270
Ертегінің қадірі қанша деп сұрағанда, керектігіне қарай
жауап беріледі. Ертегінің керек орындары: 1)
халықтың
ұмытылған сөздері ертегіден табылмақ, олай болса,
ертегі
тіл жағынан керек нәрсе. 2) Бала әдебиеті жоқ жерде ертегі
баланың рухын, қиялын тәрбиелеуге зор керегі бар нәрсе, ба-
ланы қиялдандыруға, сөйлеуге үйретеді. 3) Бұрынғылардың
сана-саңылау, қалпы-салты жағынан дерек беруімен керегі бар
нәрсе.
Ертегі – халықтың ескіден қалған жұрнақтарының қордасы.
Ол
қорда қазірде шашылып, төгіліп, жылдан-жылға азайып,
жоғалып барады. Ғылымды жұрттар бұрынғы адамның
тұрмысын, халін жорамалдап, аз да болса білу үшін жердің ас-
тынан қазып, тұтынған нәрселерінің
жұрнағын табуға қанша
еңбек қылады! Біздей тарихы жоқ халыққа ертегіге қарап ер-
теде болған аталарымыздың өткен тіршіліктерін жорамалдауға
болады, сондықтан елде тұрған адамдар ертегілерді жинап,
жоғалмасына қам қылу борышым деп білу керек.
Қазақта ертегі көп, мұнда бірнешеуін атап өтеміз: 1) «Қара
батыр», 2) «Тазша бала». 3) «Алтын айдар», 4) «Хан Шынтай»,
5) «Еркем Айдар», 6) «Арам пейіл, ақ пейіл», 7) «Әжігелді», 8)
«Хан қызы», 9) «Тазша», 10) «Түлкі алдауы», 11) «Дуадар қыз»,
12) «Үш ұл», 13) « Балықшы жігіт», 14) « Қара көз сұлу».
Достарыңызбен бөлісу: