Буддист деректері бойынша Буддадан алдын 24 Будда келген. Ол жиырма бесіншісі. Одан кейін Меттея (Майтрея) келеді. Будда Тусита пейішінде болып, уақыты келгенде дүниеге келгені сияқты Меттея да осылай жасайды. Буддист деректері бойынша Будданың дүниеге келуінен алдыңғы, балалық және жастық шағы, сарайдан кетуі, сопылық өмірі, апта астында көлеңкелеген Інжір ағашы (Бо, Бодхи ағашы) және одан кейінгілерімен қатысты өте көп мифологиялық аңыздар орын алған. Будда Інжір ағашының астында хабардар болғанға дейін «Бодхисатва» (Будда өкілі) болып есептеледі. Оның алғашқы шәкірттері; бірге сопылық өмірге кіріп, оның сопылық өмірді тастауымен одан бөлініп кеткендер және қол жеткізген ақиқатын алғаш уағыздаған осылайша Сангхаға қабылдаған бес сопы және Інжір ағашының астында оған тағам әкеліп оның ілімін қабыл еткен екі саудагер. Одан кейін бірінші болып сол жердің иелері, саудагерлер және көптеген адамдар мен араларында брахмандар да Буддист болды.
Бұлардан кейбіреулері Сангхаға жазушы ретінде қабыл етілді. Будда монахтарға ілімін уағыздау міндетін жүктеді. Олар бұл міндетті жан-жақта жүріп адамдарға өздерін ұстай білуі, қарапайым да жұпыны өмір, сыпайылық үйрету арқылы орындаулары керек еді. Бұл монахтардың арасында алғашқы бес сопыдан Ассажидің көмегімен ақиқатты үйренген және Будда тарапынан Сангхаға қабылданған Сарипутта мен Моггалана да бар болатын (Бұлар Буддадан алдын өмірден өтті). Тағы да айта кететін жайт Будда өлгенде ол да қатысуы үшін денесінің отқа жағылуы кейінге қалдырылған және алғашқы консильге төрағалық жасаған, Үлкен Касяпамен бір консильде Виная мәтінін оқыған Упали сангханың алғашқы әрі маңызды мүшелерінен. Бірақ Будданың сүйікті шәкірті жиені Ананда еді (Яхуди дінінде Хз. Харунның Хз. Мұсаға, Христиандықта Жоханның Хз. Исаға, Исламда Хз. Алидың Хз. Мұхаммед (с.а.у.)-ға деген жағдайы сияқты). Ананда тірі кезінде Буддаға үлкен қызметтер көрсеткен, оны екінші жиені Девадаттаның улаймын дегенде құтқарған, бұдан басқа әйелдердің Сангхаға қабылдануы мәселесінде ұстазын иландырған.
Будданы Патша Бимбисара қолдады. Ол Магадха патшалығы шегарасының ішінде, айрықша Ражагаха мен Сравасти төңірегінде дәстүрлік ретінде Солтүстік батыс Үндістанға, Пенжапқа дейінгі созылып жатқаны сөз болған жерлерде 40 жылдан аса уақыт жүрді. Оған қаншама жерлер, ғимараттар берілсе де бір жерде тұрақтап қалмады. Осы сыйға тартылғандардың арасында бір патшаның баласы Жетаның жаңбырлы маусымдарда монахтардың дем алып, тұрақтауы үшін жасатқан монастр (вихара) және бөліп берген саябағы ең маңыздыларынан (Сравастиде). Будда өмірінің ақырына дейін уағыздаумен, үйретумен өтті. Айтқандары жалпы үлкен ықыласпен қабыл етті. Арасында оған қарсы шыққандар да болды. Салт бойынша 80 жасынан асқанда өлетінін осылайша шәкірттері мен міндетінің артта қалатынын түсінген Будда қасына Анандамен бірге Уттар-Прадеште Маллалылардың өлкесіндегі Кушинагараға барды. Ол жерде бір орын дайындатып, басын солтүстікке беріп оң жағымен жатты. Ананда мен монахтарға соңғы насихаты мен ескертулерін айтты. Соңғы шәкірті Субхадра оның иландыруымен Буддист болды.
Будда ол жердегі бес жүз шәкіртіне айтқандарынан және Сангха қағидаларынан түсінбегендері бар ма деп сұрады. Сұрағы үш рет қайталанды. Ананда түсінбегендердің жоқ екендігін айтты. Будда сол жердегі бес жүз адамның соңында құтылатынын кепілді екендігін айтып оларға былай деді: «Бауырларым, қазір сіздерден байрыламын. Әрбір нәрсе өткінші. Құтылуыңызға қайрат көрсетіңіздер». Будда осы сөздерінен кейін Нирванаға қауышты. Касияпаның және бес жүз шәкіртінің келуімен Будданың мүрдесін өртеп, сүйектері мен қалдықтары сақталып он бөлікке бөлінді. Ол жерде бір ступа жасалып, басқа бөліктері де әрбір ступада жасалып қорғауға алынды. Кейінгі ступаларға осы он орталықтан қалғаны берілді.
Будданың өлімінің артынан жаңбырлы кезеңде Касияпа, айрықша Ананданың білетін Будданың маңызды сөздері мен Сангха қағидаларының қайталанған Ражагаха (Магадха патшалығының астанасы) консильінде басшылық жасады. Бұл консильде бес жүз монах қатысты. Шамамен жүз жылдан кейін монахтар арасындағы пікір қайшылығына байланысты Весалиде екінші консиль жиналды. Бұл консильге жеті жүз монах қатысты. Қайшылық жойылды. Калашока патшаның қолдауымен өткен бұл консильде, алғашқысында болғаны сияқты сутта және виная жаңадан ретке келтірілді. Үшінші консиль б.э.б. ІІІ ғасырда доктринада шыққан қайшылыққа байланысты, өзі Буддист Император Ашока (б.э.б. 273-236) кезеңінде жиналды. Бұл консиль бір монахтың қатысуымен Ражагаханың орнын алған жаңа астана Паталипуттада (Патна) болды. Ашока (Асока) бұл консильде бір жақты ұстанған жоқ. Ол екінші консильден алдын бастаған доктринадағы пікір айырмашылығының жаңадан өршуіне байланысты, қол астындағылардың арасындағы тепе-теңдікті сақтау және мәзһәб тартысынның алдын алу үшін мұндай консильге қолдау көрсетті (Константиннің Христиан тарихындағы орнымен салыстыруға болады). Консильдің аяқ жағында Стхавира деген алғашқылардың дәстүрлік көзқарасы таңдалынып алынды. Екінші жақ Сарваштивадиндер төменгі Ганж жазығының солтүстік батысынан Мадхураға қарай кері кетті. Консильден кейін Буддизм, сол уақыттағы Үндістанның төрт патшалықтан бірі болып саналатын Магадхадан Үндістанға тарады.
Ашока дәуірінде Магадха, табиғи қазбалары, металлдары, егін шаруашылығы және сауда тұрғысынан империя халіне келген болатын. Ашока Буддист болмай тұрып жерлерін кеңейту үшін бастаған соғыстарының бірінде қанды, адам өлтіру арқылы қол жеткізілген жеңістен жиренуге және тіршілік иелеріне деген жан ашу деген сезімі оянды. Әйелдерінен бірінің иландыруымен Буддист болған соң өмірін жерлерді алудың орнына көңілдерден орын алуға, дұшпанмен соғысудың орнына нәпсісімен күресуге арнады. Шындығында барлығы дерлік оның қол астында болатын. Буддист түсініктерінің ұмытылмауы үшін Үндістанның түрлі жерлерде тас және жартастарға жаздырды.
Мұндай мықты императордың қамқорлығына қауышу, Буддизмге басқа дін мен мәзһәбтарға қарағанда бір мемлекет діні секілді жеңілдікке қол жеткізді. Мұнымен қатар Ашока оны ұстанушыларға қамқорлықпен көрсетті. Бұл кезеңде Буддизмнің насихаты тек қана Үндістанда ғана емес, ұзақ шет мемлекеттерге дейін тарады. Бұл әрекеттің алғашқы нәтижесі Цейлонның Буддизмді қабылдауы еді. Ашока Цейлонға ұлы (немесе бауыры) Махинданы жіберген болатын. Мұны Гандхара, Кашмир, Мисора және уақыт өте келе батысқа, Азияға, Сирия, Мысыр, Солтүстік Африкаға жіберілген арнайы міндеттелген монахтар қадағалады. Түркістанға Буддизмнің кіруінің (кейіннен білінсе де) Ашока кезеңінде болғандығын алға тартушылар бар. Өздерінікінің ең сенімді және Будданың сөздерінің негізгі түбірі екендігін алға тартқан Тхеравада Буддизмнің (қазіргі Цейлон, Бурма, Тайланд және Камбоджада) қасиетті кітап мәтіндерінде Ашоканың аты аталмайды. Бұдан Пали тіліндегі қасиетті мәтіндердің (Ти-Питака) мұнан алдын аяқталып дәлелденгендігін шығарғандар бар. Ашока кезеңінен қалған жартас жазбаларының кейбір сөздерінен осының түсінілетінін алға тартады. цейлонның Буддист салты бойынша ол кездерде Магадхада Пали тілі қолданылатындығы, сол себепті қасиетті кітаптарындағы Буддаға байланыстырылған сөйлемдердің тек өзінің сөздері екендігін қабыл етеді. Алайда қазіргі таңдағы тіл зерттеулері Магадхи мен Пали арасында айтарлықтай айырмашылық бар екендігін дәлелдеген. Бұл жайындағы тартыстар Тхеравада қасиетті мәтіндерді Типатаканың тілінің Пали болып оның түрлі бөлімдерінің Үндістанның әр өлкелерінен келуі себебімен алуан жергілікті тілдерден сөздердің бірлескендігі, арадан жүздеген жылдар өткен кейін де бұл ауызекі жеткен сөздердің жазбашаға өткендігін көрсетеді.