№9 орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі



бет1/4
Дата12.11.2022
өлшемі67 Kb.
#464640
  1   2   3   4
«Желтоқсан – тәуелсіздік бастауы» атты ашық тәрбие сағаты.


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Желтоқсан – тәуелсіздік бастауы»
Мақсаты: білімділігі:
оқушыларға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себептерін және тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіну.
тәрбиелігі: Отан-Ананы құрметтеу, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға, елінің тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрдайым есте ұстауға, үлгі ете білуге үйрету.
дамытушылығы: оқушының ойын жеткізе білуі мен тіл байлығын дамыту, өлеңді мәнерлеп оқу, әр сөздің айтылуына көңіл бөлу, дикциясы мен интонациясын дамыту.
Көрнекілігі: тақырып желісі бойынша слайдтар, шарлар, нақыл сөздер,
1-жүргізуші: Ассалаумағалейкум, халқым менің!
Ардақта дәстүріңді салтыңды елім.
Мереке басы болсын берекенің,
Игі еңбек жемісінің бәрін жегін
2-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата-аналар және Тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпағы.
Бүгін сіздерді «Желтоқсан – тәуелсіздік бастауы» атты тәрбие сагатымызды көруге шақырамыз.
ҚР әнұраны орындалсын!
1-жүргізуші: Тарихымызда ерекше орны бар, халқымыздың қасіреті мен ар-намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған оқиға — бұл 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Әр дәуірдің еркіне сай
Нарқы өзгерген алтынның.
Айналайын, алтын әнім,
Жас өркені халқымның.
Желтоқсанда шындық жырын
Шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді,
Ел болсақ деп талпындың.
2-жүргізуші: Иә. Бүгін Отанымыз Қазақстанның тәуелсіздік алганына 22 жыл, ал желтоқсан оқигасына 27 жыл болды. 1986 жылы 17-желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылын білдіріп, шеруге шықты. Олар «қазақ елінің өз көсемі сайлансын» деген тілек білдірді.
1-жүргізуші: Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен күш көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «бұзақылар», «ұлтшылдар», «нашақорлар» деген кінә тағылды.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей ар намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет