9-дәріс тақырыбы: Жеткіншек жас кезеңіндегі психологиялық өзгерістер



бет1/3
Дата01.03.2024
өлшемі99.5 Kb.
#493913
  1   2   3
0-43178000-1450082645


Жеткіншек жас кезеңінің психологиялық ерекшеліктері.
Жеткіншек жастың негізгі мазмұны балалық кезеңнен ересектік кезеңге өтумен суреттеледі. Дамудың барлық жақтары сапалық қайта құрылудан көрінеді, жаңа психологиялық білім қалыптасады.
Бұл жасты неге қиын жас кезеңі деп суреттейді?
Мектепке оқуға қабілетті емес оқушылар орта сыныптарда жиі кездеседі. В.В. Прохоровскийдің зерттеу мәліметтерінің нәтижесі бойынша төменгі сыныпта бұл жағдай 5-8 % көрсеткіште болса, ал жеткіншек кезеңде 18-20 % көрсеткішті көрсетеді.
Жеткіншек жастағы қиыншылықтарды әртүрлі психофизиологиялық және психикалық кемістіктерді жыныстық жетілумен байланыстырады. Организмнің қарқынды дамуының нәтижесінде жеткіншекте қорқыныш сезім, қозушылықтың жоғалауы, депрессия болуы мүмкін. Кейбіреулер дененің жеке бөліктерінің және оның пропорцияларының даму темпінің сәйкес келмеуіне байланысты өздерін қолайсыз сезінеді, ыңғайсыздық білінеді. Бұл кезеңде бақылау жүргізушілер елеулі өзгерістерді ескере отырып, бұл кезеңді суреттеуде « скачок роста», « эндокринный шторм», «гормональная буря » - деген түсініктерді қолданады.
Жеткіншекке, жыныстық жетілуге байланысты дене және физиологиялық дамуындағы жедел өзгерістердің деңгейі жаңа жан күйзелістерін тудырады.
Осы жастағы оқушылармен нақты практикалық жұмысты жоспарлау, іске асыру үшін, біріншіден, психологтың жұмыстың нақты бағыттарын белгілеу керек.
Жеткіншектің достығы.
Жеткіншектің жеке басының әлеуметтік-моральдық ересектігінің дамуында қарым-қатынастың ерекше түрі – жақын жолдастармен және досымен қарым-қатынас, маңызды роль атқарады. Жыл өткен сайын олар неғұрлым қажет бола түседі. Жеткіншектер сыйлы, беделді, қайсыбір салада озық кластастарымен қарым - қатынас жасауға ұмтылады. Мұндайда жолдастық қасиеттер, білімділік, қолынан бәрі де келетіндіктер, батылдық, спорттағы жетістіктер, өзін-өзі ұстау мәнері, ересектермен қатынасттардағы дербестік сияқты алуан түрлі жағдайлар тартымды болуы мүмкін.
Балалардың жақындасуы үшін мүдделер мен сүйікті кәсіптердің ұқсастығының, әңгімелесудің тартымдылығының үлкен маңызы бар. Жеткіншек өзіне ұнаған құрдасының ден қойған нәрсесіне оңай елігеді, өзі де оны өз ісіне ортақтастыруға ұмтылады. Жолдасымен қарым-қатынастың кейде тартымды болатыны соншалық, жеткіншек онымен бірге өзін бұрын қызықтырмаған, қәзір де қызықсыз іспен шұғылдана бастайды. Алайда кейін ол бұған шыңдап ден қоюы мүмкін. Сондықтан жолдастарымен қарым-қатынас жасау – жеткіншектердің жаңа мүдделердің пайда болуының қайнар көзі. Біріне-бірі ұнайтын балалар әр түрлі істерде ынтымақтасуға ұмтылып, әрқайсысының айтқанын көбіне екеуі бірігіп істейді. Бірлесіп жұмысты жақсы істей білуді жеткіншектер өте бағалайды.
Өзіне ұнаған құрдасының қасиеттері көбіне жеткіншекті өзіне ұнайтын және жолдастары бағалайтын қасиеттердің өзінде жоқ екенін көріп, ұғынуға мәжбүр етеді. Сол сияқты, тіпті одан да жақсы болсам деген ниет туады. Жолдасы жеткіншекке үлгі болады. Ол оған немесе әншейін еліктейді, немесе өзінде белгілі бір қасиеттерді, мәселен, күш пен батылдық немесе өзін-өзі ұстай білу, әрқашан уәдесінде тұру т.б. дамыта бастайды.
Маңызды әрі жеке адамға қатысты деп ұғынылатын мазмұнның ұлғайып, тереңдеуі ақылдасуға, қолдау мен көмек алуға болатын досқа зәрулік туғызады. Сондықтан достық қарым-қатынастарға - өзара сыр жасырмау және түсіністік, сергектік пен сезімталдық, бірлесе толғану, сыр сақтай білу сияқты ерекше талаптар қойылады. Бір-біріне жан дүниесін, бар сырын жайып салған қарым-қатынас екеуін де байытады, өз жан-дүниесінде болып жатқанның бәрін жақсы түсініп, ұғынуға мүмкіндік береді.
Жеткіншектің интеллектілік дамуы.
Орта кластарда оқушылар ғылымдардың негіздерін оқып, игеруге кіріседі. Балалардың алдында көлемі зор білімдерді меңгеру жойылады. Игерілуге тиісті материал, бір жағынан, оқу-таным және ойлау қызметінің бұрынғыдан гөрі неғұрлым жоғары дәрежесін талап етіп, ал екінші жағынан, оларды дамытуға бағытталған. Оқушылар математикадағы, физикадағы, химиядағы ғылыми ұғымдар жүйесін, белгілердің ерекше жүйесін меңгеруге, теориялық тұрғыдан пайымдап үйренуге тиіс.
Теориялық ойлаудың өзіне тән қасиеті – гипотетикалық-дедукциялық, яғни гипотезалар құру және оларды тексеру арқылы бір ғана жалпы тиянақтар негізінде пайымдауға қабілеттілік.
Интеллектілік міндеттерді шешуде гипотезаларды пайдалана білу – жеткіншектің болмысқа талдау жасаудағы аса маңызды жетістігі. Болжамдар жасап ойлау – ғылыми пайымдаудың өзіне тән құралы. Ойлауды дамытудың бұл деңгейіне тән ерекшелік абстракциялаудың дамуы ғана емес, сонымен бірге жеткіншек өзінің интеллектілік операцияларына зейін қояды, талдау жасап, баға береді. Сондықтан мұндай ойлау рефлексиялы ойлау деп аталады.
Теориялық ойлау мектеп білімдерін игеруде ғана қалыптасумен шектелмейді. Тұтас алғанда ойлаудың бұл деңгейіне жеткіншектің өз интеллектілік операцияларын ұғынып, оларды басқаруы тән. Бұл процесс басқа психикалық функциялар үшін де тән бола бастайды. Сөйлеуге бақылау мен басшылық жасалады, оның үстіне өзі үшін маңызды кейбір жағдайларда жеткіншектер дұрыс әрі әдемі сөйлеуге ерекше тырысады. Осының бәрі – жеткіншектің дамуындағы бастауыш мектеп оқушысымен салыстырғандағы жаңа әрі маңызды жетістіктер.
Қабылдау процестерін интеллектілендіру – кез келген оқу материалын, соның ішінде чертеж, схема, сурет сияқты көрнекі материалды да ойлағыдай игерудің қажетті шарты.
Гуманитарлық пәндерді меңгергенде де оқушылар ғылыми ұғымдарды, фактілерді жіктеуді игереді, байланыстар мен себеп-салдар тәуелділіктерін көріп үйренеді, қысқаша сипаттамалар мен кеңінен суреттеулер беруді, қорытындылар жасауды үйренеді
Материалды логикалық өңдей білу көбіне жеткіншектерде өздігінен дамиды. Мұндай іскерліктерді дамыту мұғалімнің арнайы міндеті болуға тиіс, үлгірім, білімнің тереңдігі мен тиянақтылығы ғана емес, жеткіншектің интеллектісі мен қабілеттерінің одан әрі даму мүмкіндігі де осыған байланысты.
Өзіндік сананың дамуы
Жасөспірімдік шақта кезектеліп өзіндік сананыңекі ерекшк формасы пайда болады: ересектік сезімі және «Мен-концепция».
Бала өсіп келе жатыр дегенде ересек адамдар қоғамында өмір сүруге дайындығы туралы айтылады. Әрине жасөспірімге физикалық, психологиялық және әлеуметтік жағынан да шынайы ересектікке әлі алыс. Ол объективті түрде ересек адам өміріне қосыла алмайды, бірақ та оған тырысады және ересектермен бірдей құқықтарға ұмтылады. Жаңа позиция көбіне сыртқы келбетте, манераларда көрініс табады. Жасөспірімнің сыртқы түрі жанұядағы үнемі қақтығыстардың көзі бола алады. Эмоционалдық қауіпсіздік қажеттілігіне жауап беретін топпен бірге болу, одан ерекшеленбеу ниетін психологтар психологиялық қорғаныс механизмі ретінде қарастырады және әлеуметтік мимикрия деп атайды.
Ересек адамдарға еліктеу тек манералармен және сырт киіммен шектелмейді. Еліктеу көңіл көтеру, романтикалық қатынастар сызығы бойынша өтеді. Бұл қатынастардың мазмұнына тәуелсіз «ересек»формасы көшіріледі: кездесулер, хаттар, қала сыртына саяхаттар, дискотекалар және т.б.
Сонымен қатар ересектіктің сыртқы, объективтік көріністерімен бірге ересектік сезімі де – жасөспірімнің өзіне ересек ретінде қатынасы, өзін белгілі бір мөлшерде ересек адам екендігін сезіну, түсіну пайда болады. Ересектіктің бұл субъективтік жағы төменгі жасөспірімдік жастың (11-13 жас) орталық жаңа қалыптасуы болып табылады.
Ересектік сезімі өзіндік сананың ерекше формасы болып табылады. Бұл сезімнің қалыптасуының негізгі қайнар көзі жыныстық жетілу болмайды.
Д.Б.Эльконин ересек сезімімен бірге жасөапірімнің ересектікке тенденциясын қарастырған. Қоршаған адамдар үн қатпаған жағдайда басқа адамдар алдында ересек болып көріну ниеті жоғарылайды.
15 жас кезеңінің соңына қарай жасөспірім өзінің өзіндік санасының дамуына тағы бір қадам жасайды. өзін іздеуден кейін, тұлғалық тұрақсыздықтардан кейін «Мен-концепциясы» - өзі туралы, «Мен» образдарының ішара келісілген көзқарастар жүйесі қалыптасады.
Жасөспірім өз санасында құрастыратын «Мен» образдары әр түрлі – олар оның барлық өмір байлығын бейнелейді. Физикалық «Мен» өзінің сыртқы сүйкімділігі туралы, өзінің ақылы туралы әр түрлі саладағы қабілеттері туралы, мінез күші, қарым-қатынасшылдығы, мейірімділігі және басқа да қасиеттері туралы көзқарастары бір-бірімен қосылып, «Мен-концепцияның» үлкен негізін – шынайы «Менді» қалыптастырады.
Өзін, өзінің әртүрлі қасиеттерін тану «Мен-концепциясының» когнитивтік копонентін құруға әкеледі. Онымен тағы екеуі байланысты – бағалауыш және жүріс-тұрыстық. Жасөспірім үшін ол шынында қандай екендігін білу ғана емес, сонымен қатар оның индивидуалды ерекшеліктері қаншалықты маңызды екендігін білу де өте маңызды. Өз қасиеттерін бағалау құрбы-құрдастар және жанұя әсері негізінен қалыптасқан құндылықтар жүйесіне байланысты. Сондықтанда әртүрлі жасөспірімдер сұлулықтың, ұшқыр интеллектінің немесе физикалық күштің болмауын әртүрліше уайымдап, бастан кешіреді. Сонымен бірге өзі туралы көзқарастарына белгілі бір жүріс-тұрыс стилі сәйкес келуі керек.
Шынайы «Менмен» бірге «Мен-концепциясы» өзіне идеалды «Менді» қосады. Өз мүмкіндіктерін жеткіліксіз түрде түсіну және жақындасудың жоғарғы деңгейі кезінде идеалды «Мен» реалды «Меннен» өте қатты өзгешеленуі мүмкін. Сол кездері жасөспіріммен уайымдалынытын идеалды образ бен өзінің шынайы қалпы арасындағы үзіліс агрессивтілік, қырсықтық, өкпешілдік түрінде көрініс беретін өзіне деген сенімсіздікке әкелуі мүмкін. Идеалды образ қол жетерліктей көрінгенде, ол өзін-өзі тәрбиелеуге әкеледі. Жасөспірімдер өздерінің болашақта қандай болатындығын ғана армандамайды, сонымен бірге өздерінде сапалы қасиеттерді дамытуға ұмтылады. Бұл кезде жасөспірімде өзін өзі реттеу дамитындықтан өзін өзі тәрбиелеу мүмкін бола алады.
Ерте жастық шақ шегінде, жасөспірімдік жас соңына қарай өзі туралы көзқарастар тұрақталынады және тұтас жүйені – «Мен-концепцияны» - қалыптастырады. Кейбір балаларда «Мен-концепциясы»кейінірек, жоғарғы мектеп жасында қалыптасуы мүмкін. Бірақ та кез келген жағдайда өзіндік сананың дамуында бұл маңызды кезең.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет