А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)


Оқытуды бастау жасы – 6 жас. Оқыту ұзақтығы – 5 жыл



бет10/16
Дата23.02.2016
өлшемі0.85 Mb.
#8363
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

Оқытуды бастау жасы – 6 жас. Оқыту ұзақтығы – 5 жыл.

Бастауыш білім берудің негізгі мәні– білім алушының даралығын ашу және оқу әрекетін игерту.

Бастауыш мектептегі оқу әрекетін ұйымдастыру бастауыш білім берудің оқу, жазу, санау, негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыру бойынша білім, білік және дағдылардың қажетті жүйесін игертумен қамтамасыз етеді.
II - деңгей - негізгі орта білім беру. (6-10 - сыныптар).

Оқыту ұзақтығы – 5 жыл.

Негізгі орта білім берудің негізгі мәні – игерген білім, білік, дағды мен әрекеттердің базалық тәсілдеріне негізделген базалық мәдени деңгейі мен дүниетанымын қалыптастыру.

Негізгі орта мектепте оқу әрекетін ұйымдастыру жеке тұлғаның өзін-өзі таныту тетіктерін, ғылыми таным мен ойлау әдістерін, зерттеу мәдениетінің негіздерін игеруді, кәсіби мақсаттарын қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Оқушыларды болашақ кәсіби қызметінің бағытын саналы түрде таңдауға даярлауды жүзеге асыратын мектептің психологиялық-педагогикалық, ақпараттық және ұйымдық қызметінің жүйесі ретінде бейіналды дайындық енгізіледі.

Негізгі орта мектеп міндетті базалық деңгей болып табылады және базалық білім беру бағдарламаларын аяқтауды және негізгі орта білім берудің негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

ІІІ деңгей - жалпы орта білім беру. (11-12- сыныптар

- бейіндік мектеп). Оқыту ұзақтығы - 2 жыл.

Жалпы орта білім берудің негізгі міндеті – саналы түрде кәсіби және азаматтық өзін-өзі анықтауына мүмкіндік туғызатын негізгі құзыреттіліктерді игеруін, сондай-ақ жеке білім алу қажеттілігін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.

Оқушының бейімділіктері мен қабілеттерін есепке ала отырып, білім беру траекториясын барынша даралау мақсатында бейіндік оқыту енгізіледі.

Бейіндік оқыту жаратылыстану-математика, әлеуметтік- гуманитарлық, технологиялық бағыттары бойынша жүзеге асырылады.


Дәріс 3

Тақырып: Білім берудің жалпыға міндетті стандарты.

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты.

2. Оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері

Өткізілу формасы: «Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясының стратегиялары

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жалпы орта білім. Негізгі ережелер (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына және Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарына сәйкес әзірленген.

Осы стандартта білім беру процесін ұйымдастырудың тың жолдары іске асырылады:

- мектеп бітірушінің қалыптасқан негізгі құзыреттіліктері ретінде күтілетін нәтижелер түрінде жалпы орта білім берудің жалпы мақсаттарын құру;

- үйретуде – білім, білік және дағдыларды игертуден құзыреттіліктерді қалыптастыруға, ал оқытуда – оқу ақпаратын берумен оқушыларды күтілетін нәтижелер жетістігімен қамтамасыз ететін оқу қвзметін ұйымдастыруға арналған акценттерді ығыстыру;

- жеке тұлғаның мектептегі білім берудің түрлі деңгейінде дамуының бірізділігін көрсететін оқытудан күтілетін нәтижелердің көп деңгейлі жүйесін құру;

- кең ауқымды қызметтердің тәсілдерінің, яғни құзыреттіліктердің даму динамикасын бақылауға, сондай-ақ оқушының, мұғалімнің, мектептің, барлық білім беру жүйесінің өзіндік дамуын реттеуге бағдарланған оқушының оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесін енгізу;

- білім берудің жоғарғы мектебінде бейіндік оқытуды енгізуге негізделген білім беру мазмұнының жеке бағдары және вариативтілігі;

- педагогикалық саралау және бейіндендіру негізінде жеке білім беру траекториялары бойынша оқыту процесінде оқушыны табысты әлеуметтендірумен қамтамасыз ету;

- жалпы орта білім беру құрылымы мен мазмұнының психофизиологиялық және жас ерекшеліктеріне, мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сәйкестігі.
Стандартты қолдану мынадай мақсаттарға жетуді көздейді:


  • білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету;

  • Қазақстанның білім беру жүйесін халықаралық өзара байланыста дамыту;

  • жалпы орта білім беру құрылымының жас кезеңдеріне сәйкестігі;

  • балаларды жалпы білім беру процесіне ерекше білім беру қажеттіліктерін енгізу;

  • жаңа білім беру нәтижесі есебінен білім сапасын арттыру - негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыру және оқушының, педагогтың білім беру ұйымдары қызметінің тиімділігін бағалау жүйесін жасау;

  • жалпы орта білім беру саласындағы білім беру процесінің барлық субъектілерінің міндеттерін сақтау мен құқықтарын қамтамасыз ету;

  • балалардың дене және психологиялық денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету және жеке тұлғаның жан-жақты дамуына оның ішінде оқушының қосымша білім алудағы сұраныстарын қанағаттандыру үшін қолайлы жағдай жасау;

  • ұйымдардың типтері мен түрлерінің көптүрлігі жағдайында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің баламалылығын қамтамасыз ету;

  • жалпы орта білімді қаржыландыруға бөлінген мемлекеттік бюджеттің қаражаттарын ұтымды және тиімді пайдалану.

1.3. Стандарттың мынадай талаптары:



  • оқу пәндері бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу;

  • меншік нысандарына, түрлері мен типтеріне қарамастан Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру;

  • жалпы орта білім беру жүйесі үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу;

  • білім беру ұйымдарын қаржыландыру;

  • Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарын аттестаттауда және білім беру қызметін лицензиялау;

  • білім берудің барлық деңгейлерінде білім сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

  • білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру кезінде міндетті болып табылады.

2. ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

10.1. 12 жылдық мектептегі оқу процесін ұйымдастыру базалық білім, білік, дағдылар, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде оқушылардың негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Білім беру процесі базалық және вариативтік білім беру мазмұнының үйлестірілуін, білім нәтижелерінің алынуын қамтамасыз ететін оқытудың репродуктивті, өнімді және зерттеу технологияларының оңтайлы пайдаланылуын ескере отырып құрылады.



10.2. Білім беру процесі мақсатты ұйымдастырылған, өзара байланысты мұғалім мен оқушы іс-әрекетін қамтиды

10.3. Оқыту процесін ұйымдастыру негізінде мынадай тәсілдер жатыр:

- тұлғаға бағдарланған;

- іс-әрекеттік;

- құзыреттілік;

- денсаулық сақтау.

10.4. Тұлғаға бағдарланған тәсіл оқушы тұлғасының әлеуметтік мүмкіндіктерінің дамуы мен есебіне бағытталған.

Оқытудағы тұлғаға бағдарланған бағыттылық вариативтік және сараланған бағдарламаларды, оқу және оқудан тыс іс-әрекетті ұйымдастырудың, оқушылардың жеке білім траекторияларын құру мәселелерін шешудің түрлі нысандарын пайдалану арқылы қол жеткізіледі.



10.5. Іс-әрекеттік тәсіл оқушының дербес өнімді іс-әрекетін ұйымдастыру жағдайында тұлғаның мүмкіндіктері мен қабілеттері неғұрлым толық көрсету мен дамытуға бағытталған.

10.6. Құзыреттілік тәсілі оқушылардың тұлғалық сапаларының кешенін дамытуға, білім беруден күтілетін нәтижелер ретінде негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған.

10.7. Денсаулық сақтау тәсілі жеке және ұлттық құндылықтар ретінде оқушы денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерінің шешілуін қамтамасыз етеді.

Бұл тәсіл төңірегінде білім беру процесін ұйымдастыруда психикалық және дене бітімі жағынан дені сау тұлғаның дамуын қамтамасыз ететін денсаулық сақтау заттық-кеңістіктік орта құрылады.



10.8. Білім беру процесін ұйымдастыруда мынадай қағидаттар сақталуы тиіс:

- білім берудің құзыреттілікті - білімдік-бағдарлы нәтижелерін қолдайтын білім беру салалары мазмұнының тепе-теңдігі; оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларынан құзыреттілікті-бағдарлы тапсырмаларды орындауға 25%-дан кем емес оқу уақыты бөлінеді;

- оқушылардың өнімді және репродуктивті іс-әрекеттерінің тепе-теңдігі; оқушылардың өзіндік жұмыстарын (оның ішінде ақпараттық технологияларды) ұйымдастыруға бастауыш мектепте - 20%, негізгі орта мектепте - 35% және жоғарғы, бейіндік мектепте - 50% кем емес оқу уақыты бөлінеді;

- ақпараттық ресурстарды тиімді пайдалану, оларды оқушылардың өзіндік іс-әрекеттеріне, оның ішінде жобалау және зерттеу қызметтерін ұйымдастыру арқылы енгізу;

- оқушылардың өзіндік белсенді оқу іс-әрекетін, оқу материалын блоктық-модульдік құрылымдау және т.б. қамтитын оқытудың әдістері мен нысандарын, инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану және дамыту.

10.9. Білім беру процесінде негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыру технологиясы ретінде оқушылардың жобалау, зерттеу іс-әрекеттері ұйымдастырылады.

Оқу жылының бойында оқушылар жеке немесе топ құрамында пәнаралық және пәнүстілік мазмұн базасында тұлғалық маңызды жобаны әзірлеп, іске асырады.

Жобалау, зерттеу іс-әрекетіндегі бағалау нысаны - арнайы әзірленген талаптар мен көрсеткіштер негізінде негізгі құзыреттіліктердің қалыптасу деңгейі болып табылады.

10.10. Білім беру процесін даралау мыналардың есебінен іске асады:

- жоғарғы (бейіндік) мектептегі бейіндік білім беру;

- оқушылардың таңдауы бойынша модульдік курстар (несиелер) жүйесін енгізу;

- негізгі орта мектептегі бейіналды дайындық.



10.11. Білім беру процесін ұйымдастырудың негізгі тәсілдері мен қағидаттарын ұтымды іске асыру үшін жұмыс аптасының бес күндік тәртібі қарастырылады. Жұмыс аптасының алтыншы күні – өзіндік жобалау, зерттеу жұмыстарын және өзге де іс-әрекеттерді (спорттық-сауықтыру, шығармашылық және т.б.) ұйымдастыруға арналады.;

10.11.1. Мынадай сабақ ұзақтығы тағайындалады:

1-сыныпта – 35 минут;

2-сыныпта – 35 минут;

3-5-сыныптарда – 40 минут;

6-12-сыныптарда – 45 минут.

Осы стандарттың мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын оқу сағаттарының тағайындалған саны аясындағы талаптары орындалатын жағдайда, мектеп бастамасымен 6-12-сыныптарда басқа да сабақ ұзақтығы жүйесін енгізу жоққа шығарылмайды.



10.11.2. Оқу жылының жалпы ұзақтығы 32 оқу аптасын құрайды

Дәріс 4
Тақырып: Интеграция – оқу материалы мазмұнын ұйымдастыру формасы ретінде.

1. Білімді интеграциялау - оқушыларда дүниенің ғылыми бейнесін қалыптастырудың негізі.

2. Пәнаралық байланыс мүмкіндіктерін жүзеге асыру

Өткізілу формасы: «Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясының стратегиялары




  1. Білімді интеграциялау - оқушыларда дүниенің ғылыми бейнесін қалыптастырудың негізі.

Қазіргі қоғамдық – саяси, әлеуметтік мәдени жағдай еліміздегі білім берудің әдіснамалық негіздеріне, стратегиялық бағыттары, мақсаты мен мазмұны және құрылымына жаңа талаптар қойып отыр.

Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасы негізінде көп деңгейлі білім берудің жүйесін жаңғырту арқылы оны әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялау мақсаты көзделуде.

АҚШ, Канада және Батыс Еуропада жаңа педагогикалық интеграциялық бағыт - ғаламдық білім пайда болды. Олар адамға, дүниеге біртұтас көзқарасқа, дүниені қабылдаудың қалыптасқан дағыларын өзгертуге, дүниені кеңірек қабылдауға мүмкіншілік беруге тиіс деп есептейді. Ғаламдық білімнің мақсаты ұлттық әртүрлілік, мәдени әртектілік, өсіп бара жатқан өзара тәуелділікке тән біртұтас әлемде өмір сүруге лайық тұлғаға білім, көзқарас жүйесін беруді көздейді (М.Ю.Гийом).

Білімнің көкейкесті мәселелерін түсінуде шетелдік зерттеушілерге әртүрлі көзқарас тән. Мысалы, С.Леймидың айтуынша, АҚШ-та білім жүйесі ең алдымен оқушыларды бәсекеге бейімділікке және ұлттық құндылықтарды қорғауды үйретуге тиіс деген көзқарас бар. Ол АҚШ-тың жетістігін, мұратын, дәстүрін бүкіл дүние жүзіне таратуға тырысады.

Р.Хенви моделі бойынша, білім адамға мәдени, әлеуметтік, экологиялық деңгейде байланыс жасауға көмектесуге тиіс. Бұл модельге дүниеге бейсаналық бейімделуден саналы түсіну мен алдын алуға негізделген Боткиннің моделі жақын. Алдын алу бұрын соңды болмаған жағдайларды шешу, өткенді жаңамен байланыстыру, жағдайдың зардабын анықтау жатады. Хенви мен Боткин модельдері біріне бірі қарсы емес, бірін-бірі толықтырады. Жалпы адамдық және жеке аспектілерді, философиялық толғаныс пен нақты істі байланыстырады. Олар дүниені әрбір адамның өмірімен, басқалармен тығыз байланысты, өзара тәуелді, тұтас әлемдік қауым ретінде қарайды.

Көрнекті американдық дидакт Б.Собел «Біз білімнің интеграциясына ұмтылуымыз керек. Яғни мектеп бағдарламаларында олардың мазмұнының пәндер бойынша бөлінуінен құтылуымыз керек» деп есептейді. Ұлы- британда бұл идеяны Л.Стенхаус, Ч.Джеймс, М.Морис таратты. Олар білім беру мазмұнына қойылатын жаңа талаптар қазіргі ғылыми білімнің интеграциясы мен дифференциясының қарама-қайшылықты процестерімен байланысты екендігін дәлелдейді. Яғни оқу жоспарын пәндік құрылымдау және пәндерді оқып-үйренуде алынатын білім, іскерлік және дағдының оқушылар санасында бөлшектенуіне қауіп туғызатындығын және бұл дүниенің біртұтас бейнесінің жасалуын қиындататындығын дәлелдеген еді. Осындай жүйені жасау мақсатын жүзеге асыру көптеген елдерде қолға алынған. Интегративті оқу курстарын жасау осы мақсатты көздейді. Интегративті курстар шет елдерде бұрын міндетті оқу мектептерінде қолданылып келсе, соңғы онжылдықта Еуропа мен Американың толық орта мектебінің жоғары сыныптарында да кеңінен қолданыс табуда. Оларда интеграцияның бірнеше деңгейлері: бір пән ішіндегі бірнеше тақырыптарды біріктіру, оқу пәндерінің бір циклндағы әртүрлі пәндерді немесе интеграцияның жоғарғы типі – гуманитарлық, жаратылыс-ғылыми және техникалық циклдағы пәндер материалдарын ықпалдастыру қолданылады Білім берудегі интеграция арқылы оқушыларда дүниенің ғылыми бейнесін қалыптастыру мәселесі, алдымен интеграцияның жалпы ғылыми білім жүйесіне қатынасын, ғылымның философиялық, әдіснамалық негізін, ғылымның идеялары мен нормалары түрінде негізделетін философиялық көзқарастар, қағидалар, дүниенің ғылыми бейнесінің мәніне, ғылыми танымдағы әдістер мен әрекет түрлеріне талдау жасауды талап етеді. Сол сияқты, тұлғаның қалыптасуына танымдық әрекеттің әсерін, дүниені тұтастықта бейнелеудің маңызын есепке ала отырып, интеграцияның ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру әдістеріне қатынасы мен ғылымаралық бағыт ретіндегі мәселелер ауқымы да айқындалады.

Дүниенің қазіргі ғылыми бейнесі туралы көзқарас философиялық және нақты ғылыми ұғымдарды синтездеу арқылы қалыптасады. Білімнің «көлденең» (нақты ғылымдар-аралық) және «тігінен» (нақты ғылымдар мен философия-аралық) интеграциялық тенденцияға енуінен олардың арасында күрделі қатынас пайда болды. Нәтижесінде интегральдық теориялар, ғылымдар, бағыттар (жүйенің жалпы теориясы мен жүйелік бағдар, ақпарат пен кибернетика теориясы, семантика, синергетика т.б.) дүниеге келді (Н.Винер, Ф.М.Морэ; Д.К.Кемпбелл, С.П.Курдюмов).

Дүние дегеніміз материяның уақыт-кеңістік бойынша өзгерісі. Сонымен қатар, күрделі бір-бірімен көпсалалы байланыста болатын және микро-макро-мега жүйе құрайтын объектілер мен құбылыстардың жиынтығы болып табылады. Адам санасы бұл заңдылықты белгілі бір жүйеде бейнелеуге, яғни дүниенің ғылыми бейнесін құруға қабілетті (Г.И.Рузавин, А.В.Панин т.б.).

Педагогикадағы әдіснамалық мәселелердің көкейкестілігі ғылыми зерттеулерде философия, психология, социология. антропология, математика мен кибернетиканың рөлінің күшейуімен, ғылымның әр саласының кірігуі үрдісімен байланысты. Әдіснамалық тұрғыдан ғылымдар интеграциясы процесінің түсінігін дұрыс бермеу, оқытудың тұтасымен жолға қоюда өз әсерін тигізеді.

Интеграцияның жүзеге асу формалары мен жолдары мәселесі бойынша қазірге дейін бірыңғай пікір қалыптаспаған. Көптеген ғалымдар (шетелдік: Ф.Чижек, И.Пурщова, И.Стахова, И.Земан, Я.Боднар, сол сияқты ресейліктердің ішінен Б.М.Кедров, А.Д.Урсул, П.Н.Федосеев, С.Н.Смирнов, И.А.Акчурин, И.Т.Фролов т.б.) пікірінше ғылыми пәндердің интеграциясы ғылымның дамуының қазіргі жағдайына сәйкес келетін олардың өзара әсерінің сапалық жаңа түрін көрсетеді.

Біз интеграцияны бұрын дифференциацияланған элементтердің жаңа сапаға тұтастық белгісімен бірігу процесі және оның нәтижесі ретінде түсінеміз. Олай болса, егер біздің зерттеуіміздегі білім берудің мазмұнында, нысанында, әдістері мен нәтижесінде, яғни бүкіл әдістемелік жүйедегі өзгерістерге бұл белгілер тән болатын болса, бұл процесті интеграцияға жатқызуға және интеграициялық процесс деп атауымызға болады.

Оқу процесінің тұтастығы адамның дүниеге қарым-қатынасын анықтайды. Бұл мәселені оқыту процесінде қалай есепке алу қажеттілігін қарастырамыз.

Дүниенің ғылыми бейнесі әртүрлі ғылымдардан алынатын білімдердің интеграциясы нәтижесінде жасалады, ғылымның сәйкес кезеңдегі тарихи дамуында өсіп отырады және дүние туралы жалпы түсінікті құрайды. Осы мәнінде оны дүниенің жалпы ғылыми бейнесін қалыптастыру – дидактикалық зерттеулердің маңызды объектісі болып табылады. Дидактика оқытудың жалпы теориясы ретінде, жекелеген оқу пәндері «ішінде» және олардың арасындағы, білімнің мазмұны мен ойлау әдістеріндегі жалпылықты анықтауы және негіздеуі керек. Міне, осы жалпылықты анықтап алғаннан кейін ғана оны арнайы зерттеуге және сол арқылы оқушылрда дүниенің біртұтас ғылыми бейнесінің мағынасын қалыптастыруға болады.

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Философия и методология науки (под.ред. В.И.Купцова)–М.1996.–540с.

  2. Кун Т. Структура научных революций – М.,: Прогресс,, 1975. – 300 с.

  3. Вернадский В.И. Философские мысли натуралиста. М. 1988, 355 с.

  4. Кедров Б.М. Классификация наук. – М., 1973. 456с

  5. Б.Л.Вульфсон Стратегия развития образования на Западе на пороге

ХХІ века», 146-147с.

  1. Ә.Мұханбетжанова «Білімді интеграциялау арқылы оқушыларда дүниенің ғылыми бейнесін қалыптастыру». Монография. ЖАК баспасы. Алматы, 246 б.



Дәріс 5
Тақырып: Білім берудегі ізгілендіру

      1. 1. Білім берудегі ізгілендірубасым міндет

      2. 2. Білім беру мазмұнының базалық компонент – білім беруді ізгілендірудің қажетті элементі

Өткізілу формасы: «Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясының стратегиялары
1. Білім беруді ізгілендіру – басым міндет

Жалпы білім берудің мазмұнын жаңартудың маңызды аспектісі- ізгілендіру, адамгершілік және эстетикалық құндылықтарды, идеологиялық парадигмалардың өзгеруіне ұшырамаған жоғары қоғамдық идеалдарды сақтау мен дамытуға бағыт. Мектептегі білім берудің ізгілік бағдарының күшейту міндеті бірқатар ұлттық және халықаралық құжаттар мен көптеген баспа құралдарда көрініс тапқан.

Білім беру мазмұнын ізгілендіру барлық оқу пәндеріне қатысты, алайда олардың ізгілік «салмағы» бірдей емес. Жаратылыстану мен математика адамгершіліктен нейтальды. Ал олардың мектепте оқылу басқа іс. Жаңа нұсқау адамзаттық факторға көп зейін аударуды ұысынады, адамдар өміріне ғылыми жаңалықтардың қалай әсер ететінін көрсету, бұл курстардың тәрбиелік мәнін пайдалану, оқушыларды ғалымдардың өмірімен, олардың ғылыми ақиқатты таныту жолындағы күресін таныстыра отырып қолдану. Екінші жағынан қазіргі жаратылыстану философияның дамуына, ғылыми танымда әмбебап әдістерді іздеуге бағасыз үлес қосады.

Бірақ білім берудің мазмұнын ізгілендіруде алғашқы рөлді гуманитарлық пәндер ие. Оған қандай мектептегі пәндер жатады дегн сұраққа әртүрлі көзқарастар бар және бүгінгі күнде екі жақты бағыттағы ғылымдар дамуда, олар жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдардың қилысында пайда болуда. «Физиктер» мен «лириктердің» арасындағы бәсеклестік ҒТТ дәуірінде пайда болды деп санамау қажет. Бұл мәселе тамырын терең тарих қойнауынан алады.

Жарты ғасырлық тарихы бар мысалға жүгінейік. 1837 жылы француз парламентінде орта мектепте жаратылыстану ғылымын оқытуды кеңейту туралы заң жобасын талқылауда атақты диспут болған физик Д.Ф.Араго мен ақын А.Ламартин арасындағы диспут болды. Араго гуманитарлық пәндерді жаратылыстану пайдасына ысыруды талап етті.: «Өнеркәсіп әдемі сөздер мен өлеңдердің көмегімен дамымайды. Білім әрекеттің иқұралы болуы қажет. Сонымен қатар жаратылыстану ғылымдарын оқу тек материальдық қызығушылықтан емес. Жаратылыстану білімінің жарығы көптеген тұманды сейілтеді, оның әсерінен халық белін жаза алмауда...». Ламартин керісінше заңшығарушыларды мектеп білімінде гуманитарлық пәндердің басым рөлін сақтауды адамгершілік құндылықтарды негізгі сақтаушы ретінде сақтауды жақтады.: «Егер біз оқыстан барлық жаратылыстану білімдерінен айрылып қалсақ, материальды әлем сақталып қалған болар еді, әрине үлкен шығынға кенелген болар еді. Ал егер адам гуманитарлық білім беру сақтайтын ең болмаса бір моралдық ақиқатты жоғалтса, адам және барлық адамзат өлер еді».

Гуманитарлық және жаратылыстану білімдерінің үйлесімі мәселесін танымал ағылшын ғалымы және жазушы Ч.Сноу «Екі мәдениет»мәнерлі формуламен белгіледі, және ол біздің кезімізде өзінің өзектілігі артып отыр. Ол білім берудің мазмұнын анықтауда қиын сұрақтар қойып отыр. Болашақ гуманитар қандай деңгейде жаратылыстану білімінің негіздерімен таныс болуы қажет? Инженер мен агрономның минимальды қажетті гуманитарлық білімі қандай болу қажет?

Бұл мәселенің айналасында ғылыми-техникалық төңкеріс пен оның әлеуметтік салдарын қарама-қарсы бағалауы да көрініс алды.

Технологиялық детерминизмнің жақтаушылары мектептің оқу жоспарында жаратылыстану пәндерінің салмағының әлемдік артуын жақтайды. Олардың ойынша басқа білім аймақтары мифология болып табылады.

Білім берудің мазмұнында гуманитарлық білімінің дәстүрлі рөлін қайта қарауды Ж.Фрустье де жақтады. Оның пікірі бойынша Еуропаның басына түскен трагедиялық жағдайларға (кейбір елдерге тоталитарлық режимнің, екінші дүниежүзілік соғыстың келуі) үлкен жауапкершілікті классикалық гуманитарлық мәдениет ие; ол шындыққа сәйкес емес құндылықтар жүйесін жасады, мифтер мен иллюзиялар таратты, ал оларды жүзеге асыру бұрынғы ғасырларда болмаған жабайы зорлық пен варварлықты тудырды. Сондықтан да жаңа тұлға типі дәстүрлі мәдениет әсерінен біршама босаға дәрежеде болу қажет. АҚШ-та білім беруді ізгілендіру тұжырымдамасының жақтаушылары (Ч.Паттерсон, К.Винберг, А.Комбе) тұлғаның эмоциялық сферасының қалыптасуынңы бірінші дәрежелі маңыздылығын баса көрсетіп еді. Олардың пікірі бойынша интеллекттің дамуы баланы жақсы да, бақытты да қылмайды, ол керісінше тұлғаны кедейлендіреді. Ал эмоцияның дамуы гумандық импульстардың дамуына әсер етеді және күрделі өмірлік жағдайларда этикалық дұрыс шешім таңдауға көмектеседі. Бастысы- сезімді тәрбиелеу, альтуризм мен эмпатияның бекуі. Мұны мектеп бағдарламасын құраушылар мен педагог-практиктер басшылыққа алуы қажет. Осындай көзқарасты американдық мәдениеттанушы Т.Роззак ұстанады. Өзінің «Тұлға-Планета» кітабында ол үлкендер өздерінің балаларының интеллектуальтдық дамуын ғана ойлайды, болашақ қызметке тар функционализм тұрғысынан даярлайды, эмоциональдық тәрбиенің міндеттерін дұрыс бағаламай отыр. Американдық мектепті сынау Роззак байқағанындай неге Джонни жылдам оқи алмайды және сауатты жаза алмайдыға тіреледі. Бұл әрине жаман, бірақ неге адамгершілік-эмоциональдық сферасын ойламаймыз? Неге бізді үнемі Джоннидің жүйке қысымымен жүретіні, босай алмайтыны, агрессиясын және қызғанышын баса алмайтыны, сенім мен нәзіктігін бейнелей алмайтыны, өзін-өзі жүзеге асрыра алмауы толғандырмайды
2. Білім беруді ізгілендірудің функциялары, дамуы және негізгі категориялары

Ізгілік қарым-қатынас-адам бойындағы адамгершілік түсінік, сезім және мінез-құлықтың тұтастығымен, бірлігімен айқындалады. Сонымен қатар, ізгілік қарым-қатынастың қалыптасуында адамдардың өзара іс-әрекетті шешу мотив болып саналады. Әлеуметтік қоғамдағы жалпы азаматтық құндылықтың даму деңгейіне байланысты ізгілік сана, ізгілік сезім, ізгілік сенім, имандылық мінез-құлық қарым-қатынаста өзара әрекетте болады. А.А.Бейсенбаева /59/, Г.К.Шолпанқұловалардың /60/ ғылыми еңбектеріне сүйене отырып, ізгілік қарым-қатынастың төмендегідей қүрылымдық бөліктерін анықтадық:адамдарға көмек көрсету арқылы қайырымдылық қарым-қатынас жасау (еңбек ету барысында); басқаның жағымды ісін сезініп, оған қуана білу (сезім арқылы); өзіне де, басқаға да сый-құрметпен қарым-қатынас жасай білу (қарым-қатынас арқылы); айналадағы адамдардың, әртүрлі жағдайлардың сәтсіздігіне аянышты сезім білдіру (сезім арқылы); шынайы сезіммен шығармашылықпен еңбек ету (еңбек ету барысында); ұстаздарына,ата-анасына,туыстарына түсіністікпен сүйіспеншілік сезіммен қарау (сезім арқылы).

Сонымен, ізгілік қарым-қатынас - адам бойындағы білім,сезім және мінез-құлықтың түтастығымен анықталады.

Ізгілік қарым-қатынасты оқыту үрдісі барысында оқушылардың адамгершілікке бағытталған іс-әрекеті, адамгершілік ісінің жағымды мотивінің бірі ретінде қатысатын тұлғалық қатынастың ерекше түрі деп бағалаймыз.

Осыдан ізгілік қарым-қатынасты қалыптастыру жеке түлғада ізгілік қасиет пен сезімді, мінез-құлықты тәрбиелеу барысында тиімді әдістер мен тәсілдерді үйымдастыру үрдісі болып табылады.

Оқу-тәрбие үрдісін ізгілендірудің педагогикалық - психо-логиялық негіздері. Қоғамды ізгілендірудің алғышарттары ретінде, яғни адамдар арасында бірін-бірі сыйлау, бір- біріне көмектесу, қоғамның талаптарына сыйластықпен қарау сияқты адамғершілікке тәрбиелеу негіздерін бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылардың дүниетанымындағы басым құндылықтар ретінде ізгілік сапаларын қалыптастыру қажеттілігі айқындалған.

«Білім туралы» Заңның 18 бабына сәйкес білім беруде, мемлекеттік білім стандартында жалпы адамзаттық мәдениетті қалыптастыруға, халықтық педагогика элементтерін ендіруге, оқуды өмірмен байланыстыруға көңіл бөлінуіне байланысты болғандықтан оқу бағдарламалары мен оқулықтардағы материалдар мазмұны қайта қаралып, жеке түлғаға бағытталған, ізгілік мәдениетіне тәрбиелеуге басты назар аударылады. Білім беру жүйесін ізгілендіру баланың жеке басының, оның қабілетінің дамуына және дербес ерекшеліктерін ашуға, оқыту барысында тәрбиелеуге бағытталған. Адамның тұлғалық бейнесінің көрсеткішінің бірі- оның ізгілік қасиеті. Оқытуды ізгілендіру сол қасиетті қалыптастыруға қызмет етеді.

Осыдан педагогика ғылымының алдында білім жүйесін ізгілендірудің гылыми-әдістемелік негіздерін анықтау міндеті қойылуда. Осы күнге дейін баланы тұлға ретінде дамытуға басымдық тұрғыда көңіл бөлінбеді. Атап айтсақ:мүғалімдер мен тәрбиешілерді ізгілікке, ізгілік қарым-қатынасқа төрбиелеудің тиімді өдістерімен қаруландыру қанағаттанғысыз; оқушылардың өз халқының мәдениетін, түп-тамырын, өз ана тілін, туған тарихын толық білуі басымдық міндет ретінде қойылмады; ұлттық құндылықтарды білуге жеткілікті көңіл бөлінбеді; оқу құралдарының олқылығы -баланың ойлау қабілетін шектеп, тек белгілі ізбен ғана жүруді үйретті т.б. Әсіресе, математика және физика пэндерін оқытқанда, ізгіліктен гөрі технократиялық ойлау басым болып, (техника жетістіктеріне баса назар аударылып, адамға зиянды жақтарына кеңіл бөлмеу), алған білім сапасын жылдан-жылға төмендетіп, оқуға деген оқушы ынтасы азайып, білімсіздік , мектепті тастап кету орын алды.

Адамның түлғалық бейнесінің көрсеткішінің бірі- оның ізгілік қасиеті болғандықтан, оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру сол қасиетті қалыптастыруға қызмет етеді. Бүл ретте адамның ішкі жан дүниесі байлығынан, білімділігі, өмірге, адамға, табиғатқа, қоғамдық өмірге, қоғамдық қатынастардағы тазалық, шынайылық негізінде қүрылған ізгілік керек. Мүғалімдердің оқушыны білімді өзбетімен ізденіп ала білуге, оқу барысында өзінің бойындағы теориялық және практикалық білімді игеруге деген даярлығын өздігінен дамытуға, өздігінен білім алуға, өздігінен жетілуге қалыптастыру үшін оку-тәрбие үрдісін бейімдей жүргізу және өмір бойы білім алып өтуге дағдыландыруы бүгінгі күннің басты міндеті болып отыр.

Адамның ақыл-ойының дамуы оның интеллектілік, ойлай білу қабілетінің, оқу-танымдық қызметінің дамуымен сипатталатын-дығын ескере отырып, ақыл-ойдың икемділігін және жүйелілігін меңгерген, өмірдің өзгеруіне жөне еңбек етуге психологиялық жағынан дайын, қоғамның жаңа сипаттағы бейнесіне ыңғайлана өз білімін үнемі толықтырып, өзгертіп, жаңартып отыратын ізгілікті адам болу үшін оқу-тәрбие үрдісін ізгілендірудің мүмкіндіктерін қарастырумызға болатынын зерделедік.

Қазақ менталитеті қазіргі саяси-экономикалық,нарықтық жағдайға байланысты өзгеріп отыратынын ескерсек, ең алдымен әрбір жасөспірімді үлтжандылыққа тәрбиелеу керек. Бізге қазақтың кең даласында өскен ата -бабаларымыздан сақталып келе жатқан қонақжайлық, мейірімділік, кеңпейілдік т.б. қасиеттермен бірге жасоспірімдер бойында табиғат қүблыстарын тез аңғарғыштық,тез есептеуге бсйімдік, сезімдік, рухани ойлау жөніндегі Әл-Фарабидің /4/ үлағатты пікірлерін басшылыққа ала отырып, ізгілендірудің өзегі етіп алдық. Мысалы, қазақ халқының математикалық модениеті жүлдыздарды бақылау арқылы ауа райын болжаудан, әр түрлі санау жүйссін пайдаланудан, қазақтың байырғы есептерінің терең ойға, тапқырлыққа, проблемалық ахуалға қүрылуынан, күнделікті түрмысы мен тіршілігінен (малы, егіні, жасаған бүйымдары) байқалады (С.Елубаев, Е.Сағындықов) /86/. Сондықтан біз зертеуімізде білім бсру жүйесін ізгілендіру анықтамасын былай деп түсінеміз-жасөспірімнің, оның қабілетінің дамуына жоне дербес срекшеліктсрін ашуға, оқыту барысында торбислсу қажст скендігі.

Жалпы білім беретін мектептің жаңа үлттық моделінің қабылдануы қазіргі заманғы жалпы білім беретін мектептерді демократияландыру, ізгілендіру негізінде қайта түлеп жаңаруына , егеменді мемлекетте жан- жақты жетілген, іскер адамды тәрбиелеуге мүмкіндік тудыратыны анык. Жалпы білім беретін мектептегі білім мазмүнын жаңарту оқытуды ізгілендіруге негіз болып саналады

Қалыптастыру тәжірибесін бастау кезінде 5-9 сыныптағы математика және 7-9 сыныптағы физика пәндерінен білім берудегі мақсат-жасөспірімдердің танымдық көзқарастарын байыту, өзгерту, дамыту, ақыл-ой қабілеттерін жетілдіру, өзіндік ойлауын және ақыл ой үстамын жетілдіріп, шапшаң ойлай алатын, мәселеге тез талдау жасай отырып, логикалық дүрыс қорытынды жасайтын жеке түлғаны төрбиелеудің қажеттігі бүгінгі уақытта дүрыс шешім қабылдау үшін, осы заманғы әлеуметтік- экономикалық мөселелерді шешуде орбір адамның ақыл-ой қабілетін дамытуды қарастыру үшін қажет болып отыр. Осындай қарастырылғанның қорытындысының негізі мүғалімнің жеке түлғаға жаңа көзқараспен қарайтындығына апарады, яғни мүғалім оқу-тәрбие үрдісінде ізгілсндіруді мақсат ету арқылы, жас оспірімнің жеке түлға субъект ретінде дамуының технологиясын қарастыруға үмтылады. Еркін шығармашылықпен ойланатын, ізгілікті жас өспірімнің қалыптасуы үшін оның сенім, ерік, сана, сезім, қабілеттерін ескеріп, басшылыққа алып, ізгілікті қасиеттерді қозғаушы көздерін анықтап (мотивтер, қызығушылығы, өмір сүру салты т.б.) үлттық және жалпы адамзаттық қүндылықтарға бағыттай отырып, ізгілікті білім жоне мәдсниетке, адамға қүрмет қатынасына, ізгілікті мінез-қулықтың олсуметтік тожірибесіне баулиды. Осыдан жоғарыда айтылған талдау нсгізіндс тсориялық модель құрастыруға болады (сурет-1).



Жеке тұлғаның субъект болып қалыптасуының теориялық моделі

Оқу – тәрбие үрдісін ізгілендірудің мақсаты:



Оқушының еркін шығармашылықтағы әрекетінің субъектісі ретіндегі ізгілікті жеке тұлғасы

СЕНІМ


Ізгіліктің қозғаушы көздері (мотивтер, қажеттіліктер, қызығушылықтар, өмір сүру салты)


ЕРІК


Еркін шығармашылықпен ойланатын ізгілікті жеке тұлға

САНА


Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар


СЕЗІМ



Ізгілікті білім және мәдениет



ҚАБІЛЕТ


Адамға құрмет қатынасы

өмір деректері мен қоғамдық оқиғаларды зерделеу мақсатындагы ізгілікті білімдер мен практикалық әрекеттерді меңгеру үрдісіндегі ізгілікті мінез

құлықтық әлеуметтік тәжірибесі
1-сурет

Iзгі-адамның ең жоғары зиялылығы, парасаттылығы, адамгершілігі, ерікті ойлаудың,адамшылыкхың символы болып есептелетін үғым.

Ендігі қаралатын үғым ізгілік. Бүл үғым - адамды жеке түлға есебінде танып, оның қүндылықтарын бағалап, оған еркіндік беріп, өз қабілетін көрсете білуге жағдай жасайтын жүйе. Бүл жүйе бойынша адам игілігі - әлеуметтік қүбылысты бағалау өлшемі, ал тегіндік, әділдік, адамшылық ұстанымдары -қоғамдағы қарым-қатынастың қалыпты формасы ретінде бағаланды. Ізгілік-адамгершілік-психологиялық үғымы дәстүрлі ойлауда адамгершілік саласына жататындай мағынада қабылданады: ол-адамилық қасиет. Ізгілік-адамның өзіне баға беруінен басталатындығынан айтылған, яғни жасөспірімнің өзінің өмірдегі орны мен өмір сүрудің негізгі өзегін және мән мен маңызын түсінуі, адамсүйгіштік, адам мен адамдық міндеттерге құрметпен қарауын білдіреді. Педагогикалык, психологиялық тұрғыдан ізгілік адамдар арасындагы қатынастардың сүйіспеншілікке негізделуі, адамның ар -намысын, абыройын, ар-ожданын құрметтеу, жоғары адамгершілік, парасаттылық қасиетпен қамқорлық жасау, адамды сүйе білу, қадірлеуі деп түсінеміз.

А.А.Бейсенбаева /59/, С.Қ.Қалиевтардың /24/ пікірінше адамгершілік екі жақты әрекет арқылы пайда болады. Бір жағынан адамның өзін-өзі тани білуі, екіншіден, өмір сүру үшін күресу, түлғаның құндылық қасиетті бағалауы және оның ізгілікке жат іс-әрекетті танып білуі. Ізгілік тұлғаны әлеуметтік құбылыс ретінде қарауды үсынады.

Қазіргі кезде кеңінен қолданылып жүрген бүл ұғым жалпы ізгілікті құндылықтар жиынтығы болатындығын көреміз. Оған дәлел адамның адамгершілік бағыттары оның әлеуметтік белсенділігімен сипатталады: ол тұлғаның өзіндік ізгілікті-адамгершілік бағытта азаматтық борышын және жауапкершілігін терең сезінуі, өзіне-өзінің қатаң талап қоюы,басқа адамдарға деген өз бойында адалдық, ілтипаттылық, қайырымдылық, мейірімділік т.б.ізгі қарым-қатынастардың болуы қажет деп білеміз.

Ізгілік қасиет- адамды ізгілікті қарым-қатынасқа,қоғамның жалпы адамзаттық құндылықтарын бағалауға, дүниені және өзін-өзі танып білуге, түсінуге үнемі дамытуға ықпал жасайтын, ынталандыратын күш.

Оку-білім берудегі окушының тұлғасын қалыптастырудың әрі жағдайы, әрі нәтижесі болатындығын аңғарамыз. Алайда, ізгілік ұғымына анықтама берсек, ол біздің ойлауымыз бойынша:

Ізгілік- адамгершілік, адамшылық, ықыластылық, қайырымдылық, мәдениеттілік, адамдардың бір-біріне, табиғатқа, қоршаған ортаға сүйіспеншілігі және оны бағалап, қамқор болуына жетелейтін күш.

Одан әрі біз жүйеміздегі үшінші компонент -«ізгілендіру» деген ұғымның мәні мен мазмұнын қарастырайық. Ізгілендіру-адамды үздіксіз оқыту, үйрету арқылы адамгершілік бағытта жүргізіледі. Ізгілендірудің түпкі мақсаты окушыны белсенді тануға ұмтылатын, субъект етіп, шығармашылық тұлға етіп қалыптастыратын дамытуға апаратын ұғым. Сондықтан ғылыми әдебиеттерде барлық ғалымдар (философ, социолог, педагог) бір пікірді білдіреді-өркениетті деңгейге жетуі үшін, ізгілендірусіз әлеуметтік прогресс туралы сөз қозғауға болмайды. Сондықтан бүгінгі мұғалімнің окушымен педагогикалық қарым қатынасында мәдени кеңістік жасалуы, окушының субъект ретінде дамуы тұтас педагогикалық үрдісте білім беру технологиясын ізгілендірудің мүмкіндіктерінің қарастырылуы керектігіне көзіміз жетті.

Осы себептерге байланысты мұғалім окушыға білім беріп, білік-дағдыларын қалыптастырумен қатар жеке тұлғаны дамыту құралдарын (механизмі) қолдана білуі керек.



  1. Воронин А.М., Симоненко В.Д. Педагогические теории, системы, технологии. — Брянск, 1997.

  2. Сластенин В А., Исаев И.Ф., Мищенко А.И., Шиянов Е.Н. Педагогика. Учебное пособие. — М., 1997. - С. 146-154, гл. 14.

  3. Педагогика / Под ред. Пидкасистого. — М., 1995. - Гл. 3, 9.

  4. Педагогика. — М., МГПУ, 1994. — Гл. 2.

  5. Прогностическая концепция целей и содержания об­разования. — М., 1994.

  6. Современная дидактика: теория — пратике. — М., 1994.

  7. Современные проблемы образования. — Тула, 1997.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет