А и. жУмадулаева «Органикалық молекулардың функционалдық молекулардың тундыларының химиясы» пәнінен Зертханалық сабақтарды ұйымдастыруға арналған әдістемелік НҰСҚау 5В01503 Химия білім беру бағдарламасы



бет4/45
Дата02.02.2022
өлшемі473.25 Kb.
#455063
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Зертханалық жұмыс

Шынымен жаралану. Лабораторияда жиі кездесетін жәйт қолды шынымен кесіп алу. Кесіп алғанда жараға шыны түсіп кетсе, пинцетпен оны алып тастайды. Сонымен жараны иодтың спиртті ерітіндісімен өңдеп, байлап қою керек.

Егер қан бірден тоқтамаса, қан тоқтататын мақтаны басу керек, оны гидроскопиялық мақтаны 10%-тік FeCl3 ерітіндісіне батырып дайындайды. Қан тіпті тоқтамай жатқан жағдайда қолды резинадан жасалған созылмалы жгутпен байлау керек. Қан тоқтай салып жгутті алып тастайды.



Күйген кездегі бірінші көмек. Термиялық күйік кезінде, күйген орынды тез 40%-тік этил спиртіндегі 5%-тік танин ерітіндісімен өңдеу қажет, көпіршіктер түзілмеуі үшін. Осы ерітіндіге батырылған мақтадан компресс қойса тіпті жақсы болады.

Концентрлі қышқылдармен күген орынды сумен жуып, сосын 1%-тік сода ерітіндісіне батырылған мақтамен компресс жасайды.

Күшті сілтілермен күйгенде күйген орынды сумен жуып, 1%-тік сірке қышқылына батырылған мақтамен компресс қояды (тұз қышқылын да қолдануға болады). Қышқыл немесе негіз көзге тигенжағдайда, жақсылап сумен жуып, нейтралдау қажет (2%-тік бор қышқылымен негізді, 2%-тік соданың ерітіндісімен қышқылды нейтралдайды).

Броммен күйген жағдайда жараланған орынды бромның қоңыр түсі кеткенше 1%-тік натрий карбонатының ерітіндісімен өңдеуді, содан кейін 5%-тік мочевина ерітіндісіне батырылған мақтамен компресс жасайды.

Сұйық фенолмен күйгенде ағарып қалған орынды терінің түсі қалыптасқанша глицеринмен сүртеді. Содан жараланған орынды сумен жуып, глицеринге батырылған мақтамен компресс қойылады.

Егер уақытылы көмек көрсетілмесе, ұзақ уақыт жазылмайтын жара болып қалуы мүмкін.


2 Лабораториялық жұмыс



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет