А. НҰрмановтың ҚҰланның ажалы романының КӨркемдік әлемі



бет24/45
Дата25.11.2023
өлшемі145.09 Kb.
#484434
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45
КУЧЕРБАЕВА ДИНАРА

Ғалым Р.Авакова өзінің «Фразеология теориясы» атты еңбегінде фразеологизмдерді ішкі формаларының туындау көздеріне байланысты шартты түрде төмендегідей топтастырады:

  • Адамның анатомиялық атаулары (соматизмдер) мен қимыл қозғалыстарына байланысты туған фразеологизмдер;

  • Жануарлар (зооморфтық фразеологизмдер) әлемі;

  • Өсімдіктер (флора) әлемі;

  • Табиғат құбылыстары;

  • Өлшем бірлік (метеорология);

  • Сандық (нумеративтік) фразеологизмдер;

  • Түр – түстік және сындық;

  • Алғыс және қарғыс мәнді;

  • Мифтік және діни;

  • Тарихи кезеңдермен және тұлғалармен байланысты туған фразеологизмдер және т.б [Авакова Р.Ә.Фразеология теориясы 68 бет].


Жазушы Ақан Нұрмановтың «Құланның ажалы» атты шығармасынан терілген фразеологизмдер Р.Авакованың «Фразеология теориясы» атты еңбегіндегі классификациясы бойынша топтастырылды.



  • Адамның анатомиялық атаулары (соматизмдер) мен қимыл қозғалыстарына байланысты туған фразеологизмдер;

1.Бәтшағар, сені шошаңдатпай, тап осы жерде аяғыңды көктен келтірейін бе? (23-бет) Күлі көкке ұшты, тас-талқаны шықты, бәлеге ұшырады, жаза тартты.[ Ісмет Кеңесбаев ҚТФС 95-бет]
Пікір: Сазайын беру, өкіндірейін деген мағынада қолданылған.
2. Зәреңді бір алайын! Үрейін ұшыру, қорқыту [Ісмет Кеңесбаев ҚТФС 295-бет]
Пікір: Қорқыту, үркіту, зәресін алу деген мағынада қолданылып тұр.
3.Құлан есікті мықтап жапты да енді айналасына көз жүгіртті.(32-бет) Шолып қарады; шола іздеді; ой жіберді; [ Ісмет Кеңесбаев ҚТФС 330-бет]
Пікір:қарап шықты, көзімен тез көріп шықты деген мағынада қолданылып тұр.
4. Содан соң ашу ,үстінде таяқ жеп қалармын деп сөзін жұта қойды. (40-бет) Сөзін кілт тоқтатып,артын айтпай қойды. [ Ісмет Кеңесбаев ҚТФС 627-бет]
Пікір:тоқтап, кідіру деген мағынада қолданылған.
5. Алдыңғы аяғын бүгіп алған, кірісіне қызыл жүн қойдырған жебе дерлік, атылып барып анадай жерге топ ете түсті, көзді ашып-жұмғанша тағы көкке ырғыды.(42-бет) Лездің арасында, қас пен көздің арасында әп-сәтте. [ Ісмет Кеңесбаев ҚТФС 327-бет]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет