А. МҰратқызы, А. Е. Бекшойнова, С. К. Серикова, М.Қ. ТӨлеуова отбасылық ТӘрбиенің негіздері



Pdf көрінісі
бет98/157
Дата03.01.2022
өлшемі1.54 Mb.
#451283
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   157
Отбасылық тәрбиенің негіздері

А.С.МАКАРЕНКО БОЙЫНША 
АТА-АНА БЕДЕЛІНІҢ НЕГІЗІ
Ата-анақызығушылығы
Өз баласының бейімділігі
Ата-ананың адамдарға қатынасы


63
механизмі». Ұлы педагогтің пікірі  бойынша:  ата-ана  - балаға эмоциялық 
жылулық  пен  қолдаудың  көзі, барлық  жақсылық  пен  биліктің  нышаны,
құрмет тұтып, үлгі өнеге алатын адам,дос және кеңес беруші [19].
Баланың  мейірімділік  сапаларының,  өмірлік  тәжірибесінің  болуы 
отбасында  мақсатты  ұйымдастырылған  әрекетке  байланысты.  Ата-ана  мен 
бала арасында беделдің маңызы зор. Оны ғалымдар бірнеше түрге бөлді [19]. 
1. Формальды  бедел  – бұл  адамның  әлеуметтік  рөліне  байланысты.
Мысалы, ата-ана - бала, мұғалім - оқушы, тренер - секция мүшесі. Бала өскен 
сайын бұл бедел түрі азая береді. 
2. Функционалды бедел- білім мен тәжірибе арқылы қалыптасады.
3. Жеке  тұлғааралық  бедел.  Ол  төрт  жағдайлардан  тұрады:  жиі
балалармен  қатынаста  болу,  балалар  туралы  хабардың  молдығы,  оларды 
түсіне білу, өзін-өзі жетілдіре білу. 
4. Шынайы  бедел- білімге,  сенімге,  түсінушілікке,  құрмет  көрсет
уге
байланысты.  Ата-ана  бір-бірінің  беделін  қолдап,  балаларының  алдында 
жанжалдаспай қатынас жасауы қажет. Беделді болу оңай емес, жоғалту оңай.
5. Күш немесе жаншу беделі. Бұл беделдің ең қорқынышты түрі. Егер
әке  үйде  әрдайым  ашулы  болса,  түкке  тұрмайтын  нәрсеге  ұрыс  шығарса, 
қандай да болсын қолайлы да қолайсыз жағдайда не әр сұраққа дөрекі жауап 
берсе, баланы әр кінәсі үшін жазалап отырса, бұл жаншу беделі болғаны. Бұл 
балалық  өтірік  пен  қорқақтықты  тудырады  және  қатыгездікті  тәрбиелейді. 
Ондай балалардан көбіне айналасына кектенетін, қасарысқандар шығады. 
6. Өздерін басқалардан жоғары санау беделі. Басқа адамдарды өзінен
төмен  санау,  менсінбей  қарау,  мақтануды  ұнатып,  кеуделерін  қағатын  ата-
аналар.  Олардың  балалары  да  өздерінің  ортасында  ата-анасының  қызметін, 
дәрежесін мақтаныш етіп, басқа балаларды өздерінен төмен санайды.
7. Педантизм беделі. Бұл бедел түрінде ата-аналар балаларына бұйрық
беріп,  қатал  талап  қойып,  олардың  пікірлерін  есепке  алмай  қатал  ұстауды 
бірінші  орынға қоятындар.  Баланың  еркіндігі  мен бастамашылығы  төмен,
әруақытта ата-ана бұйрығын тосып, өз бетімен шешім қабылдай алмайды.
8. Өсиетшілдік беделі. Мұны шексіз үйретумен, көпіртіп өсиет айтуме
н
баланың  өмірін  жегідей  жейтін  ата-аналар  ұстанады.  Тіпті  балаға  әзіл-
қалжыңы аралас бірер ауыз сөз айтудың орнына ата-аналар зеріктіретін, мезі 
ететін ұзақ сөз сөйлей бастайды. Көпіртіп ақыл айтуды даналық деп түсінеді. 
Мұндай отбасында қуаныш пен жайдарлылық аз болады. 
9. Махаббат көрсету арқылы қалыптасатын бедел. Бұл бедел түрінде
ата-аналар балаларынан оларды шексіз жақсы көрулерін қалайды. Кез-келген 
жағдайда жақсы көріп, аймалап, өздерінің махаббаттарымен мазалайды. Бала 
оны түсініп оларды алдап, қалағанын орындатуға тырысады. 
10. Мейірімділік  беделі. Тіл  алғыштығына  кеңшілік  жасаумен,
жұмсақтықпен  жетуге  тырысады,  балаларға  еркіндік  беріледі.  Отбасы 
тыныштығын  сақтауды  артық  көргендіктен  ата  - аналар  қандай  да  болсын 
қақтығыстан қашады. Олар тек көрер көзге бәрі дұрыс болуы үшін ғана, нені 
болса да құрбандық етуге әзір. Мұндай отбасында лезде балалар жайдан-жай 
ата-аналарына  басшылық  ете  бастайды.  Ата-ананың  қарсылық  көрсетпеуі 


64
жүгенсіз  балалық  тілектер,  еркеліктер,  қисынсыз  талаптарға  жол  береді. 
Кейде ата-аналар шамалы қарсылық білдіріп көреді, бірақ ол кештік етеді. 
11. Сатып алу беделі. Тіл алғыштық сыйлықтармен немесе уәделермен
сатып  алынса,  бұл  беделдің  ең  арсыз  түріне  жатады.  Ата-аналар  қысылып-
қымтырылмай-ақ былай дейді: «тыңдайтын болсаң, саған ойыншық ат сатып 
әперемін», «Тыңдайтын болсаң, циркке барамыз...». Өздеріне сенімсіз ата-ана 
балаларының алдында беделін жоғалтады. Бала отбасы мүшелері арасындағы 
жарасымды,  үйлесімді,  әділетті  қарым-қатынастарды  игеріп,  үлгі-өнеге 
алады. Отбасында баланың жауапкершілігі мен өзгелерге достық, ар - намыс 
сезімдерінің оянуы ата-ана тәрбиесінің ықпалы. Беделді болуы үшін 3.4 кесте 
көрсетілген беделді болудың жолдарын басшылыққа алу керек.
3.4-кесте 
Бүгінде ата-ана беделі әкелер мен аналардың жеке басының жан-жақты 
рухани,  адамгершілік  қасиеттерін,  ұлдары  мен  қыздарының  адамгершілік 
қасиеттерін  аяққа  баспай,  оларды  ойдағыдай  тәрбиелей  білу  құрметіне 
негізделген. Өзіне сенімсіз ата-ана баласының алдында беделін жоғалтады. 
Отбасылық  тәрбиесіз  баланың  үйлесімді  дамуы  мүмкін  емес,  бұл 
тәрбие  қоғамдық  тәрбиемен  бірлескенде  ғана  нығая  түседі.  Отбасы-
балаларының әлеуметтік құндылықтар кешенін, қоршаған ортаға көзқарасын, 
бағдарын,  қажеттілігін,  қызығушылығы  мен  әдеттерін  қалыптастыратын 
басты  институт болғандықтан,  адамның  беделі  тек  қана  өзіне  байланысты
болады,  себебі  адамның  беделі  оның  іс-қылығы  мен  тәртібінің  негізінде 
қалыптасады. Адам өзінің беделін қаншалықты бағалайтыны, оның жасаған 
іс-әрекеттерінен  байқауға  болады.  Адам  ісімен,  жасаған  еңбегімен  ғана 
беделді  бола  алады,  осыған  байланысты  іскерлік  бедел  деген  мағына 
туындайды.Ата-ана  беделі  баланың  үйлесімді  тұлғасын  дамытудағы  тиімді, 
әрі жақсы тәрбиелеу әдісі. 
Отбасында адамдар белгілі бір рөлді атқарады. Адамның рөлі – оның 
мінез-құлқының белгілі бір моделін, тұлғааралық қарым-қатынас және өзара 
іс-қимыл тәсілдерін білдіреді. Мәртебе – бұл социум деңгейі.Бастық немесе 
бағынышты  - бұл  мәртебе,  ал  әйелі,  күйеуі,  анасы  немесе  әкесі  - бұл  рөл. 
Отбасы толыққанды болуы және балалардың дұрыс мінез-құлқының үлгісін 
беруі  үшін,  онда  рөлдерді  дұрыс  бөлу,  өйткені  отбасындағы  рөлдердің 
бұрмалануы  мен  бұзылуы  жиі  қақтығыстар  мен  жанжалдар,  отбасының 
ыдырауына әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет