А. М. Турлыбаева, М. С. Москальцева, А. С. Хажиякпарова, Ю. С. Махмутова жалпы геология



Pdf көрінісі
бет27/89
Дата31.01.2024
өлшемі2.9 Mb.
#490380
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   89
2 Жалпы геология (1)

Теңіздің бұзушылық жұмысы 
Əлемдік мұхіттың сулары арқылы жүретін бұзушылық жұмыс абразия 
деп аталады. Абразия арқылы тік жартастарды, жағалауларды бұзылады, 
нəтижесінді оның қабырғаларында ойыстар пайда болады, оларды толқын 
соқпалардың қуыстары деп айтады. Олар біртіндеп тереңделеді жəне қайта 
ауырлық күштер арқылы құлайды. Тік жаға құрлық жаққа кері қайтады, оның 
орынында толқын соқпалы терраса немесе абразия террасасы пайда болады.
Мұхит-теңіздердің шөгінділері:
1. Құрлықтың бұзылып, одан тасымалданып, теңіз түбіне шөккен 
жыныстар жинағын терригендік (латынша терра - жер деген мағынада) 
дейді. 
2. Теңіз суынан химиялық жолымен шөккен жыныстарды хемогендік 
деп атайды. 
3. Биогендік немесе органогендік деп организмдер қалдықтарының 
үйілуінен жаратылған түрлерін айтады. 
4. Жанартаулық жыныстар су асты мен үстіндегі жанартаулардың 
атқылау əректінен пайда болады.
1.6.7. Көлдер мен батпақ көлдердің геологиялық əрекеті 
Көлдер – құрлық беткейіндегі ойпаттар мен шұңқырлар сумен 
толтырылған жəне олардың теңізбен байланысы жоқ. Пайда болу жолына 
қарай көл ойпаттары эндогенді жəне экзогенді деп бөлінеді.
Судың құрамы бойынша олар: 
а) тұщы; 
ə) тұзды болады.
Ауылшаруашылық маңыздылыққа көлдердің химиялық шөгінділері ие, 
олар гипспен, галитпен, калийлі-натрийлі тұздарымен, мергелдермен, темірлі 
кендерімен, кремнийлі қосылыстарымен байқалады. 
Батпақ көлдер деп көбінесе құрлықтың ылғалданған салаларын 
айтады, олардың үсті қалыңдылығы 30 см кем емес шымтезекпен жабылған, 


51 
құрғатылған күйінде олардың қалыңдылығы 20 см дейін жетеді. 
Шымтезекпен жабылмаған мол ылғалданған аумақтарды батпақталған 
жерлер деп айтады.
Көріктенудің сипатына қарай батпақ көлдер келесі түрлерге бөлінеді: 
1) үстіңгі жақты; 2) төменгі жақты.
Үстіңгі жақты батпақ көлдер су айырығының алаңдарында орналасқан 
жəне тұнбалармен қоректенеді. Төменгі жақтағы батпақ көлдер жер бедердің 
төменделген жерлерінде орналасады, су қоймалардың шымтезекетнуі 
арқылы пайда болады.
Өсімдіктердің жойылған бөліктері су қоймалардың түбінде біртіндеп 
өсетін шөпті шымтезек қабатың құрайды.
Шымтезек – құрылымсыз гумусты массасымен бірге жартылай 
ыдыраған өсімдіктердің механикалық қоспасы. Шымтезек қабатында 
түйіртпекті материалдардың линзалары мен қат-қабатталуы жəне 
ағаштардың түптері байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет