6D010300 – Педагогика және психология мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылардың эмоциялық жағдайын зерттеу



Pdf көрінісі
бет1/9
Дата24.05.2024
өлшемі0.54 Mb.
#501815
түріДиссертация
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


6D010300 – Педагогика және психология мамандығы бойынша 
философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған «Ерекше білім 
беруді қажет ететін білім алушылардың эмоциялық жағдайын зерттеу 
(ЖОО мен колледждердің нашар еститін білім алушылары мысалында)» 
тақырыбында 
Альмухамбетова 
Бибигуль 
Жексембаевнаның 
диссертациялық жұмысына
АННОТАЦИЯ 
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасындағы білім берудің 
қазіргі кезеңі барлық білім алушыларды қоғамға кіріктіре отырып, олардың 
білім алу қажеттілігін қамтамасыз ететін оқудың инклюзивті түрін белсенді 
түрде енгізу жолында тұр. Мұндай инновация жалпы білім беру кеңістігінде 
тең дәрежеде оқытуды қарастыратын «ерекше білім беру қажеттілігі бар 
тұлғалар», «инклюзия» сияқты түсініктердің этимологиясын нақтылау 
қажеттігін талап етеді. 
«Білім беру саласындағы ерекше қажеттілігі бар тұлға» термині ең алғаш 
рет 1994 жылы «білім беру ісінде адаммен жеке жұмыс істеу тәсілін неғұрлым 
кеңінен пайдалану арқылы дамуында ауытқуы бар, оқу қиындық тудыратын 
адамдарды жалпы білім алатын дағдылы ортаға бейімдеп жіберуді» 
қарастыратын бүкіләлемдік Саламанка декларациясына енгізіледі [1]. 
Сонымен қатар ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғалардың білім алу 
құқықтарының нормативтік-құқықтық негіздері мынадай халықаралық және 
мемлекеттік құжаттармен реттеледі: Жалпыға бірдей білім беру туралы 
дүниежүзілік декларация [2], Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға тең 
мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің стандартты ережелері [3], Дакар іс-қимыл 
шеңберлері [4], Қазақстан Республикасының Конституциясы [5], Қазақстан 
Республикасының «Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі 
тұлғаларды әлеуметтік қорғау туралы» заңы [6] және т.б. Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 1 маусымдағы №330 қаулысында 
мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтары туралы конвенцияны жүзеге 
асыру мақсатында Қазақстан Республикасы қабылдаған шаралар туралы 
бастапқы баяндаманы бекіту туралы құжатында, «мемлекеттік саясаттың 
маңызды қағидаттарының бірі мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың басқа 
азаматтармен қатар тең құқықтарын, оның ішінде денсаулық сақтау және білім 
алу құқықтарын қамтамасыз ету болып табылады» деп жазылған [7]. 
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2011-
2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында алғаш рет
мүмкіндігі 
шектеулі тұлғалар үшін білім беру мен қолжетімді ортаны қамтамасыз етудің 
нақты тетіктері айқындалып көрсетілген [8]. 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес: «ерекше 
білім беруді қажет ететін тұлғалар (балалар) – денсаулығына байланысты 
білім алуда тұрақты немесе уақытша қиындық көріп жүрген, арнаулы, жалпы 
білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білім беретін білім 
бағдарламаларын қажет ететін адамдар (балалар)» [9].


Жоғарыда аталған өзгерістер заңды жалғасын тауып, оң әрекеттерге 
ұласты. Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың 
құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 
ұлттық жоспарда 2025 жылға дейін «арнайы» білім беруден инклюзивті білім 
беруге көшу мәселелері, ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардың 
қалыпты балалар сияқты өмір сүруіне мүмкіндік беру қажеттілігі ең өзекті 
мәселердің бірі болып анықталды [10].
Қазіргі Қазақстанда ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғалар үшін 
жалпыға ортақ тіршілік ету ортасының және кәсіптік білім алу мүмкіндігінің 
қолжетімді болуы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі 
міндеттерінің бірі болып табылады. Біздің еліміз білім беру интеграциясының 
жоғары дамыған мемлекеттерге тән жалпы әлемдік үрдісінің құрылымына 
енді. Қазіргі уақытта еліміздің барлық жоғары оқу орындары мен колледждері 
ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларды оқуға қабылдап қана 
қоймай, олардың сапалы білім алуы үшін барынша қолайлы жағдайларды 
жасауда. 
Солай бола тұра, ерекше білім беру қажеттілігі бар орта кәсіптік 
біліммен ғана шектеліп, ЖОО деңгейінде оқуды жалғастыра алмауының 
салдарынан осы санаттағы жастардың көпшілігі біліктілігі төмен әрі 
жалақысы аз мамандықтарды місе тұтуға мәжбүр болып жатады. Соның 
кесірінен ЕББҚ бар білім алушының қабілетін іске асыратын кеңістік тарылып 
кетеді, бұл деген мемлекет үшін – ел тұрғындарының еңбек ету мүмкіндіктерін 
тиімсіз пайдалану деген сөз. Бұл ретте қазіргі статистика ерекше білім беру 
қажеттілігі бар балалар мен жастардың саны жыл сайын өсіп бара 
жатқандығынан хабардар етіп, алдымызға өте жайсыз деректерді жайып 
салады [11]. Республикамызда 400 мыңнан астам ерекше қажеттілігі бар 
еңбекке қабілетті жастағы азаматтардың 20%-ы ғана еңбек етіп, бюджетке 
төленетін міндетті төлемдерді жасап отыр, олардың тек 10%-ы ғана жоғары 
білімі барларды құрайды. 
Білімді қажет ету адамның маңызды қажеттіліктерінің бірі екендігі – 
жалпыға белгілі ақиқат. Ол деген адам қызметінің әр түрінде байқалады да, 
белгілі бір әлеуметтік жағдайда пайда болып, дами береді.
Қазіргі уақытта біздің елімізде дәл осындай реформа жүріп жатыр, ол 
«инклюзивті білім беру» деп аталады.
Инклюзия қазіргі білім беру 
кеңістігіндегі жаңа өркениетті білім беру парадигмасына айналды, ол соңғы 
онжылдықта біздің өмірімізге белсенді түрде еніп, бүкіл білім беру жүйесін 
өзгертудегі айтарлықтай қадам екені айқындалды. Ғылыми жұртшылықты 
«инклюзивті білім беру» аймағында нені түсінуге болады, ол білім берудің 
қолжетімділігі немесе жаңа моделі ме, жеке әдістеме немесе оқыту 
әдістемелерінің жиынтығы ма деген сияқты және т.б. мәселелер 
толғандырады. Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің жағдайы 
және дамуы туралы ұлттық баяндамада қазақстандық инклюзивті білім 
берудің жетістіктеріне талдау жасалған. Баяндамада қазіргі заманғы 
инклюзивті жүйенің шешуші кезеңдері инклюзия шегіне әлемдік көзқарасқа 
сәйкес қарастырылған. «Инклюзия дегенді – өз деңгейінде тұлғалық-


бағдарлық оқыту деуге болады. Мұндай қадамды баршаға арналған 
қолжетімді білім алу деп түсінуге болады, алғашқы әлеуметтік инклюзия 
олардың болашақта заманауи өмірге бейімделіп кететіндігіне сенімді болудың 
кепілі болып табылады» – деп атап көрсетеді авторлар [12].
Біз өз жұмысымызда Л.С. Выготскийдің тарихи еңбектеріне жүгінеміз, 
онда ғалым инклюзивті оқыту идеясын, дамуында ауытқуы бар балалардың 
қоғамға интеграциялануына мүмкіндік беретін шұғыл қажеттілік ретінде 
сипаттайды. Ғалым өз еңбектерінде: «білім алушылардың психофизикалық 
ауытқушылықтарымен арнайы ортада білім алуы оқшауланып қалуды, 
шектеулі әлемге бейімделу дегенді білдіреді» дейді. Бұдан шығудың бір ғана 
жолы бар, ол – тұтас оқыту мен тәрбие жұмысына түбегейлі реформа жасау, 
сол ғана дамуға жол ашып, нәтижесінде білім алушыны өмірге араласуға 
жетелейді деген тұжырымдама береді [13, 200 б.]. Осылайша, Л.С. Выготский 
жүз жылдан астам уақыт бұрын, күрделі психофизиологиялық жағдайы бар 
тұлғаның қалыпты қоғамнан шығарылмайтын оқыту жүйесін құру 
қажеттілігін атап өтті. Кейіннен Л.С. Выготскийдің идеясы Батыс Еуропа мен 
АҚШ мектептерінің жұмыс тәжірибесінде дамып, соңғы жылдары ғана 
Қазақстанда белсендірек іске асырыла бастады.
Инклюзия мәселесін қарастырған ғылыми еңбектерге талдау жасау 
барысында, алыс және жақын шетелдік, отандық ғалымдардың зерттеулерінде 
аталған мәселенің жан-жақтылығын әр түрлі бағыттарда қарастырылғаны 
анықталды. Ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылар үшін 
инклюзивті білім беру тиімді болатынын анықтау мәселелерін шетелдердің 
D.L. Ferguson [14], G. Meyer, L. Jeanchild, J. Zingo [15], A. Galkiene [16] және 
т.б. сияқты озық ғалымдары зерттеді. Сонымен қатар инклюзивті білім беру 
мәселелерімен және инклюзивті білімді енгізуге ұстаздар даярлау ісімен И.И.
Лошакова, E.P. Ярская-Смирнова [17], С.В. Алехина [18], В.В. Хитрюк [19]

Г.С.Птушкин [20], М. Малофеев [21] және т.б. сияқты ресейлік ғалымдар да 
айналысты. Жоғарыда аталған ғалымдар білім беру жүйесіндегі инклюзивті 
білім беруді – жалпы топтардағы білім алушылардың әр түрлілігін 
мойындайтын және олар үшін жауапкершілікті алатын білім беру жүйесінің 
құрылымымен байланыстырды. Олар өз еңбектерінде баршаға арналған 
сапалы білім берудің қолжетімділігін зерттеу үшін ғылыми-әдістемелік 
тәсілдің қажеттігін, және білім алу қажеттілігі белгілі бір қалып шеңберіне 
симайтын, сондықтан қосымша ресурстарды қажет ететін білім алушыларға 
тиісті назар аударылуы керектігін бірауыздан атап көрсетті. 
Инклюзивті білім беру саласындағы белгілі қайраткерлер (Д.Д. Елина, 
Т.М. Пахолкина, Е.А. Задумкина, Т.Л. Чепель, Р.А. Сулейменова, А.Л. 
Байтұрсынова және т. б.) инклюзивті білім берудің негізінде барлық 
тұлғаларға олардың дене, психологиялық, ақыл-ой, мәдени-этникалық, тілдік 
және басқа да даралықтарына қарамастан, тең қатынасты қамтамасыз ететін 
идеологияны көреді.
Инклюзивті білім беру мәселелерін зерттеген жетекші ғалымдар 
инклюзивті білім беру «инклюзивті қоғам» идеясына негізделген, мұнда «бәрі 
басқа адамның (басқа нәсіл, дін, мәдениет, денсаулық мүмкіндігі шектеулі 


адам) әлеуметтік өмірге белсенді және тең құқылы қатысуына ықпал етеді, 
әркімнің мүдделеріне, тәуелсіз өмір сүру қабілетінің өсуіне, олардың 
құқықтарының теңдігін қамтамасыз етуге ықпал етеді», деп тұжырымдайды, 
Д.Е. Шевелева [22, 13 б]. 
«Инклюзивті білім беру» ұғымын талдауда инклюзивті білім берудің 
қалыптасуы мен дамуына айтарлықтай үлес қосқан және бұл құбылысты 
отандық білім беру жүйесінің міндеттеріне сәйкес қарастыратын еліміздің 
зерттеушілерінің еңбектері ерекше ғылыми-теориялық маңызға ие. 
Қазақстан Республикасында инклюзивті білім берудің теориялық негізін 
қалаушылар Р.А. Сүлейменова, З.А. Мовкебаева, Г.Д. Хакимжанова, А.М. 
Ерсарина, А.А. Байтұрсынова, И.Г. Елисеева, И.А. Оралқанова, Г.З. Закаева, 
Г.А. Абаева, А.Т. Ысқақова, С.С. Жақыпбекова және т. б. еңбектері құрайды.
Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беру тәжірибесін енгізуге, 
оның 
нормативтік-құқықтық 
негіздерін 
әзірлеуге 
профессор 
Р.А. 
Сүлейменованың зерттеулері мұрындық болды. Р.А. Сүлейменова 
қазақстандық арнайы білім беру жүйесінің негізін қалаушы бола отырып, 
инклюзивтік білімге ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды олардың 
жасы мен жынысына, әлеуметтік және экономикалық, этникалық және діни 
мәртебесіне қарамастан толық әлеуметтенуді қамтамасыз ететін жалпы білім 
беру процесіне толыққанды кіруден алыстататын кедергілерді жоюға 
бағытталған мемлекеттік саясат ретінде анықтама береді. [23, С. 9-17].
Инклюзивті білім беру бастамасының дамуына және инклюзивті білім 
беру ұйымдарында жұмыс істейтін мамандар даярлау мәселелерін зерттеуге
профессор З.А. Мовкебаеваның ғылыми еңбектері ықпал етті.
Ғалым өз 
еңбектерінде «ЕББҚ бар балалардың жалпы білім беру кеңістігіне қарапайым, 
физикалық қосылуы инклюзивті білім деп айта алмаймыз», деген ұстанымда. 
Сонымен қатар, «оқытушылар білім беру үрдісін әр баланың жеке қажеттілігін 
ескере отырып ұйымдастыра алмаған жағдайда, бұл балаларды білімге толық 
қосу мүмкіндігі айтарлықтай азаяды. Нәтижесінде олардың оқуға деген 
ынтасы да, оқу нәтижелері де төмендейді, өмірлік перспективалары 
шектеледі» [24], деген ғалымның көзқарастарымен біз келісеміз.
Біздің елімізде инклюзивтік білім беру мәселелері бойынша алғашқы 
диссертациялық зерттеулердің авторы А.А. Байтұрсынова болып табылады. 
Ғалым инклюзивтік білім беруді мемлекеттік білім беру саясаты тұрғысынан 
қарастырады, білім беру, әлеуметтік, түзету-дамыту қызметтерінің ерекше 
білім беру қажеттілігі бар балаға көрсетілетін сапа кепілдігі тұрғысынан 
зерттейді.
[25 С. 20-21].
Сонымен қатар А.А. Байтұрсынова тұңғыш рет 
мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру мектептерінің оқу үдерісіне 
ілестірудің ұйымдық-педагогикалық жағдайларының ғылыми-әдістемелік 
аспектілерін ашып көрсеткен зерттеуші ғалым.
И.А. Оралқанова өз зерттеулерінде инклюзивті білім беру феноменін 
«физикалық, зияткерлік, ұлттық нәсілдік және басқа да ерекшеліктеріне 
қарамастан қоғам мүшелеріне қатысты қоғамның адамгершілігін сипаттайтын 
білім беру жүйесіне жаңа көзқарас» ретінде қарастырады [26 С. 20-21] . 


2006-2008 жылдары А.Қ. Құсайыновтың басшылық еткен ғалымдар 
ұжымы (А.Х. Арғынов, П.Ш. Маханова, С.С. Оразақынова) ҚР БҒМ ғылыми 
жобалары аясында «Инклюзивті білім беру саласында ересек адамдарды 
кәсіби оқытуды ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздерін әзірлеу» 
тақырыбында зерттеу жұмыстарын жүргізді [27]. 2013 жылы «СОРОС 
Қазақстан» жобасының аясында авторлық ұжым (А.Т. Искакова, З.А. 
Мовкебаева, Г.З. Закаева, А.Б. Айтбаева, А.А. Байтұрсынова) «Инклюзивті 
білім беру негіздері» атты оқу құралын әзірлеп шығарды [28]. Отандық 
ғалымдардың еңбектерінде «біріктірілген (интегрaция: лaтынша integratio – 
қалпына келтіру, орнын толтыру – қандай да бір элементтердің бірлесуі, 
бөліктердің тұтасуы) және инклюзивтік (инклюзия: французша inclusif – 
құрамдас, лaтынша include - бекітемін, қосамын, латынша inclusion - қосу, 
қосылу) білім беру элементтерін өзгерту және толықтыру тұрғысынан арнайы 
білім беру жүйесін дамыту стратегиясына қайтадан мән берілуі», Қазақстан 
Республикасындағы инклюзивтік саясаттың айрықша белгісі болып 
табылатындығы атап көрсетілген [29].
А.Р. 
Ерментаева 
өз 
еңбектерінде 
мүмкіндіктері 
шектеулі
жеткіншектердің психологиялық дамуында болатын мәселелерді қарастырып, 
жеткіншектің тұлғалық дамуына психофизикалық жағдайының тигізетін 
әсерін, осыған байланысты туындайтын мінез-құлықтың ауытқуы мәселелерін 
баяндаған. [30]. 
Инклюзивті 
оқыту 
негізінде 
балалардың 
қандай 
да 
бір 
дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасын 
қамтамасыз ету, сонымен қатар оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға 
арнайы жағдай қалыптастырудың идеологиясы жатыр. 
Өкінішке орай, инклюзивті білім берудің жекелеген аспектілеріне 
арналған жұмыстар жеткіліксіз, мысалы, қазіргі уақытта жоғары білім беру 
жүйесінде де, орта кәсіптік білім беру жүйесінде де ерекше білім беру 
қажеттілігі бар білім алушылардың психологиялық бағытындағы эмоциялар 
жіктемесінің ғылыми негіздемесі, сондай-ақ эмоциялар табиғатының 
адамның негізгі құндылығы ретінде терең зерттеулер өте аз.
Біздің көз қарасымыз бойынша ерекше білім беру қажеттілігі бар білім 
алушылардың
эмоцияларын зерттеудің өзектілігі, бір жағынан алғанда – 
қоғамның 
әлеуметтік 
талаптарынан, 
барлық 
қызмет 
салаларын 
демократияландыру үдерісінен, құндылықтардың өзгеруінен, жеке тұлғаның 
тәуелсіздігі мен белсенділігінің артуынан туындаса, екінші жағынан алғанда– 
ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғаларды жалпы топтарда оқыту 
тәжірибесінің күрделілігінен, көп қырлылығынан туындайды. Сол себептен 
психофизиологиялық ерекшеліктері бар тұлғаның дүниетанымын кеңейтуге, 
дамытуға және қалыптастыруға бағытталған кешенді зерттеуді жүзеге асыру 
ЕББҚ бар білім алушылардың белсенділігін ұлғайтып, оқу әрекетіне оң әсер 
ететін жағымды эмоциялардың артуына ықпал етеді деп санаймыз. 
Әлемдік ғылыми әдебиеттерде жеке тұлғаның эмоциялық аясы туралы 
көптеген еңбектер жарық көрген. Бұл қатарда В.К. Вилюнастың жұмыстары 
психологиядағы эмоциялық құбылыстардың мәселесін неғұрлым толық ашып 


[31], эмоциялардың психологиялық теориясының негізгі мәселелерін, 
эмоциялардың функцияларын кеңінен қамтыған. Б.И. Додоновтың 
еңбектерінде эмоциялар теориясы мен практикасының әртүрлі аспектілері 
терең және жан-жақты қарастырылған, мұнда адамның эмоциялық бағытын 
зерттеудегі эмоциялар жіктемесінің ғылыми негіздемесі келтірілген [32],
сондай-ақ ғалым эмоциялар табиғатының екі жақтылығын адамның негізгі 
құндылығы ретінде анықтап, тұлғаның эмоцияларына терең зерттеу 
жүргізген. Эмоция әлемін дамыту мәселелері, эмоциялық жайлылық 
атмосферасын құру мәселелері И.И. Петричук еңбектерінде қамтылған [33]. 
А.Н. Леонтьевтің еңбектерінде қажеттілік, ынталар мен эмоциялар мәселелері 
көрініс тапқан [34], эмоциялар мен мінез-құлықтың біртұтастығын Г.А. 
Вартанян қарастырды [35]. С.Л. Рубинштейн өз еңбектерінде эмоциялық 
үдерістердің динамикалық және мазмұндық, семантикалық компоненттері 
арасындағы қарым-қатынастарды қарастырады [36]. Л.С. Выготский [13], И.А. 
Васильев, В.Л. Поплужный, О.К. Тихомиров [37] және т.б. еңбектерінде 
эмоциялық орта компоненттерінің танымдық үдерістермен ажырамас 
байланысы зерттелді. 
Эмоциялардың табиғатын түсіндіретін көптеген психологиялық 
теориялар жасалған. Біз қарастырып отырған мәселеге Ч. Дарвиннің [38], У. 
Джеймстің [39], К. Изардтың [40] еңбектерінің маңызы зор.
Бүгінгі таңда эмоция мәселесінің тарихын отандық ғалымдар да терең 
әрі жан-жақты зерттеп, өз еңбектерінде барынша толық айқындаған. Жеке 
тұлғалық және эмоциялық даму мәселесі бүгінгі таңда С.М. Жақыпов [41], 
Ж.Ы. Намазбаева [42], Х.Т. Шериязданова [43] және т.б. сынды қазақстандық 
психолог ғалымдардың еңбектерінде қарастырылып жатыр.
Отандық және шетелдік әдеби дереккөздерге талдау жүргізе отырып, 
қарастырылып отырған мәселенің зерттелу дәрежесі оның маңыздылығы мен 
өзектілігіне сәйкес келмейді деп сенімді түрде тұжырым жасай аламыз. Теория 
мен тәжірибенің қазіргі жағдайын талдау барысында біз қарастырып отырған 
бағытта бірқатар қарама-қайшылықтар анықталды:
– ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларға жоғары және орта 
кәсіптік білім алу мүмкіндігін беру мен осы топқа жататындардың, 
психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде психикалық болмысының 
маңызды белгілерінің бірі ретінде қарастырылатын, эмоциялық жағдайы 
мәселесінің ғылыми түрде негізделмегені және оны зерттеу әдістемесін 
жетілдірудің қажеттілігі арасындағы қайшылық. 
– жастардың психикалық денсаулығын қорғау бойынша мемлекеттік 
білім беру саясатының талаптары мен қазіргі заманғы ЖОО-ның, 
колледждердің ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларының нақты 
эмоциялық жағдайларын зерттеу мен білім беру үдерісінде мақсатты түрде 
пайдаланып іске асыру қажеттілігі арасындағы қайшылық.
– жалпы білім беру жағдайындағы қоғамның әлеуметтік тапсырысы мен 
нашар еститін білім алушыларды жоғары және орта кәсіптік білім беру 
жүйесінде оқыту мен өзін-өзі дамытуға бағытталған теория мен тәжірибеде 
байланыс орнататын әдістемелік әзірлемелердің болмауы, оқытушылар мен 


білім 
алушылардың 
тиімді 
қарым-қатынасын 
дамытуға, 
олардың 
эмоцияларын оңтайландыруға бағытталған бағдарламалардың қажеттілігі 
арасындағы қайшылық. 
Ғылыми зерттеулер мен тәжірибені қоса талдау, қарастырылып отырған 
аспектідегі зерттеу ізденісінің маңызды алғышарттарының бірі анықталған 
қарама-қайшылықтарды шешуге байланысты екенін көрсетті, оларды ескере 
отырып, ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардың эмоциялық 
жағдайын (ЖОО мен колледждердің нашар еститін білім алушылары 
мысалында) зерттеуді жүзеге асырудың негізгі бағыттарын ғылыми негіздеу 
қажеттілігінен тұратын зерттеу мәселесін 
 
көтеруді алға қойып отыр.
Психологиялық-педагогикалық ғылым мен тәжірибеде осы мәселенің 
өзектілігі мен маңыздылығы, сонымен қатар оның жеткілікті дәрежеде 
зерттелмегендігі диссертациялық зерттеу тақырыбын: «Ерекше білім беруді 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет