Адилбекова Г. О. «Микробиология және вирусология» пәнінен


Қазақстанда жалпы микробиология мен вирусологияның негізін қалаушылар Д.М.Новогрудский, Д.Л.Шамис, Х.Ж.Жұматов болып саналады. Д.М.Новогрудский



бет4/80
Дата31.01.2023
өлшемі0.7 Mb.
#468958
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80
Àäèëáåêîâà Ã. Î. «Ìèêðîáèîëîãèÿ æ?íå âèðóñîëîãèÿ» ï?í³íåí

Қазақстанда жалпы микробиология мен вирусологияның негізін қалаушылар Д.М.Новогрудский, Д.Л.Шамис, Х.Ж.Жұматов болып саналады.
Д.М.Новогрудский (1898-1950 жж.) Қазақстанда 1938 ж. дан бастап ғылыми қызмет атқарды. Ол топырақ микроорганизмдерінің биологиясын зерттеді. Азотобактерияларды, актиномициттерді, мицелиалды саңырау- құлақтарды зерттеу әдісін ашты. Топырақ бактериялары мен өсімдік өңездерінің арасындағы қарсылықты және псевдомоналар мен микробактерияларды зерттеді, антогонист микробтарды өсімдік зиянкестерін жоюға қолдануды ұсынды.
Д.Л.Шамис (1902 – 1972 жж.) ҚР Ғылым Академиясының құрамында алғаш микробиология және вирусология институтын ашып, оның алғашқы директоры болды. Нан, шарап өнеркәсібінде қолданылатын ашытқы бактерияларын зерттеді. Шөп сүрлеу ашытқыларын жасап, оларды қолдану әдістерін ауылшаруашылығына тартты.
Х.Ж.Жұматов (1912-1972жж.) Қазақстанда алғаш рет вирусологиялық лаборатория ашып, сол жылдарда ғылым академиясы құрамында ашылған Миробиология және Вирусология институтының негізгі ірге тасын қаласты. Бұл вирусологияның жаңа әлемде орын ала бастаған еді. Өз жұмыстарымен Х.Ж.Жұматов сол ғылымының негізгі қалаушылардың бірі болды. Ол 1954-1957жж. ҚР-да болған полиомелит індетіне қарсы күресті басқарды, эпидемиология және вирусологияда бар бүкіл жаңа әдістерін қолдана отырып, үлкен жетістіктерге жетті. Кейіннен генетиканы, биохимияны және иммунологияны дамытты.
Қазақстанда миробиология және вирусология ғылымының даму кезеңі Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейіннгі жылдармен тығыз байланысты.
ҚР Ғылым академиясы құрамында 1946 ж. алғаш микробиология және вирусология секциясы өз жұмысын бастап, 1956ж. өз алдына Институт болып құрылды. Осы кезеңмен денсаулық сақтау Министрлігі жанынан қазақ эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар ғылыми – зерттеу институтының ашылуы тығыз байланысты.
Өткен жылдардың 60-70 жылдарында Орта Азияда жұқпалы аурулардың, соның әшәнде әсіресе, оба ауруының күрт өршіп, дамып кету қауіпі тұрды. Осындай аса қатерлі жұқпалы аурулардың алдын алу және оларды болдырмау үшін Алматы қаласында Орта Азия обаға қарсы институты ашылды. Бұл институт аса қатерлі жұқпалы аурулар қоздырғышының негізгі таратушы көзі болып саналатын кеміргіштер мен жабайы жыртқыш жануарларды есепке алып реттестіріп отырды. Егер де олардың саны ас көп мөлшерден асса оларға қарсы күрес жүргізді. Қазақстанның әр аймағында институттың бөлімшелері ашылды. Институт сонымен қатар аймақтық станциялар, мен олардың бөлімше мамандығының біліктілігін арттырды.
Цитология және электронды микроскоппен зерттеу әдістерінің даму әр түллі организмдерді бір-бірінен клеткаларының құрылыс ерекшеліктері бойынша ажыратуға болатындығын көрсетті. Бірінші байқаған ерекшелік – клетка ядросы мембранасының болу - болмауы. Осыған орай барлық организмдерді екі топқа бөлетін болды. Оларды Е.Шаттон ұсынысымен эукриоттар (нағыз ядролы) және прокариоттар (ядросы жіктелмеген) деп атады.
Сонымен, систематикада екі ірі патшалық үсті таксондар пайда болды. Эукариоттарға өсімдіктер, жануарлар, қарапайымдылар, микроскопиялық саңрауқұлақтар, балдырлар, (көкжасылдан басқалары), прокариоттарға – бактериялар мен цианобактериялар (көкжасыл балдырлар),актиномицеттер жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет