А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет7/165
Дата01.10.2022
өлшемі2.27 Mb.
#461735
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   165
Маркетинг (1)

Айырбас — орнына бірдеңе беруді ұсыну арқылы белгілі бір 
нысаннан бір затты алу.
Айырбас — жеке тұлғаларға қалаған нысандарын алуға 
мүмкіндік беретін төрт тəсілдің бірі. Мысалы, қарны ашқан 
адам өз қажеттілігін келесі тəсілдер арқылы қанағаттандырады: 
аңшылық, балық аулау, жеміс-жидек жинау арқылы тамақ табу 
(өзін-өзі қамтамасыз ету, біреуден тамақ ұрлап алу (тартып алу), 
сұрап алу, қайыр тілеу) жəне берген тамақтың орнына ақша төлеуді 
немесе басқадай тауар беру, қандай да бір қызмет көрсетуді ұсыну 
(айырбас). 
1.4.2. сурет. Қалаған нысанды алу тəсілдері
Мұқтаждықтарды қанағаттандырудың осы төрт тəсілінің ішінде 
айырбас анағұрлым көп артықшылыққа ие (1.4.2. сурет). Айырбас 
кезінде адамдар өзгелердің құқығына қол сұқпайды, біреудің 
қайырымдылығына тəуелді болмайды. Оларға қолдарынан келетін-
келмейтініне байланыссыз, аса қажетті затты өндіруге мəжбүр 
болмайды. Өздері жақсы игерген заттарды жасауға назар аударып, 
сосын оларды басқа адамдар жасаған қажетті заттарға айырбастай 
алады. Осының арқасында қоғамда тауарларды бірлесіп өндіру 
артады. 1.4.3. суретте адамдардың тарихи тұрғыда қалаған өнімді 
алудың тиімсіз əдістерінен орталықтандырылған айырбасқа қалай 
көшкені көрсетілген.
1.4.3. сурет. Орталықтандырылған айырбастың қалыптасу кезеңдері
Тауар 
Б
Қажет-
тілік
Ү
Тауар 
Б
Қажет-
тілік
Z
Қажет-
тілік
W
Тауар 
А
Қажеттілік
Х
Өзін-өзі қамтамасыз ету
Тартып алу
Қайыршылық
Айырбас
Қалаған нысанды алу тəсілдері
Нарық Аңшы 
Қышшы Диқан
Нарық Аңшы 
Қышшы Диқан
Нарық Аңшы 
Қышшы Диқан
Нарық


14
15
1.4.4. сурет. Айырбастың тұрақты мүмкіндігінің негізгі шарттары
Айырбас — маркетингтің ғылым ретіндегі негізгі түсінігі. 
Ерікті айырбас жасау үшін төмендегі бес шарттың орындалуы 
қажет (1.4.4. сурет). 
1) тараптар кемінде екеу болуы керек;
2) əрбір тарапта екінші тарап үшін құнды саналатын зат болуы 
қажет;
3) əрбір тарап қызығушылық танытқан тарапқа тауар туралы 
хабарлап, оның жеткізілуін қамтамасыз етуге тиіс;
4) əрбір тарап екінші тараптың ұсынысын қабылдау немесе одан 
бас тарту туралы шешім қабылдауда тəуелсіз болуы керек; 
5) əрбір тарап екінші тараппен жұмыс істегісі келетініне сенімді 
болуы керек.
Аталған бес шарт бар болғаны айырбастың əлеуетті мүмкіндігін 
көрсетеді. Ал айырбастың болу-болмауы — тараптардың оның 
шарттарына байланысты келісімге келуіне байланысты. Егер 
келісімге қол жеткізілсе, оның барлық қатысушылары пайда табады 
(немесе, ең кемінде шығынға ұшырамайды) деген қорытынды 
жасауға болады. Себебі, олардың əрбірі ұсынысты қабылдауға 
немесе одан бас тартуға ерікті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   165




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет