Кіндіктамырлы арамшөптер. Негізгі кіндік тамыры бар өсімдіктер. Бұл топқа кәдімгі бақ-бақ, ащы жусан, бұйра қымыздық, т.б.жатады.
Тамыр жүйесі шашақты арамшөптер. Бұл биологиялық топтың өкілдерінің тамыр жүйесі шашақты болады және арнаулы вегетативтік көбею мүшелері болмайды. Бұларға үлкен бақажапырақ, күйдіргі сарғалдақ жатады.
Баданалы және түйнекті арамшөптер. Олардың негізгі көбею мүшелері түйнектер мен баданалар (бас жуа, бақшалық жуа, түйнекті әрем, батпақ қайызғақ шөп.т.б.)
Тамырсабақты (көген тамырлы) арамшөптер. Негізінен тамыр сабақтарымен вегативтік жолмен көбейеді (көгентамырлы бидайық, бұтақты бидайық, құмай, қарашағыр).
Кейбір арамшөптер улы болады, адамдар мен малдарға үлкен қауіп туғызады, әсіресе жануарларға көп қауіп туғызады. Себебі олар жемпөппен бірге түсуі мүмкін. Өсімдік түгелдей (меңдуана, сасық меңдуана) тұқымдары (арам шытырмақ, сарыбас қурай) улы болып келеді. Улы арамшөптердің қатарына кәдімгі қарамықшы қыздырма у дидайық, жатаған у кекіре, сарғалдақ, қара меңдуана, жусан жапырақты ойраншөп, т.б.жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |