8 практикалық сабақ Пән атауы: Функционалдық сауаттылықты дамыту әдістемесі Тақырыбы



Дата10.03.2023
өлшемі67.67 Kb.
#470627
түріСабақ
8-тапсырма Әлімғожа Д


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Филология және көптілді білім беру институты
Қазақ тілі мен әдебиеті


8 - ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ




Пән атауы: Функционалдық сауаттылықты дамыту әдістемесі
Тақырыбы: Стилдік норма мен функционалдық сауаттылықтың байланысы

Орындаған: Әлімғожа Дастан
(ҚТӘ ЖОО 2-курс ДОТ)
Тексерген: Балтабаева Жаналик

Алматы 2023 жыл
Практикалық сабақ 8.
Стилдік норма мен функционалдық сауаттылықтың байланысы.
1. Оқушылардың стильдік норманы меңгеруіне және дұрыс қолдануларына бағытталған тапсырмалар құрастыру. "Қазақ тілі" пәнінің оқу бағдарламасындағы орфографиялық және орфоэпиялық дағдыларды меңгертуге бағытталған оқу мақсаттарының оқулықтарда көрініс табуына талдау жасау.
Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістердің сатысында тұр. Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым дағдыларын дамыту оқушылардың алған білімдері мен үйренген дағдыларын кез келген орта жағдайында қарым-қатынас үдерісінде тиімді қолдануға мүмкіндік береді.
Қазіргі заман талабы – жан-жақты дамыған, функционалды сауатты тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқыту әдістеріне өзгерістер енгізіліп жатыр. Алдымен, тілді үйреніп, сол тілде ойлап, сол тілде сөйлейтін азамат даярлау- басты мақсат. Тілді оқыту оңай іс емес екені айқын. Оқушы сүйсіне отырып, құлшыныспен оқуы үшін тиімді, қызықты, жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолдану қажет.

  • мұғалімдер оқушыларға қалай оқу керектігіне бағыт-бағдар беріп, өздігінен білім алудың жолын көрсетеді;

  • оқушының өзінің біліміне өзі жауапты екенін көрсетіп, өзін-өзі бағалай алуға, сыни тұрғыдан ойланатын әлеуметтенген жеке тұлға болып қалыптасуына жетелейді;

  • оқушылар мұғалімнің қолдауымен емін-еркін қарым-қатынасқа түсіп, алған білімдерін өмірде қолдануға бейімделеді;

  • оқушының өз-өзіңе деген сенімділігі оянып, өзіндік көзқарасын білдіре алатын дамыған тұлға қалыптасады.

Тілдік дағдыларды қалыптастыруда ең алдымен қарым-қатынас дағдыларын дамытатын табиғи тілдік орта құру, оқушыны қызықтырып, ішкі уәжін ояту қажет. Мұғалім әр сабағын жоспарлағанда бүгін нені үйретем? оны қалай үйретем? не арқылы үйретем? не үшін үйретем? деген сұрақтарды басшылыққа алып, мақсатына жетуде әдіс-тәсілдерінің ең тиімдісін қарастырып, оқушының назарын өзіңе аударуға бар күш-жігерін жұмсауы керек.
Оқушылардың тыңдалым және айтылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
-тыңдауға, мазмұнын түсінуге түрлі стилдегі мәтіндерді ұсыну;
-мәтінді қайталап тыңдау, негізгі ойды анықтау;
-тыңдалған мәтін бойынша сұрақтар қою;
-мәтін бойынша жоспар құру;
-тыңдалған мәтіннің белгілі бір бөлігін өз сөзімен айтып беру;
-мәтіннің мазмұны бойынша қарама-қарсы пікір айту, дәлелдеу
-мәтінді өз қиялымен өзгертіп аяқтау;
-мәтіндегі оқиғаларды, іс-әрекеттерді салыстыра талдай алу;
-ұсынылған тақырып бойынша сұхбат алу немесе сұхбат беру және нәтижесі бойынша ауызша есеп беру;
Айтылым , жазылым,тыңдалым,оқылым дағдыларын дамытуда , тілді еркін игеріп,қарым-қатынасқа түсе алады. Алған білімдерін өмірде қолдануға бейімделеді. Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады.
Қазіргі кезеңде өзекті мәселе ретінде мемлекеттік тілді үйрету болып табылады.Яғни, өзге ұлт өкілдеріне қазақша сөйлеуге үйретудің тиімді жолдарын таба білу және оқушылардың білім сапасын арттыру ең басты мәселе.Сонымен қатар алдымызда отырған оқушылардың Отанының қасиетін сезініп, оның алдындағы ұлт жауапкершілікті сезіну.
Сабақ барысында cыныптағы психологиялық ахуалға ерекше мән беремін, нәтижесінде оқушыларымның өздерін сабақ барысында еркін ұстауын байқадым. Сондықтан сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында, «Шаттық шеңбер» әдісін пайдаланамын. Бір-біріне жақсы тілек айту кезінде олар өздерін еркін және сенімді ұстауды үйренді. Ал сабақ барысында олар бір-біріне құрметпен қарайды. Бірін-бірі тыңдауды үйренеді. Балаға не үйретсең соған бейім келмей ме? Қажымай еңбектенудің арқасында сындарлы оқытудың әдіс-тәсілдерін дұрыс пайдалана отырып, сыни ойлауға, топта бірлесіп ынтымақтастықта жұмыс жасауға үйрете білдім. Үй тапсырмасын тиянақтауда не білетінін анықтау үшін «Үш сөйлем» әдісін пайдаланамын. Осы әдіс арқылы ойын ашық, еркін түрде жеткізе алатындықтан өз тиімділігін көрсетті. Сабақ жоспарын құру кезінде сабақ мақсатына жету үшін «Не істеймін?»,»Не істеу керек?»- деген сұрақтарға жауап іздеймін. Осы сұрақтардың төңірегінде әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланамын. Оқушыларды топқа бөлудің түрлі тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыруға болады. Топқа бөліп оқытудың бір артықшылығы үлгерімі орта, тұйық оқушылар топтың басқа мүшелерімен диалогқа түсе отырып, өздерінің білмейтіндіктерін үйрене отырып, көшбасшылық қасиеттері ашылады.
Қазіргі заман талабына сай оқыту үрдістері де өзгеруде. Осыған орай мектептердің оқу сапасын жақсартуда әр түрлі технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, өз деңгейінде нәтижелер беруде. Ғалымдарымыз бен әдіскерлеріміз қазіргі кезде қолданылып жүрген педагогикалық технология терминін әр қырынан ашып көрсетуде. Осы орайда балаларды әріп үйретуге, жазуға төселдірудің де өзіндік ерекшеліктері бар екендігін есте ұстанған жөн болар еді. Бастауыш сыныпта жазу үрдісін меңгерту, оқушының алдында тұрған күрделі де қиындығы мол білім жолын ашады. Сондықтан мұғалім әріптерді жазуға үйреткенде еріксіз жаңа технологиялық тәсілдерге сүйенуіне тура келеді. Әрі заман ағымына сәйкес, жаңа үрдістен қалмауға, жаңадан оқытудың тиімді жолдарын пайдаланудың да маңыздылығы бар екендігі шындық.
Орфографиялық дағды - күрделі процесс. Ол -жазу, сөздің дыбыстық құрамын талдай білу, грамматикалық білімге сүйене отырып орфограмманы тану, оған лайық ережелерді пайдалана білу дағдыларын қамтиды. Орфограмманың сипатына қарай бұлардан басқа көптеген жеке операциялар жүргізілуі мүмкін.
Ондай жекелеген операциялар түгелдей есепке алынып отырады. Бірақ үнемі олай бола бермейді. Егер оқыту барысында күрделі әрекеттер дағдыға айналдырылуы қажет болса, онда жеке жаттығулермен шектеліп қалуға болмайды. Егер оқушыға шығарма жаздыру қажет болса, онда олармен өздерінің ойын жазбаша беруіне және орфографиялық норманы сақтауына көмектесетін жеке - жеке жаттығулар жүргізілуі тиімді.
Жазу дағдысының психологиялық негізі мидың үлкен жарты шар қабығындағы анализатор ұштарының бір-бірімен күрделі байланысқа түсуі, екінші сигнал системасының жинақталып, бір арнаға бағытталуы болып табылады. Жазу тілі көзбен қабылданады, қолмен іске асады. Ал ауызша сөйлеу есту - кинестезиялық нерв байланыстары арқылы өтеді. Жазу тілі ауызша сөйлеуден кейін шықты, сондықтан да ол үнемі ауыз тілге сүйеніп отырады [4,64 б]. 
Орфографияға байланысты жекелеген жұмыстар орындату үшін, оқушылардың бар назары сол әрекетке аудартылады, яғни жүргізілетін әрекет саналы орындалады. Ал оқушының назары оның творчествалық еңбегін қажет ететін басқа бір жаңа мақсатқа жетуге аударылса (мысалы, өз ойын жазбаша баяндап беруге), онда бірінші әрекет (орфографиялық жаттығу) басты мақсат болудан қалады да, оқушылардың бар ынтасы жаңадан қойылған екінші мақсатқа (шығармаға) шоғырландырылады. Шығарма жазу кезінде бірінші әрекет автоматтандырылған, оқушы жазған шығармасында орфографиялық білім мен дағдысы берік болғандығын байқауға болады. Егер оқушы жазған шығармасында орфографиялық қате жіберген болса, онда бірінші әрекетке қайта оралып, орфографиялық жаттығулар орындатуға тура келеді.
Орфографиялық сауаттылық диктант я шығарма жаздыру арқылы есепке алынып жүр. Бұл жерде ескертетін жағдай мынадай: диктант - оқушылар алдында ешқандай жаңа мақсат қоймайтын таза орфографиялық жұмыс, ал шығарма оқушылар алдында өз ойын жатық баяндап беру сияқты творчествалық талап қояды. Сондықтан да білімнің және орфографиялық дағдылардың қаншалықты берік қалыптасқандығына нақты көз жеткізу үшін шығарма (мазмұндама) жаздыру тиімді.
Ойын күрделендіруге үйрету үшін алдымен әрбір жеке әрекетті оқушының ұқыпты байымдап алуы талап етіледі.Сонан кейін барып жалпы түрде ойын қорытады. Орфограмманың грамматикалық сипатын анықтаудағы бұл сияқты ақыл - ой жұмысын орфографиялық дағдының грамматикалық бөлігі деп атауға болады.
Дағдының берік қалыптасуы қайталау және жаттығу жұмыстарына тығыз байланысты. Орфографияны оқытудағы қайталау теориялық (грамматикалық, орфографиялық) білімді жазу практикасына пайдалану болып табылады. Қайталау арқылы оқушылардың ойлау әрекеті жетіледі, орфографиялық мақсатты қандай амалдармен, тәсілдермен шешу керектігі анықталады. Орфографияны оқытудың амалдары мен тәсілдеріне орфографиялық іс-әрекеттерге анализ жасау, абстракциялау, сөз контексінен тілдің морфологиялық элементтерін бөліп алу, ол элементтерді белгілі бір грамматикалық категоияларға жатқызу, орфографиялық ережені айқындау т.б. жұмыстар [5,145б].
Жаттығу ережелерді пайдалана отырып, сөздің қалай жазылуын пысықтаумен шектелмейді, сонымен қоса ақыл - ой жұмысын дамытуға көмектесе түседі. Ережені білу, ережені пайдалана білу, ережені практикада қолдана білу үшін жүргізілетін жаттығулар дағды қалыптастырудың негізгі шартты жағдайлары болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет