Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Ақбастау елді мекені
«Ақбастау» жалпы орта мектебінің
қазақ тіл мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сейтметова Бибигул Асановна
«Ана тілім ардағым»атты ашық тәрбие сағаты 5-сынып
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тілді меңгерген-Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңына сәйкес қазақ тілі республикамыздағы негізгі тіл – мемлекеттік тіл болуына орай оның қолдану аясы, бедел-мерейі мемлекет ішінде ғана емес, халықаралық қатынастар деңгейіне дейін артып келеді. Осыған байланысты қазақ тілін оқу мен оқытуды жан-жақты зерттеп, дамыту жауапкершілігін алға тартып отыр.
Тіл – ұлттың жаны. Ғабит Мүсірепов тіл туралы былай деген: «Тілін білмеген түбін білмейді».
Әрине, әр халықтың тілі өзіне ерекше құрметті. Тілдің байлығы, сөздік қорының өсуі халықтың өзіне байланысты.
Халықтың тілін білсең, оның жанын сезінесің, тіл арқылы бүкіл адамзатқа тән гуманистік идеяларға қол жеткізуге болады.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Тіл туралы тақырыпты ала отырып, сауатты сөйлеуге, қазақ тілінің мәртебесін көтере білуге қалыптастыру, тіл байлығын арттыруға ықпал ету
2.Дамытушылық: Тіл төңірегіндегі білімдерін ұштастыра отырып, ой-белсенділігін дамыту, шығармашылық ізденіске бағыттау, ізденімпаздық қасиеттерін арттыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру
3. Тәрбиелік: Патриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт-дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу
Көрнекіліктер: слайд, қанатты сөздер, ақпараттық техникалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Кіріспе
Мұғалім: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.
«Адамға екі нәрсе тірек тегі,
Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», - деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез-келген мемлекеттің, елдің ана тілі болмақ.
Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар.
Сонымен қатар өз тілі бар
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы.
Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар, - демекші, «Ана тілім ардағым» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
ІІІ. Негізгі бөлім.
Берік:Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Тіл мерекесі құтты болсын. «Ана тілім-ардағым» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
Қазақ тіліміз – ана тіліміз. Ана тіліміз мемлекеттік тіл болып үлкен мәртебеге ие болды. Ол біздің қазақ халқы үшін зор қуаныш.
Алуа:Біз ана тілімізді – халқымыздың мәдени дәрежесін көтеруге пәрменді құрал болып отырған, мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған қазақ тілін терең де тиянақты меңгеруіміз керек.
Берік:ҚР президенті Н.Ә. Назарбаев ел халқына жолдаған жолдауында : «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілі,Қазақстанның болашағы қазақ тілінде деген болатын.Мемлекеттік тілді,білу,үйрену,дамыту –баршамыздың міндетіміз және әркімге де парыз болып саналады,»-деген.
Алуа:Сол себепті мақтанамыз,өзге ұлт өкілдері балаларының қазақ тілін оқып-үйренуін, қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру,ой белсенділігі мен таным-ізденімпаздық қасиеттерін арттыру,тілдің қоғам өміріндегі маңызын түсінуге тәрбиелеу,насихаттау дамыту
Берік:Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық.
Өсер бабаң,байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
Жетер енді әркімге бір ермейік,
Қазақ болсын құлашты кең сермейік
Қанға сіңген ана тілін халқым-ай,
Шұбарлауға ешқашан жол бермейік
Алуа:Ана тілің баптар басты қорығың,
Бақытты емес үйренбеген оны кім
Әлемдегі барша тілді білсең де
Толтыра алмас ана тілдің орынын
Ана тілім ақ сүт берген Анамсың
Ана тілім махаббатым құштарым
Берік:Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,
Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім.
Алуа: Тілім менің!
Тілім үшін мың өліп, тірілді елім,
Аралыммен арыммен қатар қойып,
Тілді қорғау –парызым бүгін менің,
Қуан халқым! Күшіне енді тіл заңы,
Сүйінші деп ақын ұлың жырлады
Ел елдігі бағаланар тілімен,
Сол арқылы құлпырады, гүл бағы.
Айда;Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,
Туған тілім-анам тілі-өз тілім.
Туған тілім-далам тілі-өз тілім
Туған тілім-адам тілі-өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
Иманғали.Тілім менің!
Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің.
Тұнығым, рухани жан азығым
Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім.
Ана тілім, туған тілім,бал тілім
Сен арқылы дүние танып талпындым.
Сен арқылы әлемге аян бар ісім
Сен өмірде таусылмайтын алтыным
Гүлжайнар:Туған тілім – тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
Бақберген: Тілдің бәрі қымбат маған,
Әр ұлт тілі сыр сақтаған.
Бәрінен де сен артықсың
Қазақ тілім, жыр баптаған.
Тілім барда мақтанамын.
Әнімді айтып шаттанамын.
Сол тілімнің құдіреті
Таптатпаған жатқа бағын.
Қайнар: Ата-анамды таныстырған осы тіл,
Танымасты таныс қылған осы тіл
Төле би боп, Қазыбек боп, Әйтеке,
Бітпес дауды жағыстырған осы тіл.
Жау тигенде біріктірген осы тіл,
Індет келсе дүрліктірген осы тіл.
Күштілерден қуғын көрген сияқты,
Туыстырып, кіріктірген осы тіл.
Ақнұр: Қуан далам, қуанатын күн бүгін.
Серпіп таста, мұңды жүрек түндігін
Тіл туралы заңым енді күшіне,
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін
Қазақ тілі
Ұрпақтар талайының
Сен тілісің
Адамзат Абайының.
Ұлжарқын: Қазақ жері маған да болған мекен,
Дүниеде дәл мұндай ел бар ма екен?
Досқа – дархан, дұшпанға сонша қатал,
Сүйем оны, сағынып, самғап жетем.
Орыс, қазақ туыс боп ағаласып,
Қаны, тілі жатыр ғой араласып.
Отбасының бақыты ортақ болған.
Қол ұстасып еңбек ет, далаға шық.
Бекіш: Ана тілі-асыл күні бабамның
Қуатымсың ақ сүтіндей анамның
Сәби шақтан бесігімде жыр тыңдап
Туған тілді жаттап өскен баламын
Нұрмұхасан:Қымбат маған ана тілім бал тілім
Қымбат маған дала тілім ар тілім
Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма
Ана тілім-ардақ тұтар алтыным.
Мақсұт:Ана тілін жырлап өткен талайлар
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар
Қасиетті менің ана тілімде
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.
Үсен:Қазақ тілі-саялаған нұр болған
Қазақ тілі ана тілім ардағым
Сен арқылы жетіп жатыр өмірге
Жан сырларым тілегім бар арманым.
Самбет:Сақтар болсаң халқыңды-тілді сақта
Баға жетпес мұра жоқ тілден басқа
Тілден басқа жиһаздың бәрі түгел
Базарлайсың қалтаңда ақшаң болса
Алуа:«Сөзден асқан байлық жоқ,
Тілден асқан жүйрік жоқ»,-демекші,ендігі кезекті халық ауыз әдебиетінің бір түрі-аңыз әңгімеге берейік.
Көрініс «Әке мұрасы».
Берік.Ал енді құр тұрмай, ойын ойнайық.
Алуа:Ойнасақ, ойнайық.
Берік:Әуелі жұмбақ жасырайық.
Алуа :Ендеше баста.
Берік:Дүниеде ең ащы не, ең тәтті не?
Алуа:Енді мен жұмбақ жасырайын.
Қызыл түлкі ықпайды,
Өз інінен шықпайды
Қане, кім шешуін табады?
Берік:Дұрыс.
Алуа енді тіл туралы мақал-мәтел айтып көрейікші
-
(оқушылар тіл туралы мақал-мәтелдерді айтып шығады).
1.«Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады»,
2.«Тіл – ақылдың өлшемі»,
3.«Өнер алды – қызыл тіл»,
4.«Жеті жұрттың тілін біл,жеті түрлі білім біл».
Алуа:Бәрекелді, жарайсыңдар достар! Келесі кезекте жаңылпаш айтайықшы, көңілді болсын.
(Оқушының бірі жаңылтпашты тез айтып шығады, басқалар оны тез, дұрыс айтып шығады)
Айда:Ұшқыш жақсы ма?
Үш құс жақсы ма?
Ұшқыш та жақсы,
Үш құс та жақсы.
Қайнар:Ақ тайлақ ақ па?
Қара тайлақ ақ па?
Ақнұр:Күйе,күйе,күйе ме
Күйеге қолым күйе ме
Күйеге қолым күймейді
Бетімді апам сүймейді
Асан:Бір қыз кесте тікті,
Кестесін түсте тікті,
Кешке тікті.
Берік: Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй-деп Абай атамыз жырлағандай келесі кезекті әнге береміз. Ән: «Ананың тілі»
Берік.Қалың елім қазағыңа қорған бол!
Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол,
Шет тілі мен компьютерді меңгеріп
Елге тірек,нағыз ұлттық тұлға бол!
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!Осымен біздің тіл мерекесіне арналған ашық тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Қош сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |