Астана қаласы мәслихатының
2004 жылғы 30 наурыздағы
N 28/6-ІІІ шешімімен
бекітілген
Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету Қағидалары
Ескерту. Қағидалар тараулары тақырыптарының реттік сандарына өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 24 мамырдағы N 380/47-ІІІ Шешімімен.
Ескерту. Қағидаларында "ҚТҚ" деген аббревиатураны барлық жердегі мәтінде тиісті септікте "коммуналдық қалдықтар" деген сөздермен ауыстырылды - Астана қаласы мәслихатының 2008.12.18 N 168/28-IV (осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) Шешімімен.
Ескерту. Қағидалардың атауында және мәтін бойынша «аббаттандыру» сөзі «абаттандыру» сөзіне ауыстырылды - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
1. Жалпы қағидалар
1. Осы абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету Қағидалары "Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қатынастары туралы", "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
Қағидалар абаттандыру, санитарлық тазарту, аумақта тазалықты сақтау, инфрақұрылым объектілерін күтіп ұстау мен қорғау, Астана қаласының аумағындағы қалдықтарды жинау, шығару, қайта өңдеу және пайдаға асыру, тәртібін белгілейді және жеке және заңды тұлғалардың қарым-қатынасын реттейді.
Абаттандыру, санитарлық тазарту, тазалау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласы аумағында тазалықты қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды реттеу және ұйымдастыру жұмыстарын қала әкімдігінің, басқарудың уәкілетті органдары, мекемелердің басшылары, қаланың көркейту мен санитарлық тазалық кәсіпорындарының лауазымды тұлғалары жүргізеді.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2008.12.18 N 168/28-IV (осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді); 2009.05.28 N 226/35-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімдерімен.
2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі
ұғымдар мен түсініктер
2. Қаланы сыртқы абаттандыру - қала аумағындағы адамдардың өмір тіршілігіне қолайлы, салауатты және ыңғайлы жағдай жасауға бағытталған элементтер мен жұмыстар кешені аумақты тазалау, тұрмыстық қалдықтарды (зарарсыздандыру), қоқыстарды, қарды, мұздақтарды жинау, шығару және кәдеге жарату.
2-1. Тасталған автокөлік – меншік иесі белгіленген тәртіпте бас тартқан және (немесе) 30 күннен аса жылжымайтын күйде тұрған көлік құралы.
Ескерту. 2-тарау 2-1-тармақпен толықтырылды - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
3. Коммуналдық қалдықтар, ІКҚ шығару шарты - тапсырысшы мен қоқыс шығаратын мердігерлік ұйыммен коммуналдық қалдықтар, ІКҚ шығару жөнінде заңдық күші бар жазбаша келісім.
4. Бекітілген аумақ - осы Қағидалармен, Астана қаласы аудан әкімдері актілерімен, тазарту және күтіп ұстау жұмыстарын жүргізу үшін, бекітіліп берілген учаске.
Қала шегінде бекітілген объектілер болып табылатындар:
қала көшелері жағындағы, өтпе жолдың шетімен шектелген, қала көшелері жағындағы - жетілдірілген төсемдері бар көшелер үшін немесе өтпе жолдың ортасына дейінгі аумақ - жетілдірілмеген төсемдері бар көшелер үшін;
ораміші аумақтарының учаскелері;
аула ішілік аумақтар - шағын сәулет нысандарын, балалар, кір жаю, контейнер алаңшаларын, автокөлік аялдатуларын, сәндік құрылғылар орнату, үйге кіретін жолдар, аулаға енетін жолдар үшін пайдаланылатын (бір аулада бірнеше жер пайдаланушылар болған жағдайда бекітілген аумақтың шекарасы пайдаланылатын аумақ шекарасы бойынша үйлесімді түрде немесе тараптардың келісімімен анықталады) жерлер;
уәкілетті органдардың рұқсатымен, жинақтау үшін және басқа да мақсаттарға, уақытша пайдаланылатын аумақ;
іргелес жатқан аумақ;
жер үсті жылу желілерінің қорғалатын аумақтары.
Бекітілген аумақтың субъектілері болып жеке тұлға сияқты, заңды тұлға да бола алады:
пәтер иелері кооперативтері (одан әрі - ПИК);
ғимараттар мен орын-жайлардың иелері;
жер уақытша немесе тұрақты пайдалануға берілген тұлғалар.
Аумақты бекітіп беру аудан сәулетшілерінің ұсынымымен және Астана қаласы аудандары әкімдерінің заңды және жеке тұлғалардың келісімімен жүргізіледі.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімін.
5. Ғимарат - көтергіш және қоршау құрылғыларынан тұратын, міндетті түрде жер үсті тұйық көлемін жасайтын, функционалдық қызметіне қарай, адамдардың тұруы немесе болуына, өндірістік істерді орындау үшін, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыру мен сақтауға арналып салынған жасанды құрылыс. Ғимараттың жер асты бөлігі болуы мүмкін.
6. Жерді пайдаланушы - мақсаты мен меншік түріне қарамастан, (кәсіпорындар, ұйымдар, коммерциялық құрылымдар, кәсіпкерлер, жеке меншік секторындағы үй иелері, пәтер иелері кооперативтері және басқалар) қала шекарасында жер учаскелерін пайдаланушы заңды немесе жеке тұлға.
7. Көшелердің санаттары - жолдардың, көшелердің және кіру жолдарының көлік қозғалысының үдемелілігі мен олардың пайдаланылуы мен күтіп ұсталуына қойылатын ерекшеліктеріне байланысты жіктеледі.
8. Контейнер - стандартты коммуналдық қалдықтар жинауға арналған сыйымдылық.
9. Ірі көлемді қалдық (бұдан әрі - ІКҚ) - өзінің тұтыну қасиеттерін жоғалтқан, тұтыну және шаруашылық қызметінің қалдықтары (тұрмыстық техника, жиһаз және т.б.).
10. Шағын сәулеттік нысандар - көлемі жағынан кішкене әсемдік, сондай-ақ іске жарамды сипаттағы объектілер:
сәндік құрылғылар - мүсіндер, бұрқақтар мен әсемдік су тоғандар, стелалар, оймабедерлер, гүл құмыралары, ту салғыштар және басқалар;
іске асыру сипатындағы құрылғылар - демалу орындары, павильондар, дүңгіршектер, сауда арбалары, телефон және сауда автоматтары, аттракциондар, орындықтар, қоршаулар, қоқыс қораптары, көшелер, үйлер мен жарнама тақтайшалары, пошта жәшіктері және басқалар.
11. Жалпы пайдалану орындары - демалыс аймақтары (саябақтар, жағажайлар, тынымбақтар), алаңдар, көлік аялдамалары және т.б.
11-1. Қоқыс тасушы ұйым – сұрыптауды, залалсыздандыруды және кейіннен жойылатын етіп коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеуді жүзеге асыратын мамандандырылған кәсіпорындармен шарттық қатынастары бар коммуналдық қалдықтарды мамандандырылған көлікпен шығаруды жүзеге асыратын ұйым.
Ескерту. 2-тарау 11-1-тармақпен толықтырылды - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
12. Жөн-жосықсыз төгілетін қоқыстар үйінділері - заңды және жеке тұлғалардың жұмысы кезінде пайда болған коммуналдық қалдықтар (ІКҚ), өндіріс және құрылыс қалдықтары, басқа қоқыстар, қар, мұздарды өз еркімен (жөн-жосықсыз төгілетін) шығару (орналастыру) немесе үю.
13. Бөлінген аумақ - жер пайдаланушының (кәсіпорынға, мекемеге, жеке тұлғаға және т.б.) иелігіне тапсырылған немесе Қазақстан Республикасының заңнамалармен қарастырылған, уәкілетті органдардың құқықтық шешімдеріне сәйкес пайдалану үшін, өзіне жататын объектілерді орналастыруға берілген жер учаскесі.
14. Өндірістік және тұтыну қалдықтары (одан әрі - қалдықтар) - өндіру және тұтыну кезінде пайда болған шикізат, материалдар, жартылай өңделген өнімдердің, басқа да бұйымдар мен тағамдардың қалдықтары, сондай-ақ өздерінің тұтыну қасиеттерін жоғалтқан тауарлар (өнімдер).
15. Аумақты тазарту - аумақты жинау, тұрмыстық қалдықтарды, қоқыстарды, қарды, мұздақтарды жинау, шығару және кәдеге жарату (зарарсыздандыру).
15-1. Аумақтарды абаттандыру, жинау және жабдықтау паспорты – объектілерге тексеріс жүргізу нәтижелері бойынша құрастырылған және аудан әкімімен бекітілген, абаттандыру және санитарлық жабдықтау жұмыстарын ұйымдастыру үшін қажет болып табылатын объектінің техникалық, идентификациялық сипаттамалары көрсетілген бекітілген нысанды құжат.
Ескерту. 2-тарау 15-1-тармақпен толықтырылды - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
16. Іргелес жатқан аумақ - тікелей ғимараттар, орын-жайлар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объектілеріне және заңды немесе жеке тұлғалардың балансындағы меншігінде, иелігінде, жалға алып пайдаланылуындағы, пайдалануындағы басқа объектілер шекараларына (периметрі бойынша 5 метр шекарадағы) жанасып жатқан аумақ.
17. Өту жолдары, өтетін жер - тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және басқа да аудандар, шағын аудандар, орамдар ішіндегі қалалық құрылыс объектілеріне көлік құралдарының кіруін қамтамасыз етуші жол элементі.
17-1. Шашылған автокөлік – негізгі тораптар мен агрегаттар, шанақ бөлшектері және тиеу, шыны және доңғалағы жоқ көлік, сондай-ақ олардың идентификациясын мүмкін емес етіп тұрған терең коррозиясының расталуы.
Ескерту. 2-тарау 17-1-тармақпен толықтырылды - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
18. Коммуналдық қалдықтар, ІКҚ жинау және шығару - коммуналдық қалдықтар контейнерлерден арнайы автокөліктерге арту, контейнер алаңшаларын және оларға кіретін жолдарды шашылған қоқыстардан тазарту және оларды қоқыс жинау орнынан кәдеге жарату орнына тасымалдау.
19. Жолдарды күтіп ұстау - нәтижесінде талапқа сай келетін, жол мен жол құрылғыларының көліктік-тұтыну жағдайы сақталатын, жұмыстар жиынтығы.
20. Орын-жай - өндірістік үрдістерді орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыру мен сақтауға немесе адамдар мен жүктердің уақытша тұруына (ауысуына), сондай-ақ құралдарды (құбырлар, сымдар) немесе коммуникацияларды орналастыруға арналған, көлемді, жазықты немесе тізбекті салынған жасанды құрылыс (жер үсті, су үсті немесе жер асты, су асты). Құрылғы сондай-ақ көркем-эстетикалық, сәндік-қолданбалы немесе мемориалдық болуы мүмкін.
20-1. Арнайы коммуналдық қорғалатын тұрақ – ұсталған көліктер құралын, осы Қағидаларды және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін бұзғаны үшін алып қойылған аз мөлшерлі ыдысты сақтауға арналған тұрақ.
Ескерту. 2-тарау 20-1-тармақпен толықтырылды - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
20-2. Қатты тұрмыстық қалдықтар (бұдан әрі – ҚТҚ) – коммуналдық қалдықтардың құрамдас бөлігі болып табылатын тұтыну тұрмыстық қалдықтары.
Ескерту. 2-тарау 20-2-тармақпен толықтырылды - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
21. Алынып тасталды - Астана қаласы мәслихатының 2008.12.18 N 168/28-IV (осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) Шешімімен.
22. Жаяужолдар - жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолға жалғасып жатқан немесе одан гүлкестемен бөлініп жатқан жолдың бөлшегі.
23. Уәкілетті орган - Астана қаласы әкімдігімен анықталатын коммуналдық шаруашылық саласында құзыры бар орган.
23-1. Қалдықтарды орналастыру нормативі – қоршаған ортаға олардың әсерін есепке ала отырып, қалдықтарды орналастыру бойынша сандық және сапалы шектеу.
Ескерту. 23-1-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2008.12.18 N 168/28-IV (осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) Шешімімен.
23-2. Қалдықтармен жұмыс iстеу – қалдықтардың пайда болуының алдын алуды және оларды азайтуды, есепке алу мен бақылауды, қалдықтардың жиналып қалуын, сондай-ақ қалдықтарды жинауды, өңдеудi, кәдеге жаратуды, залалсыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды (жинап қоюды) және жоюды қоса алғанда, қалдықтармен байланысты қызмет түрлерi.
Ескерту. 23-2-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2008.12.18 N 168/28-IV (осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) Шешімімен.
23-3. Қалдықтарды тасымалдау – қалдықтардың пайда болуы, жинақтау, сақтау, кәдеге асыру, көму және/немесе жою орындарының немесе объектілердің арасында қалдықтарды орналастырумен байланысты қызмет.
Ескерту. 23-3-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2008.12.18 N 168/28-IV (осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) Шешімімен.
23-4. Қоршаған орта мониторингі – табиғи және антропогенді факторлардың әсерінен қоршаған орта жай-күйінің өзгерістеріне баға беру және болжау, қоршаған орта жағдайын бақылаудың кешенді жүйесі.
Ескерту. 23-4-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2008.12.18 N 168/28-IV (осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) Шешімімен.
23-5. Коммуналдық қалдықтар – елдi мекендерде, оның iшiнде адамның тiршiлiк ету нәтижесiнде пайда болған тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы мен қалыптасу сипатына ұқсас өндiрiс қалдықтары.
Ескерту. 23-5-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2008.12.18 N 168/28-IV (осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) Шешімімен.
23-6. Қалдықтарды жою – қалдықтарды көму және жою жөнiндегi операциялар.
Ескерту. 23-6-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2008.12.18 N 168/28-IV (осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) Шешімімен.
23-7. Қалдықтарды залалсыздандыру – механикалық, физикалық-химиялық немесе биологиялық өңдеу жолымен қалдықтардың қауiптi қасиеттерiн азайту немесе жою.
Ескерту. 23-7-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2008.12.18 N 168/28-IV (осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) Шешімімен.
23-8. Қалдықтарды кәдеге жарату – қалдықтарды қайталама материалдық немесе энергетикалық ресурстар ретiнде пайдалану.
Ескерту. 23-8-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2008.12.18 N 168/28-IV (осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) Шешімімен.
23-9. Қалдықтарды көму – қалдықтарды шектеусiз мерзiм iшiнде қауiпсiз сақтау үшiн арнайы белгiленген орындарға жинап қою.
Ескерту. 23-9-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2008.12.18 N 168/28-IV (осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) Шешімімен.
23-10. Қалдықтарды өңдеу – қалдықтардың көлемiн немесе қауiптi қасиеттерiн азайту үшiн олардың сипатын өзгертетiн, олармен жұмыс iстеудi жеңiлдететiн немесе оларды кәдеге жаратуды жақсартатын сұрыптауды қоса алғанда, физикалық, жылу, химиялық немесе биологиялық процестер.
Ескерту. 23-10-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2008.12.18 N 168/28-IV (осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) Шешімімен.
23-11. Қалдықтарды орналастыру – өндiрiс және тұтыну қалдықтарын сақтау немесе көму.
Ескерту. 23-11-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2008.12.18 N 168/28-IV (осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) Шешімімен.
23-12. Қалдықтарды сақтау – қалдықтарды кейiннен қауiпсiз жою мақсатында оларды арнайы бөлiнген жерлерде жинап қою.
Ескерту. 23-12-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2008.12.18 N 168/28-IV (осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) Шешімімен.
23-13. Сұйық қалдықтар – сарқынды суларды қоспағанда, сұйық түріндегi кез келген қалдықтар.
Ескерту. 23-13-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2008.12.18 N 168/28-IV (осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) Шешімімен.
3. Қала аумағын тазарту тәртібі
24. Жер учаскелерін пайдаланушылар арасындағы аумақтардың тазарту жұмыстарының шекарасын анықтау, заңды және жеке тұлғаларға бекітіліп берілген аумақтарға сәйкес, осы Қағида негізінде орындалады:
көше-жол желілері, алаңдарға қоғамдық орындар (жалпы пайдаланылатын демалыс аймақтары, саябақтар, тынымбақтар, жағажайлар) бойынша - коммуналдық шаруашылығының уәкілетті органымен мемлекеттік тапсырыс көлемінде;
ораміші аумақтары мен басқа да аумақтарды тазартудың шекарасы аудан сәулетшісімен анықталады және аудандар әкімдерінің актісімен бекітіледі.
25. Тазарту жұмыстары осы Қағидалардың талаптарына, уәкілетті органмен бекітілген нұсқаулар мен технологиялық ұсынымдарға сәйкес жүргізіледі.
26. Жалпы пайдаланылатын орындарды тазарту мен күту жұмыстары мына жұмыс түрлерін енгізеді:
1) ұсақ және тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды жинау мен шығару;
2) ірі көлемді қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;
3) сыпыру;
4) қамысты, құрайды, шөптерді және басқа да жабайы өсімдіктерді шабу және шығару;
5) қоршаулар мен шағын сәулет нысандарын жөндеу және сырлау.
Ескерту. 26-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
$1. Көшенің өту жолдарын тазарту
27. Жолдардың өту жерлерін барлық ені бойынша тазарту; алаңдардың, көшелердің және қалалық көше желілерін, сондай-ақ жағалаулар, көпірлер, жол желілерін күту мен тазалау жұмыстарын осы жұмыстарды жүргізуге мемлекеттік тапсырыс жасау шарты негізінде, мердігер-кәсіпорындар жүргізеді.
28. Соңғы автобус пен троллейбус бағыттарының тұратын-айналу жолдарын тазартумен, (кесте бойынша) іргелес жатқан жолдарды тазалаумен айналысатын кәсіпорындар жүргізеді.
29. Жол төсемдерін үзіліссіз қоқыстан, батпақтан, қардан, технологиялық тазарту жұмыстарын қамтамасыз ету үшін халықтың жаппай баратын объектілеріне жақын орналасқан магистральды көшелерінің бойына күнделікті сағат 23.00-ден 7.00-ге дейін автокөлік құралдарын қоюға тыйым салынады; тыйым қажетті жол белгілерін қоюмен белгіленеді.
30. Магистральдардың, көшелердің және кіру жолдарының жол төсемдерін, осьтік және резервтік жолақтарын, жиектемелерін сыпыру жұмыстары, алдын ала суланғаннан кейін, уәкілетті органмен бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.
31. Жолдың жүру жағы қандай да болмасын ластан толығымен тазартылуы тиіс. Қозғалыс сызығымен белгіленген, осьтік және резервтік жолақтары тұрақты түрде құм мен әртүрлі ұсақ қоқыстардан тазартылуы қажет.
32. Жолдардың жиектері ірі көлемді және басқа қоқыстардан тазартылуы қажет. Жұмыстарды жүргізу кезінде қоқысты көшенің және өту жолдарының жағына шығаруға тыйым салынады.
$2. Жаяужолдарды тазарту жұмыстары
33. Көше мен өту жолдары бойымен орналасқан немесе жол жағынан гүлкестемен бөлінген және тұрғын жай ғимараттарының кіре берісінен, аула аумақтарынан, мекемелерден, кәсіпорындардан, сауда және қызмет көрсету объектілерінде орналасқан жаяужолдарды, жағалаулық кәсіпорындарға іргелес жатқан қоршауына тікелей шығу жолы жоқ жаяужолдарды тазарту жұмыстары жол жағын тазарту мен күту жұмыстарын жүргізетін кәсіпорындармен жүргізіледі.
34. Көпірлердегі, жол желілеріндегі жаяужолдарды, сондай-ақ инженерлік құрылғыларға және баспалдаққа шығатын жерлерге жалғасқан техникалық жаяужолдарды тазарту, осы құрылғылардың қожасы болып табылатын ұйымдармен жүргізіледі.
35. Көшенің жол жағынан гүлкестемен бөлінген жаяужолдар және тұрғын жай ғимараттарының кіре берісінен, аула аумақтарынан, мекемелерден, кәсіпорындардан, сауда және қызмет көрсету объектілерінен шығатын жерлердің жол жағын тазарту мен күту жұмыстарын жүргізу Астана қаласы аудандар әкімдерінің актілерімен бекітіліп берілген аумақтарға сәйкес орындалады.
36. Көшелер мен өту жолдарының бойына орналасқан басқа жаяужолдар бойынша тазарту жұмыстары жүретін жолдарды күтуге жауапты кәсіпорындармен жүргізіледі.
37. Жаяужолдар толығымен топырақ-құмнан, әртүрлі қоқыстан тазартылуы қажет.
$3. Аялдама және отырғызу алаңдарын тазарту
38. Қалалық жолаушылар көлігінің аялдама алаңдарын тазалау жұмыстарын жолдарға тазарту жұмыстарын жүргізуші ұйымдар атқарады. Отырғызу алаңшаларын тазарту жөніндегі жұмыстардың шекарасы сызба карталарда көрсетіледі. Отырғызу алаңдары толығымен топырақ-құмнан, әртүрлі қоқыстан тазартылуы қажет.
39. Жолаушылар павильондары мен оларға іргелес жатқан қоғамдық жолаушылар тасымалдау көлігі аялдамаларын тазарту және жуу жұмыстары олардың иелерімен жүргізіледі.
$4. Басқа қала аумақтарын тазарту
40. Іргелес жатқан және бөлініп берілген аумақтарды, қала көшелерінен оларға кіретін жолдарды заңды және жеке тұлғалар меншігі мен пайдаланылуында ғимараттары бар, бөлініп берілген учаскелерде орнатылған аумақтарды тазарту мен күту жұмыстары өз күштерімен немесе шарт бойынша арнайыландырылған кәсіпорынмен орындалады.
41. Алынып тасталды - Астана қаласы мәслихатының 28.03.2013 № 122/14-V шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
42. Сыртқы жарықтың бағаналарының құрылғысы мен діңгегі аумағын және жаяужолдарда орнатылған байланыс желілерінің маңайын тазарту жұмыстарын жаяусоқпақтарды тазартуға жауапты кәсіпорындар жүргізеді.
43. Трансформаторларға немесе бөліп бергіш шағын станцияларға, автоматты түрде жұмыс істейтін, басқа инженерлік орын-жайларға, сондай-ақ тоқ беру желілерінің бағаналарына іргелес жатқан аумақтарын тазарту жұмыстарын осы объектілердің иелері жүргізеді. Жер үсті құбырларының астындағы қорғалатын аумақтарды тазарту мен күту жұмыстары желілердің иелерімен жүргізіледі.
44. Сауда объектілеріне іргелес жатқан, уақытша көшедегі сауда жасау аумағының орындарын (базарлар, сауда павильондары, жылдам салынатын сауда кешендері, шатырлар, дүңгіршектер және т.б.) көшедегі жүру жолдарын қоса, сауда объектілерінің иелері тазартады. Іргелес жатқан гүлкестелерге, шатырларға, сауда шатырларына, дүңгіршектерге жәшіктерді үюге жол берілмейді.
45. Ақылы автотұрақтардың, гараждардың аумақтарын тазарту жұмыстарын иелері мен осы объектілерді пайдаланушы ұйымдар жүргізеді.
46. Жанар-жағар май құю стансасына, автожуу бекеттеріне, құю кешендеріне және іргелес жатқан аумақтарға (өту жолына дейін) кіретін және шығатын жерлеріне тазарту мен тазалығын сақтау жұмыстарын осы объектілерді өз балансында ұстаушылар жүргізеді.
47. Көп уақыт бойы пайдаланылмаған және игерілмеген аумақтарды, ғимараттарды бұзғаннан кейінгі аумақты тазарту мен күту жұмыстарын, осы аумақ бөлініп берілген жер пайдаланушылар немесе тапсырысшы, немесе шарт бойынша ғимараттарды бұзу жұмысымен айналысқан мердігер кәсіпорындар жүргізеді.
48. Жапырақ түскен уақытта, бекітіліп берілген аумақтарды тазартуға жауапты ұйымдар, көшелер мен магистральдар бойындағы, аула аумақтарындағы түскен жапырақтарды сыпырып-сиыру жұмыстарын жүргізеді. Ағаштар мен бұталардың түбі жағына жапырақтарды жинауға жол берілмейді.
Ескерту. 48-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімін.
49. Заңды және жеке тұлғаларға және іргелес жатқан ғимараттарға, орын-жайларға және басқа объектілерге бекітіліп берілмеген, пайдаланылмайтын және бөлініп берілмеген аумақтардың тазарту мен күтіп ұстау жұмыстары бюджет қаражаты есебінен бөлінген қаражаттар шегінде орындалады.
50. Тастанды сулар (шұңқырлардан су сору, инженерлік желілердегі апат жағдайлары және т.б.) салдарынан пайда болған су басу жағдайлары болғанда, оларды жоюға бұзылуға жол берген ұйымдарға жүктеледі.
Ескерту. 50-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімін.
51. Жол жөндеу жұмыстарын жүргізген кездегі асфальттың жарықшақтары, осы жұмыстарды жүргізуші ұйымдармен: қаланың бас магистралдарынан - тез арада, басқа көшелер мен аулалардан - тәулік мерзімінде шығарылады.
52. Суаққы желісін қоқыс басуын болдырмау үшін суаққы коллекторларына сыпырынды мен тұрмыстық қоқыстарды тастауға жол берілмейді.
Ескерту. 52-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімін.
52-1. Қала аумағындағы өзендер, сутоғандар, арналар акваторияларынан қоқыс шығару және оларға жапсарласқан аумақтарды жабдықтау жауапкершілігі қызмет көрсетуші кәсіпорынға жүктеледі. Қызмет көрсетуші кәсіпорындардың жұмысын бақылауды аудандар әкімдерінің аппараттары жүзеге асырады.
Ескерту. 3-тарау 52-1-тармақпен толықтырылды - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
52-2. Өту бөліктерінің қоршауларын, жиекжолдар және гүлзарларды, жолдарды абаттандырудың басқа да элементтерін жабдықтау олар теңгерімінде болып табылатын кәсіпорындарға жүктеледі.
Ескерту. 3-тарау 52-2-тармақпен толықтырылды - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
52-3. Аула аумақтарын, аулаішілік өту жолдарын және жиекжолдарды көктемгі-күзгі кезеңде лайдан, шаңнан, шағын және көп қоқыстан тазалау, оларды жуу, қардан және мұздан тазалау, сондай-ақ тазалықты қолдау абаттандыру бекітілген аумақтардың субъектілерімен қамтамасыз етіледі.
Ескерту. 3-тарау 52-3-тармақпен толықтырылды - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
Достарыңызбен бөлісу: |