Ақжал ауылдық округі әкімі А. Смагуловтың Ақжал ауылдық округінің әлеуметтік-экономкалық даму бағдарламасының орындалуы туралы есепті баяндамасының тезистері



Дата03.07.2016
өлшемі45.89 Kb.
#174642
Ақжал ауылдық округі әкімі А. Смагуловтың Ақжал ауылдық

округінің әлеуметтік-экономкалық даму бағдарламасының

орындалуы туралы есепті баяндамасының тезистері

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Әкімдердің халық алдында есеп беруін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдер халық алдында есеп береді. Есеп беру барысында біз Мемлекет басшысының Жолдауы мен тапсырмаларының жүзеге асырылу барысын, елде жүргізіліп жатқан реформалар, мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың іске асырылуын, облысымыздың, ауданымыздың, ауылымыздың әлеуметтік – экономикалық саласында қолжеткізген нәтижелерімен алдағы кезеңде жоспарланған іс – шаралары туралы өзекті мәселелерге тоқталып қарастырамыз.

Қазақстан Республикасының Конституциясында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Мемлекеттік биліктің бірден – бір бастауы – халық» деп көрсетілген.

Кәсіпкерлік саласында 3 жеке кәсіпкер, 1 шаруа қожалығы тіркелген. Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтіндер саны - 6.



«Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында кәсіпкерлермен шарттарды түсіндіру бойынша кездесулер, кеңес беру, семинарлар өткізілді.

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын іске асыру мақсатында, осы бағдарламаның екінші бағыты бойынша Бөке ауылының тұрғыны Нугуманова Роза 3 млн. теңге кредит алып, ірі қара мал өсіріп, қора жайларын дайындап, қыс мезгіліне шөппен қамтамасыз етіп шаруашылығын жүргізуде.

Сонымен қоса, 1 млн. төңірегінде кредит алып Намазова Сауле шағын наубайхана ашуға бар күш жігерін жұмсауда.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде 5 млн 200 мың теңге көлемінде меморандум жасалып, 4,2 млн теңгенің жұмысы орындалды /мектепке ыстық тамаққа – 1 млн 300 мың, спорт саласына – 1 млн. теңге, орталық көшені жөндеуге – 700 мың, тұрғындарға су тасып бергенге – 800 мың теңге т.б/.

Ауыл шаруашылығы: Ақжал округінде 72 аулада өзінің жеке қосалқы шаруашылығында барлығы 475 бас ірі қара мал, 706 бас қой мен ешкі, 67 бас жылқы және 515 үй құсы бар.

Ақжал ауылының тұрғыны Сулейменова Раиса Михайловнаның басшылық етуімен 1 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Негізгі бағыты – мал өсіруімен айналысады. Шаруашылығында 98 бас ірі қара мал, 300 қой, 199 бас жылқы ұстайды.

Малға егу жұмыстары сапалы, жоспарлы түрде жүргізіледі, сарып , т.б. аурулары жоқ.

0,5 га жерге картоп отырғызылады. Аталған алқаптан 72 ц картоп өнімі алынды.

Мал шаруашылығының өнімділігі артып, ет өндіру - 3149.0 ц, сүт -5619 ц, 81.0 дана жұмыртқа игерілді.

Өскемен, Шар қалаларына, Қалбатау, Жаңғызтөбе ауылдарына ауылдық округ тұрғындарының қатысуымен ауыл шаруашылық жәрмеңкелеріне құрт, май,сүт, қымыз, ет өнімдері арзандатылған бағамен халыққа сатылды.

Иесіз қалған 3 су құбырын коммуналдық меншікке алу жұмыстары аяқталып, жергілікті әкімшілік теңгеріміне бекітілді.

Ақжал ауылында көшелерге 45 электр жүйесінің бақанын құрып, жарықтандыру жұмысы жүргізілді.



Білім беру саласында Ақжал округінде Ақжал негізгі мектебі және 1 кіші орталық жұмыс істейді. Мектепте 29 оқушы, біріктірілген сыныптар 1,3 сынып, 2,4 сынып, 5,6,7 сынып, 8,9 сынып және 11 мұғалім қызмет жасайды. Оның жоғары білімдісі 7, орта арнаулы білімдісі 4, жоғары санатты 2, 1-ші санатты-2, екінші санатты -3, санатсызы -4. Бес мұғалімнің еңбек өтілі 20 жылдан астам, қалғандары жас ұстаздар.

Жылу жүйесінің қазандығы, телефон желісі, 12 компьютер жиынтығы, интернет, физика кабинеті, интерактивті тақта жүйелі жұмыс істеуде. 1-4 сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен, сүтпен, балмен толық қамтылды. Аз қамтылған отбасы оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз етті. Алдағы уақытта білім беру саласында педагогтардың шығармашылық қабілеттерін арттыру және инновациялық деңгейін көтеру, құқықбұзушылықтын алдын алу мақсатында қоғамдық ұйымдармен бірлескен жұмысты жетілдіруді жүргізу қажет.



Фельдшерлік пункт халыққа қызмет көрсетеді, екі маман жұмыс жасайды.

Фельдшерлік пункт қызметкерлері аурудың алдын алу, балалармен жұмыс, тұрғындарды сауықтыру жұмыстарын жүргізеді. Амбулаторияның ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.



Дене тәрбиесі мен спортты дамыту мақсатында аудан әкімінің жүлдесіне арналған халықтық спорт ойындары, спартакиадаларына ауыл тұрғындары тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат, теннис т.б. ойындарға қатысты.

Ақжал ауылдық округі бойынша қылмыстық 13 іс тіркелген. Қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, қылмыстылықты азайту мәселері қаралып отырады. Тәртіп сақшылары тарапынан қылмыстың жолын кесу, ашылуын қамтамасыз ету бойынша кәсіби шеберлікпен біліктілік таныту, жедел әрекеттер атқарылуы тиіс.

Әр түрлі салтанатты шаралар, мерекелік көңіл - күй сыйлайтын әуезді әуендерімен мың бұралған биші балалардың тәуелсіз Қазақстанды, туған ел мен жерді сүюге, қадірлей білуге, елін, халқын құрметтеуге бағыт- бағдар беретін игілікті істер өткізіліп тұрады.

Аудандық ақпарат тобы мүшелерінің қатысуымен теріс діни ағымдардың қоғамдық қауіптілігі, жастармен жұмыс бағытында «Нашақорлық пен есірткі саудасының қоғам мен адамға зияны» т.б. туралы жұртшылық өкілдерімен кездесулер өткізілді. Рухани келісім және ұлтаралық ынтымақтастық, діни экстремизмге жол бермеу мәселелері бойынша кеңес өткізіліп, онда құқық қорғау, білім салаларының, діни бірлестік өкілдері өз пікірлерін ортаға салды.

2015 жылдың І жартыжылдығына негізгі мерзімдік қоғамдық-саяси басылымдарға жазылу квотасы орындалды.

Көрнекі үгіт бойынша ауыл іші түрлі-түсті жалаулармен және әр түрлі тақырыптағы баннерлармен, әкімшілік ғимараты неондық және жарықдиодты әр түрлі элементтермен безендірілді.



Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа жол» атты Қазақстан халқына жолдауын жаңа міндеттер ұсынылды: Қазақстан – ұшқан құстың қанаты талатын ұлан – ғайыр аумақтың иесі. Сондықтан, аталған жоспар орасан қаражат пен еңбекті, аса ауқымды жұмысты қажет етеді. Елдің өркенің білгін келсе, жолына қара» деген қағида қалыптасқан. Нұрлы жол болашаққа бастар жол деп аталатын биылғы жолдау - «Қазақстан -2050» стратегиясы қазіргі жағдайда лайықталған іс- қимыл жоспары болып табылады. Елбасымыздың Жолдауын қолдай отыра, 2015 жылы округ бойынша алға қойылған мақсаттар: асыл тұқымды мал басы бойынша көрсеткіштер 0,2 пайызға өсіру; шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін жолаушыларды тасмалдауды ұйымдастыру; меморандум есебінен көркейту және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу; ауыл тұрғындарын сумен қамтамасыз ету; жергілікті жолдарды қалыпты ұстау; әлеуметтік қорғау саласында тұрғындардың әлсіз топтарын қолдау бойынша 1 жанұяға «Отау ТВ» жүйесін құрып беру; оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін қосымша қаражат қарастыру; халықтың игілігіне ауыл клубын меморандым арқылы тұрғындардың күшімен толық жөндеуден өткізу.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет