Абдразаков б. Б


Мемлекттің ішкі істеріне арласпау қағидаты



бет20/37
Дата13.06.2022
өлшемі0.88 Mb.
#459196
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37
Халықаралық процесс

Мемлекттің ішкі істеріне арласпау қағидаты.
Бұл қағидат егеменді қағидатымен қатар, халықаралық құқықта ұлттардың мелекеттігі үшін күрес процесінде, буржуазиялық – демократиялық төңкерістер кезеңінде құрылған.
Араласпау қағидаты БҰҰ Жарғысында анықталып белгіленген (2-бап,7-т.). БҰҰ БА –ның мемлекеттердің ішкі істеріне араласуға жол бермеу туралы көптеген қарарларында Бүкілеуропалық Кеңестің Қорытынды актісінде осы қағидаттың беделді талқылауы берілген. “ Мемлекеттердің ішкі өкілеттігіне кіретін істерге “ араласу БҰҰ Жарғысына сәкес жіберілмейді.
Мелекеттердің ынтымақтастығы қағидаты.
БҰҰ Жарғысын құрайтын нормалар жүйесінде мемлекеттер ынтымақтастығы идеясы негізгі болып табылады. Жарғының бірінші бабы ұйымның басты мақсаттарын айта отырып, осы ұйымның “халықтардың ортақ мақсаттарына жету жолындағы ұлттар келісімінің орталығы болуы керек”


Қазіргі кездегі халықаралық құқық субъектілері
Бұл тақырып қазіргі кездің өзекті мәселесі болып отыр.Өйткені Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алып,егеменді мемлекет болғалы бері сыртқы саясатын нығайтып,көптеген мемлекеттердің тануымен қолдауын алып,БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдарға мүше болды.Мемлекеттердің қолдауы және көпжақты немесе екіжақты келісім шарттарға отыру-Қазақстан Республикасының егеменді мемлекет ретінде дамуының маңызды,қажетті факторы.
Қазақстан Республикасының қазір 117 мемлекет танып отыр және олардың 105-імен дипломатиялық қарым-қатынас орнатылған.Қазақстан БҰҰ мен Халықаралық қайта құру және Даму банкі,сондай-ақ Халықаралық валюталық қор,ЮНЕСКО,МАГАТЭ,ИКАО-ны қоса алғанда,51халықаралық ұйымға мүше болды.Сондықтан да Қазақстан Республикасын халықаралық құқықтың толық субьектісі қатарына жатқызуға болады.
Халықаралық құқықтың субьектілері.
-негізгі субьектілерге мемлекеттер,тәуелсіздігі үшін күресіп жатқан халықтар мен ұлттар,азаматтар(бірақ бұл даулы мәселе)жатады.
-туынды субьектілерге мемлекетке ұқсас құрылымдар,еркін қалалар,халықаралық ұйымдар жатады.
Халықаралық субъектілерінің бірқатарында мемлекеттер тұрады. Мемлекет бұл- саяси биліктік сипаттағы күделі ұйым. Жалпы, мемлекеттің өмір сүруі үшін келесі төрт жағдайлардың болуы қажет
Біріншіден, мемлекеттің халқы, яғни нәсіліне, тіліне және діни көзқарасы мен басқа да жағдайларға қарамастан, қоғамда бірге өмір сүретін 2 жынысты адамдар тобының болу қажеттігін айтамыз.
Екіншіден, осы халықтың өмір сүруі үшін жері, аумақтың болуы.
Үшіншіден, мемлекетте үкімет, яғни елді басқаратын бір немесе бірнеше тұлғалардан тұратын халықтың өкілдері болуы қажет.
Төртіншіден, сол үкіметтің егемендігі. Егемендік- бұл жер бетіндегі қандай да бір билікке тәуелсіз, ең жоғарғы билік. Үкіметтің егемендігі өз мемлекеті шегінде немесе одан да тыс қандай да билікке тәуелсіз болуы. Егемендік- мемлекеттің өз аумақ шегіндегі жоғарғы билігі. Сондықтанда мемлекеттің қазіргі қауымның саяси ұйымы болып табылады. Мемлекет үстінен оған бұйрық беретін жоғарғы билік жоқ. Мемлекеттер бір-біріне бағынбайды. Осы жерден біз мемлекеттің егемендігін көре аламыз. Егемендік – мемлекеттің халықаралық құқық субъектісі ретінде міндетті, керекті белгісі
Мемлекет халықаралық құқықтың субъектісі ретінде үш түрге бөлінеді:
1. Біртұтас мемлекет
2. Конфедерация.
3. Федерация


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет