А. М. Турлыбаева, М. С. Москальцева, А. С. Хажиякпарова, Ю. С. Махмутова жалпы геология


 Геологиялық карталар мен қималарда қатпарлы жатысты



Pdf көрінісі
бет69/89
Дата31.01.2024
өлшемі2.9 Mb.
#490380
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   89
2 Жалпы геология (1)

 
2.5.2. Геологиялық карталар мен қималарда қатпарлы жатысты 
анықтау 
Қатпарлы жатысымен қималарды құрастырған кезде картада ірі жəне 
ұсақ қатпарлардың өсуін белгілеп, оларды профилге шығару керек. 
Қатпарлардың осьіне жақын геологиялық шекараларды, қысқа сызықтармен 
синклинді қатпарлардың осьтеріне қарай жəне антиклинді қатпарлардың 
осьтерінен қарай еңістейді. Қатпарлардың қанаттарында қабаттардың 
еңістелу бұрышы жатыс элементтері арқылы анықталады, егер олар болмасы, 
жоғарыда еңісті жатыспен қималарды құрастырған тақырыпша арқылы, яғни 
радиус əдісін қолдануға болады. Радиус əдісін қолданғанда ұсақ қосымша 
қатпарлықтармен күрделенбеген қанатты алу керек, əйтпсе бұрыштар қатты 
бұрмаланады. Қатпардың қанаттағы қабаттың еңістелу бұрышын анықтап, 
осы бұрыштың астында параллельді бірнеше қабаттарды синклиндің осьіне 
қарай немесе антиклин осьінен қарай жүргізеді. Осы кезде синклин 
қатпардың қанаты бір уақытта көршілес антиклин қатпардың қанаты екенін 
ескеру қажет. Егер қатпарлау осьінің екінші жағы бойынша аттас 
қатпарлардың шығу ені бірдей болса, онда қатпарлардың аралас 
қанаттарының аттас қатпарларымен қосылғанға дейін сол бұрыштардың 
астында жүргізіледі. Қатпарлы қанаттардағы қабаттардың шығуының əртүрлі 
ені қанаттардың еңістелу бұрышымен немесе қосымша қатпарлықпен 
байланыста болуы мүмкін. Бір қанаттағы қабаттардың тар шығулары 
қабаттардың жату бұрылысы туралы, ал екінші қанаттағы кең шығулар 
көлбеу бұрыштар туралы айтады. Бұл жағдайда қатпарлар осьтік беттің 
жағдайы бойынша көлбеу болады. Қатпарларды салу кезінде геологиялық 
картаға назар аудару қажет: қималарда қатпарлар құлыптарының нысаны 
олардың геологиялық картадағы тұйықталу нысанын қайталайды. Қосымша 
қатпарлылық геологиялық картаны талдау кезінде "оқылады", қосымша 
қатпарлардың осьін жүргізуге жəне олардың топсаларының ундуляциясын 
көруге болады. Бірінші жағдайда көлбеу бұрышын радиус əдісімен табу 


107 
қажет, екінші жағдайда бұрыш қарама-қарсы қанаттағы сияқты болуы 
мүмкін, бірақ қимада қосымша қатпарлықты көрсетеді. Қатпарланған 
қабаттың қалыңдылығы, егер оның өзгеруі туралы деректер болмаса, қима 
бойынша тұрақты қалуы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет