәстүрі», «Қазақ тілі». «Қазақстан жазушыларына», «Кенесары туралы», «Қойын дәптеріндегі жазбалар» сынды хаттары осының дәлелі.
Бауыржан хаттарының тақырыбы сан салалы: қазақ халқының ұлттық қалпын сақтап қалудың жолдары ұлттық қадір — қасиеттерімізді жас ұрпақтың құрметтеуі ана тіліміздің мәртебесін жоғарылату. ата сатты мен ұлттық әдет - ғұрыптарды қастерлеу. туған тарихымызды бұрмалауға жол бермеу және Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әскери әдебиетінің сапасын арттыру секілді ұлттық қоғамдық сипаттағы өзекті мәселелер көтеріледі.
1942 жылдың ақпанында «Жауынгерлік қасиеттерді тәрбиелеу туралы ойлар» еңбегін жазуға әрекет етеді. Онда: «Мен өзімнің ұрыстағы тәжіриебемнен солдаттын бойында жауынгерлік қасиетті тәрбиелеуде, халықтың басынан өткен жауынгерлік жолдары мен ұлттық дәстүрлердің маңызы зор екендігіне көзім жетті» - деп жазады, демек, Бауыржанның эпистолярлық шығармаларында жазушылық ұстанымның бастау бұлағы ұлттық көріністе жатқаны анық. Сондықтан, Бауыржан жазған эпситолярлық жанр ретіндегі хаттар легі,
замана шындығын, қанды майдан үстіндегі жауынгердің ішкі рухын таныту арқылы жастарды, елін, жерін сүюге деген махаббат сезімін оятуда таптырмайтын өмір оқулығындай әсерде қалдырып отырады.
Қаламгердің ендігі бір шығармасы майдан тақырыбында жазылған көркем туынды - «Қанмен жазылған кітап» шығармасы. Б.Момышұлының соғыс тақырыбындағы шығармашылығына бармас бұрын, оның соғыс туралы түсінігін, сондай - ақ «ет пен сүйектен жаралған» адамдар тағдыры туралы ұғымын анық мәнін ашып алуымыз қажет. Ал, бұған тіреуіш болар шығарма ол «Қанмен жазылған кітап» болмақ. Онда, айтылатын ой - соғыс, оның қасіреті, ондағы адам тағдыры, соғыста жеңіске жетудің айла - тәсілі, жауынгер мен командирдің жандүние иірімдері мен адами қасиет - қабілеттері жайлы тебіреністері болмақ.
Б.Момышұлы: «Соғыста шындықты табу өте қиын, ал оны жинақтау, қорыту, одан да күрделі» - дейді.
Сондықтан да, Б.Момышұлы өз шығармаларында соғыстың шындығын, ақиқатын айтуға адал болды. Адал болумен бірге ол сұрапыл соғыс әкелген қасіретті өз жүрегінен өткізіп, көркем шығармаларында оның зардабын шынайы баяндаған суреткер. Бауыржанның болмысы, әрі пір ғып ұстанған ұраны - Шындық. Сондықтан да оның шығармалары бастан аяқ осы бір тамаша қасиетке -шындыққа құрылған.
Осындай шығармасының бірі - «Мәскеу үшін шайқас кітабы». Ол бас - аяғы төрт бөлімнен тұратын соғыс шындығы қамтылған туынды. Сонымен қатар бұл шығармадағы оқиғаларға қатысы бар адамдар есімдері өзгертілмей, жанды кейіпкер ретінде көрінеді. Бұл образдар олар қатысатын оқиғалардың шынайылығы мен сенімділігін арттырып және жазулының өз шығармасына қажетті тіректі өмір шындығынан алынғанын көреміз.
Б.Момышұлының «Москва үшін шайқас» туындысында, ержүрек батыл кейіпкерлер өмірде шын болатын табиғи қалпында құралған. Аты аңызға айналған ұлт батыры Бауыржанның шығармалары тереңге тартқан ерлік пен өнегеліктің сарқылмас қазынасы іспетті туындылар. Жалпы,соғыстан кейінгі қазақ әдебиетін Бауыржан Момышұлының шығармаларынсыз қарап, бағалау мүмкін емес. Бауыржан орысша жазса да, қазақша жазса да ұлттық өрнектен айырылмаған қазақ жазушысы.
Б.Момышұлы шығармаларының маңызы - оқиғаларды
шыншылдықпен бейнелеуінде, сондай - ақ борыш, ар - намыс, сенім, патриотизм сияқты моральдық - этикалық мәселелерді шешуге құралады. Бауыржан өз шығармалары арқылы адам рухының асқақтығын, оның Отанын сүйген патриоттық рухын аша білді. Сонымен қатар жазушы шығарма қызығу басты ерекшеліктері ретінде - орыс тілі мен қазақ тілінде жаза алуымен әр шығарманың басты кейіпкері де, авторы да өзі екендігінде. Бұл ерекшелік қандай да бір шығармаға өзіндік сипат дарытады. Сондай-ақ жазушы шығармалары әр кез жастарға бағытталып отыруы да, оның шығармасының жазылуы осы өскелен жастарға аға ұрпақтың ерліктерін паш ету мен арды жоғары ұстаған ұлттық рухтың көрініс алуымен ерекшеленеді. Демек, қазіргі жас ұрпақ Бауыржанның өмірлік тәжірибесінен алынған мақал-мәтелдерінен үлгі өнеге ала отырып оны өмір тәжірибесінде қолданғандар, ізін басушылар баршылық. Солардың бірі. Олжас Сүлейменов. Бір кездесуде ол:
«Қазақтың ішінде маған қатты әсер еткен идеал етіп ұстанған адамым Б.Момышұлы болды»-деп ашуы тегін емес.
Жалпы, Бауыржан Момышұлы өз шығармаларында, қаһармандықтың қайнар көзін ұлттық дәстүрлерден табатыны, бостандық пен тәуелсіздікті бәрінен де жоғары қоятындығы анық байқалады.
1. Соғыс кезіндегі қазақ әдебиетіне (1941-1945) сипаттама беріңіз. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы қазақ әдебиеті
Сонау 1941-1945 жылдары әлемнің сұрын қашырған екінші дүниежүзілік соғыс әдебиетімізге кедергі бола алмады. Керісінше, бір қолына қаруын, бір қолына қаламын алып, жерін жаудан қорғауға аттанды. «Қаралы қағаз жіберіп, қаншама қайғы салған оқтар» халықтың қабырғасын қайыстырғанымен, батырларымыздың рухы қайтпады.
Бір-бірін демеп, болашаққа үлкен сеніммен қарады.
Ұлы Отан соғысына аттанған жауынгерлеріне жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өренім» атты өлеңі күш-жігер берді.
Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің!
Нева өзенін сүйкімді,
Бұлағымдай көремін...
...Шамы Күндей жайнаған,
Аспанға үйлер бойлаған…
Арқа тұтып алыста,
Айбыным деп ойлағам!
Жабықпағын Ленинград!
Отан әмір берген шақ.
Сап-сап қол барар
Қорғап сені ол қалар.
Жанышталар айдаһар!
Жата алмаймын төсекте,
Жаным қалай жайланар?
Құс ұйқылы көнемін,
Қайтып ұйқы көремін,
Жетсін деймін сендерге,
Жыл құсындай өлеңім,
Қаласында Лениннің,
Сайып қыран өренім…
Сол кездің өзінде Отанға, атамекенге деген сағынышқа, ерлік, батырлыққа арналған өлеңдер жарық көріп жүрді. Баубек Бұлқышевтың 1942 жылы «Комсомольская правда» газетінің 1 май күнгі номерінде «Өмір мен өлім туралы» деген әңгімесі жарияланды. Әңгімеде қазақ жасының . жүрек сыры, жан күйі тербелді. Отанға деген ыстық махаббаты құйылды, ал «Шығыс ұлына хат» атты шығармасын «Менің бұл жазғандарым болашақта біздің осы ұлы күресімізді зерттеушілердің қолына түсіп, үлкен істердің кішкене бір тетігіне тиянақ болуға жараса, менде одан басқа арман да жоқ; ол зерттеушілер біз осы арпалыста жүргенде қайғыра да, жылай да, қуана да, күле де, кектене де білгенімізді ұғынса болды.» - деп аяқтаған еді.
М.Хакімжанова өзінің сүйікті кейіпкері Мәншүк жайында, оның ерлік көрсеткен «Мәншүк» поэмасы 1945 ж. жазылған. Соғыс тақырыбына Мүсірепов «Қазақ батырын (қазіргі—«Қазақ солдаты») жазса, Ұлы Отан соғысының ерлік істерінен бір топ поэма туып жатты. Қасым Аманжоловтың «Абдолласы», Диқан Әбіловтің «Майданбек» поэмасы, Мәриям Хакімжанованың «Мәншүк» деген поэмасы; Қапан Сатыбалдиннің «Әлия» деген поэмасы; Ілияс Есенберлиннің «Айша», «Сұлтан» деген поэмасы; Нұрлыбек Баймұратовтың «Ер Төлеген» деген поэмасын мысал етіп атауға болады.
Мәриям Хакімжанованың «Мәншүк» поэмасында тіл көркемдік жағы мен Мәншүк пен анасының арасындағы мейірбандықты, Мәншүктің сыртқы тұлғасын суреттеу жағын әдемі-ақ көрсеткен.
Қара шашы қара бұлтпен жауғандай
Қара қасы аймен егіз туғандай
Желмен ойнап, желбіресе кекілі
Күн шұғыласы маңдайында тұрғандай.
Меруерт тісті, қызыл ерін, қыр мұрын
Алма бетті, дөңгелек жүз, сөз шырын
Қолдан құйған қорғасындай денесі
Қылығымен қызықтырған көз нұрын,- дейді. Бұлардың көркемдік дәрежесін салыстырғанда, бәрінен жоғары деуге болады. Отан соғысы үстінде ерлікпен қаза тапқан қаһармандарға арналған Ж.Саинның «Өмірден өксіп сен кеттің» атты жоқтауы, Ғ.Ормановтың И.В.Панфиловқа арнаулы жоқтауы, Жамбылдың ұлы Алғадайды жоқтауы мен оған Кененнің көңіл айтуы секілді фольклорлық жанрлар да осы кезеңде жазба поэзияға көркемдік әрлеуімен қайта келді. Қасым Аманжолов, Жұмағали Саин, Сырбай Мәуленов, Ғали Орманов, Жұбан Молдағалиев, Әзілхан Нұршайықов сынды тұлғаларды атамау мүмкін емес.
Жоғарыда айтқанымыздай "бір қолына қаруын, бір қолына қаламын алып, жерін жаудан қорғауға аттанған алаш азаматтары аз емес еді. Бұл сұрапыл жылдары қазақ әдебиетінің қатары құнды деректермен толықты. Олар хатқа түсіп, бізге жеткендері... Ал жүректе жазылса да, хатқа түспей, қолға жетпей, елім деп еңіреген ерлермен бірге кеткен еңбектер қаншама...
17. Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі поэзия
1941 жылдың қанды жазында фашист басқыншылары бейбіт елдің жеріне басып кірді. Ержүрек халық өзінің барлық күшін Отан қорғау жұмысына бағыттау ісіне кірісті. Елімізде істеліп жатқан барлық жұмыс соғыс мүддесіне сәйкес құрылды. Ел азаматтары майданға, отанды қорғауға аттанды.Барлық азаматтармен бірге жазушыларымыз Қ.Әбдіқадыров, Т.Жароков, Ә.Сәрсенбаев, Ж.Саин тағы басқа ұлы дала перзенттері майданға аттанды. Тіпті сол кезде тоқсаннан асқан қарт ақын Жамбылдың өзі де өзін майданның алдыңғы қатарындамын деп есептеді. Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі прозалық шығармалар
Ұлы Отан соғысы кезіндегі поэзияның дамуы. Бұл жылдары қазақ әдебиеті жыраулар поэзиясынан, Махамбет жырауларынан басталатын патриоттық тақырыпқа қайта оралды. Ж.Жабаев, Н.Байғанин, И.Байзаков, Н.Ахметбеков т. б. Ақындар өздерінің отаншылдық рухта суарылған шығармаларымен халық поэзиясын жаңа белеске көтерді. Қ.Аманжолов, Қ.Әбдіқадыров, Ж.Саин, Ә.Сәрсенбаев, А.Жұмағалиев сияқты ақындар қолдарына қарумен бірге қалам ұстап майданға аттанды. Х.Ерғалиев, С.Мауленов, С.Сейітов т.б. Қаламгерлер жаумен шайқаса жүріп, танымал ақындар қатарына қосылды.
ЖАМБЫЛ
ЖАБАЕВ
Ленинградтық өренім.
Ленинградты қ өренім! Ленинградты қ өренім! Мақтанышым сен едің! Нева өзенін сүйкімді Бұлағымдай көремін. Көпіріне қарасам, Көмкерген су көлемін, Өркеш-өркеш жарасқан Шоқылардай дер едім. Сапырылған көк теңіз Шомылдырып кемерін! Шамы күндей жайнаған, Аспанға үйлер бойлаған. Арқа тұтып алыста, Айбыным деп ойлағам! Жасағам жоқ өмірді Жау соққанын көргелі Төккенім жоқ терімді, Шер қылғалы кеудені. Жасалған жоқ салтанат Жаудың болуға ермегі, Жауда қалып Ленинград, Жаралғам жоқ көнгелі!- Жасағамын өмірді Жау біткенді жеңгелі; Саудыратып сүйегін, Топыраққа көмгелі. Судай тасып ел кегі. Жолды кернеп қол кетті Сендерге дем бергелі, Нева алабын қорғаңдар, Ленинградтың ерлері, Ұрпаққа үлгі болыңдар, Заманымның өрнегі
Өлеңнің жасау тарихы 1941-1945 жылдар біздің Отанымыз үшін ең ауыр жылдар болды. Гитлер бастаған неміс басқыншылары соғыс жарияламай жерімізге енді. Нева жағасындағы Ленинград қаласы 900 күн қоршауда қалды. Халқымыз үшін бұл күндер – зұлмат күндер болды. Осы қайғылы жағдайға байланысты Жамбыл өзінің “Ленинградтық өренім” атты өлеңін арнады. Өлең тексі Ленинград қаласының көшелеріне ілініп, радиодан қайта-қайта оқылды.Өлең халықты рухтандырды .
1943 жылы майданда Жамбылдың ұлы Алғадай қаза тапты.Бұл
жөнінде ақынға хабар жеткенде, ол біраз үнсіз отырып барып, қайғылы хабарға өлеңмен жауап берді. 1941 жылы Жамбылға мемлекеттік сыйлық берілді. Ұлы Отан соғысы күндерінде Жамбыл өзінің өлеңдерінде Совет халқын Отанды қорғауға еңбектегі ерлікке шақырды. Совет адамдарының батырлығын, СССР халықтарының мазғымас достығын жыр етті.
«Егер біз Жамбыл даналығын тәу етіп, ұлылығын ұлағат тұтып жатсақ, оның басты себебі Жамбыл арманының адамзаттық арман аңсарымен ұласып жатқандығында. Сондықтан да қазақтың Жамбылына адамзаттың Жамбылы ретінде құрмет көрсетіп, өлмес рухының алдында басымызды иеміз» Н.Ә.Назарбаев