Қайыпбаева А., филология ғылымдарының кандидаты, А


-тақырып. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын



Pdf көрінісі
бет91/99
Дата11.05.2024
өлшемі1.07 Mb.
#500848
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   99
dosova a t azaa t l n orfografiyasy men punktuaciyasy 2019 12 10 09 24 31 0991

12-тақырып. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын 
сызықша. 
 
Жоспары: 
1 Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша 
2 Тыныс белгілерінің қабаттаса қолданылуы. 
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша. Бастауыш 
зат есімнен немесе заттанған (зат есімдік мәнге ие болған) басқа сөз таптарынан 
жасалып, баяндауыш та атау тұлғадағы зат есімнен не заттанған басқа сөз 
таптарынан болғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Тіл – қоғамдық 


99 
құбылыс. Қаһарлы суық Мұзды мұхит – үстінен құс ұшпаған қырқасын, жан 
баспаған жапан түз. Жастар – біздің болашағымыз. Соңғы келген үшеудің 
ортасындағы – Құнанбайдың тағы бір тоқал шешесінен туған Жақып 
(М.Әуезов). Бүгін – сапарға аттанатын күн (Бүгінгі күн – сапарға аттанатын 
күн). «Ойпырмай» – өкінуді білдіретін одағай. «Кейін» – демеулік шылау. 
«Тарақ» деген сөздегі «рақ» – бітеу буын. «А» – ашық дауысты дыбыс. Атау 
тұлғадағы бастауыш не баяндауыш, не екеуі де тәуелдік, көптік жалғаулы 
болуы мүмкін. Ол күнде де бастауыштан кейін сызықша қойылады: Монолог – 
бір адамның пікір түйе сөйлеген сөзі. Әкесінің баласы – адамның дұшпаны, 
адамның баласы – бауырың (Абай). Адамның ішкі сезімінің айнасы – көз 
(С.Мұқанов). Бастауыш та, баяндауыш та бір сөздің қайталануынан жасалуы 
мүмкін, бұл жағдайда да бастауыштан кейін сызықша қойылады: Ар жазасы – 
бар жазадан ауыр жаза (М.Әуезов). Ғашықтың тілі – тілсіз тіл (Абай). Әлі де 
беделі – бедел (Ғ.Мұстафин). Күлкі – қыздың күлкісі (С.Ерубаев). 
Баяндауыштың алдында не артында ғана, ғой т.б. сияқты шылаулар тұрса, 
сызықша қойыла береді: Қаланың қасында көз толатын табиғат – шалқар көл 
ғана (С.Мұқанов). Даланы билеп алған жалғыз үн – күн сайын қатая түскен 
күзгі желдің уілі ғана (М.Әуезов). Адамды бақытты ететін – тек қана азат еңбек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет