225
59 - сурет. Бас миының бөлімдері
Гипофиз —hypophysis — дөңгелеген денеге ұқсас, кішкентай ғана орталық
қуысы бар және ол үшінші ми қарыншасымен өзара байланысады. Гипофиз –
бірнеше гормондарды бөлетін ішкі секрецияның безі. Ол үш бөлікке бөлінеді:
мишық, ми аралық және безді.
Емізікше дене —corpus mamillare — сұр дененің арқасында орналасқан. Ми
күмбезі арқылы иіс миымен, көздік төмпегімен және торлы денемен
байланысады.
Ерекшеліктері: иттерде оң және сол жақты емізікті денелер бар, ал
қалған
жануарларда ол тақ келеді.
Ортаңғы ми (mesencephalon) төрттөмпешік пен ми қақпағынан, үлкен ми
аяқшасынан және олардың арасындағы түтікше куыс су құбырдан тұрады.
Ортаңғы мидың төрттөмпешігі мен ми қақпағының сүр заты мультиполярлы
және ұршықтәрізді нейроциттер мен олардан түзілген жүйке талшықтарынан
құралған.
Төрт төмпешік - lamina quadrigemina
- ортаңғы мидың жоғарғы
төбесін құрайды. Ол алдыңғы (ростральды) және артқы (каудальды) екі жұп
төмпешіктен тұрады. Төрттөмпешікті сыртынан қаптап жатқан сұрзаттық қабат
көру және есту тітіркеністеріне шартсыз рефлекторлық қозғалыспен жауап
беретін, яғни бағдарлау рефлекстерін іс жүзіне асыратын орталықтар түзеді.
Алдыңғы жұп төмпешік көру талдағышының,
артқы жұп төмпешікесту
талдағышының қыртысасты орталықтары. Үлкен ми аяқшасы сай арқылы
белінген екі ми буылтығынан тұрады. Олардың
сыртқы қабаты ақ заттан
құралған. Оның өткізгіш жолдары үлкен ми қыртысы орталықтарын мидың
226
төменгі бөлімдерімен және жұлын орталықтарымен байланыстырады. Сұр
заттық орталықтар ақ заттың орталық бөлігінде жатады. Су құбырдың
қабырғасында әртүрлі рефлекстерді іс жүзіне асыруға қатысатын торлы
құрылым орналасады.
Суқұбыр (aqueductus) аралық мидағы үшінші ми
қарыншасы қуысын төртінші ми қарыншасы қуысымен жалғастырады.
Ортаңғы мидан 3 -інші және 4 -інші ми жүйкелері шығады.
Достарыңызбен бөлісу: