Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
қазақ тілі
Павлодар
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Гуманитарлық-педагогикалық факультет
Қазақ тілі кафедрасы
қазақ тілі
Жаратылыстану мамандығының студенттеріне арналған
оқу-әдістемелік құрал
Павлодар
Кереку
2012
ӘОЖ 811.512.122(07)
КБЖ 81.2Каз-9
Қ 17
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің гуманитарлық-педагогикалық факультетінің қазақ тілі кафедрасының отырысында баспаға ұсынылды
Пікірсарапшы
А. Ф. Зейнулина – филология ғылымдарының кандидаты, профессор
Құрастырушы: Шаһарман Ә.П.
Қ 17 Қазақ тілі: жаратылыстану мамандығының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құрал/ құраст.: Ә.П. Шаһарман. – Павлодар: Кереку, 2012. – 49б.
Қазақ тілі пәнінен студенттердің практикалық сабақтарына арналған оқу-әдістемелік құрал жаратылыстану мамандығының студенттеріне ұсынылады. Оқу-әдістемелік құралда мәтіндер, тапсырмалар және жаттығуларларға сілтемелер мен оны орындау туралы мәлімет берілген. Оқу-әдістемелік жұмыс бағдарламасына сәйкес әзірленді.
ӘОЖ 811.512.122(07)
КБЖ 81.2Каз-9
© Шаһарман Ә.П., 2012
© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2012
Материалдың дұрыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушы жауапты
|
|
ПМУ ҰС Н 4.05.2/08
|
БЕКІТЕМІН
С. Торайғыров атындағы
ПМУ-дың оқу ісі
жөніндегі проректоры
__________ Н. Э. Пфейфер
2012 ж. «_____» ________
Құрастырушы: Шаһарман Ә.П.
Қазақ тілі кафедрасы
Қазақ тілі
пәнінен жаратылыстану мамандығының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құрал
Кафедра мәжілісінде бекітілді 2012 ж. «_____» _____№____ хаттама
Кафедра меңгерушісі _________________ А. Ф. Зейнулина
Гуманитарлық-педагогикалық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданған 2012 ж. «_______» _____ №_____ хаттама
ОӘК төрайымы _______________ Е. Н. Жуманкулова
КЕЛІСІЛДІ
ГПФ деканы _____________Ж. Т. Сарбалаев 2012 ж. «___»____
Нормабақылаушы
БСМмБжСЖБ _____________ Г. С. Баяхметова 2012 ж. «___»____
МАҚҰЛДАНДЫ
ОӘБ бастығы _____________ А. А. Варакута 2012 ж. «____»____
Кіріспе
Бұл оқу-әдістемелік құрал «Қазақ тілі» пәнінен 30 сағатқа арналған материалдан тұрады.
Оқу-әдістемелік құрал 15 грамматикалық, 15 лексикалық тақырыпты қамтыған.
Лексикалық ақпарат тақырыптар бойынша реттелген. Мәтіндік ақпарат танымдық сипатта, оқу, ғылыми-танымдық және кәсіптік әдебиеттің мамандандырылуын көрсетеді.
Теориялық ақпарат екі тілде қысқа формада беріледі.
Сабақты ұйымдастыру кезінде студенттің төрт түрлі белсенділігі ескеріледі: оқу, сөйлеу, тыңдау және жазу; сонымен қатар лексика және грамматика деңгейінде тілдік ақпаратты кешенді түрде беру.
«Қазақ тілі» пәні зооинженерия мамандығында білім алатын бакалаврларды даярлау жүйесінде маңызды орын алады. Бұл мамандықтың студенттері үшін қазақ тілін үйрену бұл мектепте алынған білімдері мен дағдыларын жетілдіру ғана емес, болашақ мамандығын игерудің құралы да болып табылады.
«Қазақ тілі» пәнінен оқу-әдістемелік құрал орыс тілінде білім алатын 5В080200 «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығының күндізгі және сыртқы бөлім студенттеріне арналған. Құралдың мазмұнында осы мамандықтың жұмыс бағдарламасына сәйкес келетін тілдік және лексикалық материалдар берілген.
1 Лексикалық тақырып: Мал шаруашылығының өсімдік шаруашылығымен байланысы
Грамматикалық тақырып: Сөйлем. Жай сөйлем. Сөйлемнің түрлері. Сұраулы сөйлем
Сөйлем. Предложение
Қарым-қатынас құралын іске асырудағы адамның ойын айтудың формасы – сөйлем. Сөйлем бірнеше сөзден немесе сөз тіркесінен жасалып, аяқталған ойды білдіреді.
Предложение – одна из основных единиц синтаксиса, служащих средством общения. Предложение представляет коммуникативную единицу, имеющую определенную структуру, обладающую грамматическим значением предикативности (комплексом модально-временных значений, относящих содержание предложения к действительности).
Жай сөйлем. Простое предложение
Бір ғана ойды білдіріп, бір ғана интонациямен айтылатын сөйлем жай сөйлем деп аталады.
Простое предложение – предложение, имеющее в своем составе одну предикативную единицу, т.е. не делимое на части, которые в свою очередь образовали бы предложение.
Жай сөйлем
Бір сөзден
|
Екі сөзден
|
Көп сөзден
|
Дүйсенбі. Бүгін мен университетке барамын.
|
Мал сатылды.
|
Зоотехния жалпы және жеке болып бөлінеді.
|
Сөйлемнің түрлері. Виды предложений
Әр сөйлем белгілі бір мақсатқа жұмсалып, соған сай интонациямен айтылады. Осыған сәйкес сөйлемдер хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты болып бөлінеді.
В зависимости от функции (цели высказывания) предложения бывают: повествовательные, вопросительные, побудительные, восклицательные.
Сұраулы сөйлем. Вопросительные предложения
Сұраулы сөйлем сурау мағынасын білдіреді. Біреу бірдеме жайында сұрай айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз.
Цель вопросительных предложений – получение ответа на поставленный вопрос.
Сұраулы сөйлемнің жасалу жолдары
Сұрау есімдігі арқылы: кім?-кто?, не?-что?, қандай?- какой(-ая,-ое?), қалай?-как? қайда? -где? қашан?-когда? неше?-сколько?
|
Сұраулық шылаулар арқылы:
-ма, -ме,-па,-пе,-ба,-бе
|
-ау, ше, ғой шылаула
ры арқылы
|
шығар, болар т.б. көмекші етістіктер арқылы
|
Интонация арқылы
|
«Мал тұқымын асылдандыру жұмысы» ұғымына қандай істер мен шаралар кіреді?
Селекция ұғымын қалай түсінесіз?
|
Сүттің майлылығы мен белок мөлшерін айына бір рет аңықтай ма?
Құсқа қорытынды баға бонитировкалық класс арқылы беріледі ме?
|
Қойдың жүн салма
ғы ше?
|
Мүмкін бұрын қолға үйретілген жануарлар біздің мал шаруашылығына қоятын талаптарымызды толығымен қанағаттандыратын шығар?
|
Жылқыда өт жоқ. Жоқ?
|
Сұраулы сөйлемде сұрау есімдігі көтеріңкі дауыспен айтылады, ал сұраулық демеуліктерге екпін түспейді.
Жазғанда, сұраулы сөйлемнің аяғына сұрау белгісі (?) қойылады.
1-мәтін. Мал шаруашылығының өсімдік шаруашылығымен тығыз байланысы
Мал шаруашылығы өсімдік шарушылығымен тығыз байланыста дамиды. Жыл сайын ауыл шаруашылығы өнімдерінің дақылдарындағы органикалық заттардың жалпы көлемінің тек ¼ бөлігі ғана азыққа қолданылуы мүмкін, ал оның ¾ бөлігі адамның қолы жетпес түрінде жатыр. Өсімдік азықтарындағы арзан органикалық заттармен жануарларды қөректендіре отырып, адам олардан азық-түлік өнімдерін алады. Осыдан үй жануарларының көп бөлігі - өсімдік текті өнімдерді және көптеген өсімдік шаруашылығының қалдықтарын, адам тура қолданбайтын, құнды азық-түлік өнімдеріне және шикізатқа айналдыратын ерекше қасиетке ие. Мал шаруашылығы өсімдік шаруашылығының салалары үшін өз кезегінде органикалық тыңайтқыш көзі ретінде қызмет етеді. Неғұрлым егіншілік өнімі жоғары және егін шаруашылығы озық болса, соғұрлым шаруашылықта мал шаруашылық өнімдері көбірек өндірілуі мүмкін. Сондықтан да мал шаруашылығы өсімдік шаруашылығымен тығыз байланысты. Олардың дұрыс үйлесімділігі ауылшаруашылық дақылдарының жоғары өнімділігін алу үшін және жануарлардың өнімділігін жоғарылату үшін қажетті жағдай болып табылады.
Сөздік
Мал шаруашылығы – животноводство
Ауыл шарушылығы – сельское хозяйство
Органикалық заттар –органические вещества
Өнімдер- продукция
Ендіру - внедрение
Шикізат- сырье
Сала – сфера
Өсімдік шаруашылығы - растениеводство
Тапсырма
1. Мәтінді оқыңыз.
2. Мәтінді аударыңыз.
3. Сұраулы жоспар жасаңыз. Сұраулы сөйлемнің жасалу жолдарын пайдаланыңыз.
4. Жай сөйлемнің синтаксистік талдауын жасаңыз.
Өсімдіктердегі сипап көру қасиеті
Өсімдіктерде хайуандар мен адамдығыдай сипап білу қасиеті жетілмеген. Алайда өсімдік тамырлары топырақтың астында ілгерілегенде, бөгде немесе қатты денеге кезіксе, жолын өзгертеді. Кейбір өсімдітердің жапырағына, гүліне бір нәрсе тиіп кетсе, бірден жапырағын төмен қаратады. Жәндік жейтін өсімдіктер өзінің жапырағына жәндік қонысымен, жапырағын жұмып қалады. Сонда өсімдіктер бөгде денелерді қалай таниды?
Тапсырма
-
Мазмұнын айтып беріңіз.
-
Қосымша ақпаратты пайдаланыңыз.
2 Лексикалық тақырып: Қорықтар аймағы
Грамматикалық тақырып: Хабарлы сөйлем. Бұйрықты сөйлем
Хабарлы сөйлем. Повествовательные предложения
Хабарлы сөйлем хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылатын сөйлем. Негізгі мақсаты сұраққа жауап беру түрінде жарыққа шығады. Не туралы хабарласа да, айтушы сұрақты қанағаттандыру мақсатын көздейді. Хабарлы сөйлемдер негізінен бірсыдырығы баяу әуенмен айтылады да, дауыс сөйлемнің сонында бәсеңдеп барып тынады. Сөйлем соңына нүкте қойылады.
Мысалы: Жануарларды өсіру және селекциясы өте күрделі табиғи-климаттық жағдайында жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасы үшін ерекше маңызды.
Повествовательные предложения употребляются в речи с целью сообщить о каком-нибудь факте, явлении, событии действительности. Повествовательным предложениям присуща особая интонация: повышение тона на логически выделяемом слове и спокойное понижение тона в конце предложения. Это наиболее распространенный тип предложения.
Бұйрықты сөйлем. Побудительные предложения
Бұйыру, тілек-өтініш ету мақсатында айтылатын сөйлем. Бұйрықты сөйлемнің баяндауыштары бұйрық және қалау рай түрлерінен жасалады. Бұйрықты сөйлемнің айтылу әуені де әркелкі: бұйыру, қатал талап ету мәнінде жұмсалса көтеріңкі әуенмен, ал жалыныш, тілек, сақтаныс мәнінде жұмсалса, бәсен дауыспен айтылады.
Мысалы:
- Дәркембай, сенің екі жолдасың осы қойдың қасында болсын..-Бар! Шап! Жайып кел тегіс!-деді. (М.Әуезов).
Побудительное предложение – предложение, выражающее волеизъявление говорящего (приказ, просьбу, предостережение, протест, угрозу, призыв, совет, запрет, убеждение, требование, пожелание, приглашение к совместному действию).
Грамматические средства оформления побудительных предложений: глагол повелительного или желательного наклонения, выступающий в роли сказуемого. Для смягчения приказания, для придания совету, просьбе употребляется частица – шы, ші. Мысалы: Осы малды қайтарып келші...су берші...
2-мәтін. Қорықтар аймағы
Біз жұмыр жер бетінде өзге де алуан түрлі тіршілік иелерімен қатар мекендеп, өмір сүріп жатырмыз. Әрқайсысы өзінше бағалы саналатын олар адамзат игілігін құрайды. Қазақстанда жабайы табиғаттың аса ғажайып өңірлері - шаруашылық қызметінің кез-келген түріне тыйым салынған қорықтар бар.
Қазакстан Республикасының «Ерекше қорғауға алынған табиғи территориялар туралы» заңы бойынша елімізде ерекше қорғалатын 13 табиғи территория анықталған. Қазіргі кезде Қазақстанда 9 қорық пен 5 мемлекеттік ұлттық табиғи парк, 66 қорықша, республикалық маңызы бар 26 табиғат ескерткіштері, 3 зоопарк, 5 ботаникалық бақ, бірнеше дендропарк, халықаралық маңызы зор 2 сулы-батпақты алқап, ерекше мемлекеттік мәні бар, ғылыми құндылығы айрықша 150 су көздері құрылып, жұмыс істеуде. Қорықтар, қорықшалар, ұлттық парк және табиғат ескерткіштері алқаптары мемлекет территориясының 2,8 % -ын алып жатыр. Барлық 9 қорық ғылыми және табиғат қорғау мекемесі мәртебесіне ие және республикада ерекше қорғауға алынған жоғары дәрежелі табиғи территория болып саналады. Олар дәл сол өңірге тән бірегей табиғат кешендерін қаз-қалпында сақтау мақсатына қызмет етеді.
Қазіргі кезде Қазақстанда ерекше қорғауға алынған территория өсімдіктері мен жануарлар дүниесін тізімдеп, түгендеу жұмыстары аяқталды. Қазақстанда 835 түрлі омыртқалы жануарлар мекендейді, олардың 22-сі республиканың Қызыл кітабына енгізілген. Еліміздегі 500 түрлі құстың 346-сы қорықтарда ұя салып, тіршілік етеді. Қазақстан флорасында жоғары өсімдіктердің 6000-ға жуық түрі бар. Олардың сирек кездесетін 400-дейі Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген.
Сөздік
Қорықтар аймағы - заповедники
Жабайы табиғат – дикая природа
Қорғау – защищать
Омыртқалы жануарлар - позвоночные животные
Қызыл кітап – Красная книга
Тапсырма
-
Мәтінді оқыңыз.
-
Мәтінді аударыңыз.
-
Бұйрықты сөйлемдер құрастырыңыз.
-
Түсінген мәтінді айтып беріңіз.
Жан- жануарлардың баспанасы
Жан – жануарлардың барлығы баласын қорғау үшін, дұшпандарынан жасырыну үшін өздеріне ін қазып алады немесе ұя салып алады. Топырақты, шатырды, ағаштың діңгегі мен бұтағын паналайтын аң-құстар бар. Ұя саларда, інін дайындайтын кезде қолданатын материалдары өте қарапайым. Балшық, жапырақ, шөп-шалам, балауыз, тіпті ағаш бұтақтарын материал ретінде қолданады. Сонда түрлі-түрлі салуды олар қайдан біледі?
Тапсырма
1. Мазмұнын айтып беріңіз.
2. Қосымша ақпаратты пайдаланыңыз.
3 Лексикалық тақырып: Малдардың өсіп-жетілуіне әсер етуші факторлар
Грамматикалық тақырып: Лепті сөйлем. Восклицательные предложения
Адамның ерекше көңіл күйі мен ішкі сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Лепті сөйлемдердің мағыналық түрлері: бұйыру, қуану, тілек, өтіну, арман, таңдану, ұран, сескену, шошу, өкініш т.б.
Жасалу жолдары:
1) одағай сөздер арқылы (алақай, бәрекелді, қап, пай –пай, әттеген-ай, па, ту т.б.), мысалы: Қап, мынау жығылды-ау;
2) күшейткіш мәнді сөздер арқылы (не деген, неткен, қандай, қалайша, шіркін, ғажап т.б.) мысалы: Ол неткен сұлу;
3) демеулік шылаулар арқылы (-ау, -ақ,-ай, ғой т.б.) Біздің елімізбен жүрсем-ау;
4) интонация арқылы.
Сөйлем соңына леп белгісі (!) қойылады.
Восклицательное предложение - это предложение, в котором выражение мысли сопровождается выражением чувства говорящего: восторг, радость, огорчение и т.д. Конструктивными элементами восклицательных предложений являются междометия, эмоциональные частицы, восклицательная интонация. В конце восклицательных предложений ставится восклицательный знак.
3-мәтін. Малдардың өсіп-жетілуіне әсер етуші факторлар
Жануарлардың өсіп-жетілуі оның барлық кезеңдерінде тұқым қуалаушылығына (генотипіне) және сыртқы орта жағдайына, демек паратипті факторларға байланысты.
Тұқым қуалаушылық факторлардың әсері. Жануарлардың тұқым қуалаушылығы негізінен, олардың дамуының ұрықтық кезеңінде зиготаның қалыптасу сәтінен бастап анықталады.Тұқым қуалаушылықтың онтогенезге әсері өте өзекті, бірақ әлі де болса толық шешілмеген мәселе. Себебі, нақты бір белгінің дамуына ықпал ететін, жануарлар генотипінің құрамына енетін гендердің құрамы әлі белгісіз. Жануарлардың өсуіне және белгінің дамуына көптеген гендер әсер етеді, яғни сәйкес келетін м-РНҚ синтездеуші ДНҚ молекулаларының көптеген учаскелері-сәйкес келетін ферменттер. Малдардың өсіп жетілуі, берілген жануардың генотипіне енетін көптеген гендердің өзара әрекеттерінің нәтижесінде іске асырылады. Өсіп-жетілу процесінде ДНҚ-ның сол немесе басқа учаскелерінің белсенділігіне байланысты ағзада ферменттер және белгілі бір түрдегі заттар шығарылады. Осымен бірге жекелеген заттар және ұлпалар, өздерінің өсу процесінде белгілі бір белоктардың синтезінде мамандандырылады, осыған байланысты олардың құрамындағы РНҚ шұғыл өседі.
Сөздік
Әсер ету - воздействовать
Тұқым қуалаушылық – наследственность
Ағза – организм
Тапсырма
-
Мәтінді оқыңыз.
-
Мәтінді аударыңыз.
-
Аударылмайтын терминдерді көрсетіңіз.
Жандылардың қабілеттері
Көне дәуірлерде тіршілік еткен жандылардың жүздеген түрі қазір жер бетінен жойылып кеткен, сонда да қазіргі уақытта жер бетінде миллиондаған тіршілік иесі бар. Біз білетін динозаврдан бастап көзге көрінбейтін микроптарға дейінгі бүкіл тіршілік иесі кейінен пайда болған. Дегенмен олардың әрқайсының өзіне тән көру, есту, қозғалу, сипап білу секілді түрлі-түрлі қабілеттері бар.
Өрмекші кіп-кішкене көзімен торға іліккен ауын көреді. Аспанда қалықтаған бүркіттің көзі жерде жыбырлаған жәндікті де көріп қояды. Қолтырауын су астында жүріп, судың бетін көреді, өйткені бүкіл денесі суда болса да, көз сүйегі судың бетінде болады. Әрқайсысының көру қабілеті әр түрлі, дегенмен бәрі де өсіп-өніп тіршілік етіп жатыр.
Тапсырма
1. Мазмұнын айтып беріңіз.
2. Қосымша ақпаратты пайдаланыңыз.
4 Лексикалық тақырып: Жануарлардың адамға тигізетін пайдалары. Түйе сүті
Грамматикалық тақырып: Атаулы сөйлем. Номинативные предложения
Атаулы сөйлем бастауыштан ғана жасалып, іс-оқиғаны баяндамайды, тек зат, құбылыстың, мезгілдің, мекеннің атауын ғана білдіріп тұрады.
Атаулы сөйлемдер атау септік тұлғалы зат есімнен жасалады, кейде оған «еді» көмекші етістігі тіркесіп келеді. Атаулы сөйлемдер сөйлем мүшелеріне жіктелмейді, сондықтан олардың сөйлемдік қасиеті тек контексте ғана ұғынылады. Мысалы: Міне, дала көрінеді. Бұл –егін даласы.
Атаулы сөйлем құрылысына қарай дара және күрделі болады. Дара атаулы сөйлем бір сөзден жасалса, күрделі атаулы сөйлем алдынан анықтауыш сөздермен күрделеніп келуі арқылы жасалады.
Мысалы: Тыныштық. Бірнеше адам. Қара бұйра жер, көк торғын аспан.
Номинативными предложениями называются односоставные предложения, главный член которых выражается именем существительным или именным словосочетанием.
Предикативность номинативных предложений выражается при помощи синтаксического времени (настоящего времени) и синтаксической модальности (реальности), которые реализуются интонацией, утверждающей бытие предметов, явлений, состояний в настоящее время. Номинативные предложения всегда употребляются в утвердительной форме, настоящего времени. Само отсутствие сказуемого при подлежащем, выраженном существительным или словосочетанием, является показателем настоящего времени. Номинативные предложения могут состоять лишь из одного подлежащего или включать в свой состав распространители –второстепнные члены. Например: Тишина. Несколько человек.
Предикативные и модальные признаки предложения выявляются условно, по контексту, в комплексе с другими последующими или предыдущими предложениями. Основным признаком выделения их как самостоятельное предложение является интонация.
4-мәтін. Жануарлардың адамға тигізетін пайдалары. Түйе сүті
Түйе сүті көкөніс пен жемістердің орнын басушы тағам екені ғылыми дәлелденген. Ауыл шаруашылық министрлігінің ауылшаруашылық зерттеу орталығының төрағасы доктор Абдулаты Камель түйе сүті «С» витаминіне бай екенін айтады. Бұл көкөніс және жеміс-жидек тапшылығы бар шөл дала аймақтарының тұрғындары үшін өте маңызды. Және доктор Абдулатының айтуы бойынша, түйе сүтінің құрамындағы дәруменнің және минералдардың мөлшері сүтті маусым бойы көбейіп тұрады. Түйенің сүтті маусымы 12 айға созылады, бұл сиырдың (7 ай) және қойдың (3 ай) сүтті маусымынан әлдеқайда көп. Түйе сүтіндегі дәруменнің және тұздардың мөлшері сиыр сүтімен салыстырғанда 3 есе жоғары, әйел сүтімен салыстырғанда – 1,5 есе жоғары. Түйе сүтіндегі казеин пайызы протеиннің 70% құрайды, бұл оның жоғары тиімділігі мен адам ағзасында тез сіңірілуін қамтамасыз етеді. Түйе сүтіндегі В1 және В2 дәрумендерінің мөлшері олардың қой және ешкі сүтіндегі мөлшерінен жоғары. Түйе сүті бауыр ауруларын, кеуде қуысының ауруларын емдеуде өте тиімді. Түйе сүті шөл дала бедуиндерінің негізгі тағамы болып саналады, олар түйе сүтін ең жақсы сүт деп есептейді. Көбінесе бедуиндер түйе сүтін шикі қайнатылмаған түрінде ішеді. Түйе сүті пайдалылығы және құрамы жағынан әртүрлі болуы мүмкін, ол інгеннің генетикасына, сауу уақытына, інгеннің жасына, тамақтану түріне, қабылдайтын сұйықтық мөлшеріне байланысты. Түйе сүтінің құрамында протеиндік (ақуыздық) компонент (4-25 %), қатты заттар (10-15%), майлар (2-3%), қантты заттар, оның ішінде лактоза (3-6%), натрий хлориді (14-27%), минералдар – темір, кальций, фосфор, В2 және С дәрумендері бар.
Сөздік
Пайда - польза
Түйе сүті - верблюжье молоко
Тағам – еда, пища
Шөл дала – пустыня
Бауыр аурулары – болезни печени
Кеуде қуысының аурулары – легочные заболевания
Шикі - сырой
Тапсырма
-
Мәтінді оқыңыз.
-
Мәтінді аударыңыз.
-
Атаулы жоспар жасаңыз.
-
Жоспар бойынша мәтінді қайталаңыз.
Өсімдіктердің азығы
Өсімдіктер өз азығын өздері дайындайды. Олар ауадан көміртегі, топырақтан су, минерал, күннен сәулесін алады. Хайуандардың бір бөлігі тек шөппен, екінші бөлігі тек етпен қоректенеді. Ал бір бөлігі етті де, шөпті де жей береді. Адамдар да көкөніспен және ет, сүт тағамдарымен азықтанады.
Тапсырма
1.Мазмұнын айтып беріңіз.
2.Қосымша ақпаратты пайдаланыңыз
5 Лексикалық тақырып: Қара мал қанша жыл тіршілік етеді?
Грамматикалық тақырып: Жақты, жақсыз сөйлем
Жақты сөйлем. Определенно- личные предложения
Жақты сөйлем дегеніміз – бастауышы бар, жасырын тұрғанда да баяндауышы арқылы табуға болатын сөйлем. Мысалы:
-
Кітап - білім бұлағы. Бұл сөйлемде бастауыш қатысқан.
2. Өз жолымызбен бара жатырмыз. Бұл сөйлемде бастауыш айтылмайды. Бірақ баяндауыш арқылы табуға болады. Біз өз жолымызбен бара жатырмыз.
Жақты сөйлемнің бастауышы қай жақта болса, баяндаушы да сол жақта болады.
Определенно-личными являются предложения, в которых глагол-сказуемое своими личными аффиксами лица указывает на возможного деятеля.
Главный член определенно личных предложений может выражаться не только личными глаголами, но и именными формами, которые изменяются, как и глаголы, по лицам. Например: Мұғаліммін. (Я учитель).
Жақсыз сөйлем. Безличные предложения
Жақсыз сөйлемнің бастауышы болмайды және ол бастауыштың қажеті жоқ сөйлем. Жақсыз сөйлемнің баяндауышы күрделі болып келеді:
Баяндауыш тұлғалары
|
Мысалдар
|
-қы,-ғы,-кі,-гі жұрнақты қалау райлы етістіктен болады.
|
Абайдың ұғына түскісі келді. (М.Ә).
Менің оқығым келеді.
|
Барыс септік жалғаулы тұйық етістіктен соң бол, жара, тұра, кел деген көмекші етістіктердің келуі арқылы жасалады.
|
Енді сізге айтуға тура келді. (Ғ.Мұст.)
|
Атау немесе барыс септік тұлғалы тұйық етістіктен соң керек, жөн, мүмкін, деген бейтарап сөздердің тіркесіп келуі арқылы жасалады.
|
Біздің ашық сөйлесуіміз керек. (Б.Бұлқ.). Оған хабар беру керек.
|
-ып ,-іп, -п жұрнақты көсемшеден кейін бол деген көмекші етістіктің болымсыз тұлғада келуі арқылы жасалады.
|
Нені айтып отырғанын түсініп болмайды.
|
Құрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар идиомалар жақсыз сөйлем болады.
|
Енді біраздан кейін көз байлануға айналады.(С.М.)
|
Безличные предложения – конструкции, которые обозначают процессы или состояния, независимые от активного деятеля (или признак, независимый от его носителя) и не предполагают грамматический обозначенного субъекта действия, т.е. в таких предложениях не бывает подлежащего, хотя указание на косвенного деятеля может содержаться в косвенном дополнении. Например: Оған ол жұмысты тапсыруға болмайды. (Ему нельзя поручать эту работу).
Достарыңызбен бөлісу: |