А. Ф. Зейнулина филология ғылымдарының кандидаты, профессор


Сложносочиненное предложение с соединительными отношениями



бет4/5
Дата09.06.2016
өлшемі476 Kb.
#125612
1   2   3   4   5

Сложносочиненное предложение с соединительными отношениями.

Такие предложения связываются при помощи соединительных союзов –да\-де, -та\-те (тоже, и, также, даже и, если даже и); және(и), және де (и еще, а также); әрі (и). Эти ССП выражают значения одновременности и последовательности действий, указанных в составляющих его простых предложениях. Сөз сонымен бітті де, екеуі айырылып кетті. Разговор на этом закончился, и они разошлись в разные стороны. (Выражаются соединительные отношения со значением последовательности). Союз –да\-де, -та\-те может повторяться в каждом простом предложении, входящем в состав ССП.


14-мәтін. Құс өнімділігін нығайту жолдары

Біздің елімізде және шет елдерде жұмыртқаларды өндіру үшін өнімділігі жоғары құстар қолданылады. Жұмыртқалы тауықтардың жыныстық жетілуі 150-160 күндік жаста және 12 айлығында олардан алынатын өнім 270-290 жұмыртқа, етті тауықтардан олардың өмірлерінің 60 апталығында 150-160 жұмыртқа алынады.

Құстардың жұмыртқасының тағамдық сапасы өте жоғары және олар жақсы қорытылатын азық-түлік болып есептеледі. Адам азық-түлік ретінде негізінен тауық жұмыртқасын қолданады. Олардың құрамындағы ақуыз 12-19%, май 10-14%, сонымен қатар көміртектері, минералды заттар, витаминдер (А, В, Д, Е) бар. Құстың жұмыртқасы сарымен және ақуызды қабатпен қоршалған және қабығы бар, жұмыртқа басуы көбею ағзаларының дамуына және қызметіне, оның ішінде жыныс жұмыртқаларымен байланысты. Күтуде және аталықсыз ұрықтандырылмаған жыныстық жұмыртқаларымен жұмыртқа басады, олардың тағамдық қасиеті жағынан ұрықтандырылған жыныстық жұмыртқалардан айырмашылығы болмайды.

Тауықтардың жұмыртқа басуында ырғақтылық байқалады, онда – үздіксіз жұмыртқа басу үзіліспен ауысады. Жұмыртқа басу циклі деп үздіксіз басылған жұмыртқалар саны аталады. Қысқа аралықта циклдің ұзақ циклдері жақсы мекиендерді сипаттайды. Құстың ырғақты жұмыртқа басуы тоқтағанға дейінгі және түлеу кезеңі жұмыртқа басуының тұрақтылығы деп аталады.

Ең көп жұмыртқа басумен қауырсынды құстар ерекшеленеді (екінші жылдықтар), жасы келе жұмыртқа басу жылына 10-15%-ке төмендейді. Қаздарда, ол, олардың өмірінің 2-3 жылына дейін өседі, содан кейін төмендейді. Тауықтардың арасында жақсы жұмыртқа басатыны болып жылына 220-250 жұмыртқа басатындар, үйректерде – 180, қаздарда – 80 -100, күркетауықтарда 100-150, мысыр тауықтарында – 100-120 жұмыртқа табатындары есептелінеді. Жұмыртқа басу жағынан тұқымдық айырмашылықтары әсіресе тауықтарда және үйректерде жақсы байқалады.
Сөздік
Жұмыртқа- яйцо

Ақуыз- белок

Үйрек- утка

Түлеу кезеңі – период размножения


Тапсырма


  1. Мәтінді оқыңыз.

  2. Мәтінді аударыңыз.

  3. Мәтіннен ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

  4. Мәтінді мазмұндап беріңіз.


Бүркіт

Құс, балық және жәндіктер жұмыртқалап көбейеді. Түйеқұстың жұмыртқасы қауындай үлкен, ал кейбір жәндіктердің жұмыртқасы көзге көрінбейтіндей кішкентай болады.

Бүркіт - өте ірі (қанатының құлашы 225 см, салмағы 6 кг) қыран. Қауырсынының түсі қоныр, басы мен мойынының төменгі жағын жалтыраған ұшталған қауырсындар әшекейлейді. 1-2 күңгірт ақ түсті қоңыр дақты жұмыртқаларын аналығы бір жарым ай басады. Аталығы оған жем тасиды және балапандарын асырайды. Ересектері балапандарына ұзақ қамқор болады, тек қыста ғана ажырайды. Бүркіт - нағыз аңшы құс. Ол суыр, қоян, сарышұнақ және басқа ірі кеміргіштерді, сонымен қатар кекілік, ұлар т.б. ұстайды. Бүркіт- күшті әрі әдемі құс, ол – біздің еліміздің белгілерінің бірі.
15 Лексикалық тақырып: Гибридтеу

Грамматикалық тақырып: Түсіндірмелі салалас
Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысына нұсқап, ал соңғысы алдыңғы сөйлемнің мазмұнын ашатындай, талдап түсіндіріп тұратын құрмаласты түсіндірмелі салалас дейміз.

Түсіндірмелі салаластың жай сөйлемдері жалғаулықты шылаусыз, іргелесе байланысады. Бірінші жай сөйлемде көбінесе сілтеу есімдіктері мен сілтеу мәнді сөздер (мынаны, мынау, сол, сонша, соншалық, сондай) болады. Түсіндірмелі салаластың ара-жігіне қос нүкте не сызықша қойылады. Сызықша сонша, соншалық, сондай деген баяндауышы бар сөйлемде жиі кездеседі. Мысалы: Адамды екі нәрсе қартайтпайды: бірі – жақсы мінез, екіншісі – жақсы сөз. Екеуінің шұғылданғандығы сондай –ішке кірген кісіні аңғармайды.



Сложносочиненные предложения с пояснительными отношениями

В таких предложениях первая часть имеет обобщающее (неясное, нераскрытое) значение, а вторая часть раскрывает, дополняет значение первой части. В первой части действие только указано, а не раскрыто, не конкретизировано, вторая часть уточняет, поясняет значение первой. В ССП с пояснительными отношениями союзы отсутствуют, грамматическими показателями являются указательные местоимения - сол, мынау, мынаны, наречия степени - сонша, соншалық, сондай.

Такие предложения в русском языке относятся к бессоюзным сложным предложениям.
15-мәтін. Гибридтеу

Әр түрге жататын жануарларды шағылыстыруды гибридтеу (түраралық немесе шалғай будандастыру) деп атайды. Осының нәтижесінде алынатын ұрпақты гибридтер дейді. Гибридтерді шығу тегі бірдей және әр түрлі гибридтермен шағылыстыруды да мал өсіру әдісі ретінде гибридтеуге жатқызады. Бұл өте қиын будандастыру әдісінің негізгі міндеті – адамның материалдық мәдениетіне жануарлардың бағалы жабайы және жартылай жабайы формаларын енгізу.

Гибридтеу – тіршілікті зерттеу ғылымдарында қолдану шеңбері кең тәсіл. Өсімдіктер мен жануарлардың өзгергіштігі мен тұқым қуалаушылығын, ұрықтану процестері мен шығу тегін тексеруде маңызы өте үлкен.

Гибридтердің ұрпақ беру немесе бермеу қабілетіне қарай гибридтеуді былайша бөледі: шаруашылыққа пайдаланылатын жануарларды (мысалы, қашырдың шығарылуы) шығаратын және жануарлардың жаңа тұқымдары мен түрлерін шығару үшін пайдаланылатын гибридтеу. Бұлардың ішіндегі кең таралғандары - өнеркәсіптік (пайдаланушы) гибридтеу және тұқым түзуші гибридтеу.

Мал шаруашылығында гибридтеуді пайдаланудағы негізгі мақсат – жабайы және жартылай жабайы жануарларды адам игілігіне пайдалану.

Жылқыны есекпен будандастырып, қашыр алуды гибридтеудің ежелгі формаларының бірі деуге болады. Қашыр өсіру Ежелгі Римде кең дамыған. Қашыр – төзімділігі, ұзақ жасайтындығы және жұмыс қабілеті жөнінен ешбір жануар тең келе алмайтын жүк көлігі. Оны есек пен биені будандыстыру арқылы шығарады, есекті айғырмен жұптастырудан қарта қашыр туады. Қашыр жылқыдан ірі, әрі бағалы, бірақ әдетте, бедеу болып келеді.

Гибридтеуді пайдалануда Қазақстанның қой шаруашылығында елеулі табыстарға қол жетті. Мұнда дүние жүзі бойынша тұнғыш рет биязы жүнді қойды арқардың ұрығымен қолдан ұрықтандыру арқылы республиканың таулы аудандарында өсіруге бейімделген жаңа биязы жүнді қой тұқымы – қазақстың арқар мериносы шығарылды.
Сөздік
Жартылай жабайы- полудикий

Нәтиже-результат

Тұқым-потомство

Есек – осел, ишак

Бие-кобыла

Будандыстыру- скрещивание


Тапсырма


  1. Мәтінді оқыңыз.

  2. Мәтінді аударыңыз.

  3. Мәтіннен түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

  4. Мына сөйлемді жалғастыруға және түсіндірмелі салаласқа айналдыруға бола ма: Өсімдіктер мен жануарлардың өзгергіштігі мен тұқым қуалаушылығын, ұрықтану процестері мен шығу тегін тексеруде маңызы өте үлкен.


Құлан

Құлан – ат пен есектің жабайы туысы. Еліміздегі тақтұяқты сүтқоректілер отрядының жалғыз өкілі. Бұл – мықты, кішілеу келген ат, ашық сарғыш сұр түсті, жотасын бойлай қара жолағы, үлкен басында ұзын құлақтары және қысқа тіке тұратын жалы бар. Олар кішілеу үйір болып (50 басқа дейін) жүреді. Құлан Қазақстан және Халықаралық Қызыл кітаптарға енгізілген.



3 Қазақ халқының төрт түлікке байланысты мақал-мәтелдері


Қой туралы
Малды бақсаң, қойды бақ,

Мал кетпейді шарадан; Ит асырасаң сырттаннан,

Қой бермейді қорадан.

***

Қой егіз тапса,

Шөптің басы айыр туады.

***

Жақсы қойшының

Қозысы түлеп тұрғанда,

Жаман қойшының

Құнан қойы жүдеп тұрады.

***

Қойдың іші – береке,

Жылқының іші – мереке.

***

Семіздікті қой ғана көтереді.


Ат туралы
Ат – адамның қанаты,

Ас – адамның қуаты.



***

Атың тайғақ болса,

Ақтекенің мүйізімен тағала.

Заманың тайғақ болса,

Бір жақсыны тағала.

***

Атты күнде мінсең – тулақ,

Аптада мінсең –қунақ.

Айында мінсең – ат,

Жылында мінсең –тұлпар.

***

Ат –құлыннан,

Батыр – баладан.

***
Түйе туралы

***

Нар жолында жүк қалмас.



***

Бақырауық демесең

Бағалы көлік түйе ғой;

Жаман да болса өз ұлың,

Өз малына ие ғой.

***

Нары бар, нары бардың малы бар.



***

Ботам –ботам дегенше

Бота көзім десейші.

***

Түйенің танығаны жапырақ.



***

Бір теңге бие болмайды,

Екі теңге түйе болмайды.
Сиыр туралы

***

Сиыр алсаң –танып ал,

Танымасаң –тарғыл ал.

***

Сиырлының үйі айран,

Сиырсыздың үйі сырдаң.

***

Сиыр су ішкенде,

Бұзау мұз жалайды.

***

Сиыр сипағанды білмейді,

Жаман сыйлағанды білмейді.

***

Сиыр сары болмас,

Түйе торы болмас.

***

Сиыр судан жериді,

Су сиырдан жериді.


4 Қазақ тілінен орыс тіліне өз бетімен аударуға арналған мәтіндер
Табиғат және жануарлар тану

Қазақстан жерiнде сүтқоректiлердiң 180, құстың 500, бауырымен жорғалаушылардың 52, қос мекендiлердiң 12, балықтың 104-ке жуық түрi бар. Омыртқасыз жәндiктер шаян тәрiздiлер, ұлулар, құрттар, т.б. бұдан да көп. Тек жәндiктер түрлерiнiң өзi-ақ 30 мыңнан асады. Қазақстанның солтүстігіндегi орманды дала белдемiнде бұлан, елiк, ақ қоян, сұр тышқан, су егеу құйрығы, орман тышқаны, бұлдырық, ақ кекiлiк, көл айдындарын су құстары — аққу, қаз, үйрек, шағала, тарғақ, қасқалдақ мекендеген. Едiл өз жағалауынан Алтай тауы бөктерiне дейiнгi астық тұқымдас шөп пен жусан, бетеге өскен далалық белдемде суыр, дала алақоржыны, сүйiрбас сұр тышқан, кәдiмгi сұр тышқан, дала тышқаны, саршұнақ, ал құстан — дуадақ, безгелдек, жылқышы, сұңқар, бозторғайлар, қыранқара, дала құланы кездеседi.

  Едәуiр бөлiгiн Жайық өзенінiң аңғарындағы орман алып жатқан далалық белдемнiң батыс бөлiгiн бұлан, елiк жайлаған, мұнда қара күзен, орман сусары да кездеседi. Бұдан 200 жыл бұрын түгелдей жойылуға жақын қалған құндыз қайта пайда бола бастады. Қос мекендiлерден Жайық, т.б. өзендердiң аңғарында тарбақа кездеседi. Мұнда бұлдырық, сұр кекiлiк, тырна, бозторғай көп. Далалық белдемнiң шығысында суыр, дала тышқаны, ақ қоян, сiлеусiн, елiк, арқар мекендеген. Мұнда ақбөкен де, сондай ақ 40 — 50 жылдарында қарақұйрық та көптеп кездесетiн. Бұл белдемде құстан дуадақ, шiл, бозторғай, т.б. бар. Республикамыздың қазiргi жануарлар дүниесi алуан түрлi, ал оның кең байтақ жерiнде бұрын да көптеген жануарлар мекендеген.
Мал шаруашылығы

Мал шаруашылығы адам қорегіне қажетті, биологиялық тұрғыдан бағалы сүт, ет, жұмыртқа, май секілді азық-түлікпен қатар, өңдеу кәсіпорындары үшін тері, елтірі, жүн, қауырсын секілді шикізат көзі болып табылады. Сондықтан бұл саланың дамуының, елдің ұлтты азық-түлікпен қамтамасыз етуде маңызы зор.

Қазақстанда мал шаруашылығы ертеден дамыған. Көшпенділер тіршілігі төрт түлік мал өсіріп, солардың өнімімен күн көруге негізделгендіктен, ғасырлар бойы бай тәжірибе жинақталып ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатыр. Бүгінгі күнгі мал шаруашылығы мамандарын дайындауда, осы құнды ата мұрамызды аяқ асты қылмай, жоғалтпай, қастерлеп, заман талабы мен дүниежүзілік нарық заңдылығына сәйкестендіре дамытуымыз қажет.

Бұл жолда еліміздің табиғи жағдайына әбден бейімделген қазақи мал тұқымдарын сұрыптап, көп жылдар бойына жүргізілген көзсіз будандастырудан айырып, өзіндік қасиеттерін тазартып, жандандыру керек болып отыр. Демек, Республика мал шаруашылығын дамытуда табиғи бейімделушілік қасиеттері жетілген мал генофонын сұрыптап, оны жергілікті ауа райы мен малды бағып-күту әдеттерімен сабақтастыра жетілдіріп, мал басының өнімділігін мейлінше арттыруға күш жұмсау қажет.

Қазіргі таңда, халықтың азық-түліктік және тұрмыстық қажеттілігін қамтамасыз ету үшін, қазақтың ежелгі төрт түлік малымен қоса шаруашылық экономикасына тез арада пайда келтіретін, жылдам өсіп-өнетін өсімтал шошқа шаруашылығы секілді салаларды дамыту қолға алынып, емдік қасиеті жоғары панта өндіретін марал өсіру, құнды терілер өндіретін терісі бағалы аң өсіру, бал беретін ара өсіру, диеталық уылдырық пен ет өндіретін балық өсіру жолға қойылған.
Павлодар өңіріндегі жануар өсіру шаруашылығы

«Рубиком» ЖШС мал шаруашылығы кешені - шошқаның 12 мыңға жуық саны бар Павлодар облысы аймағындағы ірілердің бірі. Өндіріс орындары Павлодарское ауылы аймағында орналасқан. Кешен Еуропа өндірушілерінің үздік құрал-жабдығымен жабдықталған.

Мал шаруашылығы саласындағы ең жаңа өңдеулердің қолданылуымен жұмыс жүргізіледі: жұмыс орындарында климат бақылағышы, «Howema» неміс фирмасы өндірген шошқаларды автоматты тамақтандыру мен суарудың заманауи жүйесі енгізілген, вентиляция мен микроклиматтың жоғары технологиялық жүйесі, кессонды қора тазалау жүйесі қолданылады. Кәсіпорында мал ауруларының алдын алу үшін бағытталған барлық міндетті талаптар орындалады.

Осындай қолайлы жағдайда орналасқан жануарлар жемді жақсырақ игеріп, тез өседі, ал мал санының сақтамдылығы 90-95% құрайды. Барлық шошқа өсіру кешені энергия бойынша, белок, микроэлементтер және басқа да компоненттер бойынша балансталған өзіндік өндіріс құрама жемдерімен толық қамтамасыз етілген. Бұл азықтандыру әдістерін әркез жетілдіруге, рецепттер оптимизациясы бойынша рецепттер жүргізуге, өнімділікті жоғарылататын жаңа компоненттерді енгізуге мүмкіндік береді.


Жылқының сыртқы пішіні

Жылқы мүшелері. Жылқының басы етті және етсіз ашаң деп бөлінеді. Етті басты тағы сөлекет деп те атайды. Етті бас үлкен келеді, ерні қалың, танауы үлкен, кішкене болады. Басы етті жылқылардың әсересе екі көзі мен танауының астынан қан тамырлары білеуленіп көрініп тұрады. Мұндай жылқылардың көздері мөлдіреген үлкен, мұрынды келеді, екі құлағы қайшыланып тұрады. Осының бәрі жылқы денесінің ширақ, күшті, әрі төзімді екендігін көрсетеді.

Мойны. Мойынның негізгі сүйегі жеті омыртқа мен жұлыннан құралады. Мойынның бұлшық еттері тығыз, қалың болады. Ұзын, орташа және қысқа мойын болып бөлінеді. Жүйрік және желгіш жылқылардың мойыны ұзын келіп, бұралып тұрады. Ауыр жүк тартатын жылқылардың мойнының ұзындығы орташа болып, жуан да бұлшық етті келгені жақсы. Мұның өзі жылқының зор күші бар екенін білдіреді.

Шоқтығы. Шоқтықтың негізі - білікті ұзынсербегі бар төс сүйегі. Шоқтық бұлшық етті, биік әрі кең келсе жақсы болады.

Арқасы. Арқа кеуде омыртқалары мен оларға жалғасатын қабырғалардың имек басынан құралады. Жылқының бүйірінен қарап арқаның ұзындығы (қысқа, орташа, ұзын) мен сырт көрінісін (түзу, бүкір, қайқы, салыңқы) байқауға болады.

Белі. Белдің негізі-арқадағы сербекті омыртқалар. Барлық тұқымдағы жылқылардың белінің кеңдеу келіп, сауырына жалғасып тұрғаны жақсы.

Кеудесі. Кеуденің таянышы қабырға, төс омыртқа мен төс сүйегі. Қабырғалары неғұрлым иілген болса, жылқы соғұрлым етті, салқы төсті келеді. Жылқы неғұрлым кеуделі, салқы төсті болса, өкпе мен жүрек жататын кеуде қуысы кең, омыраулы келеді. Құлын өскен кезде оның кеудесі бойынан тезірек дамуға тиіс.
Жылқы шаруашылығының халық шаруашылығындағы

мән-маңызы

Басқа мал түлігінің ішінде жылқының алатын орны ертеден-ақ ерекше болатын. Өндіргіш күштер мен техниканың мыңдаған жылдар бойы жетілуіне орай жылқының мән-маңызы да өзгереді. Бірақ адамның жылқыға деген сүйіспеншілігі өзгерген жоқ. Қайта жылқы шаруашылығы бұрынғыдан да жетілдіріле түсті. Жылқының шаруашылыққа пайдалы қасиеттері ұшан-теңіз. Ол мінсе-көлік, сүті-қасиетті диеталық сусын, еті-дәмді тағам. Осы қасиеттерін былай қойғанда ертедегі диқандар оны жер өңдеуге пайдаланып, еңбек өнімділігін арттырған. Жылқыны спорт пен әскерге пайдалануы да оның маңызының күшейіп, мәнінің артуына зор ықпалын тигізді.

Ұлы Отан соғысы жылдарында енді ғана өркендеп келе жатқан жылқы шаруашылығы қайтадан зиян шекті. Осы уақыттың ішінде 7 млн жылқының мерт болғаны мерт болды, мерт болмағанын фашист басқыншылары айдап кетті. Сондықтан да сол кезеңнің ауырлығынан партия мен үкімет жылқы шаруашылығын жетілдіру жөнінде қаулы қабылдады. Сөйтіп елімізде жылқы санын қалпына келтіруге үлкен бетбұрыс жасалынды да жылқы шаруашылығын жетілдіруге С. М. Буденыйдың нақты көмек көрсеткенін атап өткен жөн.

Бірақ та, кейбір облыс шаруашылықтарының жылқыға деген бақылауды әлсіретіп алғаны, соның салдарынан жыл өткен сайын жылқының да ешқандай негізсіз азая бергені тіпті асыл тұқымды жылқы өсіретін фермалар санының да азайып кеткендігі, жылқының тұқымдық сапасын жақсартуға деген талаптың да төмендегендігі, ауыл шаруашылығы мекемелерінің тұқым асылдандыру жұмысын бақылауды мүлде естерінен шағарғандығы анықталды. Көптеген шаруашылықтарда ат шаптырым жерге трактор немесе автомашина пайдаланылды. Ал бұл экономикалық тұрғыдан өте тиімсіз.

Қазіргі кезде жылқы санын арттыру, оны өз төлінен өсіру, ауыл шаруашылығы және тасымалдау жұмыстарына тиімді пайдалану міндеттері қойылуда. Шаруашылықтарда құлын өсіріп, етке сойылатын жылқыны мемлекеттік сатып алу тәртібі белгіленді. Қазақстанның тиісті аймақтарында етті бағыттағы тебінді жылқы шаруашылығын жетілдіру, сондай-ақ қымыз өндіретін фермалар ұйымдастыру мәселелері де қарастырылған. Жылқы өсірумен айналысатын адамдарды материалдық ынталандыруды күшейту шаралары да қарастырылуда. Бұрыннан бар тұқымдарды, аталық ізімен аналық ұялары одан әрі жетілдіру және жаңадан шығару мақсатымен жылқы шаруашылығында селекциялық тұқымды асылдандыру жұмыстарын жақсарту жөнінде көптеген шаралар белгіленуі қажет. Жуық арадағы 10-15 жыл жүзінде отандық жылқы шаруашылығы асыл тұқымды, жұмысқа пайдалану, спорттық және өнімді бағытта өркендейтін болады.
Омарта шаруашылығы

Балара - жарғаққанаттылар отрядына жататын, қолға үйретілген бунақденелілердің бір түрі. Оның екі жұп мөлдір жарғақ қанаты бар. Құрсак бөлімі көкірек бөлімімен жіңішке сабақша арқылы байланысқан. Құрсағы өте қозғалмалы, онда улы бездері мен шағатын шаншар орналасады. Балараның екі күрделі, үш қарапайым көзі бар. Астыңғы жағы мен астыңғы ерні бірігіп, тұмсыққа айналған, тұмсығымен гүл шырынын сорады. Жұмысшы аралардың тұмсығы жақсы жетілген. Дернәсілдерін басы мен көкірек бөлігіндегі сілекей бездерінен бөлінетін сүтке ұқсас затпен қоректендіреді. Артқы екі аяғында гүл тозаңдарын жинайтын себетшесі болады.

Баларалар топтанып тіршілік етеді. Әрбір топта бір аналық, көптеген жұмысшы және аталық аралар болады. Аналық араның денесі ірі, құрсағы үлкен, ұяда тек жұмыртқа салады. Аталық аралар аналық арадан кіші, денесі жалпақтау, олар аналық араларды ұрықтандырған соң өледі. Әрбір ұяда екі-үш мыңдай аталық аралар болады. Жұмысшы аралар- ұядағы ең денесі кіші аралар тобы. Олар гүл шірнесін, тозаңын жинап, балға, балауызға айналдырады. Ұяны тазалайды, дернәсілерді, аналық араны қоректендіреді, ұяны қорғайды, ұядағы ылғалдылық пен температураны реттейді. Әрбір ұяда 60-70 мыңдай жұмысшы балара болады.

Баларадан алынатын бал, балауыз, басқа да өнімдер өте қымбат бағаланады. Балдың шипалық қасиеті өте жоғары.

Қазақстанда омарта шаруашылығы XIX ғасырдың бас кезінде Шығыс Қазақстан өңірінде дами бастады. Бірте-бірте Жетісу аймағына және т.б. таулы жерлерге тарады.
Сиыр - үй жануары

Сиыр – үй жануары. Сиыр - ет пен сүт береді. Сиырдың сүтінен қаймақ, ірімшік, май жасайды. Сиыр - жазда жайлауда жүреді, тек қана шөпті жейді. Жазда қожайындар сиырға шөп шабады. Сиыр бүкіл отбасыны асырайды, балаларды сиыр сүтімен тамақтандырады.

Ауылда адамдардың көбі сиыр ұстайды, сиырға жылы қора салғызады.

Сиыр қора – сиыр фермасындағы негізгі құрылыс. Малды бос және байлап ұстайтын қора 100 не 200 сиырға арнап жасалады. Әрбір 30 – 40 орыннан кейін ені 1, 2 м көлдеңнен жол жасалады. Әр сиырдың астына сабан, ағаш үгіндісі, шымтезек төселеді. Сиырды бос ұстайтын қора жабық, жылы не лапас түрінде болады. Қораның әр секциясында 60 сиырдан артық болмайды. Сиыр қорада малды серуендететін алаң болады, оған оттық, электр жылытқышпен суды жылытатын науа қойылады. Секциялардың арасы алмалы – салмалы қалқалармен бөлінеді. Науаны темір, бетоннан не ағаштан жасайды. Сиыр қора сиыр фермасының учаскесінде, дөңестеу жерге, мал дәрігерлік емханадан және көң қоймаларынан жоғары салынады. Сиырларды осылай күтіп ұстаса, сиыр көп сүт береді.



5 Орыс тілінен қазақ тіліне өз бетімен аударуға арналған мәтіндер
Косуля

Этот небольшой грациозный олень очень широко распространен в Казахстане – от лесной зоны на севере до горных лесов на юге. Особенно характерна косуля для лесостепени. Рога самца небольшие, но очень красивые, имеют три отростка. Шерсть буровато – серая, сзади имеется очень характерное белое пятно, именуемое «зеркалом». Продолжительность жизни до 12 лет. Являются важным объектом охоты. Охота на них ведется по лицензиям.



Сазан

Сазан – крупная рыба семейства карповых, дикая исходная форма культурного карпа. Имеет плотное широкое тело, покрытое плотной крупной чешуей серовато – зеленоватого, иногда золотистого цвета. Ратсет быстро, к концу второго года может достигать 30 см длины и веса 0,5-0,6 кг, а максимально вырастает до метра и 20 кг. Всеядная рыба. Человек давно сделал сазана «домашней рыбой». В результате многовековой селекции выведено очень много пород карпов, самый известный из которых – зеркальный карп, названный так из-за широких чешуй, покрывающих его бока, словно зеркальца.


Синяя птица

Синяя птица (часто ее называют птицей счастья) – довольно крупная темная, почти черная птица, синий цвет которой хорошо виден на солнце, живет по берегам горных рек Тянь-Шаня. Клюв у нее сильный, темный сверху и желтый снизу, закончивается крючком, как у хищных птиц. Но самое замечательное в этой птице – голос. Сильный, чистый свист перекрывает рев водопада и шум ветра. Песня красива, напоминает несколько незаконченные музыкальные фразы. Впервые услышав пение синей птицы , можно подумать, что это свистит человек.Синяя птица находится под защитой Красной книги Казахстана.


Глухарь

Глухарь – самая крупная птица семейства тетеревинных, отряда курообразных в нашей фауне. Самец весь черный с металлическим отливом оперения, самка пестро-рыжеватая. Лесные птицы. В Казахстане обитают только в хвойных лесах алтая и Кабинского Алтая, выбирая для гнездования места, богатые ягодными кустарниками. Многократно описан в литературе знаменитый ток глухаря: самец начинает токовать еще на дереве, расстопырив крылья и распустив хвост, он опускает шею, запрокидывает голову и в таком виде прохаживается по ветке. Постепенно он опускается все ниже и заканчивает ток на земле: сначала издает «текеке-теке», а затем скрипит, как сорока. В этот момент он на короткое время теряет слух – отсюда и название «глухарь».


Стрела- змея

Стрела - змея –легендарный «ок-жилан» - тонкая, светло окрашенная змейка длиной до 125 см, с плотно прилегающей гладкой чешуей. Одна из казахских легенд гласит, что это змея черезывчайно ядовита и настолько быстра, что пробивает человека, как стрела, и при этом успевает смертельно укусить. Правда в этом только то, что стрелка действительно чрезвычайно проворна – это знает каждый, кто хоть пытался ее поймать.


Черный аист

Черный аист во многом является как бы противоположностью всем известного белого аиста. Голова, шея и вся верхняя сторона у него черные с темно-зеленым и красноватым металлическим отливом. В отличие от белого аиста, поселяющегося на крышах домов, черный не переносит соседства человека и поселяется либо в глухих старых лесах, либо на скалах высогорий.На Алтае черный аист сохранился в достаточном количестве, а на озере Маркаколь он даже обычен. Малообщителен, поселяется отдельными парами. Питается рыбой, лягушками, змеями, грызунами и другими мелкими животными. Образ жизни мало изучен. Как редкий вид занесен в Красную книгу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет