Аәд жөніндегі тест тапсырмалары туралы


Саптық дайындық бойынша тесті тапсырмалары



бет6/8
Дата12.06.2023
өлшемі0.69 Mb.
#474967
түріТесты
1   2   3   4   5   6   7   8
test1

Саптық дайындық бойынша тесті тапсырмалары



  1. Әскери қызметшіге саптық дайындық не береді?

А) бұйрықтарды, саптағы әдістерді, қарумен және қарусыз қимылдарды, орындай алу.
В) жинақылық, тіктілік;
С) шыдамдылық;
D) а+в+в .
Е) тәртіпке, ұйымдастырушылыққа, ұқыптылыққа ықпал етеді.
2. Сап дегеніміз не?
А) өзара іс-қимыл жасау үшін жаяу және машиналармен сапқа тұрғызылған әскери қызметшілер;
В) оқу-жаттығуға, оқуға одан кейін ұйымдастырылып шығу үшін жаяу тәртіптегі және машиналардағы әскери қызметшілердің, бөлімшелердің, бөлімдердің жарғымен белгіленген жерге орналастыру;
С) әскери қызметшілердің, бөлімшелердің және бөлімдердің, олардың өзара іс-қимыл жасаулары үшін жаяу тәртіптегі және машиналардағы жарғымен белгіленген орналасуы;
D) әскери қызметшілер бірінің жанында бірі, бір қатарда, алдағы іс-қимылға әзір күйде орналасқан;
Е) машиналарда командирлердің (бастықтардың) бұйрығы бойынша олардың іс-қимыл жасаулары үшін әскери бөлімдерді, әскери қызметшілерді, бөлімшелерді жарғының бекітілуімен орналастыру.

3. Саптың ені деп не аталады?


А) сап шептерінің арасындағы аралық;
В) сол және оң жақ шеттер арасындағы аралық;
С) сапта тұрған әскери қызметшілер және сап соңында тұрған әскери қызметшілер арасындағы аралық;
D) жайылма сапта тұрған бөлімшелердің оң және сол жақ шеті арасындағы аралық;
Е) жорық легінде тұрған, алдыңғы және соңғы тұрған бөлімшелердің арасындағы аралық.
4. Сап түрлерін атаңыз (қатарлар саны және және жиналма бойынша).
А) бір қатарлы, екі қатарлы, жиналма;
В) бір қатарлы, жиналма;
С) бір қатарлы, екі қатарлы, жиналма, жайылма;
D) бір қатарлы, екі қатарлы, үш қатарлы, жайылма, жиналма;
Е) бір қатарлы, жиналма, жайылма.

5. Қандай сап түсінігі мынаны айқындайды: әскери қызметшілер (машиналар), бөлімшелер, бөлімдер арасындағы түкпір аралығы.


А) ара қашықтық;
В) маңдай шеп;
С) сап ені;
D) саптың ұзындығы;
Е) аралық.
6. Жорық сабы қолданылатын жағдайды атаңыз.
А) жаттығудағы, атыстағы қозғалыс үшін;
В) қажетті жағдайлар кезіндегі бөлімшелердің қозғалысы үшін;
С) бөлімшелердің шеру жасаған, әнмен салтанатты шеруі жасаған және басқа да қажетті жағдайлар кезіндегі қозғалыс үшін;
D) дайындықтарға, шаруашылық жұмыстарға бөлімшелердің қозғалысы үшін;
Е) әскери қалашықтан тысқары жерге бөлімшелердің қозғалысы үшін.
7. Лектің соңында қозғалатын әскери қызметші қалай аталады? А) соңғы;
В) қадағалаушы;
С) қадағалаушы;
D) қарсыласты қадағалаушы;
Е) тұйықтаушы.

8. «Саптық тұрыс» қабылданатын пәрменді атаңыз.


А) "Саптал" немесе "Тіктел";
В) "Взвод бір қатарға саптал", "Жинақтал";
С) Мемлекеттік Әнұранды орындау кезінде;
D) «Тіктел!» пәрмені бойынша бұйрықты берген және қабылдаған кезде;
Е) пәрмен берген кезде, «Тіктел!» пәрмені бойынша әскери сәлемдесуді орындау кезінде.

9. Саптық тұрысты бағалаудың дұрыс тәртібін ашып көрсетіңіз.


А) өкшелер, аяқтың ұшы, дене тұрысы, бас, қолдар;
В) бас, кеуде, аяқтар, дене тұрысы;
С) өкшелер, аяқтың ұшы, аяқтар, кеуде, дене тұрысы, іш, иықтар, қол, бастың күйі;
D) дененің, бастың күйі.
Е) дененің, бастың, қолдың күйі.
10. Саптық адымның дұрыс мөлшерін, биіктігін және қарқынын атаңыз.
А) 70-80 см, 15-20 см, минутына 110-120 адымдар;
В) 70-75 см, 15-20 см, минутына 100-110 адымдар;
С) 70-80 см, 20-25 см, минутына 110-115 адымдар;
D) 75-80 см, 15-20 см, минутына 110-115 адымдар;
Е) 65-75 см, 15-20 см, минутына 110-120 адымдар.
11. Мына бөлшектерден сөйлем құраңыз (жауапты әріптердің реттілігімен беріңіз, мысалы: в, д, ...; алынған сөйлемді дәптерге жазыңыз);
А) ... сол жақ өкшеде және оң аяқтың басында...;
В) ...өкшеде және сол аяқтың ұшында...;
С) ...айналу, солға және оңға бұрылу … жүзеге асырылады;
D) ...оң… оң қол жаққа....
Е) ...бұрылу солға - ....
12. Жорықтық адымнан саптық адымның үш айырмашылығын атаңыз.
А) аяқтың ұшы алға созылады, қолдар қатаң белгіленіп, бір орналасқан аяқтың ұшы жерден 10-15 жоғары көтеріледі;
В) аяқтың ұшы алға созылады, аяқтың ұшы 15-20 сантиметрге жоғары көтеріледі, қолдардың орналасуы қатаң анықталуы тиіс;
С) аяқтың ұшы жерден 15-20 сантиметрге жоғары көтеріледі, қолдардың орналасуы қатаң анықталуы тиіс, аяқтағы тізелер бос;
D) аяқтың ұшы алға созылады, аяқтың ұшы жерден 20 сантиметр жоғары көтеріледі, қолдардың қатаң белгілі бір орналасуы болуы тиіс;
Е) аяқтың ұшы жерден 15 сантиметрге жоғары көтеріледі, қолдардың орналасуы қатаң анықталуы тиіс.

13. Қозғалыстың жылдамдығын өзгерту үшін берілетін пәрменді атаңыз.


А) "Қарышта!", "Қысқа адымда!";
В) "Жылдамдат!", "Қалыпты адам!";
С) "Қарышта!", «Қалыпты адым!" «Қысқа адымда!».
D) "Жарты адым!", "Толық адым!", "Қарышта!", "Қысқа адымда!";
Е) «Қарышта!», «Қысқа адымда!», «Жарты адым!», «Толық адым!», «Жылдамдат», «Қалыпты адым!».
14. Әскери қызметшілер саптық адымды пайдаланатын жағдайды атаңыз.
А) сап жаттығуларында;
В) салтанатты шерумен жүріп өту кезінде; әскери қызметшінің командирге (бастыққа) келуі және одан кері кетуі кезінде; командирдің (бастықтық) бөлімшеге сәлемдесуі кезінде, саптық дайындық жаттығулары кезінде;
С) сап жаттығуларында; бөлімшенің әскери сәлемдесуді орындауы кезінде, әскери қызметші саптан шыққанда және сапқа қайтып келгенде;
D) бөлімшелердің салтанатты шерумен жүріп өтуі кезінде; олардың қозғалыс кезінде әскери сәлемдесуді орындау кезінде; командирдің (бастықтың) бөлімшеге сәлемдесуі кезінде; әскери қызметшінің командирге (бастыққа) келуі мен одан кері кетуі кезінде; әскери қызметші саптан шыққанда және қайтып келгенде; сондай-ақ саптық даярлық жөніндегі сабақтарда;
Е) саптық жаттығуларда, командирдің (бастықтың) бөлімшеге сәлемдесуі кезінде.

15. Саптағы әскери қызметшінің қозғалыс тәсілдерін атаңыз.


А) Адымда және жүгір;
В) Адымда;
С) Адымда, жүгір, жартылай жүгір;
D) Адымда, жартылай жүгір;
E) саптық адым, жүгір, жартылай жүгір.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет