Бөлшек сауда-сатып алушыға жеке, отбасында, үйде немесе кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес өзге де пайдалануға арналған тауарларды сату жөніндегі кәсіпкерлік қызмет. Көтерме сауда-кейіннен сатуға немесе жеке, отбасылық, үй ішінде және осындай өзге де пайдалануға байланысты емес өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет. Сатушы-Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сауда қызметін жүзеге асыратын сауда қызметінің субъектісі. Сатып алушы-тауарды сатып алатын жеке немесе заңды тұлға. Электрондық коммерция-электрондық саудадағы, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы жүзеге асырылатын қызметтерді сатудағы кәсіпкерлік қызмет. Электрондық коммерцияға қатысушылар-сатып алушы, сатушы және (немесе) электрондық сауда алаңы ретінде қатысатын, тауарларды, көрсетілетін қызметтерді өткізетін жеке және заңды тұлғалар және ақпараттық-жарнамалық сауда алаңдары. Электрондық сауда-ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы жүзеге асырылатын тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет. Электрондық сауда алаңы-электрондық саудаға қатысушыларды инфрақұрылыммен, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, олардың арасында жұмыстар мен қызметтер көрсетуге шарттар жасасуды қамтамасыз ететін интернет-ресурс. Электрондық саудаға қатысушылар-сатып алушы, сатушы және (немесе) электрондық сауда алаңы ретінде қатысатын жеке және заңды тұлғалар. Салық салу мақсатында тауарлармен электрондық сауда-ақпараттық технологиялар арқылы интернет-дүкен және (немесе) интернет-алаң арқылы жүзеге асырылатын, тауарларды жеке тұлғаларға өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет, бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:: - тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелерді ресімдеу электрондық нысанда жүзеге асырылса;; - тауарлар үшін ақы төлеу қолма-қол ақшасыз төлеммен жүргізіледі; - тауарларды сатып алушыға (алушыға) жеке меншікті жеткізу қызметінің болуы не жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметтерді, курьерлік және (немесе) пошта қызметін жүзеге асыратын тұлғалармен шарттардың болуы. Интернет-алаң-интернетте орналастырылған, тауарлардың электрондық саудасын ұйымдастыру бойынша делдалдық қызметтер көрсететін ақпараттық жүйе. Интернет-дүкен-интернетте орналастырылған, өз интернет-ресурсында тауарларды сатуға арналған ақпараттық жүйе.
Достарыңызбен бөлісу: |