9- сыныптарға арналған Қазақстан тарихынан емтихан сұрақтары



Дата16.07.2016
өлшемі53.45 Kb.
#203688


Павлодар облысы әкімдігі

Павлодар облысы білім беру басқармасының

Білім беру және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы

9- сыныптарға арналған

Қазақстан тарихынан емтихан сұрақтары
1-билет

1. Қазақстан жеріндегі палеолит дәуірінің тұрақтары, еңбек құралдары, «саналы адамдардың» пайда болуы.

2. ХVІІ ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет және өнер, қазақ әдеби тілінің қалыптасуы, ақын-жыраулар шығармашылығы, халық әншілері мен сазгерлері, музыка өнері, жыраулар.

3. ХVІІ ғ. соңы мен ХVІІІ бірінші ширегіндегі қазақ-жоңғар соғысы.

2-билет

1. Қазақстан территориясы орта тас дәуірінің ерекшеліктері, микролиттердің пайда болуы, садақ пен жебенің пайда болуы, олардың адамдар өміріндегі маңызы.

2. Батырлық және лирикалық эпос, әлеуметтік -тұрмыстық дастандар, салт- дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар.

3. Кіші жүздің Ресейге қосылуы, ХVІІІ ғ. дейінгі қазақ-орыс қатынастары, Бухгольц экспедициясы.

3-билет

1. Қазақстан территориясындағы мезолит дәуірінің тұрақтары.

2. ХV-ХVІІ ғасырлардағы Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық дамуы.

3. Кіші жүз және Орта жүздің бір бөлігінің Ресейге қосылуының басталуы. А.И.Тевкелев елшілігі, Орынбор экспедициясы.

4-билет

1. Мезолит дәуіріндегі алғашқы адамдардың қоғамдық өміріндегі өзгерістер.

2. Әбілқайыр хандығы, хандық биліктің нығаюы және мемлекеттік құрылымы.

3. ХVІІІ ғ. Қазақстан мәдениеті.

5-билет

1.Неолит төңкерісі, мал шаруашылығы мен егіншілікке көшу.

2. Ноғай Ордасы, жер аумағы және этникалық құрамы

3. Қазақстандағы хандық биліктің жойылуының себептері «Сібір қырғыздары туралы Ереже», «Орынбор қырғыздары жөніндегі Ереже» (Орта және Кіші жүздегі хандық биліктің жойылуы).

6-билет

1. Мыстытас дәуірі (энеолит), Қазақстандағы ежелгі металлургия.

2. Темір мемлекеті (Темірдің Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан, Қытай, Үндістан т.б. елдерге жорықтары), оның салдары

3. Қазақстандағы әкімшілік-территориялық басқару.

7-билет

1. Қазақстан территориясындағы энеолит дәуірінің тұрақтары.

2. Моғолстан, жер аумағы және этникалық құрамы, ішкі және сыртқы жағдайы, шаруашылығы.

3. ХІХ ғ. бірінші жартысындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары.

8- билет

1. Қола дәуіріндегі Қазақстан, қола дәуірінің ерекшеліктері.

2. Ақ Орданың дербестік алуы, жер аумағы мен этникалық құрамы, ішкі және сыртқы жағдайы, шаруашылығы.

3. Қазақстанның ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы мәдениеті.

9-билет

1. Қазақстандағы андронов мәдениетінің қоныстары, андрондықтардың шаруашылығы мен тұрмысы, баспанасы.

2. Алтын Орданың құрылуы

3. Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс, бірінші дүниежүзілік соғыс және 1916 ж. 25 маусымдағы «бұратаналарды» тыл жұмысына алу туралы Жарлық.


10-билет

1. Беғазы-Дәндібай мәдениеті.

2. Монғол-татарлар жаулаушыларының Қазақстанға шапқыншылығы, халықтың Шыңғыс хан әскеріне қарсы қаһармандық күресі.

3. Қазақстанда кеңестер билігінің орнауы.


11-билет

1. Ерте темір дәуіріндегі көшпелі мал шаруашылығы – өнімді шаруашылық, көшпелі мал шаруашылығының пайда болуы.

2. Махмуд Қашғари, Сүлеймен Бақырғани, Жүсіп Баласағұн («Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес ұлттық мәдени орталықтардың құрылысы және әл-Фарабидің кесенесі туралы зерттеулер).

3. Азамат соғысы және шетелдік интервенция жылдарындағы (1918-1920 жж.).

12-билет

1. Сақтар жайлы Геродоттың айтқандары, сақтар парсы жазбаларында.

2. Х ғ – ХІІІ ғасырдың басындағы ғылым мен білімнің дамуы (тіл, ғылым мен әдебиет), түркі тілдес халықтардың ғылым мен мәдениет жолындағы көрнекті қайраткерлері(«Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес орта ғасырлық қалаларды зерттеу).

3. «Әскери коммунизм» саясаты (1918-1920 жж) мақсаты және мазмұны.

13-билет

1. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі.

2. Х ғ – ХІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан қалалардың дамуы сәулет өнері ерекшеліктері, («Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес орта ғасырлық қалаларды зерттеу).

3. 1920 ж. 26 тамыздағы Кеңес үкіметінің «Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын (РКФСР құрамында) құру туралы» Декреті.

14-билет

1. Сақ қорғандары (болжамдар, жұмбақ жайлар және жаңалықтар), «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында көне патша қорымдары мен қорғандарын кешенді түрде зерттеу.

2. Ұлы Жібек жолының Қазақстан үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы, («Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес Ұлы Жібек жолының Жетісу аумағындағы керуен жолы тармақтарын зерттеу).

3. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) (1921-1925 жж.).

15-билет

1. Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы (мал шаруашылығы, егіншілік, қолөнер, зергерлік өнер), Қарғалы диадемасы.

2. Қыпшақ хандығы

3. 1920-1930 жж. Қазақстандағы индустрияландыру.

16-билет

1. Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы, (егіншілік, мал шаруашылығы және қосалқы кәсіптер, металл өңдеу, сауда).

2. Жетісудағы Қарақытайлар.

3. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.

17- билет

1. Ғұндардың шаруашылығы, қоғамдық құрылысы және мәдениеті (мал шаруашылығы, егіншілік, қоныстары, кәсіптері).

2.Наймандар, керейіттер, жалайырлар (тайпалардың орналасуы, қоғамдық құрылысы және шаруашылығы

3. 1931-1933 жылдардағы ашаршылық.

18-билет

1. Сарматтардың шаруашылығы және тұрмысы (мал шаруашылығы, егіншілік, сарматтардың материалдық мәдениеті).

2. Қарахан мемлекеті, мемлекеттің құрылуы.

3. 1920-1930 жж. Қазақстандағы қоғамдық-саяси үдерістер.

19-билет

1. Ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан.

2. Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсері, қалалар мен қоныстар, қала ғимараттары (кесенелер, мешіттер).

3. Қазақстан аумағындағы Кеңестік «еңбекпен түзеу» лагерлері (Степлаг, Қарлаг, АЛЖИР және т.б.).

20-билет

1. Ерте темір дәуіріндегі Солтүстік Қазақстан

2. Қимақ мемлекетінің құрылу, қағанаттың қоғамдық және саяси жағдайы, этникалық және тайпалық құрамы, қимақ мемлекетінің ыдырауы, қимақтардың мәдениеті мен кәсібі.

3. 1920-1930 жылдардағы Қазақстан мәдениеті.

21-билет

1. Ерте темір дәуіріндегі Шығыс Қазақстан.

2. Қазақстан аумағындағы оғыздар, олардың шаруашылығы, кәсібі мен қолөнері.

3. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.


22-билет

1. Көшпелілер өркениетінің әлем мәдениетіне қосқан үлесі (жылқы өсіру, тәңірге сенім).

2. Қарлұқ мемлекетінің құрылуы, (жер аумағы, халқы, шаруашылығы, саяси жағдайы, мәдениеті, түрік жазуының пайда болуы)

3. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақ КСР-нің мәдениеті.

23-билет

1. Ежелгі Қазақстанның мәдениеті, рухани мәдениет, дәстүрлі әлем бейнесі.

2. Түргеш қағанатының құрылуы, сыртқы саясаты, шаруашылығы және мәдениеті, соғдылықтар Жетісуда

3. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда.

24-билет

1. Көшпелілердің әдет-ғұрпы мен діни түсініктері, тәңір, табиғат және ата-баба рухына табыну, жерлеу рәсімдері

2. Батыс-Түрік қағанаты (жер аумағы, халықтың әлеуметтік жағдайы, шаруашылығы).

3. Қазақстанның тәуелсіздігін жариялау, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Заңы (1991 жыл 16 желтоқсан).

25-билет

1. Ежелгі адамдардың антропологиялық сипаты.

2. Түрік қағанатының құрылуы (жер аумағы, халқы, шаруашылығы және мәдениеті)

3. «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты, тарихи маңызы, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет