Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология


§ 35. ҚОСАРЛАМА СӨЗДЕРДІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ



бет49/185
Дата01.06.2022
өлшемі2.43 Mb.
#458875
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   185
Ахмеди ыс А ов азіргі аза тілі морфология

§ 35. ҚОСАРЛАМА СӨЗДЕРДІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

Қосарлама сөздер мағыналық ерекшеліктеріне^карай екі салаға бөлінеді:


а) мағыналы компоненттерден күралған қосарлама сөздер;

б) мағынасыз компоненттерден кұралған косарлама сөздер.


а) Компоненттері мағыналы қосарлама сөздер

Бұл қосарлама сөздердіц құрамдарындағы компо-ненттерінің екеуінде де өзді-өзіне лайыкты дербес мағы-налары болады. Бірак олар іштей мағыналары бір-бірі-не қарама-қарсы (антоннмдес) сыңарлардан, бірімен-бірі мәндес (синонимдес) сыңарлардан, мағыналары бір-біріне ұштас. (коррелятивтес) сыңарлардан құралған



  1. о л ы п үш топқа бөлінеді.

    1. Қарама-қарсы (антонимдес.) сыңарлардан құрал-ған қосарлама сөз жинақтау, топтау үғымын білдіреді. Ондай компоненттер біріне-бірі жетекші, я көмекші бола алмайды, екеуініц де қызметі бір-бірімен тең болады. Мысалы: Шаиіырай уиіып, жан-жаңқа безіпбара жат-ңан үлкенді-кіиіілі үйрек, ңаздар да көрінеді (М. Әуе-зов); Оның аиітылы-тоқтылы болса да асырайтын пан-&іоны бар екен (Ғ. Мүсірепов); Ол өткір әзіл күлкісін де отырғандарға оңды-солды кезек-кезек айтып отыр (М. Әуезов).




    1. Мәндес сыңарлардан косарланған сөздер мағына-лары бір-біріне жақын сыңарлардан қүралады да, топ-тау, жинақтау ұғымдарын білдіреді. Мысалы: зәре-ғүут, дос-жар, ашу-ыза, жылға-жыра, қауіп-ңатер, ес-түс, уа-йым-қайғы, түк-түс, мінез-ңұлық, кескін-кейіп, дене-тул-ға, сауық-сайран, шәк-шүбә, тәлім-тзрбие, иіс-қоңыс, жыртың-шоқпыт, өсім-өнім сияқты қосарлама зат есім-дерді, шаршап-іиалдығып, өкіріп-бақырып, ойланып-тол-ғанып, жата-жастана, жығыла-сүріне, жазбай-жаңыл-яай, пісіп-қатқан, арыған-талған, ңақтыққан-соқтыққан сиякты қосарлама етістік формаларының мағыналары жақын, синонимдес сыңарлардан қүралған.

Бірақ қосарлама сөздердің бәрі де топтау, жинактау ұғьшдарын білдіргенімен, олардың әрқайсысының ма-ғынасында компоненттерінің ерекшеліктеріне қарай, өзі-не тән әр алуан субъективтік, экспрессивтік, эмоциялық өзгешеліктер болады. Мысалы, мына мысалдардағы қо-сарлама сөздердің мағыналарын топшылап көріңіздер: Сонау Тарбағатайға жапа-жалғыз бару, арып-аиіып, шаршап-иіалдығу, қауіп-қатер кеиіу, мал алып қайту оңай демеңіз (М. Әуезов).





    1. Үштас (коррелиятивтес) мәнді сыңарлардан косар-ланған сөздер бір-біріне өз ара қарымдас, үқсас. үғым-Дарды білдіретін дара сөздерден құралады. Бүл сөздер Де тым жалпыланған, аса^жпнақталған үғымдарды біл-

118 119


діреді. Мысалы: аяң-қол, өкпе-бауыр, ыдыс-аяқ, шаң-топан, аға-іні, әке-шеше, ағайын-туған, етек-жең. қазан-оиіақ, ңол-қанат, соңа-сайман, төсек-орын, өнер-білім тағы басқалар коррелятивтес (ұштас, қарымдас) сез-дерден құралған.

Осындағы ыдыс-аяқ деген сөзді алсақ, ол ұғымның ішіне шынаяқ та, кесе де, табақ та, тегене де, пышақ та, шанышкы да, қасық та, ожау да, кәкпір де, шелек те, шәугім де — қысқасы — ас-суға қатысты аспаптардың бәрі де енеді. Сондай-ақ, ағайын-туған деген ұғым әке, шеше, апа, қарындас, аға, іні, нағашы, жиен тағысын та-ғы үрім-бұтакты тегіс қамтиды. Қос сөздердін бұл түр-лерінде де әр килы стилистикалық реңк, эмодиялық әсер жасайтын қабілеттер болады.


ә) Компоненттері мағынасыз қосарлама сөздер


Компонентінің не біреуі, не екеуі де жеке-дара қол-данылмайтын, мағынасы түсініксіз немесе некен-саяқтап қана қолданылатын күрамнан жасалатын қосарлама сөздер екі түрлі болады: бірінші түрі — бір сыңары ғана түсініксіз сездер, екіншісі — екі сыңары да түсініксіз сездер.


Бір сыңары түсініксіз қосарлама сездерге мыналар жатады: айңай-сүрен, арың-тұраң, азын-аулақ, азын-шо-ғын, айып-анжы, әуре-сарсаң, бала-шаға, борыш-қарыш, емін-еркін, жаман-жәутік, жүн-жүрқа, жай-жапсар, жар-лы-жақпай, жөн-жосың, жүдеу-жадау, жоқ-жітік, жеңіл-желпі, өрен-жаран, жігіт-желең, көл-көсір, көйлек-көн-шек, кедей-кепіиік, көрші-крлаң, киіз-кепшік,' киім-ке-шек, кіші-гірім т. б.


Олардың ішінде бірінші сыңарлары түсініксіз косар-лама сөздер де (көр-жер, опыр-топыр, тай-талас, ұлан-байтақ, иіардақ-шадыр, ыбыр-сыбыр, ығын-иіығын), екі сыңары да бірдей түсініксіз (абыр-сабыр, ағыл-тегіл, ал-ба-жүлба, алай-түлей, астан-кестен, анда-санда, алда-жалда, әлем-тапырың, әлем-жәлем, әңкі-тәңкі, быт-шыт, бұрқан-тарқан, далдың-дүлдың, егіл-тегіл, ығай-сығай, иқы-жиңы, іри-тіри) сөздер де бар.


Бұл топка тән түсініксіз сыңарлардың кейбіреулерін-де тіпті ешқандай да мағына жок болса, кейбіреулерінде әлдеқандай күңгірт я кейде азды-көпті аңғарарлықтай мағына барлығы сезіліп түрады. Мысалы: анда-санда. кәкір-іиүкір, қым-қуыт, ығы-жығы, әңкі-тәңкі сияқтылар-дың сыңарларының бірде-біреуінен де жеке тұрғанда еш-


қандай мағына аңғарылмайды. Ал, ым-жым, ың-жың, ты-рым-тырақай, ту-талақсій, алба-жалба, ұйпа-тұйпа деген-дердің кейбір сыңарларынан азды-көпті мағынаның ны-ціаны білінеді. Ол нышан я белгі сол сыңарларды қазіргі тілімізде я жеке-дара жұмсалатын сөзбен, я қосарланып,





  1. қайталанып қолданылатын сыңарлармен салғастырған-да айқындала түседі. Мысалы, ым-жым дегендегі бірінші сыңарды ым қаңты (ымдасты) деген сезге, екіншісін жы-мыр я жымқыр деген сөздерге (сырткы дыбыстық жағы-нан да, ішкі мағыналық жағынан да) салыстырып, оның төркінін де, мағынасын да анықтауға болады. Ал, ты-рым-тыраңай, ту-талақай дегендердің екінші сыңарларын тырақайлап қашты, талақай, талау сияқты формалар-мен ұштастырып қарастыруға болады (екеуінің де со-ңындағы -қай формасын салыстырыңыз). Алба-жалба, үйпа-түйпа дегендердегі жалба формасын жалба-жұлба, жалба-жалба сөздерімен, үйпа дегенді ұйпалақ, ұйпа-лау сөздерімен байланыстыруға әбден болғандай.

Екі сыңарының да мағынасы жоқ қосарлама сөздер-дің кейбір компоненттері бір ғана сөздің емес, бірнеше сөздің құрамынан кездесіп отырады. Мысалы: анда-сан-да, оқта-санда, оқта-текте, оқтын-оқтын дегендердегі санда формасы алғашқы екі сөзде, оқта (оқтын) фор-масы соңғы үш сөзде қатысып тұр. Ал, ың-жың дегендегі ың формасын ың-шың, ыңырсу, ыңырану сөздеріменуса-лыстыруға болатыны сияқты, ым-жым дегеннің екінші сыңарын жым-жырт, жым-жылас дегендердің құрамы-'нан, ал тым-тырыс дегеннің сыңарын тымырсық, тымы-райған дегендерден табуға болады.


Қос сөздердің қазіргі кезде түсініксіз болып немесе мағынасы жоқ сияқтанып көрінген сыңарлары мынадай екі түрлі жолмен пайда болған:


Біріншіден, әуел-баста дербес мағынасы бар белгілі бір сөз екі рет қайталанып, бірте-бірте оның я бірінші, я екінші компоненті бастапқы өз мағынасын біржолата жоғалтумен (делексикаланумен) бірге, дыбыстық жағы-нан да тйісті өзгеріске ұшыраудың нәтижесінде өзіне тән Дербестігінен айрылып, тек өзгермейтін компонентке қо-сақталып жұмсалатын косалқы я қосақтама мүше ре-тінде ғана калыптасқан.


Екіншіден, әуел-баста дербес мағыналары бар басқа-басқа екі түрлі сөз ұдайы қосарланып жүмсала-жұмсала *Үріп, бірте-бірте бірде бір сыңары, бірде екеуі де бір-



120 121



дей ез мағынасын я біржолата, я жартылаи жоғалтып (делексикаланып), бастапқы өз дербестігінен айрылып, не тек мағыналы компонентке, не бір-біріне косарлана^ тын қосалқы сыцар ретінде ғана жұмсалатын болып қа-


лыптасқан.

Идиомалану, лексикалану, грамматикалаиу процео тері _ кос сөздерге де тән қасиет. Қос сөздердегі бұл процестер практикада әрі унемі, әрі жиі қолданудың нә-тижесінде кенінгі замандарда пайда болғанжұбылыстар. Мысалы, жүген-қүрық, ер-тоқым, бет-жүз; ауыз-мұрын, қас-ңабақ, ес-түс деген тәрізді қос сөздер идиомаланып, жүген-қурық тигізбеу, ер-тоқымын бауырына алу, бет-жүзге қарамау, аузы-мұрны қисаймау, қас-қабаққа қа-рау, ес-түсін білмеу сияқты аса күрделі сөздерге айнал-ған. Ақай жок;, тоқай жоқ (ақай-тоқайға карамау), әйт жоқ, үйт жоқ (өйт-уйт ж ок), Әй дер әже жоң та, қой дер қожа жоқ дегендермен катар, естір-естіместен, келер-келместен, келген-кеткен., жатпай-тұрмай, бекер-босқа, бос-текке сияқты қос сөздерде де лекснкалану, грамма-калану процестері барлығы даусыз.


Әуелде компоненттері басқа сөз табына тән болғаны-мен, бірте-бірте лексикалану арқасында, кос сөддердің кейбір формалары өзге сөз табына ауысатыны да бай-қалады. Мысалы, қысы-жазы, күні-түні, ертелі-кеиіті де-ген есімдер, бара-бара, сөйлей-сөйлей, кие-жара, баса-кектей, жатпай-тұрмай, іиіпей-жемей с і і я қ т ы етістік фор-малары қазір үстеу сөздерге айналған.


Тарихи шыгу төркінін, калыптасу заңдарын топшы-лағанда, кос сөздер мынадай үш түрлі жолмен дами-дами келіп, үлкен бір арнаға сайған:





  1. Қайталама қос сөздер айтылатып ойға әр килы экспресснялық, эмоциялық және басқа косымша (мыса-лы, үлғайту, бәсеңдету, жинақтау, топтау т. б.) мән беру мақсатымен әуелде (тым ерте замандарда) белгілі бір сөзді екі рет қайталап колдану машығынан пайда бол-ған. Ал, сөздің ықшамдала келіп, бір буын түрінде қай-талануы, сондай-ақ, сөздің я дауысты дыбысыныц (жарң-жұрқ, жалба-жұлба), я дауыссыз дыбысының алмасып (үйпа-тұйпа, үй-мүй, иіай-пай) қайталануы кейінгі за-мандарда қалыптасқан формалар.




  1. Қосарлама кос сөздер мынадай екі түрлі жолмегі дамып, калыптасқан тәрізді:

а) Қосарлама қос сөздердің бір алуаны белгілі бір төл сөзге өзге бір рудың я тайпаның тіліндегі пара-пар

122

я мәндес сөзді немесе көршілес, айлас-күйлес отырған я бүрынғы-соңды белгілі карым-қатынаста болған баска халықтардың (олардың шығу төркіндері бір я баска шарт емес) тілдеріндегі балама (эквнвалент) сөзді жа-рыстыра, қосарлап қолдану машығынан туып қалыптас-кан. Бірақ бұлардың ішінен кейбіреулерінің жеке, я екі компоненті іәуелгі өз мағынасын не солғындатып, не бір жола оны жоғалтып (делексикаланып), тек косарлама сөздің құрамында ғана қолданылатын көне формаға ай-налған. Бүл процесте, әрине, тністі фонетикалық құбы-лыстардың да өзінше маңызы болғаны күмәнсыз. Бұл процестерді бағдарлау үшін, мысалы, бала-іиаға, жора-жолдас, некен-саяқ, жүдеу-жадау, жылау-сықтау, арық-түрақ, ем-дом, тоқты-торым, әуре-сарсаң, дау-шар, емін-еркін, үйлі-баранды, талан-тараж, бақ-талай, шөп-іиа-лам, ыбыр-жыбыр, ырым-жырым, көз-қарақ, ым-жым, ың-жың, ығы-жығы, оқта-текте, анда-санда дегендерді және аман-есен., сау-саламат, ас-ауқат, іс-әрекет, қару-жарақ, қүрал-сайман, заң-зәкүн, машина-сайман, соқа-сайман дегендерді салыстырыңыздар.

ә) Қосарлама қос сөздердің бір алуаны сөйлемдегі бірыңғай мүшелердің, айқындауыш мүшелердің логика-лық, формалык, интонациялық райға қарай, бірте-бірте орын жағынан да өзара орайласып, бір-бірімен үнемі жұпталып айтылып, жүпталып қолданылуына сәйкес, бірде күрделі, бір бүтін, түрақты сөз ретінде, бірде бір-бірінен ажырасатын бірыңғай мүшелер ретінде жұмсалу машығынан калыптасқан. Практикада әрі байлаулы, әрі еркін қолданылатын осындай қасиет екі жағы да мағы-налңі қосарлама сөздерге тән. Сондықтан ондай қосар-лама сөздердің компоненттері тым ауыспалы болады, де-мек бірде олар (қажет болған жағдайда) кос сөз құрамында қолданылса (мысалы, сау-саламат, аман-есен, эке-іиеиіе, апа-қарындас, қару-жарақ, іс-эрекет т. б.), бірде олар бір-бірінен ажырап дербес, жеке-дара сө^ ретінде бірыңғай мүше тізбегінде өз алдына мүше ре-тінде колданыла береді. (Саумысың, саламатпысың? Әкеңе, шешеңе сәлем айт. Еңбек дегеніміз іс істеу, әрекет жасау деген сөз т. б.) Қос сөздердің екі сыңары Да бірдей бірыңғай, демек, бір ғана сөз табына тән сөз-Дерден құралатын себебінің бір негізі олардың бірын-ғай мүшелермен үштастығында да болуға тиіс.



I

§ 36. ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕР


(аббревиатура)


Қазіргі тіліміздегі күрделі сөздердің белгілі бір то-бы — қыскарған сөздер. Күрделі атау сөздердің бір алуандарының әрі кыскартылып, әрі біріктіріліп жүм-салу жолы Октябрь революциясынан кейінгі дәуірде орыс тілінің әсерінен келіп туды деуге болады.


Революциядан кейін мазмұны жағынан да, түрі жа-ғынан да жаңа әр алуан әлеуметтік, қоғамдық ұйымдар мен мекемелер пайда болғаны мәлім. Сол үйымдар мен мекемелердін аттары, әдетте, бірнеше сөз аркылы (су-реттеме жодмен) аталатын болды. Орыс тілінің игі ық-палына орай, қазақ тілінің де сөйлеу, ж азу дағдысында жиі қолданылатын ондай суреттеме атауларды әрі кыс-қартып жазу дәстүрі туды. Осының нәтижесінде кыс-карған сөздер әдеби тілдің жазбаш а түрінде күрделі сөздердің белгілі бір түрі болып қалыптасты. Мысалы, ССР Одағы Советтік Социалистик Республикалар одағы, Обком облыстық комитет, ауьілсовет ауыл-дьщ совет т. б. Міне, осы сияқты күрделі атаулар жазу тілімізде де, соның ықпалымен сөйлеу тілімізде де бір-де толық, бірде кыскартылып қолданылады. Осындай кысқарған сөздер тіл ғылымында аббревиатура деп ата-лады. Олар — ҚазССР, АҚШ , обком, колхоз, совхоз, облсовет, ауылсовет, партбилет, партком, партбюро, ҚазМПУ, ҚАЗМ И сияқты сөздер.


Мұндай сөздер үш түрлі жолмен қысқарған.



    1. Орыс тілінде де, қазақ тілінде де құрамындағы сөздерінің толық түрінің де, қысқарған түрінің де тірке-су реттері бірыңғай келетін сөздер,, мысалы:

КазССР (Қ азақ Советтік Социалистік Республика-сы), ҚазМ И ( Қазақ медицинальщ институт), ҚазТАГ ( Қазақстан телеграф агенттігі), Обком (облыстық коми-тет), Облсовет (облыстъщ совет).



  1. К азақ тілінің өзіне тән сөз тіркесу заңына лайык қыскартылып жүрген сөздер: ККПҚазақстан Қомму-нистік Партиясы.




  1. Орыс тіліндегі сөз тіркесу заңына лайық кысқа-рып, казак жұртшылығына түсінікті болып енген сөздер: ССРО, СОКП, ЧТЗ, ХТЗ, АЗТМ , колхоз, совхоз т. б.

Күрделі атау сөздер мынадай төрт түрлі жолмен қыс-карады:


1. Күрделі атау сөздердің құрамындағы әрбір жеке



  1. ө зд ін . тек баскы дыбыстарынан ғана қыскарып бірігеді (ССРО, АҚШ ).




      1. Күрделі атаулардың күрамындағы бірінші сөздің. баскы буынынан және соңғы сөздердің баскы дыбыста-рьінан қысқарып бірігеді (ҚазССР, ҚазМ И).

      2. Күрделі атаулардың кұрамындағы әрбір сөздін басқы буындарынан ғана кысқарып бірігеді (партком, обком, колхоз, совхоз).




    1. Күрделі атаулардың кұрамындағы алғашқы сөздің

басқы буыннан және соңғы сөздің түбір күйінде айты-луьгаан күралады (партбилет, партбюро, пединститут).


Қыскарған сөздердің айтылуы жазылуындай бола бермейді.


Басқы дыбыстардан қыскарған сөздер бірыңғай бас


әріппен бір сөз ретінде қосылып жазылады. Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   185




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет