А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет


Дем шығару бұлшықеті - экспираторлар



Pdf көрінісі
бет44/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

Дем шығару бұлшықеті - экспираторлар
1. Дорсальды тісті экспираторлар-m. serratus dorsalis expiratorius– көкірек 
керегесінің жоғарғы каудальды бөлігінде жатқан жұқа жалпақ ет. Ол етті тістер 
арқылы қабырғалардың каудальды жиегінен басталады.
2. Ішкі қабырғаралық бұлшықеттер-mm. intercostales interni сыртқы 
қабырғаралық бұлшықеттің астында орналасады. Қабырғалардың каудальды 
жиегінен басталған ет талшықтары каудо-дорсальды бағытта өзінен кейінгі 
қабырғалардың краниальды жиегіне келіп бекиді.


68 
3 Бел-қабырғалық бұлшықет - m. lumbocostalis соңғы қабырға мен алғашқы бел 
омыртқалардың көлденең өсінділерінің аралығындағы үшбұрышты кеңістікте 
орналасқан жалпақ ет.
4 Көкіректің көлденең бұлшықеті -m. transversus thoracis – төс сүйегінің 
дорсальды беті мен қабырға шеміршектерінде жатқан үшбұрышты жалпақ ет. 
Ет талшықтары көлденең бағытта орналасады.
 
Бақылау сұрақтары: 
1 Сиырдың қаңқасында инспираторлар бұлшықетін тауыпжәне бөлек-бөлек
қандай қызметті атқаратының айтыңыз
2 Сиырдың қаңқасында экспираторлар бұлшықетін тауыпжәне бөлек-бөлек ола
қандай қызметті атқаратының айтыңыз
3 Диафрагма немесе көкет 
4 Ішкі қабырғаралық бұлшықеттер 
 
7.4 Құрсақ бұлшық еті 
Сабақтың мақсаты: Құрсақ бұлшықеттерін оқып-зерттеу және оны орыс және 
латын тілінде атау. Сиыр қаңқасында олардың орналасқан жерін көрсетіңіз. 
Құрсақ бұлшық еті 
Құрсақ қабырғасы негізінен бір-біріне тік бұрыш жасай орналасқан 3 (төменгі 
бөлігінде 4) қабат құрсақ бұлшықеттерінен құралған. Олар құрсақ қуысындағы 
ішкі мүшелерді бірқалыпты жағдайда ұстап тұрады. Оларға жатады: 
1. Құрсақтың сыртқы қиғаш бұлшықеті- m. obliguus abdominis externus – 
құрсақтың сыртқы қабатын құрайды. Ол өзінің жекеленген тістері арқылы 
қабырғалардың төс сүйегіне жақын тұсынан басталады. Ет талшықтары каудо-
вентральды бағытта қиғашталып жалпақ сіңірге айналады да, құрсақғ жамбас
сан пластинкаларына бөлінеді.
2.Құрсақтың ішкі қиғаш бұлшықеті - m. obliguus abdominis intеrnus құрсақтың 
ортаңғы қабатын түзеді. Ол сербектен басталып, желпеуіш тәрізді болып, 
қабырға доғасының медиальды бетіне және соңғы қабырғаның төс сүйегіне 
жақын тұсына бекиді. Бұл еттің каудальды жиегінде шап өзегінің ішкі құрсақ 
сақинасы жатады. 
3. Құрсақтың тік бұлшықеті- m. rectus abdominis – құрсақтың вентральды 
қабырғасына жатады. Оны сыртынан сыртқы және ішкі қиғаш еттердің 
сіңірлері екі жағынан жауып тұрады.  
4. Құрсақтың көлденең бұлшықеті- m. transversus abdominis – құрсақтың ішкі 
қабатын құрайды. Ол бел омыртқаларының көлденең өсінділерінен және 
қабырға доғасының медиальды бетінен басталады.  
5. Шап каналы мен оның маңызы.


69 
Құрсақтың сыртқы және ішкі қиғаш еттерінің арасында шап өзегі жатады. Ол 
сыртқа теріасты және ішкі құрсақ сақиналарын жалғастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет