А. М. МҰхаметжанов, Е. Н. МӘліков атыс дайындығЫ


Атысқа алдын ала дайындалуға мыналар жатады



бет4/8
Дата11.07.2016
өлшемі0.73 Mb.
#190243
1   2   3   4   5   6   7   8

Атысқа алдын ала дайындалуға мыналар жатады:

- атыстың техникалық жағынан дайындау, ол атысты уақытылы жүргізуді, атыс тапсырмаларын орындау кезінде қаруға сенімділікті және оның тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтиды;

- елді мекенді зерделеу, орналасу орнын таңдау және орналасу және егер, қажет болса ұрыс позициясын жабдықтау, сонымен қатар қарсыластың учаскелері мен олардың пайда болу шептеріне ату үшін бастапқы қалыпты дайындау.

Атысқа тікелей дайындалуға мыналар жатады:

- нысананы табу және таңдау;

- нысанаға дейінгі қашықтықты анықтау;

- қаруды таңдау;

- қаруды жарақтау;

- нысананың қозғалу бағыты мен жылдамдығын (егер ол қозғалса) және оның қозғалысына түзеулер шамасын анықтау;

- атыс тәсілін таңдау;

- атыстың қалыптыдан ауытқу шарттарына түзеулерді анықтау;

- бірінші атуда (түйдектеп) қосынды түзеулерді анықтау;

- бірінші атуға (түйдектеп) бастапқы мақсатты тағайындау.


3.2 Нысананы таңдау
Оқытушы автомат (пулемет), мергендік винтовкаларға келесі нысаналар тән екенін баяндайды: офицерлер, барлаушылар, пулемет және қару есептері, әртүрлі жағдайларда атыс жүргізетін атқыштар тобы мен жекелеген атқыш-тар, сонымен қатар автомобиль мен мотоциклдердегі адамдар. Одан басқа, атыс әуе нысаналарына да жүргізіледі, ал мерген винтовкасы мен КП пуле-меттерімен қарсыластың ұзақ уақыттық амбразураларына және өз бөлім-шесіне айтарлықтай қауіп төндіретін басқа нысаналарға атыс жүргізіледі. Нысананы автоматшыға (пулеметші, мерген, гранатаатқышқа), әдетте, коман-дир таңдайды және көрсетеді. Егер автоматшыға (пулеметші, мерген, грана-таатқышқа) ұрыста талқандауға нысана көрсетілмеген болса, ол оны өзі таңдайды. Біріншіден айтарлықтай қауіпті және маңызды нысаналарды тал-қандау қажет. Маңыздылығы бірдей екі нысанадан жою үшін жақын орна-ласқаны және айтарлықтай әлсізі таңдалады. Атыс кезінде жаңа, айтарлықтай маңызды нысана пайда болған жағдайда назарды соған аудару қажет.

Нысаналар оқ-дәріні, уақытты аз шығындаумен жойылуы керек, ол үшін:

- қару жарамды және ұрысқа дұрыс дайындықта болуы керек;

- нысананы уақытылы байқап, нысананы көздеуді нақты және тез беру керек;

- нысана маңыздылығын шебер бағалау керек;

- нысананы жою үшін қару мен оқ-дәрілерді, сонымен қатар атыс жүргізу тәсілдерін дұрыс таңдау қажет;

- орташа траектория нысана ортасы арқылы өтетіндей етіп, атыс жүргізуде бастапқы нұсқауды дәлірек анықтау керектігін, сонымен қатар көздеу мен атудың айтарлықтай дұрыс тәсілдерін қолдану қажет;

- нысаналарға уақытылы оқ жаудыруға және оны жоғары қарқында жүргізу керек;

- өзі жүргізген атыс нәтижесін үздіксіз бақылап, атысты дұрыс түзеуі керек.

Барлау қарсыластың орналасуы мен оның қимылын уақытылы байқау мақсатымен жүргізіледі. Сонымен қатар, ұрыста командирдің ымдары мен белгі берулерін және өзінің атыс нәтижесін бақылап отыру қажет.

Егер командирден ешқандай ерекше тапсырмалар болмаса, жауын-герлер бақылауды 1000 метрге дейінгі қашықтыққа атыстың көрсетілген секторында жүргізеді (пулеметшілер мен мергендер 1500 м дейін).

Бақылау көзбен шолумен жүргізіледі. Бақылау жүргізу кезінде жабық маңайларға аса назар аудару қажет. Елді мекендерді оңнан солға қарай таяудағы заттардан алыстағыларға қарай қарау қажет.

Дүрбі болған кезде оны жекелеген заттарды немесе елді мекенді мұ-қият барлау үшін пайдаланып, сонымен бірге дүрбі әйнегінің шағылы-сымен өзінің орналасқан жерін байқатпайтындай шаралар қабылдау қажет.

Түнде қарсыластың орналасқан орны мен қимылы дыбыстар және сәуле көздерімен анықталуы мүмкін. Егер қажет бағытта елді мекен ракета немесе өзге құралдармен жарықтандырылған болса, жарықтандырылған ауданды тез бақылау қажет.

Ұрыс алаңында белгіленген нысаналар туралы дереу командирге хабарлап, олардың орналасуын дұрыс көрсету керек. Нысана ауызша баяндаумен және жарқырағыш оқтармен көрсетіледі.
3.3 Көздеуіш пен көздеу нүктесін таңдау
Жетекші үйренушілерге көздеуіш, көздеу нүктесін және қарауылды таңдау үшін нысанаға дейінгі қашықтықты анықтап, оқтың ұшу қашықты-ғы мен бағытына әсер ететін, сырт жағдайларды ескеру керектігін баяндайды.

Қозғалатын нысаналарды ату кезінде, бұдан басқа оның қозғалысының бағыты мен жылдамдығын анықтау қажет.

Көздеуіш, қарауыл (бүйірлік түзету) және көздеу нүктесі ату кезінде орташа траектория нысананың ортасынан өтетіндей етіп елестеумен таңдалады.

400 метрге дейінгі қашықтыққа ату кезінде (КА-74, КҚП үшін 300 метрге дейін) нысананың төменгі шетін көздеп, әдетте, 4 (3) немесе «П» көздеуі-шімен, егер нысана биік болса нысананың ортасы көзделеді. 400 метрден (300 метр) асатын қашықтыққа ату кезінде көздеуіш нысанаға дейінгі қашықтыққа сәйкес тұтас жүз метрге дейін дөңгелетіп алынған шамада орнатылады.

Көздеу нүктесі ретінде, әдетте нысананың ортасы алынады. Егер жағдай нысанаға дейінгі қашықтыққа байланысты көздеуішті белгілеуге мүмкіндік бермесе, онда нысананың төменгі шетін көздеп тура атыс қашықтығына сәйкес көздеуішпен тура атыс қашықтығында атуға тура келеді.

Нысанаға дейінгі қашықтық көзбен мөлшерленіп немесе оптикалық көздеуіштің шамасымен анықталады.

Ауа температурасының кестеде көрсетілгеннен ауытқуы оқтың ұшу қашықтығын өзгертеді, жазда ол артады, ал қыста кемиді.

КА-74-тен ату кезінде оқтың ұшу қашықтығы жазда шамалы ғана ар-тады, сондықтан көздеуге немесе көздеу нүктесінің жағдайына түзеу енгізудің керегі жоқ. 400 метрден астам қашықтыққа төмен температура жағдай-ларында ату кезіндегі оқтың ұшу қашықтығы айтарлықтай шамаға кемиді (50-100м), сондықтан ауа температурасы -10-нан -250С-қа дейін болғанда көздеу бір шамаға арттырылады. Жергілікті жердің теңіз деңгейінен асуына және көздеу орны бұрышына қатысты көздеуішті белгіленгендегі түзеулер таулы жерде 400 метрден асатын қашықтықтарға ату кезінде енгізіледі.

КП ату кезінде 500 метрге дейінгі қашықтықтарда ату кезіндегі ауа температурасының және 100 метрге дейінгі қашықтықтарда желдің әсер етуі ескерілмейді, өйткені бұл қашықтықтарда нысанаға дейінгі олардың әсері шамалы ғана. 500 метр қашықтыққа ату кезінде ауа температурасының оқтың ұшу қашықтығына әсерін ескеру қажет, онда темен температура жағдай-ларында көздеуішті арттырып немесе жоғары қарай көздеу керек, ал жоғары температура жағдайларында оны кемітіп, төмен көздеу керек. Қыста, ауа температурасы -150С-дан түспейтін уақытта ату кезінде, көздеу нүктесін нысананың жоғарғы жағына таңдау қажет. Егер нысанаға дейінгі қашықтық 700 метрден астам болса, жергілікті жердің теңіз деңгейінен асуына және көздеу орны бұрышына қатысты көздеуішті белгілеуді түзеу атыс таулы жерлерде болса ескеріледі.

КА-74 ату кезінде бүйірден соққан жел оқтың ұшуына айтарлықтай әсер етеді. Бүйірден соққан желге түзеу көздеу нүктесін метрге, нысана фигураларына немесе көздеуіш бөліктеріне шығарылып ескеріледі.

КҚП-нен ату кезінде қозғалмайтын нысаналарды атуда қарауылды таңдау бүйірден соққан жел жылдамдығына және нысанаға дейінгі қашықтыққа байланысты. Бүйірден соққан жел қаншалықты қатты болса, нысана соншалықты алыс, оқ ату бағытынан айтарлықтай шамаға ауытқиды.

Осыған байланысты қарауылды орнатуға түзеулер енгізу қажет. Қа-рауылды орнатуға түзетулер желдің қай жақтан соғуына қарай алынады (мысалы, жел оңнан солға қарай соғып тұрса, қарауылды оңға жылжыту қажет).

Бүйірден 900 бұрышпен қалыпты түрде соққан желге (жылдамдығы 4 м/с) түзу шамасы метрмен, адам фигурасымен және қарауылды бөлумен автомат үшін №1 кестеде, КҚП үшін №2 кестеде, КП пулеметі үшін №3 кестеде келтірілген.

Кестелік түзетулер бүйірден соққан жел қатты болғанда ( жылдамдық 8 м/с), ату бағытына тік бұрышпен соққанда 2 есе көбейтіледі, ал бүйірден соққан жел әлсіз болғанда (жылдамдық 2 м/с) немесе ату бағытына қарай сүйір бұрышпен бір қалыпты соққанда – 2 есе кемітіледі.

КА-74-тен ату кезінде бүйірден соққан желге түзетулер (1 кесте)

Ату қашықтығы метрмен

Метрмен

Адам фигурасымен

100

-

-

200

0,2

0,5

300

0,4

1

400

0,8

1,5

500

1,4

3

600

2,0

4

КҚП -нен ату кезінде бүйірден бір қалыпты соққан желге түзетулер (2 кесте)



Ату қашықтығы

метрмен


Метрмен

Адам фигурасымен

Қарауыл бөліктерімен

100

-

-

-

200

0,2

0,5

-

300

0,4

1

0,5

400

0,8

1,5

1

500

1,3

2,5

1,5

600

1,9

4

1,5

700

2,7

5

2

800

3,6

7

2

КП-нен ату кезінде бүйірден бір қалыпты соққан желге түзетулер (3 кесте)



Ату қашықтығы

метрмен


Метрмен

Адам фигурасымен

Қарауыл бөліктерімен

300

0,26

0,5

0,5

400

0,48

1

0,5

500

0,72

1,5

0,5

600

1,1

2

1

700

1,6

3

1

800

2,2

4

1,5

900

2,9

6

1,5

1000

3,7

7

2

1100

4,6

9

2

1200

5,5

11

2

1300

6,6

13

2,5

1400

7,7

15

3

1500

8,9

18

3

Көздеу дегеніміз қарудың ұңғы арнасын нысананы жою үшін қажет жағдайға келтіру. Ол көздеу және көздегіш көмегімен орындалады.

Көздеу үшін сол жақ көзді қысып, оң көзбен көздеуіштің ойығы арқылы қарауылға қарап қарауыл ойығының ортасында, ал оның төбесі көздеу тақташасы қырының жоғары шеттерімен бірдей болуы, яғни «тегіс қарауыл» алынатындай етіп бұру керек.

Дем шығаратын тынысты тоқтатып шынтақты қозғау, ал егер қажет болса дене мен аяқтарды қозғау арқылы тегіс қарауылды көздеу нүктесіне келтіріп, осымен бір мезгілде сұқ саусақтық бірінші буынымен ағытқыш ілмекті басады.

Көздеу кезінде көздеу тақташасының қыры горизонталь жағдайда болуын қадағалау керек.

Шүріппені ағыту үшін автоматты (пулемет) нық ұстап, демді ішке тартып шүріппе атушыға (пулеметші) байқатпай ұрыстық қайырмадан ағытылғанша, яғни атыс болғанша ағытқыш ілмекті жайлап басу керек.

Егер көздеу кезінде «тегіс қарауыл» көздеу нүктесінен айтарлықтай ауытқып кетсе, ағытқыш ілмекке қысымды күшейтпей және әлсіретпей, көздеуді нақтылап, ағытқыш ілмекке қаттырақ басу керек.

Шүріппені ағытқанда «тегіс қарауылдың» көздеу нүктесі тұсында сәл тербелгеніне мән беруге болмайды. Тегіс қарауылдың көздеу нүктесімен ең жақсы үйлесуі сәтінде ағытқыш ілмекті ақырына дейін басуға тырысқаннан ағытқыш ілмек әдетте жұлқи басылады да, атыс дәл болмайды. Егер көздеу және ағытқыш ілмекті басу кезінде бұдан әрі демалмай шыдауға болмайтыны сезілсе, қайта демалып, дем шығарғанда қайта тоқтап көздеуді дәлдеп барып, ағытқыш ілмекті басу керек.

Бірінші атудан кейін қайтарма күші мен қайтармаға реакция күшінің қаруға әсер етуі (қол қаруынан атушының дене корпусының әсерінен) нәтижесінде қару қозғалады. Атыс қаруынан ату жүргізу кезіндегі атулар арасындағы уақыт 0,1 сек. құрайды, және де атушы бұл уақытта екінші рет ату алдында көздеуді қалыптастыра алмайды. Сондықтан екінші рет ату кезіндегі жағдай оның бірінші ату алдындағы жағдайымен және қайтарма күшінің, қарудың қозғалмалы бөліктерінің қозғалысы мен соққысының және бірінші атудан кейінгі реакция күшін қоса алғандағы әрекетімен анықталады.

Ату мергендігі ортаңғы нүктенің нысанада белгіленген нүктемен сайма сай келу дәлдігімен және шашырау шамасымен анықталады. Онымен қоса, ортаңғы нүктенің көзделген нүктеге түсуі неғұрлым жақын және оқтың шашырауы аз болса, ату дәлдігі соғұрлым нәтижелі болады.

Ату мергендігі қаруды қалыпты ұрысқа нақты дайындаумен, қаруды және оқ дәрілерді ұқыпты сақтаумен және атушының машықтанған дағдысымен қамтылады.

Ату мергендігін жақсарту үшін атушы оқтың ұшуына метеорология-лық жағдайлардың әсер етуін ескерумен, нысанаға дейінгі қашықтықты анықтап, соған байланысты көздеу, көздеуіш және көздеу нүктесін таңдап, қару мен оқ дәрілерді мұқият сақтап, ату тәсілдерін дұрыс орындай білуге тиіс.

Атушының көздеу нүктесін таңдаудағы, көздеуішті орнатудағы, қаруды дайындау мен көздеу және ату өндірісінде жіберген қателіктері ату мергендігін төмендетін негізгі себептер болып табылады.

Көздеу мен көздеуішті дұрыс келтірмеген, сондай-ақ көздеу нүктесін дұрыс таңдамаған кезде оқ нысанадан асып кетеді (нысанаға дейін жетпейді) немесе нысанадан басқа жаққа қарай ауытқиды.

Қаруды аудару кезінде дәл түсудің ортаңғы нүктесі қаруды аудару жағына қарай немесе төмен қарай ауытқиды.

Таяну жағдайы қарудың ауырлық орталығының алдында болса (қару аузындағы ойыққа жақын) дәл түсудің орташа нүктесі жоғарыға қарай ауытқиды, ал таяну жағдайы қарудың ауырлық орталығының артында болса (қару дүміне жақын) төменге ауытқиды; ату кезінде таяну жағдайының өзгеруі шашыраудың артуына әкеп соғады.

Егер дүм төмен бұрышпен иыққа тірелсе, онда дәл түсудің орташа нүктесі жоғарыға, ал жоғары бұрышпен болса ол төменге ауытқиды.

Атыс әдетте нысананы талқандағанға дейін жүргізіледі (жою, құрту немесе қирату). Атыс нәтижесін бақылау нысананы талқандау сәтін анықтауға дейін жүргізіледі, ал мүлт жіберу кезінде оқтың нысанадан ауытқу шамасын бағалау үшін жүргізіледі. Нысананы талқандау нақты көрнекі нәтижелермен бағаланады: нысана атуын немесе қозғалысын тоқтатты. Мүлт жіберу жайында оқтың тиген жеріне ауытқуы бойынша талқыланады.



Атысты түзеу – бұл келесі атысты оқтың нысанаға дәл тию ықтималдылығын арттыру үшін өзгертулерді қалыпты жағдайға келтіру.

Егер атыс жүргізуші оқтың ауытқуы атыс жүргізу сәтін дұрыс таңдамағаннан және қаруды дұрыс бағыттамағанынан болғанына сенімді болса, онда атуды түзеу кезіндегі мұндай ауытқуларды ол назарға алмайды. Түзетулердің айтарлықтай шамасы (нысананың екі фигурасынан артық емес) жоғары және жанға қарай бағыттау бойынша көздеу нүктесінің өзгеруімен ескеріледі. Егер түзеу шамасы айтарлықтай болса, онда түзету қашықтық бойынша– көздеуіштің қойылуын өзгертумен, бағыт бойынша – көздеуішті жаңадан қоюды таңдаумен (жаңаша көздеу маркасымен) жүргізіледі.

Көздеу нүктесі нысанадан ауытқу жағына қарай қарама-қарсы жаққа рикошеттердің немесе оқ іздерінің ауытқу шамасына жылжытылады. Егер оқтың нысанадан ауытқуы қашықтық бойынша 100 метрден асатын болса, көздеуіштің қойылуын бір бөлікке өзгерту қажет. Оқ іздері бойынша атысты түзеу үшін әдеттегі немесе із қалдыратын патрондармен ату мына қатынаста жүргізілуі қажет: әдеттегі оқпен 3 патронға із қалдыратын оқтармен бір патрон. Із қалдыратын оқтармен патрондарды ашық ауа-райында қолданбаған жөн (оқ іздері әлсіз көрінеді). Тек қана із қалдыратын патрондармен ату ұңғы арнасын айтарлықтай тоздырады.
3.4 Нысанаға дейінгі қашықтықтарды анықтау әдістері.

Қашықтықтарды бұрыштық шамалардың көмегімен анықтау
Студенттерді қысқа қашықтықтарды анықтауды үйретуде оқытушы бақылауға үйретуді қоса бастайды.

Нысананы дәл талқандау үшін оған дейінгі қашықтықты анағұрлым дәл анықтау қажет. Ұрыста, қашықтықты анықтаудың ең қарапайым және тез тәсілі – көзбен мөлшерлеу.

Қашықтықты көзбен бағалау қабілеті зат неғұрлым жақын болса, ол соғұрлым анық және айқын көрінеді және ол барлық ерекшеліктерімен көрінетініне негізделген. Сонымен қатар, зат қаншалықты жақын болса, ол соғұрлым ірі болып көрінеді.

Қашықтықты көз мөлшерімен анықтау есте жақсы сақталған жергілікті жерлерде, заттар немесе нысаналардың көріну деңгейі мен ұқсас шамасы бойынша, жергілікті жерді қадаммен өлшеумен, қарудың көздеу құрылғысының көмегімен, жасырынбаған белгілер, мыңдық формула және өзге қол құралдарымен жүргізіледі.

а) Қашықтықты бірінші әдіспен анықтау мәні мынада: жауынгер нысанаға дейінгі қашықтықты есте қалған үзінділермен салыстырады, оның шамасы оған белгілі және ол оны ойша бірнеше рет нысанаға дейін қояды.

б) Қашықтықты заттардың көріну дәрежесі мен ұқсас шамалары бойынша анықтау кезінде нысана шамасы белгілі бір қашықтықтағы аталмыш нысананың есте қалған көрінетін шамаларымен салыстырылады. Әдетте қашықтықты осындай әдіспен анықтау үшін алдын ала құрылған жадынама-кесте пайдаланылады. № 4 кестеде бақыланатын заттар ерекшеленетін, шекті қашықтық көрсетілген. Мысалы, егер сіз үй шатырындағы мұржаны ажырата алсаңыз, онда бұл үйге дейін 3 км екенін білдірмейді. Жоқ. Бұл дегеніміз ол 3 км – ден қашық орналаспағанды білдіреді.


Бақыланатын заттардың шектеулі қашықтығы (№ 4 кесте)

Заттар мен объектілер атауы

Олар көрінетін қашықтық (метрмен)

Адамның бет пішіні, қол буыны, атыс қаруының бөлшектері

100


Шатыр, ағаш жапырағы

200

Адам қолының қозғалысы, терезе рамасының жақтаулары

400-500


Келе жатқан адамның аяқ қозғалысы

600

Жылқы аяқтары мен жеке адам мүсіні

700

Жекелеген ағаштар бұтақтары

800-900

Километрлік бағаналар мен байланыс желілері бағанасы

1000

Жердегі ұшақ, танк

1200

Жекелеген ағаштар

2000

Үйлер төбесіндегі мұржалар

3000

Шағын үйлер, үйлердегі терезелер

4000

Үйлер, кенттер топтары

5000

Зауыттық құбырлар

6000

Үлкен елді мекендер, биік үйлер

7000-8000

Үлкен мұнаралар, шіркеу мұнаралары, қамалдар

15000-18000

в) Қашықтықты қадаммен өлшеу үшін, әр жауынгер өз қадамының ұзындығын метрмен қанша болатынын білуі керек. Қадаммен өлшеу кезінде әдетте сол аяқтан бастап екі қадаммен саналады. Жасалған жүз екіқадам қадамнан кейін санау басынан басталады. Шатасып кетпеу үшін әрбір жүріп өткен жүздікті қағазда белгіліп қояды.

Қадамның орташа ұзындығы 0,75 метр, ал екі қадам ұзындығы – 1,5 метр деп қабылданған. Сондықтан шамалап алғанда метрмен қашықтық екі қадам санын 1,5-ке көбейткенге тең деп санайды.

г) Атыс қаруының көздеуіш құрылғыларының көмегімен ені бойынша нысана өлшемдерін қарауылдың пішіндік шамасымен немесе көздеу планкасының ойығымен салыстыру жолымен. Қарауылдың пішінді шамасын немесе көздеу планкасының ойығын анықтау үшін К=  формуласы (барлық шамалар мм-мен) мен № 5 кесте қолданылады.

Мұндағы, К- көздеуіштің (ойық) пішінді шамасы

Д- нысанаға дейінгі қашықтық

Р- көздеуіш (ойық) өлшемі

- көзден қарауыл (ойық) шамасына дейінгі қашықтық

Автомат көздегішінің пішінді шамасы, мысалы:

К=  =303 мм (30см).
Көздегіштің пішінді шамалары (№ 5 кесте)

Қару түрі




Қашықтық метрмен

100

200

300

400

500

600

700

800

900

1000

Пішінді шамасы метрмен

Автомат

(КА-74)


Қарауыл қалыңдығы

0,3

0,6

0,9

1,2

1,5

1,8

2,1

2,4

2,7

3,0


Ойық ені

0,6

1,2

1,8

2,4

3,0

3,6

4,2

4,8

5,4

6,0

Қол

пулемет


Қарауыл қалыңдығы

0,3

0,6

0,9

1,2

1,5

1,8

2,1

2,4

2,7

3,0


Ойық ені

1,0

2,0

3,0

4,0

5,0

6,0

7,0

8,0

9,0

10,0

Түнде әртүрлі нысаналарға дейінгі қашықтықты олардың белгілері бойынша тез анықтауға болады. Қарсылас жағынан қандай да бір дыбысты естіп қалып, оның сипатын, оның қайдан шығуын, қай бағытта естілуін анықтаңыз. Содан кейін қашықтықты анықтаңыз. Дыбыстар шамалап алғанда №6 кестеде келтірілген қашықтықтарды оңтайлы шарттарда өтуіне қарай қабылдануы мүмкін.


Дыбыстар бойынша объектіге дейінгі шамамен алынғандағы

қашықтықтар (№ 6 кесте)



Әшкереленген белгілер

Қандай қашықтықта естіледі немесе көрінеді

Сөйлесу, жөтел, қаруды оқтау, сымды кесу

100

Пәрмен, қару және жарақтанумен (бақырашпен, күрекпен) салдырату

200


Қара жолмен қозғалып келе жатқан әскер колоннасының қатаң шуы

300


Орманды балталау және кесу

400

Күрекпен тасты соғу, қара жолмен қозғалып келе жатқан автомобиль моторының гүрілі, темекі оты

500


Төңіректегі танк гүрілі

1500

Тас жолмен қозғалғандағы автомобиль моторының гүрілі

1000

Тас жолмен қозғалғандағы танк моторының гүрілі

2500-3000

Винтовкадан атылған жекелей ату дыбысы

3000

Автомат қаруынан атыс

4000

30мм сигналды патронның жұлдызшасының жануы

5000-6000

Артиллериялық қарудан атыс

13000-15000

Алайда әркімнің есту қабілеті әртүрлі. Сонымен қатар, әшкереленген белгілер нақты жағдайларға байланысты өзгереді. Мотор гүрілі, мысалы жолдың профилі мен сапасына, қозғалтқыштың дұрыс жұмыс жасауына және оның жұмысының тәртібіне байланысты. Сондықтан төңіректе кестеде келтірілген деректерді тексеріп, өзінің есту қабілетіне қарай кестеге қажетті түзеулер енгізу қажет.

Түнде нысанаға дейінгі қашықтық дыбыстар және ату жарқындарымен анықталады.

Ауада плюс 150С температура болғанда жарық 300 000 км/с жылдамдықпен, дыбыс 340 м/с жылдамдықпен таралады. Атқан кезде жарқ етуді көрген бетте, ату дыбысы естілгенге дейін іштей саналады: «жиырма бір», «жиырма екі», және т.с.с. Екі бірлікті санды нақты айтуға адам 1 секунд жұмсайды. Айталық, сіз екі санды ғана айтып үлгердіңіз. Онда 340-ты 2-ге көбейтіп, сіз нысанаға дейінгі қашықтықты шамалайсыз. Бұл мысалда ол дөңгелеткенде 700 метрге тең.

д) Қашықтықты анықтаудың ең қарапайым әдісі қол саусақтарының көмегімен. Сізге төңіректегі нысанаға дейінгі, мысалы кенттен жоғары көрініп тұрған элеваторға дейінгі қашықтықты анықтау керек болсын. Бір көзіңізді жұмып, бір уақытта бас бармақты көтерумен, оң қолыңызды алға созыңыз, саусақты көздің деңгейінде ұстаңыз, оның ұшын элеватор деңгейіне келтіріңіз.

Енді, қолыңыз бен саусақтарыңызды қозғалтпай, сол көзіңізді ашып, оң көзіңізді жұмыңыз, сонда бас бармақ оңға қарай жылжығандай болады және қандай да бір басқа затты жабыңыз (мысалы - ағаш). Көз мөлшерімен элеватор мен ағаштың ара қашықтығын анықтаңыз. Айталық ол 300 метр болсын. Оны осы әдіске тұрақты 10 санына көбейтіңіз. Нәтижесінде сіз элеваторға дейінгі қашықтықты аласыз.

е) Төңіректегі нысананың жағдайы мыңдықпен бағдарға (төңіректегі заттарға) қарағанда бұрыштарды есептеумен анықталады.

Геометрияда, бұрыштық шамалар градуспен өлшенеді. Ұрыс жағдай-ларында қандай да бір бұрышты өлшей білу ғана жеткілікті; көбіне алынған бұрыштық шамаларды тез арада, күрделі есептеулерсіз (ойда) сызықтыға және керісінше келтіре білу қажет. Мұндай жағдайларда ерекше бұрыштық шаманы – бұрыштық өлшеу бөліктерін қолданған ыңғайлы, оны артиллерист-тер «мыңдық» деп атайды. Мыңдықтың қысқаша негіздемесі мынадай. Дөңгелек ұзындығы 2R (6,28R) тең екені белгілі. Әскери уақытта дөңгелек ұзындығын шамалы ауытқулармен 6R тең деп алу қабылданған. Егер енді дөңгелекті 6000 бөлікке бөлсек, онда осындай бір бөлік мынаған тең:


 = 
Демек, бұрыш өлшеуішінің бір бөлігі немесе мыңдық деп дөңгелек радиусының тең болатын, бұрыш шамасын атайды, яғни бір мыңдыққа бір бөлік.

Бұрыш өлшеуішінің бөліктері мен градустарының қатынасы мынадай:


= = 3,6 мин, = 3,6 минут, бұдан 10 (60/)=17
мыңдық (60/:3,6/=16,717)

Мыңдық пен бұрыштар арасындағы қатынасты білсе, бұрышты градуспен өлшеуден оларды мыңдыққа келтіру және керісінше келтіру оңай.

Мыңдық арқылы заттардың бұрыштық шамасын (I), биіктігін (B) және қашықтығын (Д) анықтауға болады. Олардың формулалары мыналар:
У= ; В= ; Д= .
Мыңдық формуласы 1000 санының арқасында өте ыңғайлы, өйткені оны кез-келген санға оңай көбейтуге және бөлуге болады.

Бұрыш өлшеуіші бөліктерімен берілген бұрыштарды жеке-жеке атайды және жазады: бірінші жүздік саны (үлкен бөліктер саны, өйткені бұрыш өлшеуішінің жүз кіші бөлігін бір «үлкен бөлік» деп атайды, сосын ондықтар мен бірліктер (кіші бөліктер)). Егер жүздіктер мен ондықтар болмаса, онда олардың орнына нөлдерді атайды немесе жазады.

Мысалы: 4721 – (бұрыш өлшеуіштің бөлігіндегі бұрыш);

47-21 – (қырық жеті, жиырма бір (оқылады));

7 – (бұрыш өлшеуіштің бөлігіндегі бұрыш);

0-07 (жазылады) – нөл, нөл, жеті деп оқылады.

Бағдар мен нысана арасындағы бұрыш оптикалық аспаптың бұрыш өлшеуішімен өлшенеді. Дүрбінің бұрыш өлшеуіш торының құрылғысын есте сақтаңыз: көруден кейін – 1-00 үлкен штрихтар арасындағы бөлік бағасы 0-10; үлкен және кіші штрихтар арасындағы бөлік бағасы – 0-05; үлкен штрихтың бұрыштық шамасы – 0-05; кіші штрихтың бұрыштық шамасы – 0-02,5.

Оптикалық аспаптар болмаған кезде бақылаушы бұрышты миллиметрлі бөліктері бар қарапайым сызғыш көмегімен анықтайды. Егер сызғышты көз алдында 50 см. қашықтықта ұстаса, онда оның бір бөлігі, яғни бір миллиметр, екі мыңдыққа сәйкес болады (0-02). Сызғышты ұстап тұрған қолды 50 см. қашықтыққа созса, бұл қашықтықтың бір мыңдығы 0,5 миллиметрге тең болады. Бір миллиметрге екі мыңдыққа тең бұрыш келеді, яғни 0-02. Бұрыштарды осы әдіспен өлшеу дәлдігі сызғышты 50 см-ге қою дағдысына байланысты.

Біздің мысалымызда, жеке ағаштың биіктігі жиырма бес миллиметр деп алынған болсын, демек бұрыш 25х2=50/ =0-50 тең.

Ағаштың биіктігін біле отырып, мыңдық формуласымен ағашқа дейінгі қашықтықты мына формуламен анықтауға болады:


Д=  =  =200 метр.
Бұрыштық шамаларды қолдағы заттардың көмегімен де анықтауға болады, мысалы қарындаш, шырпы, сіріңке қорабы, қол саусақтары, алақанмен. Бұл үшін олардың № 7 кестеде келтірілген мыңдыққа дейінгі мәнін есте сақтау қажет.
Бұрыштық шамаларды қолдағы заттардың көмегімен өлшеу (№ 7 кесте)

Зат атауы

Мыңдықпен бағасы

Қол саусақтары: - бас бармақ

0-40-0-50

- сұқ саусақ, орта, аты жоқ

0-30-0-35

- шынашақ

0-20-0-25

Алақан

1-20

Жұдырық

1-50

Қырлы қарындаш

0-10

Дөңгелек қарындаш

0-12

Сіріңке қорабы: - ұзындығы

0-90

- ені

060

- биіктігі (қалыңдығы)

030

Біркелкі шырпы: - ұзындығы

0-75

- қалыңдығы

0-03

1943ж. патрон ұзындығы

1-10

1943ж. гильза ұзындығы

0-80

1943ж. гильза корпусының қалыңдығы

0-20

1943ж. оқ қалыңдығы

0-15

Егер қандай да бір заттың бұрыштық шамасы белгілі болмаса, сіз оны оның миллиметрмен көрсетілген ұзындығы немесе биіктігін 0,5-ке бөліп анықтай аласыз. Осы әдіспен сіз өз саусақтарыңыз, алақаныңыздың бұрыштық «бағасын» нақтылай аласыз.

Мысалы: портсигара ені 80 миллиметрге тең. Бұрыштық шаманы анықтаңыз

80:0,5=160 мыңдық.

Заттардың (нысаналардың) бұрыштық шамасы бойынша қашықтықты өлшегенде жоғарыда келтірілген мыңдық формуласы пайдаланылады. Қашықтықты формула көмегімен анықтау үшін сипатты заттар мен нысаналардың өлшемін білу қажет ( № 8 кесте).
Сипатты заттар мен нысаналар өлшемдері (№ 8 кесте)

Заттар мен нысаналар атауы

Өлшемдері (метрмен)

Тізерлеп атушы

1,0

Жүгіріп бара жатқан атқыштың орта бойы

1,5

Жүк автомобилінің биіктігі

2,0

Теміржол үйшігінің биіктігі

4,0

Тауарлық вагон биіктігі

3,5-4,2

Бір қабатты үй биіктігі

6,0

Ағаштың орташа биіктігі

12-15

Телеграф бағандарының арасындағы қашықтық

50

Жоғары кернеулі электр желілері тіреулерінің арасындағы қашықтық

100

Мыңдық формуласын қолдана отырып, бірнеше мысалдарды шешейік. Телеграф бағанының маңында ұрыс позициясын алған, пулеметке дейінгі қашықтықты анықтау қажет; баған үш кіші бөлік бұрышымен бақыланады (0-03)

Д =  формуласын аламыз;

а) берілгені: - бағана биіктігі=6 м

- бұрыш 0-03

Белгілі шамаларды формулаға қоямыз, сонда Д=  =2000 м

б) 0-10 бұрышымен бақыланатын траншея учаскесінің өлшемін анықтау қажет. Траншеяға дейінгі қашықтық 3200 м.

Шешімін В= формуласы бойынша табамыз В=  =32 м.

в) Орманнан 800 м. қашықтықта таңдалған атыс позициясының жасырыну бұрышын анықтау қажет, оның биіктігі 20 метрге тең.

Қолданылатын формула: У = ;

У=  = 25 (0-25).

Бұл шешімдерді белгілі ереже түрінде баяндауға болады, оларды есте сақтау қажет:

1. Қашықтықты анықтау үшін заттың биіктігін (ұзындығын) осы заттың бақыланатын бұрышындағы бұрыш өлшеуіш бөлігінің санына бөліп, алынған нәтижені мыңға көбейту қажет.

2. Егер нысанаға дейінгі қашықтық пен бақыланған бұрышы белгілі болса, нысана өлшемдерін анықтауға болады. Ол үшін бақылау қашықтығын мыңға бөліп, алынған мәнді өлшеу бұрышындағы бөліктер санына көбейту керек.

3. Заттың өлшемдері мен оған дейінгі қашықтық белгілі болса аталмыш затты бақылауға болатын бұрышты аспап болған жағдайда оңай есептеуге болады. Ол үшін заттың (нысана) биіктігін мыңға көбейтіп, алынған мәнді затқа (нысана) дейінгі қашықтыққа бөлу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет