Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология



бет13/185
Дата01.06.2022
өлшемі2.43 Mb.
#458875
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   185
Ахмеди ыс А ов азіргі аза тілі морфология

н+ ы м ьіз+ лар+ ғы + да тәріздендіріп), тіркестіруге болмайды, өйткені қосымша морфемалардың да әрқай-сысынын. өзді-өзінін, білдіретін тиісті мағынасы, алатын тиісті орны, атқаратын тиісті қызметтері бар.

Сөйтіп, түбір морфема мен косымша морфеманың мағыналарындағы ең негізгі айырмашылық мынау: тү-бір морфеманың мағынасына, біріншіден, әрі нақтылық (конкреттілік), әрі дербестік тән болса, екіншіден, сол мағына тікелей түбірдін. өз бойында болады; қосымша морфеманың мағынасына, біріншіден, әрі тым жалпы-лық (абстрактілік), әрі дербестігі жоқтық тән болса, екіншіден, сол жалпы (абстрактілік) мағына тек сөздің қүрамында ғана тиянақты болып анықталады. Осыған сәйкес, түбір морфема тілдін. өзіне тән мағынасы бар түлғасы (единицасы) ретінде жеке-дара түрып қызмет



26 27



етсе, косымша морфема тілдің мағыналы түлға (едини-ца) есебінде жеке-дара жұмсалмайды, тек сөздіц қура-мында ғана қолданылады.

Тілімізде тубір морфемалар сан жағынан көп те, ко-сымша морфемалар олардан әлдеқайда аз.


Сөздің қурамы сияқты, морфемалар да — жүйелі қү-былыстар. Олардын. жүйелі құбылыс екендіктерін түбір мен қосымшалардың ара қатыпастарынан да көруге бо-лады. Мысалы, есімшенің -ған (-қан, -ген, -кен), көсем-шенін, -ғалы (-қалы, -гелі, -келі) қосымшалары тек етіс-тік түбірлеріне (негіздеріне) ғана жалғанады (барған, айтқан, келген, кеткен; айтқалы, көргёлі, жеткелі) да, есім сөздерге (зат, сын, сан т. б.) жалғанбайды. Кері-сінше, -иіыл (ш іл) қосымшасы зат есімдерге жалғанып (сауықиіыл, дншіл, қымызшыл) сын есім тудырса -м (-ым, -ім) қосымшасы етістіктен зат есім тудырады (білім, уйіьш, тойым, төзім). Ал, әкең, ағаң, қаламың, тісің, пальтоң дегендердегі -ң, (-ың, -ің) қосымшасы аталған заттарды тыңдаушы (екінші жақтағы) адамға тәуелдеп түрса, аналар, інілер, көлдер дегендердегі


-лар, (-лер, -тар, -тер, -дар, -дер) косымшасы аталған заттар жеке-дара емес, бірнешеу я кеп екендіктерін біл-діріп тұр. Мысалы жылқы, жылқышы және жылқышы-лық сөздерінің негізгі түбірі бір болғанымен, үшеуінін. лексикалық мағынасы үш түрлі: жылқы дегеніміз — мал, жылқышы дегеніміз — оны бағушы адам, жылқы-шылық дегеніміз — жылқы бағу кәсібі.


V Сейтіп, осындай хүіағыналары мен қызметтеріне қа-рай, сөзден сөз тудыратын және сөзден ж аңа форма ту-дыратын қосымшалар (морфемалар) жұрнақтар деп, сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшалар (морфема-лар) жалғаулар деп аталады.^Сөз тудыратын жұрнақ-тар өзі қосылып айтылған сөздерінен жаңа туынды сез жасайтын болғандықтан (лексика-грамматикалық) ка-тегория қатарына жатады, форма тудыратын жұрнақ-тар өзі қосылып айтылған сөзінің белгілі бір сөз табына тән грамматикалық қызметін аныктау үшін қол-данылатын болғандықтан, функционалды-грамматика-лық категория қатарына жатады. Ал жалғаулар сөй-лем ішіндегі сөздерді бір-бірімен байланыстыратын категория болғандықтан, таза грамматикалык катего-рияға жатқызылады. Бірақ қазақ тіліндегі жұрнақтар арқылы сөз тудыру грамматикамен де тікелей байла-нысты. Ол байланыс жұрнақтардьщ мынадай екі түрлі


ерекшеліктерінен айқын керінеді. Біріншіден, жалпы грамматикалық категорияларға тән аса абстрактілік касиет журнақтардан да табылады; екіншіден, грам-матикалык категорияларға тән тиісті ереже берерліктей жүйелі заңдар журнақтарда да бар. Мысалы есім, я етістік тудьіратын журиақтардын. әрқайсысы топ-топ сөздерді қамтиды да, солардыц бәріне де ортақ мағыыа устеп, олардың жалпы көрсеткіші ретінде қызмет ете-ді. Мысалы, аула, арала, тазала, ишмала, ізде, қурмет-те, кілтте деген етістіктер -ла (-ле, -да, -де, -та, -те) журнағы арқылы есімдерден туса, таңдамалы, жана-малы, қурамалы, жылжымалы, қопармалы, жаппалы, ауыспалы деген сын есімдер -малы (-мелі, -палы, -пелі, -балы, -белі) жұрнағы арқылы етістіктерден жасалған. Демек, будан, бідтишіден, әрбір журиақ көптеген сөз-дерге жалғанғанда, тек лексикалық мағынасы басқа жаңа сөздер туғызып қана қоймай, олардың бәріне де бірдей жалпы абстрактілі касиеттерін анықтайтьшы байқалады, екіншіден, белгілі бір грамматикалық кате-горияға тән сөздерді екінші бір грамматикалық катего-рияға ауыстыратыньі көрінеді. Осы жағынан алып ка-рағанда, жүрнактар грамматикалық категорияға тек жақын емес, онымен тікелей ұштасып та, уқсасып та жатады.


Бірақ журнақтар мен жалғаулардыц, әрине, бір-бі-рінен ажырайтын да шегі бар. Ол шек жұрнақтар мен жалғаулардың мағыналарында ғана емес, қызметтері-нен де айкындалып тұрады Мысалы, жалғаулар сөй-лем ішіндегі сөздердің араларындағы әр килы аса жал-пы қатынастарды білдіріп, олардың түр-түрлерінің керсеткіштері есебінде қызмет етсе, жұрғіақтар ол қаты-настарды білдірмей, тек өздері жалғанған сөздерге жа-ңа лексикалық мағыналар үстеумен ғана тынады. Олар-дың бір-бірінен ажырайтын тағы бір шегі қолданылу ерістері мен өрелеріне байланысты. Мысалы, жұрнак-тар қаншалықты көп сөздерге жалғанғанымен, ол сөз-дер бір сөз табыныц немесе сол сөз табына тән бір ка-тегорияның аясында ғана туйыкталып қалып отырады; ал жалғаулар олай туйыкталмайды, олардын, ерісі де, ересі де кең. Мысалы, тәуелдік, септік, көптік жалғау-лары тек зат есімдерге ғана емес, субстантнвтенетін сөздердің бәріне де жалғана береді. Сол сияқты, жік-тік жалғау да сейлемде баяндауыш болатын сездерге талғамай тіркесе береді. Сонымен, сөз тудыратын ко-



28 2&



сымшалар мен сөз бен сөзді байланыстыратын косым« шалардың бір-біріне ұксас жалпы жактарымен катар, бір-бірінен ерекшеленетін жалқы жақтары да бар.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   185




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет