Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті
БӨЖ
Тақырыбы: Жоғарғы сынып оқушыларын өмірлік қиын жағдайларды жеңуге даярлау.
Қабылдаған: Косжанова Улбосын
Орындаған:Жарылхасын Шұғыла
Тобы:ЖФЗ-211
Түркістан,2024
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1) Жасөспірімдердің әлеуметтік- психологиялық дамуы
2) Жас буынды өмірлік қиын жағдайларды жеңуге даярлау
3)Жасөспірімге қоғамдағы орнын табуға көмектесу
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Жасөспірімдерді түсіну — күрделі үрдіс. Қоршаған ортаның өзгермелі болуынан жасөспірімдер бір жағдайдың өзін түрліше бағалауы мүмкін, өйткені бір сыныптағы оқушылар санасының деңгейі түрліше болады. Тәрбиеде салақтыққа жол беру қиындықтардың бірі болып табылады. Бұл үлкендердің өзінің айтқандарын міндетті түрде орындауды талап етуіне байланысты, баланың өздігінен әрекет жасауына кедергі келтіруге байланысты туындайды. Мұндай жағдайда мұғалім жасөспірімдер әрекетінің ішкі дәлелдеріне үйлес болуына тырысуы керек. Олай болмаған жағдайда тәрбиелік жұмыстағы мұндай салақтық жасөспірімдердің көңіл күйін төмендетуге әкеп соқтыруы мүмкін. Мәселен, түрлі құбылыстарды түсіну мен бағалаудың арасында байланыстың әлсіздігінен көп ретте жасөспірімдердің іс-әрекеттерінде келіспеушілік туындайды. Бала бойында өз еркінің болмауы да осы тұста байқалады. Осындай себептерден жасөспірімдердің мінез-құлқында тұйықтық пайда болады. Бұл жастағы жасөспірімдердің тәрбиесіндегі тағы бір салғырттық олардың жауапсыздығы болып табылады, сонымен қатар жасөспірімдер өздеріне сенімсіз қарайды, өйткені ол өзі енетін әлеуметтік қатынастардың проблемасын ақырына дейін түсінбейді. Сондықтан жасөспірімдердің әлеуметтік әрекеттерін дамытудың, оларды қолдаудың және бағалаудың мәні аса зор. Егер отбасында және ұжымда жасөспірімдер әрекеттерінің онды жақтары қолдау тауып, бағаланатын болса, онда олар түрлі ортада болғанда өзіне деген сенімге ие болады. Өзіне сенімі жоқ жасөспірімдердің ақыл-ойының даму дәрежесі қаншалықты жоғары болса да, айналадағы дүниені ұғынуда оларда ауытқушылық байқалады. Жасөспірімдер тәрбиесінде кездесетін кемшіліктердің тағы бір түрі — қоғамда өзінің толық бағалы еместігін сөзінуі. Жасөспірімдердің әлеуметтік санасының жеткіліксіздігі қоғамдық мінез-құлықты бұзуға әкелетінін тәжірибе көрсетуде. Сондықтан олар өз құрбыларының ішіндегі әлеуметтік топтардың ықпалына тез түседі.. Ересек жасөспірімдер ой еңбегі мәдениетінің негіздерімен таныс. Олар өздерінің уақытын жоспарлай және тиімді пайдалана біледі. Күн режимін сақтай IX сынып оқушыларының санасында жаңа әлеуметтік көзқарастың пайда болуы ең басты нәрсе. Олар сезімнің, сананың, мінез-құлықтың дамуын ғана түсініп қоймастан, өзін-өзі басқаруға ұмтылыстың да ерекше маңызды екенін жақсы түсінеді. IX сынып оқушылары «Өмірдің мәні неде?», «Адамның шынайы бақыты деген не?», «Мүмкіндіктер және таланттар қандай болады?» деген сұрақтардың жауабын табуға қызығушылық танытады. Оларды адамның өмірдегі орны, адамшылық қарым-қатынастардың пайда болуы қызықтырады. Алайда, өмір тәжірибесінің жеткіліксіздігі, орнықпаған моральдық ұстанымдар, түрліше өмірлік жағдайлардың сыр-сипатын жете түсінбеушілік кейде оларды шешім қабылдауда қызбалыққа, бір жақты шешім қабылдауға әкеліп соқтырады. Бұл кезде оқушыларда сүйіспеншілік сезімі пайда болады. Олар достықты, жолдастықты бағалайды және мұғалімдер, ата-аналар, үлкендер тарапынан өздеріне құрметпен қарауды талап етеді. Олар көп жағдайда үлкендерден көмек сұрайтын болса да, өздерін үлкенбіз деп санайды. Алайда үлкендердің оқушылар жөнінде сөздеріндегі, қылықтарындағы, ақыл-кеңестеріндегі дөрекілігі оларға кері әсер етеді. Осыған байланысты жоғары сынып оқушыларының тәрбиесі көзінде мұғалімдерге олардың мінез-құлқының түрліше болатынына көңіл бөлуге тура келеді. Жоғары сынып оқушылары үшін ұжым қоғамдық тәрбиенің негізі болып қала беретінін де атап өткен жөн. Ұжымның міндеті тұлғаның қабілеттерін және оның жан-жақты тәрбиесін дамыту болып табылады. Жоғары сыныптарда талантты оқушылар анықталады, ұжымда да олар әрқашан ерекшеленіп тұрады. Жоғары сынып оқушыларының кейбіреулері үлкендер мен құрбылары алдында беделді болады, қоғамдық жұмыстарды орындайды, ал кейбіреулері нашар оқиды, қоғамдық жұмыспен айналыспайды, сонысымен олар өздерінің тәрбиесіне нұқсан келтіреді. Бұл жаста білімді жалғастыруға және оның болашақ мамандығының сипатына тәуелсіз қоғамдық өмірге толық қосылуына қажетті жалпы білімдік даярлықтың іргетасы қаланады. Негізгі мектепті (IX сынып) бітірушілерге орта білім алуды аяқтаудың жолдары мен мерзімдерін тандауға, сондай-ақ кешкі және сырттан оқу жүйесінде білімін жалғастыру мүмкіндігімен еңбек қызметін бастауға құқық беріледі. Жоғарыдағыларды ескере келіп, мұғалімдердің, тәрбиешілердің, ата-аналардың оқушылардың өзін-өзі қалыптастыру, өздігінен даму, өздігінен тұжырым жасау сияқты ішкі қажеттіліктерге деген олардың даярлығын және оның дүниежүзілік білім кеңістігінің талаптарына сәйкес толық орта білім алуға мүмкіндік беретінін есте ұстаған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |