Ағылшын тілі сабағында грамматикалық жаттығуларды орындаудың тиімді әдіс-тәсілдері Бұл зерттеудің өзектілігі шет тілдерін білу қажеттілігі қоғамда тұлғалық маңызды фактор ретінде танылуында, заманауи тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруына және басқа елдердің өкілдерімен оң толерантты қарым-қатынасқа мүмкіндіктердің көбірек болуына байланысты. Мұндай тұлғаны қалыптастыру әлемдік білім кеңістігіне енуге бағытталған Қазақстанды білім беру жүйесінің өзекті міндетіне айналады. Бұл зерттеудің өзектілігі шет тілдерін білу қажеттілігі қоғамда тұлғалық маңызды фактор ретінде танылуында, заманауи тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруына және басқа елдердің өкілдерімен оң толерантты қарым-қатынасқа мүмкіндіктердің көбірек болуына байланысты. Мұндай тұлғаны қалыптастыру әлемдік білім кеңістігіне енуге бағытталған Қазақстанды білім беру жүйесінің өзекті міндетіне айналады. Грамматиканы үйрету және айтылымды дұрыс құрастыру, сөйлеу мен жазудағы грамматикалық формаларды тану грамматикалық дағдыларды қалыптастыру арқылы жүзеге асады. Оқушылардың шет тілінде негізгі коммуникативтік дағдыларын, оның ішінде грамматикалық дағдыларды қалыптастыру – бастауыш мектептегі шет тілі мұғалімінің негізгі міндеті. Бұл жұмыстың мақсаты – бастауыш мектептегі шет тілі сабақтарында грамматикалық жаттығуларды орындаудың тиімді тәсілдерін талдау. Міндеттері: - Шетел тілін оқытудағы грамматиканың рөлін сипаттау;
- Мектеп оқушыларының грамматикалық дағдыларын қалыптастыру әдістемесін талдау;
- Грамматикалық жаттығуларды орындауда ойын элементтерін қолдану жолдарын зерттеу.
Грамматика – әдістемедегі тұрақты пікірталас объектісі. Шетел тілін оқытудағы грамматиканың рөлі мен орны туралы мәселені шешуде әртүрлі көзқарастар бар. Грамматика – әдістемедегі тұрақты пікірталас объектісі. Шетел тілін оқытудағы грамматиканың рөлі мен орны туралы мәселені шешуде әртүрлі көзқарастар бар. Грамматика-аударма әдісімен грамматика оқудың бастапқы нүктесі мен мақсаты болды. Кез келген тілді оқыту, әдетте, латын тілінің үлгісі мен ұқсастығына негізделген грамматика арқылы жүзеге асырылды. Грамматика арнайы пән және өз алдына мақсат ретінде зерттелді
Достарыңызбен бөлісу: |