А. А. Роде топырақ ылғалының бес категорияның ажыратады



бет1/6
Дата06.06.2023
өлшемі37.02 Kb.
#474756
  1   2   3   4   5   6
Дәріс 7


Дәріс 7
Топырақ ылғалдылығы. Топырақтың температуралық режимі. Ауаның және топырақтың сулық жүргілері

  • Топырақ суы организмдердің тіршілігінде және топырақ түзілуде үлкен маңызы бар. Топырақтағы су оның бойында өтіп жататын биологиялық, химиялық, физико-химиялық құбылыстардың белсенділігіне, заттардың жылжуына, ауа, қоректік заттар, жылу режимдеріне және топырақтың физикалы-механикалық қасиеттеріне үлкен ықпалын тигізеді. Топырақ суы органикалық заттардың ыдырау процестерінің қарқындылығын анықтайды. Топырақ суымен жиналған заттардың шығару, жылжу және жиналу процестері, генетикалық қабаттар мен жалпы топырақ кескінің қалыптасуы байланысты. Топырақ ылғалы оның жылу балансына да ықпал етеді. Топырақтың үстіңгі қабатында су жылжу кепзінде оны эрозияға шалдықтырады. Топырақта су шамадан тыс болғанда күлгіндену, батпақтану, ал капиллярлар бойынша көтерілуі судың булануына әкеліп соғады, тұзды сулар тұздану және кебірлену процестерін болдырады.

Топырақ ылғалдылығы оның агрофизикалық қасиеттеріне (тығыздығы, жабысқақтығы, ұсақтану және агрегаттар құру қабілеті – топырақтың пісіп жетілуі) әсер етеді.
Топырақ ылғалын зерттеген және топырақ ылғалдылығы туралы ілімнің дамуына үлкен үлес қосқан ұлы ғалымдар: А.А.Измаильский, Г.Н.Высоцкий, П.С.Коссович, А.Ф. Лебедев, А.Г.Дояренко, А.А.Роде, Н.А.Качинский.
А.А. Роде топырақ ылғалының бес категорияның ажыратады:
Химиялық байланысқан су – жылжымайтын және заттарды ерітуге қатыспайтын су, топырақтың қатты фаза құрамына кіреді, конституциялық (құрылдық) және кристалдық болып бөлінеді.
Конституциялық су – бұл гидроксильдік топ (ОН), топырақта темір, алюминий, титан, марганец гидроксидтері, коллоидті-дисперсті балшық минералдары, органикалық және органикалы-минералдық қосылыстар құрамында болады.
Кристалдық су — бұлар тұтас су молекулалары, гипс (СаSО4 * 2Н2О), миробилит (NаSО4 * 10Н2О) және басқа да минералдар кристалдарына кіреді.
Химиялық байланысқан суға өсімдіктердің қолы жетпейді (пайдалануы мүмкін емес ).
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет