Қайырлы күн құрметті брифингке қатысушылар!



Дата23.02.2016
өлшемі53.5 Kb.
#9476
Қайырлы күн құрметті брифингке қатысушылар!
Сіздердің назарларыңызға Бородулиха ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпаратты ұсынамын. Ақпараттан кейін Сіздерді толғандырып жүрген барлық сұрақтарға жауап беруге тырысамын.

Біздің жұмысымыз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен алға қойылған ішкі және сыртқы саясаттың жаңа бағыттары мен мақсаттарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен мемлекеттік бағдарламаларын, ауданды дамыту мүдделері және қажеттіліктеріне байланысты облыс әкімінің тапсырмаларын жүзеге асыруға бағытталған.

Бородулиха ауданы 1944 жылы құрылған. Әкімшілік орталық – Бородулиха ауылы. Аудан Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде орналасқан. Жалпы алаңы – 7,2 мың шаршы метр, оның ішінде орман – 87 мың 773 га алып отыр, судың астында – 14 мың 301 га орналасқан.

Бородулиха ауданы солтүстіктен Ресей Федерациясының Алтай өңірімен, шығыстан – Шемонаиха ауданымен, батыстан Бесқарағай ауданымен, оңтүстіктен Семей қаласымен шекаралас.

Аудан аумағынан темір жол және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары өтеді.

Бородулиха ауданының қойнауында полиметалл кендері бар. Концентрантта мыс және мырыштан басқа алтын, күміс кадмий, сонымен қатар сирек және шашыраңқы элементтер бар.

Ауданның аумағында құрылыс материалдарын өндіру үшін негіз болып табылатын шикізат қоры бар.

65 – елді мекен. Әкімшілік аудан құрамында 18 ауылдық округ бар.

Бородулиха ауданы тұрғындарының саны 37,2 мың адамды құрайды, 30 жуық ұлт өкілдері тұрады, оның ішінде қазақтар – 34,9 %, 53,3 % - орыс ұлты, басқалары – 11,8 %.

Әр ұлт өз тамырын сақтап қалған және де бүгінгі күнге деген берік тірегі мен болашаққа нық сенімі бар. Елбасы саясатының жүзеге асуы деген міне осы.

Бородулиха ауданы облыстағы агроөнеркәсіптік аймақтардың бірі болып табылатындығы белгілі. Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс аумағы 301,2 мың га құрады. 2014 жылдың күздік егістері – 6,8 мың га, жаздық егіс – 264,5 мың га, алдыңғы жылдардың көп жылдық шөптері – 29,9 мың га. Егін жаңа технология бойынша егілді: ылғал үнемдеу– 125 мың га, нөлдік технологияны қолданумен – 6 мың га. 47 шаруашылықта химиялық өңдеу жүргізілді. Гербицидтермен өңделген жерлердің жалпы алаңы 122 мың 871 га құрайды, ал бұл 2014 жылмен салыстырғанда 149 % құрайды.

Бүгін күнге күздік дақылдар жиналды. Қара бидай гектарына 19 центнер берді, бидай гектарына 23 центнер берді. Жаздық бидай және арпа қуантарлықтай емес. Масақтың дәнденуі шамамен 40 градус ыстыққа келді. Десекте аудан бойынша гектардан 10 центнер шығады деп үміттенеміз.

2015-2016 жылдарға малдың қыстық азығы қажетті көлемде жиналды.

ҚР Президенті алға қойған мақсаттарға сәйкес ауданда мал шаруашылығын дамыту үшін көптеген жұмыстар жүргізілуде. Еттің экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында ірі қара мал санын арттыруға бағытталған бірқатар жобалар іске асырылды. «Родник» НС арқылы «Құлан» бағдарламасы бойынша 15 млн. теңгеден астам сомаға жылқы сатып алуға «Жумагулов» ш/қ өтінім берілді. Меншік қаражаты есебінен 50 бас қызыл дала тұқымды ІҚМ және 40 млн.теңгеден астам сомаға 100 астам қазақтың ақ бас сиыры сатып алынды.

«Е.Зайтенов» ш/қ дөңгелек жылжымалы суландыру құрылғысын қолдану жолымен азық қорын нығайту жобасы жүзеге асырылды.

Аталған шаруашылық қожалығында жалпы сомасы 303,1 млн. теңгеге 240 басқа арналған ерікті сауу жобасы іске қосылған, бұл 4500-5000 литрге дейін сүт сауымын арттыруы мүмкін.

«Новая Заря» ш/қ» ЖШС 400 басқа арналған сауу залы бар мал шаруашылығы кешенінің құрылысы аяқталды, 70 млн. теңге сомасына СТФ үшін «Де-Лаваль» фирмасынан сатып алынған қондырғыны монтаждаудың соңғы кезеңі өткізілуде. Ашылуы қазан айына жоспарлануда.

Ауданда 9 ауылдық округті қамтитын 5 сүт қабылдау пункті әрекет етеді. Ағымдағы жылдың маусым айында Новошульба ауылында Fresh Milk-3000 (өндіруші Москва қаласы) жаңа сүт қабылдау пункті ашылды. Жыл басынан бастап ауданның барлық сүт қабылдау пунктерімен 2065 тонна сүт сатып алынды, жылдың аяғына дейін Бородулиха және Камышенка ауылдарында 2 сүт қабылдау пунктін ашу жоспарлануда.

Өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 2015 жылдың қаңтар-шілде айларында қолданыстағы бағамен (жұмыстар, қызметтер) 15967,2 млн. теңгені құрайды (2014 жылдың қаңтар-шілде айларында – 18163,9), бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне 82,1 % құрады;

- Тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді өңдеу - 13137.3 млн.теңге

(НКИ - 78,8 %).

- өңдеу өнекәсібі - 2458,8 млн. теңге (НКИ - 93,7 %), оның азық-түлік өнімдерін өндіру – 1346,1 млн. теңге (НКИ -100,5).

2014 жылға қарағанда кенге қолданыстағы бағаның төмендеуіне байланысты кен өндіру өнеркәсібінің төмендеуі байқалды, кен өндіру көлемі өткен жылдың деңгейінде қалды.

- қаңтар – маусым айларында инвестиция 1755 млн.теңгені құрады (НКИ -70%). Шаруа қожалықтарымен ауыл шаруашылық техникасын сатып алудың азаюы салдарынан төмендеу болды.

Тауар, жұмыс және қызметті сатып алудағы қазақстандық мазмұнды арттыру мақсатында Бородулиха ауданының әкімдігімен ауданның 15 орта кәсіпорындарында мониторинг жүргізіледі, 2015 жылдың қаңтар – шілде айларында тауар, жұмыс және қызметті сатып алу көлемі 621,9 млн.теңгені құрайды, қазақстандық мазмұн үлесі 90 %.

Аудан бюджеті 2015 жылдың 1 тамызына жағдай бойынша 2 млрд. 244 млн. 739 мың теңге жоспарда 2 млрд. 244 млн. 532 мың теңге немесе 100%. Субвенциялар мен нысаналы трансферттер 1 млрд. 768 млн. 985 мың теңге.

«Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстар жалғастырылуда. 2015 жылы жалпы сомасы 146 млн. теңге сомасына 4 жоба қаралып және мақұлданды. Оның екеуі несие бойынша ішінара кепілдік бөлігінде қолдау алды.

2015 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында шаруа қожалықтарының басшыларымен және аудан кәсіпкерлерімен 135,1 млн. теңге сомасына 150 әлеуметтік жобаны жүзеге асыру бойынша 150 меморандумға жасалды. Қабылданған міндеттер 50,6 млн. теңге сомасына орындалды.

Бородулиха ауданында 2 лицей қызмет етеді, оның ішінде 1 экономикалық бейіммен, 23 орта, 4 негізгі, 5 жалпы білім беретін бастауыш мектеп қызмет етеді. Оның ішінде: 4 мектеп мемлекеттік тілде оқытылуда. 2014-2015 жылдары оқушылар контингенті 4746 адамды құрайды.

- 2015 жылы білім беруді қаржыландыру көлемі 1 млрд. 951 млн. теңгені құрады, ал бұл аудандық бюджеттің 70 % астамы.

Мектепке дейінгі мекемелер желісі 3 балабақшамен, толық күн болуымен 13 шағын – орталықпен ұсынылған. Мектепке дейінгі тәрбие және оқумен барлығы 3148 бала қамтылған. Қазіргі уақытта «Балапан» бағдарламасы бойынша осы жылдың қыркүйек айында Новопокровка ОМ 25 орындық, 2016 жылы Жерновка ОМ базасында толық күн болатын шағын-орталық ашылатын болады.



Құрметті брифингке қатысушылар!

2015 жыл маңызды даталармен ерекшеленеді: Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 - жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығы, Қазақ хандығының 550-жылдығы, Ұлы Абайдың 170-жылдығы. Қазақстандықтар үшін әр датаның өзіндік маңызды зор, біз жақында ата заңымыз - Қазақстан Республикасы Конституциясының жиырма жылдығын атап өттік, ауданда осы атаулы даталарға арналған талай іс-шаралар өтті.



Бородулихалықтар алдағы уақытта да мемлекеттік бағдарламаларды орындауға, агроөнеркәсіптік кешенді, әлеуметтік ахуалды дамытуға, ауыл тұрғындары мен жалпы аудан өмірінің деңгейін арттыруға барлық күш-жігерлерін жұмсайтын болады.







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет