Зертханалық жұмыс № 7
Тақырып: Судың органолептикалық көрсеткiштерiн анықтау.
Мақсаты: Судың органолептикалық көрсеткiштерiн анықтау әдістерімен таныстырып оқыту.
Материалдар мен құрал-жабдықтар:
1. Цилиндр;
2. əрiптерiнiң биiктiгi 2 мм, қалыңдығы 0,5 мм болатын шрифт;
3. сызғыш;
4. зерттелетiн су.
Жұмыстың барысы:
Зерттелетiн суды цилиндрге құйып, астына 4 см қашықтықта шрифт қояды, суды бiртiндеп, шрифт анық көрiнгенше төге бередi. Шрифт анық көрiнгенде қалған судың биiктiгiн сызғышпен өлшейдi.
Тұнба:
Бөтелкедегi жақсылап араластырылған суды 30 см — лiк цилиндрге құйып, бiрнеше сағатқа тұндырып қояды. Уақыт өткен соң тұнбаның мөлшерiн, түсiн байқайды. Тұнба көп болса, су ластанған болып саналады.
Түсi:
Судың құрамында гуминдi заттар көп болса, түсi сарыдан қоңырға дейiн өзгередi. Судың түсiн градус арқылы анықтайды. Түсi 200 болса, ол су түссiз болып табылады. Ауыз судың түсi 200 аспауы керек.
Материалдар мен құрал-жабдықтар:
1. Фотокалориметр;
2. 100 мл-лiк цилиндр;
3. 1л-лiк колбалар;
4. дистильденген су;
5. №1 стандартты ерiтiндi: 0,0875 г калий бихроматы, 2 г кобальт сульфаты мен 1 мл (тығыздығы 1,84 г/мл) күкiрт қышқылын дистильденген суда ерiтiп, 1 л ге дейiн жеткiзедi. Ерiтiндiнiң түсi 5000;
6. №2 ерiтiндi: 1 мл концентрациялы күкiрт қышқылына 1 л-ге дейiн дистильденген су қосады;
7. зерттелетiн су.
Шкала дайындау үшiн №1, №2 ерiтiндiлердi түстi анықтауға
арналған хром-кобальт шкаласының кестесi бойынша қосады.
Хром-кобальт шкаласы
№1 ерiтiндi, мл
|
0
|
1
|
2
|
4
|
4
|
5
|
6
|
8
|
10
|
12
|
16
|
№2 ерiтiндi, мл
|
100
|
99
|
98
|
97
|
96
|
95
|
94
|
92
|
90
|
88
|
84
|
Түс градустары
|
0
|
5
|
10
|
15
|
20
|
25
|
30
|
40
|
50
|
60
|
70
|
Достарыңызбен бөлісу: |