Абай ауданының 2009 жылғы 12 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы. ӨНеркәсіп



Дата25.02.2016
өлшемі145.98 Kb.
#23284
Абай ауданының 2009 жылғы 12 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы.


  1. ӨНЕРКӘСІП

2009 жылдың қаңтар – желтоқсан айларында өндіріс орындары қазіргі бағамен 503,7 млн. тенгенің тауарлық өнімдерін өндірген, бұл былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда өндірілген өнімнің индексі 152,8 пайызды құрады. Былтырғы жылы 494,4 млн. теңгенің өндірістік өнімі өндірілген.

«ВК РЭК» АҚ Семей филиалы 12459,0 мың теңгенің өнімін өндірген, бұл былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 65,7 пайыз құрайды.

«Қазақалтын» Тау-Кен-Концерны Жанан кен орнында 2060,0 мың теңгенің өнімі өндірілді, бұл былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2,1 есеге өсті.

.


  1. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Ауданда ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен 586 шаруа қожалығы және 4034 жеке меншік қосалқы шаруашылық айналысуда. Өндірілген мал өнімдерінің көлемі: ет – 11123,4 тонна, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 105 пайызға артып отыр, сүт-19393,0 тонна былтырғы жылмен 102,7 пайызға, жұмыртқа – 934 мың 200 дана 100 пайыз.

Ауылшаруашылық құрылымдарында мал шаруашылығы өнімдерінің өскені байқалады. Мал басының өсуіне байланысты мал өнімдерін өндіру өсті. Қой, ешкі малы 280987 бас (аналығы 155309 бас), немесе былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 106,5 пайызға өсті, мүйізді ірі қара 39465 бас (аналығы 18466 бас) немесе 104,6 пайызға, жылқы 16691 бас (аналығы 5677 бас), немесе 113,5 пайызға өсті.

Бүгінде ауданнының ауылшаруашылық мамандарының тікелей көмегіменен мал тұқымын асылдандыру жұмысы жақсы жолға қойылды. 2009 жылдың 1 қаңтарына ауданда асыл тұқымды шаруашылықтарының саны 23 шаруашылық болса, олардың құрамында 59 шаруа қожалығы біріккен. Қой малының тұқымын асылдандыру жұмысымен 16 шаруашылық: «Қасқабұлақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Мағжан», «Ұлан», «Дәурен», «Жанабай», «Қарашоқы», «Айтуған», «Қабанбай», «Нұрсұлтан», “Би ата”, “Сертек”, «Әйгерім», «Жанат», «Серік», «Қашым» шаруа қожалықтары қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой малдарын өсірсе, «Шалипан» шаруа қожалығы қазақтың ақ бас ірі қара малдарын, жабы тұқымды жылқы малдарынан 4-шаруашылық: Ильяс и К, Құрмет, Би ата, Айдос шаруа қожалықтары асыл тұқымды шаруашылық мәртебесін алды. Аудан бойынша асыл тұқымды қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой малдарының саны 45313 бас, оның ішінде аналығы 33058 бас, элита класына 20143 бас, 1-класс бойынша 12636 бас жатқызылады. Сондай-ақ асыл тұқымды қазақтың жабы тұқымды жылқы малдарының саны 1511 бас, оның ішінде аналығы 841 бас, элита класына 449 бас, 1-класс бойынша 387 бас жатқызылады. Асыл тұқымды ірі қара малдарының саны 362 бас, оның ішінде 150 бас аналық, 38 бас элита класына, 59 бас 1-классқа жатқызылады. 2009 жылдың 1-тоқсанында асыл тұқымды шаруашылық мәртебесін алу үшін «Акпар» шаруа қожалығының құжаттары толықтай облыстық комиссияға ұсынылды. МІҚ малдарын бордақылау жұмыстарымен “Шалипан”, “Олжас”, «Қашым», «Мағжан», «Қарашоқы» шаруа қожалықтары айналысуда. Олардың иелігінде биылғы жылы 692 бас мал бордақыланып, 130 тонна ет өткізу жоспарлануда.

Абай ауданының ауылшаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Асыл тұқымды қой және жылқы шаруашылығының қазіргі жағдайы және оны дамыту мәселелері» туралы 2009 жылы 13 ақпанда «Қасқабұлақ» ЖШС-нің базасында үлкен көлемде облыстық семинар-кеңес өткізілді.

Семинар–кеңестің мақсаты облысымыздағы қой және жылқы шаруашылығының қазіргі жағдайы және оның келешектегі дамуы туралы мәселелерді талқылады. Абай ауданының «Қасқабұлақ» асыл тұқымды мал шаруашылығының тереңдете жүргізілген селекциялық жұмысының артықшылықтары және жетістіктері туралы мәселелер қозғалды.

Сол сияқты Қарауыл ауылында 2009 жылдың 10 сәуір күні Ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығын қолдау , шағын несие, шағын лизинг беру және жұмыс орындарын ашу жөнінде семинар кеңес өткізілді. 18 маусымда аудан әкімі ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілермен ауылдық тұтыну кооперативін құру туралы кеңейтілген кеңес өткізілді. 24 қазан күні «Алтын күз» жәрмеңкесі Қарауыл ауылының орталық алаңында өз мәресінде өтті. Онда ауылдық округтер мен аудан шаруа қожалықтары өз өнімдерін төмен бағамен сатып, халықтың ризашылығына бөленді.

Шағын мал сою орындарын ашу үшін Көкбай ауылына қарасты «Қарашоқы» шаруа қожалығы негізінде және Саржал ауылына қарасты «Сенім» шаруа қожалықтары Өскемен қаласындағы Аграрлық несиелік коорпорациясының филиалына барып несие алу үшін келісілді.

2009 жылға көктемгі дала жұмыстары бойынша картоп 111 га жерге егіліп, 2020 тонна өнім, көкөніс 17 га жерге егіліп, 378,9 тонна өнім жиналды.

Семей қаласы «Турист қонақ үйі» алаңында өтетін жәрмеңкеге бекітілген арнайы кесте бойынша ауылдық округтердің шаруа қожалықтары ауылшаруашылық өнімдерімен (ет,сүт,май) әр сенбі сайын қатысып отыр. Семей қаласының халқын арзандатылған бағамен базарларға күнделікті етпен қамтамасыз етуде. Сонымен қатар аудандағы ауылшаруашылығы өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында аудан әкімі, ауылдық округ әкімдері және шаруа қожалықтары арасында меморандумға 3-жақты 254 шаруа қожалықтарымен келісім шарт жасасты.




  1. КӨЛІК ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС.

Аудан бойынша 2009 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында аудандық көлікпен 19555 тонна жүк тасымалданған. Жүк тасымалдауда жеке кәсіпкерлердің ықпалы басым болып отыр.

2009 жылдың 12 айында 102203 жолаушы тасымалданған, оның 46200-ы бағытты автобуспен болса, 56003 жолаушы жеке меншік көліктері бар тасымалдаушылардың үлесіне тиеді.

Ауданда бүгінгі күні 2299 телефон нүктелері жұмыс істейді, оның ішінде 25 нүктесі жеке кәсіпкерлер, 193 мекемелер мен кәсіпорындардікі, 2081 жеке тұрғындардікі. Осы жылдың 12 айында қалааралық телефонмен сөйлесу көлемі 29376,0 мың теңгені құрады.




  1. ТҰРҒЫН ҮЙ – КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ,

СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС.
Ауданның әлеуметтік-мәдени және әкімшілік нысандарын дер уақытында 2009-2010 жылдардағы қысқы от жағу маусымына бекітілген іс-шаралар жүзеге асырылып, аудан бойынша:

12 жылу қазандығы;

15 білім саласы мекемелері;

11 денсаулық сақтау нысандары: 1 орталық емхана, 7 жаңұялық амбулатория, 3 фельдшерлік бөлімшені /облыстық бюджет/ дайындалып, апатсыз, қалыпты жұмыс істеді.

52 шақырымдық 6 елді мекендеріндегі су құбырлары: (Қарауыл, Кеңгірбай би, Медеу, Архат, Қасқабұлақ, Құндызды), 11 су скважиналары әзірленіп, халыққа қызмет көрсетті;

Барлық жылу жүйелері, су құбырлары, жылу қазандықтары, әлеуметтік-мәдени және әкімшілік нысандарының ішкі жүйелері тұрақты жұмыс жасады. Мектептер, денсаулық сақтау объектілері, басқа да мекемелер мен кәсіпорындар көмірдің қажетті қорымен қамтамасыз етілді. Аудан бойынша 20132,8 тонна көмір түсірілді, оның 12030 тоннаға жуығы отты өз үйлеріндегі жеке пеш арқылы жағатын тұрғындарға, 2997,8 тонна көмір жергілікті бюджеттік мекемелерге және қалған 5105 тонна басқа мекемелер мен кәсіпорындарға. Көмірдің 1 тоннасының бағасы бюджеттік мекемелерге 4750 теңге болып келісілсе, халық жеке тасымалдаушылар арқылы түсірді, көмірдің 1 тоннасы 4400-5000 теңгені құрады .

Абай ауданы бойынша жолдар жүйесі 369 шақырым. Оның ішінде 255 шақырым облыстық деңгейдегі жолдар, қалған 114 шақырымы аудандық деңгейдегі жолдар.

Қара жиекті жамылғы – 225 шақырым.

Қара жиекті қиыршық тасты жамылғымен – 144 шақырым.

Аудан бойынша 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй бағдарламасын іске асыру бағытында 2009 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында пайдалануға берілген 14 тұрғын үйлердің жалпы ауданы 2020 шаршы метр, былтырғы жылмен салыстырғанда 151,1 пайыз. Биылғы жылы Қарауыл ауылында мал бордақылайтын және мал сою цехы, Архат ауылында мешіт, Көкбай, Құндызды ауылдарында дүкен ғимараттары салынуда. Қарауыл ауылы Ералы көшесіндегі жатахана ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ дайындауға 976,0 мың теңге қаралған. Қазіргі кезде спонсорлық көмекпен жалпы құны 14 млн. теңгеге осы ғимараттың шатыры мен терезелері толықтай ауыстырылып, төбесіне жылу қабаты төселді. Бас мердігер «Казпромстрой-Монтаж» ЖШС. Осы мердігер Молдағалиев көшесіндегі жолды жөндеу үстінде, қаралған қаржы 10,0 млн. теңге. Қарауыл ауылындағы мәдениет үйінің шатырын жөндеуге 1315,0 мың теңге бөлінген, жұмыс толығымен аяқталды. Құндызды ауылындағы су құбырын жөндеуге жергілікті бюджеттен 13841,0 мың теңге бөлінді. Қазіргі уақытта жұмыс толығымен аяқталды.




  1. ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ

Ауданымызда осы уақытқа дейін 908 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, бұл былтырғы жылғы осы уақытпен салыстырғанда 100,8 пайыз. Шағын кәсіпкерлер субъектілерінен салық түсімі 10015,0 мың теңгені құрады. Жалпы шағын кәсіпкерлер субъектілерінде 2072 адам жұмыс жасайды.

Аудан бойынша 575 шаруа қожалығы тіркелген, бұл былтырғы жылғы осы уақытпен салыстырғанда 97,6 пайыз, онда 1535 адам жұмыс атқарады және 3717,0 мың теңге салық түсімі түскен. Жеңілдетілген декларация және жалпыға бірдей тәртіп бойынша 182 шағын кәсіпкерлер субъектілері тіркелген, бұл былтырғы жылғы осы уақытпен салыстырғанда 105,2 пайыз, одан түскен салық түсімі 2977,0 мың теңге. 161 кәсіпкер патент жүйесімен қызмет атқарады, бұл былтырғы жылғы осы уақытпен салыстырғанда 113,4 пайыз, олар 1704,0 мың теңге салық төлеген. Заңды тұлға ретінде аудан бойынша 16 кәсіпорын қызмет атқарады, бұл былтырғы жылғы осы уақытпен салыстырғанда 106,7 пайызға артты және онда 191 адам жұмыс жасайды. Бұлардан түскен салық көлемі 1617,0 мың теңге.


  1. БАҒАЛАР

Ауданда апта сайын негізгі халық тұтынатын тауарларға бағаны тұрақтандыру жөнінде талдау жасалып отырады. ШҚО ауыл шаруашылық басқармасының астық бағасын тұрақтандыру қорынан, 2009 жылы наурыз айында ауданымызға 25 тонна ұн бөлініп, бұл ұн инфляция үрдістерін тежеу жөніндегі штаб кеңесінің шешімі негізінде, Абай ауданы әкімдігімен Меморандум шарты бойынша 13 наубайханашы-кәсіпкерлерге бөлініп берілді. Маусым айында 25 тонна ұн бөлініп, 10 наубайханашы-кәсіпкерлерге, шілде айында 25 тонна ұн 8 наубайханашы-кәсіпкерлерге берілді, жыл басынан Семей қаласының «Ардагер» ұн дайындау комбинатынан 100 тонна ұн бөлінді. Бүгінгі күні нанның бағасы жыл басындағы 45 теңгеден 40 теңгеге төмендеді. Жыл басымен салыстырғанда жемістер мен майлар бағасы төмендеді, жанар-жағар май бағасы бірқалыпқа келтірілді.

Ауданда бағаның өзгеруі, өсуі көбінесе тауарлар әкелінетін Семей және басқа қалалардағы базар бағасының өзгеруіне байланысты болып отырады. Мамырда орталық алаңда ауылшаруашылық өнімдері жәрмеңкесі үйымдастырылды. Тамыз айында Өскемен қаласының орталығында өткен «Туған жер алтын бесігім» атты мәдени күндеріндегі өткізілген Абай ауданы күнінде ауылшаруашылық өнімдерінің және қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі өтті.



  1. БЮДЖЕТ

Аудан бойынша 2009 жылға бюджет кірісі 985224,0 мың теңгеге бекітілді. Ресми трансферттердің көлемі 880201,0 мың теңге. Ауданның өз кіріс көздері есебінен түсім 100523,0 мың теңге болып жоспарланды.

2009 жылдың 12 айында бюджеттің кіріс бөлігі 1048856,9 мың теңгеге жоспарланып, ол 1053215,0 мың теңгеге, 100,4 пайыз болып орындалды. Бюджеттің шығыс бөлігі 12 айда 1054219,0 мың теңгеге жоспарланып, 1053179,0 мың теңгеге орындалды, 99,9 пайыз болды. Жергілікті бюджет кірісі 12 айға 100523,0 мың теңгеге жоспарланып 104881,1 мың теңгеге орындалды немесе 104,3 пайызды құрады. Жергілікті бюджетке 4358,1 мың теңге артық түсті.

Жергілікті бюджет шығындарынан маслихаттың кезекті сессиясында мәдениет саласындағы 11 млн. 375 мың теңгені білім саласына бастауыш сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз етуге және коммуналдық төлемдерді төлеу үшін бағытталады. Шығыс қаражатынан 1040,0 мың теңге қалдық қалды. Бұның ішінде 638,0 мың теңгені Қарағанды облысының мердігері көмір тасуды ұтып алып, өз міндеттемесін орындамау салдарынан есеп-шотта қалып қойды. Сондай-ақ облыс әкімінің 2009 жылғы 9 қарашадағы №255 қаулысына сәйкес ваканция үнемі есебінен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде 67,7 мың теңге, ауыл шаруашылық бөлімінде 35,5 мың теңге, спорт бөлімінде 8,1 мың теңге жиыны 111,3 мың теңге есепшоттарында қалды.



8.ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ

ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМА
01.01.2010 жылға 137 отбасыға және 540 отбасы мүшелеріне атаулы әлеуметтік көмек 9455,5 мың теңге тағайындалып, 9466,0 мың тенге төленді.

Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар 2268 балаға 28265,0 мың теңге толенді. Тұрғын үй жәрдемақысы 326 жанұяға 5696,0 мың теңге төленді.

«УБА» шипа жайына 41 зейнеткер адам демалып қайтты.

Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына және қатысушыларға теңестірілгендерге 5000 теңгеден 23 адамға, 1380,0 мың.тенге,Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілгендер, яғни ауруы ядролық сынақ салдарынан болған мүгедектерге ай сайын 2000 теңгеден 320 адамға 7660,0 мың теңге коммуналдық қызметтерге өтемақы төлемдері төленді.

Республикалық және облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлерге ай сайын 2.0 мың теңгеден көммуналдық қызметтер шығыстарына 22 адамға 480,0 мың теңге төленді.

Алтын алқа, Күміс алқа, І-ІІ дәрежелі Ана даңқы орденімен марапатталған аналарға 391 анаға 3905,0 мың тенге 4 және одан да көп 18-ге толмаған балалары бар көп балалаы аналарға 250 анаға 2490,0 мың тенге 8-наурыз мерекесі мен балаларды қорғау күні мерекесіне 5000 теңгеден бір жолғы материалдық көмек төленді.Еңбек ардагерлері және аз қамтамасыз етілген 18 жанұяға 881,4 мың тенге тұрғын үй жөндеуге қаржыдай көмек берілді.

30- Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушылары және еңбек, тыл ардагерлері облыстық «Дидар» газетіне тегін жазылады.

01.01.2009 жылға аз қамтамасыз етілген адам саны 1080 болса, 01.01.2010 жылға 1076 адам болып отыр.Аз қамтамасыз етілген жанұяларға аудан бойынша 1271 адамға 5223,4 мың теңгенің көмегі отындай, азық-түлік, киімдей, ақшадай көрсетілді.Аудан бюджетінен азық-түлік қымбаттауына байланысты 213 жанұяға 7638 теңгеден 3127,9 мың тенге бір жолғы материалдық көмек көрсетілді.

Тұрмыстық жағдайы төмен туберкулезбен ауырған адамдарға 15000 теңгеден 17 адамға 255,0 мың тенге бір жолғы көмек көрсетілді.

Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтарға бір жолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 қаулысына сәйкес, 7 адамға экологиялық өтемақыларға құжаттар қабылданып, аудандық зейнетақы төлеу орталығына өткізілді.

Жалпы білім беретін мектептердің аз қамтылған отбасылардан шыққан түлектерге облыстың жоғарғы оқу орындарындағы оқуын төлеу үшін 4883,0 мың теңге әлеуметтік көмек төленді. 2007 жылға Семей медициналық академиясына 4-бала, Семей педагогикалық институтына 2-бала. 2008 жылға Семей медициналық академиясына 2 бала Семей педагогикалық институтына 3 бала . 2009 жылға Семей медициналық университетіне 1 бала Семей педагогикалық институтына 5 бала .Жиыны 17 бала грант бойынша оқыды.

Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау және төлеудің ережесін бекіту туралы Абай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 02 қараша № 118 қаулысына сәйкес, 2009 жылға 36 балаға ай сайын 11000 теңгеден 3212,0 мың тенге жәрдемақы төленді.

01.01.2010 жылға 80 жұмыссыз есепте тұр, жұмыссыздық деңгейі 1.0 пайыз, ал 01.01.2009 жылмен салыстырғанда 103 жұмыссыз есепте болып, 1,3 пайызды құрады. Яғни 0,3 пайызға төмендеді.

Жұмыссыз есебінде тіркеуде тұрған 80 жұмыссыздардан ақылы қоғамдық жұмыста жүргендер- 39 , кәсіптік білім алуға жіберілгендер – 13, Жастар – іс тәжірбиесінде жүргендер- 21 , әлеуметтік жұмыс орындарында – 7.

01.01.2009 жылға ақылы қоғамдық жұмысқа 207 адам жіберіліп, 7928,0 мың тенге төленсе, 01.01.2010 жылға 210 адам жіберіліп, 10884,0 мың тенге төленді.

01.01.2009 жылға жұмыссыз азаматтарға, кәсіптік білім беру және қайта даярлықтан өткізу мақсатында оператор, дәнекерлеуші, шаштараз, жүргізуші «В» категориясы мамандықтарына жиыны 32 адам оқуға жіберілсе,

01.01.2010 жылға жұмыссыз азаматтарға, кәсіптік білім беру және қайта даярлықтан өткізу мақсатында аспазшы, дәнекерлеуші, жүргізуші «В» категориясы мамандықтарына жиыны 81 адам оқуға жіберілді,оның ішінде «Жол картасы» бойынша 51 адам.

01.01.2009 жылға Жастар –іс тәжірбиесіне арнаулы оқу орындарын бітіріп келген 7 жұмыссыз жастар жіберілсе, 01.01.2010 жылға Жастар –іс тәжірбиесіне 38 жұмыссыз жастар жіберілді, оның ішінде «Жол картасы»аясында 30 адам.

01.01.2009 жылға әлеуметтік жұмыс орындарына 6 адам жіберілсе,

01.01.2010 жылға әлеуметтік жұмыс орындарына 24 адам жіберілді, оның ішінде «Жол картасы» бойынша 15 адам.

01.01.2009 жылға 83 жұмыссыз жұмысқа орналасса 01.01.2010 жылға 305 жұмыссыз адам жұмысқа орналасты, оның ішінде «Жол картасы» бойынша 205 адам.

Жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында: әлеуметтік жұмыс орындарына 17 адам, Жастар-іс тәжірибесіне 8 адам тұрақты жұмысқа орналасты және «Жол картасы» шеңберінде жұмыс жасап, босаған адамдардан 103 адам жұмысқа орналасты.




9. БІЛІМ
Аудан бойынша 10 орта мектеп, 1 бастауыш мектеп-балабақшасы, 2 қосымша білім беру және спорт мектебі, 1 шағын кешенді негізгі мектеп және 1 балабақша жұмыс жасайды. Осы мектептерде жыл басында 2834 оқушы қамтылды. Мектептер бойынша 169 сынып, 165 сынып комплектісі болып отыр. Сыныптар бойынша балалардың орташа сиымдылығы 17,3%.

Абай ауданы орта мектептерінде 482 мұғалім жұмыс атқарады. Оның жоғары білімдісі – 415, арнаулы орта – 65, орта білімді–2. Жоғары санатты 14 разряд – 28, 1 санатты /13 разряд/ – 145, 2 санатты /12 разряд/ - 154, Санатсыз /6-11 разрядты/ – 155.

Аудан бойынша мектеп бітірген 206 түлектің ҰБТ-ға 156 түлегі қатысты:

2006 жылы орта балл 58,9; 275 оқушының 227 ҰБТ қатысуы 82% , 2007 жылы орта балл 61,3; 227 оқушының 175 ҰБТ қатысуы 77 %

2008 жылы орта балл 63,6; 203 оқушының 168 ҰБТ қатысуы 82,7%

2009 жылы орта балл 72,5; 206 оқушының 156 ҰБТ қатысуы 75,7 %

9 түлек – «3-44» балл алып, 5,7 пайыз

34 түлек - «45-59» балл алып, 21,7 пайыз

37 түлек – «60-67» балл алып, 23,7 пайыз

48 түлек - «71-89» балл алып, 30,7 пайыз

16 түлек - «90-100» балл алып, 10,2 пайыз

2 түлек - «101-110» балл алып, 1,3 пайыз

10 түлек - «111-120» балл алып, 6,4 пайыз құрап

жиыны: орта балл 72,5, жоғары балл – 119, төмен балл – 28 болды.

2009 жылы аудан бойынша 2 оқушы «Алтын белгіге ие болды.

Ж.Кәрменов атындағы саз мектебі, балалар көркем-сурет және спорт мектебінде 835 бала оқиды, оларға 72 мұғалім дәріс беруде.

Қаңтар айында ғылым негіздерінен мектеп оқушыларының аудандық пәндік олимпиадасы өтті. 9 оқушы облыстық кезеңіне қатысып, 4 оқушы жүлделі орын иеленді. «Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары» тақырыбында оқу ісі меңгерушілерінің оқуы болды. Барлық математика мұғалімдерінің аудандық пән олимпиадасы өтті. 20.01.-20.02. аралығында «Жалпыға бірдей міндетті оқу айлығы өтті». Ауданның барлық мектептерінің 4,9- сыныптарында мемлекеттік аралық бақылау өтті. Физика, химия - биология, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі мұғалімдерінің пәндік олимпиадасы өз дәрежесінде өтті, алдағы уақытта бұл үрдіс жалғасын табады.

Семей мемлекеттік педагогикалық институтының, Шәкерім мемлекеттік университетінің, М.Әуезов атындағы жоғары оқу орындарының оқытушы- ғалымдарымен, студенттерімен мектеп оқушыларының кездесулері өткізілді.

Ақпараттандыруға байланысты мектеп басшыларымен аудандық семинар өткізілді.

Мектеп оқушылары арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысы өтті. Барлық мектеп педагогтары жоспар негізінде аттестациялаудан өткізілді. Абай, Шәкерім оқуларының аймақтық (3 аймақ) кезеңдері болып өтті. Мектеп, балабақша тәрбиешілері арасында аудандық «Үздік тәрбиеші»сайысы өтті. Ж.Кәрменовтың 60 жылдығына орай, мектеп оқушылары арасында «Әз Жәнібек» атты әншілер байқауы болды. Бастауыш сынып (4-сынып) оқушыларының олимпиадасының аудандық кезеңінің жеңімпаздары (12 оқушы) олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысып, 10 оқушы жеңімпаз атанды. «Оқыту нәтижесін тексеру мен бағалау жүйесін талдау және олардың құрылымын анықтау» тақырыбында директорлар оқуы болды. Оқу-тәрбие процесін талдау, саралау және әдістемелік көмек көрсету мақсатында Көкбай атындағы орта мектепте жоспарлы комплексті тексеру өтті. «Қазақ әдебиетін оқытудағы аймақтық компонент пайдалану тәжірибелері» атты облыстық пед.оқуға 3 мұғалім баяндама жасап, жақсы жағынан аталып өтті. «Тілдердің үш тұғырлылығын дамыту» атты облыстық ғылыми- практикалық конференцияға 2 мұғалім қатысып, баяндамалары арнайы жинаққа кіргізілді. Республикалық, облыстық БАИ-дың жоспарлары негізінде қаңтар-наурыз айларында 42 мұғалім, Семей мемлекеттік пед. Институты жанындағы біліктілікті арттыру институтынан 22 мұғалім білім көтеру курстарынан өтті. Аудандық білім бөлімінің 2009 жылға арналған жұмыс жоспары негізінде алқа мәжілісі, кеңейтілген аппараттық кеңес, әдістемелік кеңестер, семинар, дөңгелек үстел, ғылыми жоба жарыстар, мектеп басшыларының, әр пән мамандарының оқулары жүйелі өткізіліп отырады.

Аудан бойынша 12 мектепке бастауыш сынып бойынша 1070 бала толығымен ыстық тамақпен қамтылған. Жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен аз қамтамасыз етілген, жетім, ата-ана қамқорынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулің балалардан бастауыш сынып бойынша 17 оқушы, жоғарғы сыныптар бойынша 134 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Әр бала 120 теңгенің тамағын ішеді. Жалпыға білім беру қорынан 4564,0 мың теңге қаралған.


10. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Аудан халқына медициналық көмек 1 орталық емханамен, 7 дәрігерлік амбулаториялармен, 3 медициналық пунктімен, 2 ғимаратсыз медицина қызметкерлерімен атқарылады.

Ауданда 39 жоғары білімді дәрігер, оның 28 квалификациялық категориясы бар – 66,7%, орта буын медицина қызметкерлері– 84, оның 46%да квалификациялық категория бар, кіші буын медицина қызметкерлері - 29.

Дәрігерлермен қамтамасыз етілуі 27,6 – 10 000 халыққа облыс көрсеткіші 37,9. Медбикелермен қамтамасыз етілуі 48,3 – 10 000 адамға облыс көрсеткіші 87,2.

Аудан бойынша ана мен бала денсаулығын қорғау және жақсарту бағдарламасы жасалынған. 1650 ана медициналық тексеруден өтті. Бала мен ана денсаулығына басты назар аударылып отыр, мамандар уақытында білімін жетілдіріп отырады, маман сертификаттары бар. Санитарлық-ағарту жұмыстары туралы жергілікті баспасөзге 2 рет мақала жариаланды.

2009 жылдың 12 айында туған бала саны – 230, қайтыс болған бала – 3; Бастапқы медициналық – санитарлық ұйымдардың нормативке сәйкес медициналық жабдықтармен, медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуі – аудан бойынша – 24%.

Профилактикалық қарау жұмыстары барлық категория бойынша жоспарға сәйкес 100% орындалып отыр.



Облыстық бюджеттен үстіміздегі жылы орталық емханаға жұмсақ және қатты мүліктер алуға 2346,0 мың теңге, материалдық-техникалық жарақтандыруға 2000,0 мың теңге қаржы бөлініп, игерілді. 226,0 мың теңгеге Кресло КВ-2С, 1000,0 мың теңгеге Аудиометр АД 229 в, 692,5 мың теңгеге Спидометр Chestjraph Hi-101 медициналық құрал-жабдықтары сатылып алынды.

11. ҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕС
Жыл басынан бері құқық қорғау органы қызметкерлерінің қатысымен ауданда 108 қылмыс тіркелді (былтырға жылмен салыстырғанда 186,2 пайыз өскен), 97,6 пайызы ашылды. Денеге ауыр жарақат түсіруден 1 іс тіркеліді, 100 пайыз ашылды. Ауыр қылмыс 5 тіркелді (былтырға жылмен салыстырғанда 4 есе өскен), 100 пайыз ашылды. Ұрлық жасау бойынша 65 қылмыстық іс тіркелген (былтырға жылмен салыстырғанда 185 пайызға өскен), 85,7 пайыз ашылды. Кәмілетке толмағандар жасаған қылмыста 5 іс тіркелді (былтырға жылмен салыстырғанда 166 пайызға өскен), 100 пайыз ашылды.
12. ДЕМОГРАФИЯ
Аудан бойынша негізгі демографиялық көрсеткіштер: ауданда халық санының азаюы байқалады. 2009 жылдың 12 айында туған бала саны –230, қайтыс болғандар саны – 120 адам, табиғи өсім 110 адам. Аудан бойынша келген адамдар саны – 298 адам, ал кеткені - 606 адам. Көші-қон сальдосы - 308 адам. Аудан бойынша 01.01.2010 жылға халық саны – 15,7 мың адам (былтырға жылмен салыстырғанда халық саны өзгермеген).

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет