4.3. Отбасының мектептен тыс мекемелермен байланысы Мектеп оқушыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, олардың бос
уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында мектептен тыс мекемелердің
көптеген түрлері жұмыс жасайды. Мектептен тыс мекемелерде балаларға
қосымша білім беру жұмыстары ұйымдастырылады. Мектептен тыс
мекемелердің жұмыс жүйесін дамытудың әдіснамалық негізі адам
белсенділігінің ішкі бастауларына, оның «Мен» бейнесіне негізделген
гуманизм философиясының идеясына сүйену, оның тұтастығы өзіндік сана
мен өмірлік тәжірибені интеграциялаудың нәтижесі (4.3-кесте).